Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Мұнай, газ және суды жинаудың қазіргі жүйелері

Читайте также:
  1. B) пайыздармен, коэфициенттермен және индекстермен өлшенеді
  2. B. Экранды өшіру және жүйелі блокты өшіру.
  3. E) негізгі және қосымша
  4. FAT/VFAT файлдық жүйелері
  5. Lt;variant>бір қосымшадан екіншісіне объекті ендіру және байланыстыру арқылы жұмыс істеу технологиясы
  6. Азаматтың есімі және тұрғылықты жері. Азаматтық хал-ахуал актілері 1 страница
  7. Азаматтың есімі және тұрғылықты жері. Азаматтық хал-ахуал актілері 10 страница

 

Қазіргі уақытта жоғары арынды, саңылаусыз және автоматтандырылған мұнай, газ және суды жинау, дайындау және тасымалдау жүйелерінің жеткілікті көптеген түрлері бар.

Жергілікті жер бедері тегіс болып келетін кен орындарында алаңдар қалыпты ұңғы торымен бұрғыланады, ал шығару желілері ТӨҚ-да (топтық өлшеу қондырғысында) орналасқан “Спутникке” қосылады.

Сайлы және жоталы (төбелі) жерлерде орналасқан кен орындарында бұрғылау көлбеу ұңғыларының бірнеше шоғырымен жүзеге асады, ал шығару желілері “Спутникке” қосылады.

Су шайған (су астында қалған) және балшықты аймақта орналасқан кен орындарындағы алаңдарды жасанды аралдар жасай отырып көлбеу ұңғылар арқылы бұрғылайды және осы аралда орналасқан “Спутникке” жалғайды.

Ұңғы өнімдерінің құрамында (6-20%) парафиндер, шайырлар (смола) және асфальтендер көптеп кездесетін кен орындарындағы алаңдарды қалыпты ұңғы торымен бұрғылайды, бірақта ұңғы сағасында шығару желісінің басында сағалық қыздырғыш (УН-0,2) - автоматты жұмыс істейтін пеш орнатылған, одан мұнай “Спутникке” қарай тасымалданады.

Егерде кен орнының ауданы үлкен және созылған болса, онда тасымалдау жүйесі әдетте бір немесе екі жинау коллекторынан және сығымды сорап станциясынан тұрады. Сығымды сорап станциясының территориясында сығымдайтын сораптар, бірінші сатылы айырғыштар, ал кен орнын игеру соңында - қабат суын алдын-ала бөлетін тұндырғыштар орнатылады. Мұнай сығымды сорап станциясынан сораптар арқылы мұнайды дайындау блогына, ал газ өз қысымымен газ құбырлары арқылы газды дайындау блогына және газ өңдеу зауытына тасымалданады.

Мұнайды дайындау қондырғысы (МДҚ) блогының жабдықтары, әдетте суды дайындау қондырғысы (СДҚ) блогының жабдықтарымен бірге бір алаңда орналасады. Бұл алаңды орталық жинау пункті (ОЖП) немесе мұнайды дайындау цехы (МДЦ) деп атайды. Газды дайындауға арналған қондырғыны (ГӨЗ)-ын әдетте, ілеспе мұнай газының қоры өте көп кен орындарында ғана орнатады.

 

Мұнайгаз өндіру басқармасындағы (МГӨБ) ұңғы өнімдерін жинау, тасымалдау және дайындаудың негізгі сұлбасын 4.1.Суреттен көруге болады.

 

  4.1.Сурет. МГӨБ-дағы мұнай, газ және суды жинау мен дайындау кешендерінің негізгі технологиялық сұлбасы

 

Өндіру ұңғыларының өнімдері жеке құбырлар арқылы автоматты топтық өлшеу қондырғысына (АТӨҚ) келіп түседі, мұнда әр ұңғының шығымдарын жеке өлшеу жүргізіледі.

Реагенттер блогы (РБ) арқылы өнімге дозаторлық (мөлшерлік) сораптармен химреагенттер (деэмульгаторлар, парафиннің жиналуына және коррозияға қарсы ингибиторлар) қосады, ал егер мұнай тұтқырлығы жоғары, парафинді болса, онда оны пештерде қыздырады. Мұнай, бірінші сатылы (С-1) айыру қондырғысында алдын-ала газсыздандырылғаннан кейін, сығымды сорап станциясындағы (ССС-ғы) сораптардың көмегімен кәсіпшіліктік жинау коллекторлары (яғни құбырлары) арқылы мұнайды орталық жинау пунктіне (ОЖП)-не қарай бағыттайды - мұнда мұнай екінші сатылы (С-2) айыру қондырғысынан және мұнайды сусыздандыру мен тұзсыздандыру процестері жүретін мұнайды дайындаудың деэмульсациялық қондырғысынан өтеді. Одан соң тұрақтандыру қондырғысына немесе соңғы айыру қондырғысына (САҚ)-на келіп түседі, бұл жерде мұнай газдан толық босайды.

(А) - технологиялық блогындағы - «Рубин-2» автоматтандырылған қондырғысында мұнайды тауарлы паркке өткізер алдында, оның тауарлық сапасы мен мөлшері автоматты түрде анықталады. Егерде қандайда болмасын себептерге байланысты мұнай берілген параметрлерді қанағаттандырмаса, онда автоматты түрде кері қайтадан өңдеуге жіберіледі. Тауарлы парк (ТП) немесе тауарлы резервуарлар паркі екі тәуліктік мұнайды жинауға және сақтауға арналған, бұл арадан мұнай магистралды мұнайқұбырлары арқылы мұнайөңдеу зауыттарына жөнелтіледі.

Айыру қондырғысында мұнайдан бөлінген ілеспе газы, сәйкесті өңдеуден кейін компрессорлы станциялардың (КС) көмегі арқылы газ өңдеу зауыттарына (ГӨЗ-на) беріледі.

Кен орнында ілеспе мұнайгазының үлкен қоры болса, онда газ өңдеу зауытын (ГӨЗ) кен орнының алаңына орналастырады, бұл жерде газды магистралды газқұбырларына берер алдында сәйкесінше дайындықтан өткізеді (кептіреді және жеңіл көмірсутектерінің ауқымды фракцияларынан бөледі).

Қабат сулары мұнайды дайындаудың (МДҚ) деэмульсациялық қондырғысынан соң ақаба суды (яғни, тазартылмаған суды) дайындау қондырғысына (СДҚ-на) келіп түседі, бұл жерде ол қабат қысымын ұстау (ҚҚҰ) жүйесінде қолданылу үшін дайындалып, одан соң блокты шоғырланған сорап станцияларына (БШСС) бағытталады, мұнда кен орнындағы айдау ұңғыларына бөлінеді (таратылады). ҚҚҰ-ға қажетті жеткіліксіз су көлемін, басқа су көздерінен тазарту құрылымдары арқылы алып блокты шоғырланған сорап станцияларына (БШСС) береді.

 

 


Дата добавления: 2015-10-23; просмотров: 667 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Тарау. МҰНАЙ, ГАЗ ЖӘНЕ СУДЫҢ ҚҰРАМЫ, жіктемесі ЖӘНЕ НЕГІЗГІ ҚАСИЕТТЕРІ | Тарау. Мұнай резервуарлары | Мұнайдың құрамы, жіктемесі және негізгі физикалық-химиялық қасиеттері | Мұнай газының құрамы мен қасиеті | Мұнай, газ және суды жинау мен дайындаудың жетілдірілген технологиялық жүйесі | Ы өнімдерін өлшеудің жаңа әдістері | Газ және сұйықтың шығынын өлшеу | Бақылау сұрақтары | Бырлардың есебі | Бырлардың есебі |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Эмульсияның тығыздығы.| Теңіз кен орындарында қолданылатын мұнайды саңылаусыз жинау жүйесі

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)