Читайте также: |
|
Мұнай кен орындарында төселген мұнай құбырларының көпшілігінде мұнайға толу қимасы сирек болады, себебі құбыр көлемінің бір бөлігін газ толтырады. Есептеудің қиындығы мынада: газ-сұйық ағынында әртүрлі тығыздық пен тұтқырлық әсерінен фазалардың салыстырмалы қозғалысы, яғни фазалардың сырғанауы орын алады. 6.1-суретте көлденең құбырлардағы газ-сұйық ағынының кейбір құрылымдары көрсетілген.
6.1. Сурет. Көлденең құбырлардағы газ-сұйық ағындардың кейбір құрылымдары. а- құбырдың жоғарғы жағында бөлек газ көпіршіктері бар ағын; б- газ тығындары түзілуінің бастапқы кезіндегі ағын; в- қабатталған ағын; г- толқынды ағын; д- тығынды ағын; е- эмульсиялы (ұялы) ағын; ж- пленкалы ағын. |
Қазіргі кездегі газ-сұйық қоспасының қозғалысы кезіндегі құбырлар желісін есептеудің көптеген әдістемелері күрделі және барлық жағдайда сенімді нәтиже бермейді. Соңғы әдістемелердің бірі [18]-де көрсетілген, бұл жерде оның оңайлатылған нұсқасы келтіріледі.
Егер құбырлар бойымен газ-сұйық қоспасы қозғалған кезде инерциялық шығындарды ескеретін болсақ, онда есептік теңдеуді мына түрде жазуымызға болады:
(6.10)
мұнда, r(b) - шығын параметрлері бойынша анықталатын қоспаның тығыздығы:
( 6.11)
b- ағын құрамындағы көлемді газ шығыны
; (6.12)
rж- сұйықтың тығыздығы, rГ – құбырдағы орташа термодинамикалық жағдай кезіндегі газдың тығыздығы;
w - қоспаның орташа жылдамдығы: ;
lсм- қоспаның қозғалысы кезіндегі гидравликалық кедергі коэффициенті, ,
l - сұйықтар үшін гидравликалық кедергі коэффициенті, ол ағын режиміне байланысты (6.6) және (6.7) формулалары бойынша есептеледі. Рейнольдс санын мына формула бойынша есептейміз:
; (6.13)
y - қоспаға арналған түзету коэффициенті, ол ағын құрамындағы көлемді газ шығынына- b және Кутателадзе критериіне – K байланысты анықталды:
(6.14)
(6.15)
мұнда, Fr- Фруд саны, ;
We- Вебер саны, ;
Dr=rж - rг ;
s - фазалар бөлімі шекарасындағы беттік керіліс;
hві және hні – құбырлардың түсетін және көтерілетін участкілерінің сәйкес биіктіктері;
rві және rні - құбырлардың түсетін және көтерілетін участкілеріндегі сұйықтардың сәйкес айқын тығыздықтары;
, , (6.16)
jв және j н - құбырлардың түсетін және көтерілетін участкілеріндегі айқын газ құрамы, ол газдысұйық ағынының тұрақтылық санының функциясымен анықталады, оны Кутателадзе критериі деп атайды:
(6.17)
Бұл формуладағы теріс (минус) таңба мына жағдайда қолданылады:
Егер болса.
Көтерілетін участкідегі құбырлар үшін d=+1, ал төмен түсетін құбырлар үшін d = -1 және көлденең (горизонталды) жатқан құбырлар үшін d=0.
Дата добавления: 2015-10-23; просмотров: 396 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Бақылау сұрақтары | | | Бырлардың есебі |