Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ы өнімдерін өлшеудің жаңа әдістері

Читайте также:
  1. A) Жаңа тұтыну құны
  2. I. Жаңа сабақты түсіндіру.
  3. Газ гидраттарымен күресу әдістері
  4. Дәріс. Кәсіптік білім беру психологиясының әдістері
  5. Ет және ет өнімдерін суықпен өңдеу
  6. Жұмыс үстелінде жаңа бума құру.
  7. Жану өнімдерінің диссоциациясы

Нақты жағдайларға байланысты мұнай және газды жинау жүйесінде ұңғы өнімдерін өлшеу үшін әртүрлі автоматтандырылған қондырғылар қолданылады:

· ТӨҚ – топтық өлшеу қондырғылары;

· АТҚ – автоматтандырылған топтық қондырғылары;

· АТӨҚ – автоматтандырылған топтық өлшеу қондырғылары;

· «Спутник» түріндегі блокты автоматтандырылған өлшеу

қондырғылары.

 

 

5.1- кесте. «Спутник» түріндегі қондырғылардың параметрлері

Параметрлер А-16-14-400 АМ-25-10-1500 АМ-40-14-400 Б-40-14-500 ВРМ-40-14-400
1. Қосылатын ұңғылар-дың саны          
2. Жұмыс қысымы, МПа 1,6 2,5      
3. Сұйықтық бойынша өлшеу шегі, м3/тәу   10-400   10-1500   10-400   5-400   25-400
4. Өткізу қабілеті, м3/тәу   10 000      
5. Судың құрамы, % артық емес           -
6. Сұйықтық бойынша артық өлшеу, %   2,5

Қазіргі уақытта мұнай кен орындарында ұңғы өнімдерін өлшеуге арналған автоматты құрылғылары: А-Спутнигі, Б-Спутнигі және В-Спутнигі кеңінен қолданылады. Олардың жұмыс принципі бірдей. Қондырғылар бір-бірінен келесі көрсеткіштері бойынша ерекшеленеді: жұмыс қысымымен, қосылатын ұңғы санымен, ұңғылардың максималды өлшенетін шығымымен, өлшенетін параметрлер санымен, қолданылатын жабдықтар мен аспаптардың жинақтылығымен.

 

«Спутник» түріндегі қондырғылардың басты айырмашылығының ерекшелігі – блокты жасалуы және жинақталған түрде жеткізілуі, бұл олардың индустриялдық әдістермен жөндеп құрастырылуына мүмкіндік береді. Қондырғылар екі жабық қыздырылу блогынан тұрады: технологиялық және аппараттық. 5.1-кестесінде «Спутник» түріндегі қондырғылардың негізгі технологиялық параметрлері келтірілген.

 

А-Спутнигі

А-Спутнигі - бұлөлшеу қондырғысы, ұңғыларды өлшеуге автоматты түрде қосуға, сондай–ақ Спутникке қосылған ұңғылар шығымын автоматты өлшеу үшін, сұйықты беру шамасына қарай ұңғы жұмысын қадағалауға (бақылауға) және апаттық жағдай кезінде ұңғыны автоматты түрде ажыратуға арналған.

 

ЖАБ

5.1. Сурет. А-Спутнигінің жалпы сұлбасы   1- ұңғыдан өнімді лақтыру (шығару) желісі; 2- кері клапаны; 3- көпжүрісті ұңғыларды қосқыш; 4- ұңғының роторлық қосқышының (ауыстырғышының) жылжымалы кареткасы (қорабы); 5- бір ұңғыға арналған өлшегіш келте құбыр; 5а- жинау коллекторы (құбыры); 6– гидроциклонды айырғыш; 7- тосқауыл жапқыш (яғни, заслонка); 8- турби-налы есептегіш; 9- қалқымалы деңгей реттегіш; 10- электроқозғалтқыш; 11- гидрожетек; 12- күш цилиндрі; 13- ажыратқыштар (отсекателдер).

 

А-Спутнигі екі блоктан тұрады: өлшеу – қосқышынан және жергілікті автоматика блогынан (ЖАБ). Бұларда, ұңғының өлшенген шығымы автоматты түрде тіркеліп және ұңғылар өлшеуге қосылады. А-Спутнигі берілген қатаң уақыт аралығында, ұңғыларды өлшеуге кезек–кезегімен қосылуын қамтамасыз ететін берілген бағдарлама бойынша жұмыс жасайды. Ұңғыларды өлшеу ұзақтығын жергілікті автоматика блогында (ЖАБ) орнатылған уақыт релесінің көмегімен анықтайды.

Барлық ұңғылар өнімі шығару желісі-(1) арқылы көпжүрісті қосқышқа-(3) келіп түседі. Қосқыштың роторлы кареткасының-4 әрбір секторлы бұрылысы, қосылған ұңғылардың бірінің өнімін өлшеу құбыршасы-5 арқылы гидроциклонды айырғышқа-6 келіп түсуін қамтамасыз етеді. Бұл уақытта қалған ұңғылардың өнімдері жинау коллекторы -(5а) арқылы өтеді. Гидроциклонды айырғышта газ сұйықтан бөлінеді.

Өлшеуге қосылған ұңғылар сұйықтарының көлемі, гидроциклонды айырғыштың технологиялық сыйымдылығындағы сұйықтар деңгейінен жоғары орнатылған турбинді есептегіш-8 арқылы айырғышта жинақталған сұйықтарды қысқа уақытта өткізу жолымен өлшенеді.

Айырғыштың төменгі бөлігінде берілген жоғары деңгейге дейін сұйықтардың жиналуы және оны төменгі деңгейге дейін шығару шаралары қалқымалы деңгей реттегіші-9 мен газды желідегі тосқауыл жапқыш (яғни, заслонка) көмегі арқылы жүзеге асырылады. Жоғары деңгейге дейін қалқыманың жүзуі газды линияның жабылуына және артынша айырғыштағы қысымның ұлғаюына (өсуіне) әкеледі. Осының нәтижесінде айырғыштағы сұйық турбинді есептегіш-8 арқылы ығыстырылып шығарылады.

Қалқыма, төменгі берілген деңгейге жеткен кезде тосқауыл жапқыш-7 ашылып, айырғыштағы және коллектордағы қысым теңеседі және сұйықты бастыру тоқтайды. Сұйықтардың жиналу уақыты және олардың есептегіш арқылы өту саны ұңғылардың өлшенетін шығымына байланысты болады.

Ұңғы шығымын жергілікті автоматика блогындағы (ЖАБ) жеке есептегіштерде, турбинді есептегіштен өткен сұйықтардың жинақталған көлемін (м3) тіркеу жолымен анықтайды.

Келесі ұңғы қосқыш кареткасын-4 кезекті жағдайға бұратын электроқозғалтқыштың-19, гидрожетектің-11 және күш цилиндрінің-12 көмегі арқылы жергілікті автоматика блогының (ЖАБ) командасы бойынша өлшеуге қосылады.

Турбинді есептегіш-8 сонымен қатар ұңғының өнім бергіштігіне кезекті бақылауын жасап отырады. Егер бақылаудағы ұңғы сұйық бермей қалса, онда жергілікті автоматика блогы телемеханика жүйесіне апаттық дабыл береді. Коллектордағы қысым артып кеткен кезде немесе оның бір жері бұзылған жағдайда барлық ұңғыларды апаттық оқшаулау бөліп тастағыштардың (отсекателдердің)-13 көмегі арқылы жүзеге асады.

А-Спутнигінің кемшілігі – бұл гидроциклонды айырғышта мұнайдан газдың нашар бөлінуіне байланысты, есептегішке сұйықтармен бірге газ көбіктеріде түседі, осының әсерінен турбинді есептегіштен өтетін мұнайдың шығынын өлшеу дәлдігі жоғары болмайды.

 

В-Спутнигі

В-Спутнигі бұл А-Спутнигі сияқтыұңғыларды берілген бағдарлама бойынша өлшеуге автоматты түрде қосуға және еркін газдың шығымын автоматты өлшеуге арналған.

 

Ұңғылар өнімі В-Спутнигінің көмегі арқылы келесі түрде өлшенеді:

Ұңғыдан шыққан мұнайгаз қоспасы таратқыш батареяға-1 келіп түседі, бұдан штуцер-3 арқылы үш жүрісті клапанға-4 барып, одан әрі мұнайгаз қоспасы айырғышта-10 мұнай мен газдың көлемін өлшеу үшін жеке ұңғылардың өнімін бағыттайтын құбырға бағытталады немесе барлық ұңғылардан келетін сусыз мұнайға арналған жалпы коллекторға-8 бағытталады.

ЖАБ

  5.2. Сурет. В-Спутнигінің жалпы сұлбасы   1- тарату батареясы; 2- резиналы шарларға арналған сыйымдылық; 3- штуцерлер; 4- үш жүрісті клапандар; 5- жеке ұңғылардың өнімін өлшеу үшін бағыттайтын құбыр (линия); 6- үш жүрісті кран; 7– суланған мұнайдың коллекторы; 8- сусыз мұнайдың коллекторы; 9- деңгейді реттейтін гамма-датчик; 10- айырғыш; 11-диафрагма; 12- тосқауыл жапқыш (заслонка); 13-сифон; 14- тарирленген сыйымдылық; 15-тарирленген серіппе.

 

Суланған және суланбаған ұңғылар жергілікті автоматика блогының (ЖАБ) және үш жүрісті клапандардың-4 көмегі арқылы белгілі бір уақыт ішінде өлшеуге автоматты түрде қосылады. Айырғышқа -10 келіп түскен сұйықтар мөлшерін тарирленген сыйымдылықтың -14 (көлемі 300л), жергілікті автоматика блогына (ЖАБ) сұйық деңгейінен мәлімет беретін гамма-датчиктердің және жазық тарирлі серіппенің-15 көмегі арқылы өлшейді.

Сұйықтар шығымы жоғарғы және төменгі деңгейден -9 мәлімет беретін гамма-датчиктер арасындағы көлемге жинақталған сұйықтардың массасын өлшеу және сұйықтардың осы көлемді толтыру уақытын тіркеу жолымен анықталады. Таза мұнайдың шығымы берілген көлемдегі сұйықтар массасын таза судың массасымен салыстыру арқылы анықталады, және ол мына көлемге ие болуы мүмкін:

Қоспаның салмағын - Gқос, мұнайдың салмағын - Gм және судың салмағын - Gсу, н (н=кг∙м/с2), деп белгілейміз,

 

сонда Gқос= Gм+ Gсу, (5.3)

бұдан Gсу= Gқос- Gм (5.4)

 

тарирлі сыйымдылықтағы сұйықтың көлемі V белгілі болған кезде

V=Vм+Vсу=Gм/ ρм g+ Gсусу g, (5.5)

 

мұнда Vм және Vсу- тарирлі сыйымдылықтың белгілікөлемінен - V мұнай мен судың сәйкесті алатын көлемдері, м3; ρм және ρсу - мұнайдың және судың тығыздықтары, кг/м3; g- еркін түсу үдеуі, м2/с.

Gсу орнына оның (5.4) теңдеуіндегі мәнін қоя отырып келесі теңдеуді аламыз:

V=Gм/ ρм g+ (Gқос- Gм)/ρсу g, (5.6)

немесе

ρмсуV=ρсу g Gм+ ρм g (Gқос- Gм)=ρсу g Gм+ ρм g Gқос- ρм g Gм. (5.7)

 

Егерде ρсу gV- ны Gсу арқылы белгілесек, онда (5.7) теңдеуін мына түрде жазуға болады:

Gм=( ρмGсу - ρмGқос)/(ρсу м)=K (Gсу-Gқос), (5.8)

 

мұнда K= ρм/(ρсу м).

 

В-Спутнигінің көмегімен сұйықтардың шығымын өлшеу барысында мұнай мен судың тығыздықтарын тұрақты деп есептейміз. Осылайша, Gсу шамасының мәні және тарирлі серіппенің (пружинаның) көмегімен өлшенген Gқос шамасы белгілі болған кезде (5.8) формуласы бойынша мұнайдың салмағын табу оңай.

Өлшеу нәтижелері сыйымдылықтың т/тәуліктегі толу уақытын ескере отырып қайта есептеледі және жергілікті автоматика блогында (ЖАБ-БМА) тіркеледі. Тарирлі сыйымдылықты сұйықпен толтырып және оның салмағын өлшегеннен соң, жергілікті автоматика блогы (ЖАБ-БМА) электро-гидравликалық жетекті іске қосады және газ желісіндегі (линиясындағы) тосқауыл жапқыш (заслонка) жабылады, осының нәтижесінде айырғыштағы-10 қысым ұлғайып және сұйықтар сыйымдылықтан-14 сифон-13 арқылы суланған мұнайдың коллекторына-7 қарай ығыстырылады. Газдың мөлшері диафрагма-11 көмегі арқылы мезгіл-мезгіл өлшеніп отырады.

Ұңғылардың шығару желілерінде (выкидная линияда) парафин жиналған жағдайда, оларды тазалау үшін ұңғы сағасынан бастап резиналы шарларға арналған сыйымдылыққа-2 дейін мұнай ағынымен ығыстырылатын резиналы шарларды қолдану қарастырылған.

В-Спутнигінің кемшілігі мынада, яғни парафинді мұнайларды өлшеу кезінде тарирлі сыйымдылыққа жиналған парафиндер оның анықтау дәлдігін едәуір төмендетуі мүмкін.

Б-Спутнигі

Б-40-Спутнигі бұл, жоғарыда айтылған қондырғылар сияқтыұңғыларды берілген бағдарлама бойынша өлшеуге автоматты түрде қосуға және ұңғылар шығымын автоматты өлшеуге арналған.

Б-40-Спутнигі А-Спутнигімен салыстырғанда анағұрлым жетіл-дірілген, себебі онда мұнай ағынындағы судың пайыздық мөлшерін үздіксіз анықтап отыратын мұнайдың автоматты ылғал өлшеуіші орнатылған, сондай-ақ гидроциклонды айырғыштағы мұнайдан бөлінетін еркін газдың мөлшері турбиналы шығын өлшегіш көмегімен автоматты өлшенеді. Сұйықтың турбиналы шығын өлшегіші (ТОР) гидроциклонды айырғыштың технологиялық сыйымдылығындағы сұйық деңгейінен төмен орнатылған.

Б-40-Спутнигінің көмегімен суланған және суланбаған ұңғылардың шығымдарын жеке өлшеуге болады.

Суланған ұңғы өнімін, кері клапандарды-1 қолданып, ысырмалар -12 арқылы суланған өнімдер желісімен (линиясымен) -8 жинау коллектор-ларына бағыттайды. Таза мұнай беретін ұңғы өнімін, ұңғының көпжүрісті қосқышының (ауыстырғышының) сыйымдылығына бағыттайды, одан өнім жинау коллекторына -6, кейін сусыз мұнай коллекторына-23 түседі.

5.3. суретте Б-40-Спутнигінің жалпы сұлбасы келтірілген.

5.3.Сурет. Б-40 - Спутнигінің жалпы сұлбасы.

1- кері клапандар; 2-ысырмалар; 3- көпжүрісті ұңғыларды қосқыш (ауыстырғыш); 4-ұңғының роторлық қосқышының (ауыстырғышының) жылжымалы кареткасы (қорабы); 5- бір ұңғыға арналған өлшегіш келте құбыр; 6- жинау коллекторы (құбыры); 7- ажыратқыштар (отсекателдер); 8- суланған мұнай коллекторы; 9, 12-жабық ысырмалар; 10, 11-ашық ысырмалар; 13- гидроциклонды айырғыш; 14- қысым құлауын реттегіш; 15- газ шығынын өлшегіш; 16, 16а- золотниктер; 17-қалытқы; 18-сұйық шығынын өлшегіш; 19- поршенді клапан; 20-ылғал өлшегіш; 21- гидрожетек; 22- электрқозғалтқыш; 23- сусыз мұнай коллекторы; 24 – ұңғыдан өнімді лақтыру (шығару) желісі.

 

Өлшеуге қойылған кез-келген ұңғының сұйығы, ұңғының роторлық қосқышы (ауыстырғышы)-4 арқылы гидроциклонды айырғышқа-13 бағытталады. Газдың айырғыштан шығарында қысым құлауын реттеуіш-14 орнатылған, ол газ шығынын өлшегіш-15 пен айырғыш арасындағы тұрақты қысым құлауын (өзгерісін) ұстап тұрады. Қысымның тұрақты құлауы золотниктер-16 және 16а арқылы поршенді клапанға -19 беріледі.

Гидроциклонды айырғышта газ бөлінгеннен кейін сұйықтың мөлшерін өлшеу үшін сұйық технологиялық сыйымдылыққа жиналады. Деңгей өлшегіштің қалтқысының-17 шекті төменгі жағдайында, қалтқымалы механизмнің жоғарғы шанышқысы золотниктің жоғарғы тұрқын (корпусын) басады, осының нәтижесінде қысымның көбейуі қысым реттегіштен-14 поршенді клапанның -19 оң жақ бөлігіне беріледі және оны жабады; сұйық берілу тоқтайды және турбиналы шығын өлшегіш-18 жұмыс жасауын доғарады. Осы уақыттан бастап сұйық деңгейі көтеріле бастайды. Қалтқы-17 шекті жоғарғы жағдайына жеткенде, қалтқымалы механизмнің төменгі шанышқысы золотниктің шығыңқы жерін 16а басады. Көбейген қысым реттеуіштен-14 поршенді клапанның -19 сол жақ бөлігіне әсер етеді және оны ашады; жүйеде сұйықтың ағысы басталады және турбиналы шығын өлшегіш-18 өзі арқылы өтетін сұйық мөлшерін есептеп шығарады. Сулану пайызы ылғал өлшегіш (влагомер)-20 көмегімен анықталады.


Дата добавления: 2015-10-23; просмотров: 909 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Тарау. МҰНАЙ, ГАЗ ЖӘНЕ СУДЫҢ ҚҰРАМЫ, жіктемесі ЖӘНЕ НЕГІЗГІ ҚАСИЕТТЕРІ | Тарау. Мұнай резервуарлары | Мұнайдың құрамы, жіктемесі және негізгі физикалық-химиялық қасиеттері | Мұнай газының құрамы мен қасиеті | Эмульсияның тығыздығы. | Мұнай, газ және суды жинаудың қазіргі жүйелері | Теңіз кен орындарында қолданылатын мұнайды саңылаусыз жинау жүйесі | Бақылау сұрақтары | Бырлардың есебі | Бырлардың есебі |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Мұнай, газ және суды жинау мен дайындаудың жетілдірілген технологиялық жүйесі| Газ және сұйықтың шығынын өлшеу

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.013 сек.)