Читайте также:
|
|
Орындау уақыты: 1 сағат Рейтинг: 1 балл
Жұмыстың мақсаты:
Терезені ашу, жабу және кішірейту. Терезелерді рет-ретімен орналас- тыру жұмысы және жұмыс үстелінде жаңа бума құру және жою.
Жұмыстың орындалу реті:
1. Терезе экраны ашылғанда, оның оң жақ жоғары бұрышында үш батырмасы орналасқан, олар бейнесінде көрініп тұрады.
Терезені кішірейту. Бұл белгені басқанда терезе тапсырмалар тақтасында жиналып жасырылып тұрады.
Терезені үлкейту. Терезе жұмыс үстелін түгел алып тұратындай үлкейеді де, белгі мынадай күйге келеді, бұл қайта қалпына келтіруге арналған белгі.
Терезені жабу. Бұл батырманы басқанда, программа жұмысын аяқтайды да, терезе жабылады. Бір мезетте бірнеше терезелермен жұмыс істеуге болады. Ол үшін мына әрекеттерді орындау керек.
1. Жұмыс үстелінде Менің компьютерім терезесін ашыңыз. Оны терезенің мынандай (-) белгісімен жинаңыз.
2. Дәл осылай Қоржын терезесінде ашып, (-) белгісімен жинаңыз.
3. Желілік орта терезесінде ашып, (-) белгісімен жинаңыз.
4. Тапсырмалар тақтасында жиналып тұрған терезелерді ашыңыз.
5. Тапсырмалар тақтасының бос жеріне, тышқан батырмасының оң жағын басып, контекстік менюден каскад батырмасына басыңыз.
6. Каскад терезелерді баспалдақ түрінде орналастыруы тиіс.
7. Осы жанама мәзірдің қалған бірнеше командаларын пайдаланып терезелер қандай түрде орналасатынын көруіміз керек. Ол үшін тапсырманы қайтадан қайталаймыз.
7.1 Контекстік менюде жоғарыдан төмен (Сверху вниз) батырмасын таңдасақ, терезе тігінен орналасады.
7.2 Солдан оңға (Слево направо) терезе жатығынан орналасқанын көрсетеді.
7.3 Бәрін жина (Свернуть все) терезе тапсырмалар тақтасында бірден жиналып қалады.
8. Терезелерді біртіндеп ашып белгісімен жауып тастаңыз.
Жұмыс үстелінде жаңа бума құру.
1.Жұмыс үстелінің бос жеріне, тышқанның оң жақ батырмасын басып шыққан контекстік менюден Бума құру (Создать папку) батырмасына басыңыз. Жұмыс үстелінде Жаңа бума (Новая папка) пайда болады. Бумаға өз атыңызды теріп ENTER пернесіне басыңыз.
2. Өзіңіздің сақтаған бумаңыздың атын фамилияға өзгертіңіз. Ол үшін тышқанның бағытын бумаға апарып оң жақ батырмасын басып, шыққан контекстік менюден Атын өзгерту (Переименовать) жолын таңдаңыз.
3. Енді осы буманы жұмыс үстелінде қалдырмай жойып тастаңыз. Ол үшін тышқан бағытын бумаға апарып оң жақ батырмасын басып шыққан контекстік менюден Жою (Удалить) батырмасына басыңыз. Бұл жағдайда жойылған объект қоржынға түседі.
4. Қоржынға шертіп, ашылған тізімнен өз бумаңызыды ерекшелеңіз және жанама менюден Қалпына келтіру (Восстановить) жолын таңдаңыз.
5. Қалпына келген бумаңызды қоржыннан тыс жою үшін, буманы ерекшелеп Shift+Delete пернелерін басыңыз.
|
Бақылау сұрақтары:
1. Жұмыс столында бір мезетте неше терезе ашуға болады?
2. Бума құру тәсілдері?
3. Терезенің неше белгісі бар?
4. Буманы жою тәсілдері?
№2 Зертханалық жұмыс
MS DOS oперациялық жүйесі
Дата добавления: 2015-10-28; просмотров: 226 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Very Bold Turkish To sound files... | | | Орындау уақыты: 2 сағат Рейтинг:1 балл |