Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Орындау уақыты: 2сағат Рейтинг: 1 балл

Читайте также:
  1. Гравиметрияда негізгі: тұнбаны сүзу, шаю, кептіру және күйдіру операцияларын орындау әдістемесі.
  2. Жауапты орындаушы
  3. Зертханалық жұмыс №5 (2сағат).Ақпаратты жіберу жылдамдығы мен байланыс каналының өткізу қабілетін анықтау.
  4. Орындау уақыты: 1 сағат Рейтинг: 1 балл
  5. Орындау уақыты: 2 сағат Рейтинг: 1 балл
  6. Орындау уақыты: 2 сағат Рейтинг: 1 балл
  7. Орындау уақыты: 2 сағат Рейтинг: 1 балл

Жұмыстың мақсаты:

Microsoft Excel-де тізімде мәліметтерді сүзгілеу. Автосүзгі. Кеңейтілген сүзгі. Есептелінетін критерийді қолдану.

Жұмыстың орындалу реті:

  1. Excel-ді жүктеңіз.Жаңа параққа ведомость атауын беріңіз.

15.1.-сурет.Microsoft Excel жұмыс парағына енгізілетін мәліметтер

 

4. Төменде берілген кестедегі мәліметтерді енгізіңіз.

5. Төлемақыны төмендегі формула бойынша есептеңіз. Алдымен =ЕСЛИ(C4=$I$5;$J$5;ЕСЛИ(C4=$I$6;$J$6;$J$7)) формуласын енгізіп, көлікті жөндеу құны если функциясының көмегімен сәйкестендіріңіз, сонан соң, формула жолына курсорды қойып, шыққан нәтижеге көлік санын көбейтіңіз. Формула келесідей болады: =ЕСЛИ(C4=$I$5;$J$5;ЕСЛИ(C4=$I$6;$J$6;$J$7))*D4

6. Көлік саны мен төлемақының барлық санының қосындысын СУММ функциясының көмегімен есептеңіз.

7. Курсорды тізімнің, яғни негізгі кестенің кез-келген жеріне орналастырып, Мәліметтер (Данные) - Сүзгі (Фильтр) –Автосүзгі (Автофильтр) командасын таңдаңыз. Кестенің тақырыптар жолында, ашылатын мәндер тізімі бар -батырмалары пайда болады.

8. №1-бригада жұмысшылары тізімін шығару керек болсын. Ол үшін бригада тақырыбының төменгі жағындағы ашылатын мәндер тізімі бар арнайы батырмасын шертіп, ашылған тізімнен 1 мәнін таңдаймыз.

9. Келесі сүзгі критерийі: Көлік түрі өрісінен «ВАЗ- 2121» мәнін таңдау. Онда экранға үш жол ғана шығады.

10. Жекелеген баған бойынша сүзгі критерийін өшіру үшін, ашылған тізімнен Барлығы(Все) параметрін таңдау керек.

 

 

15.2.-сурет.Автосүзгі орнатылған терезе

9. Көлік саны өрісінде келесі шарт бойынша іріктеу жүргізіңіз: үшке тең және үшеуден артық көлік жөндеген қызметкерлер жайында жазбаларды таңдау. Ол үшін ашылған тізімнен Шарт…(Условие…) параметрін таңдап, ашылған Пайдаланушы автосүзгісі (Пользовательский автофильтр) сұхбаттық терезісінде 15.3.-суретте көрсетілгендей қажетті параметрлерді енгізіңіз.

 

 

15.3.-сурет.Сұхбаттық терезеде шартты орнату

 

Нәтижесі 15.4.-суретте көрсетілген.

 

15.4.-сурет.Автосүзгі нәтижесі

10. Күрделі сүзгілеуді, яғни кеңейтілген сүзгілеуді қарастырайық. Мысалы 9000 тг. мен 10000 тг. аралығында төлемақы алатын қызметкерлер жайында жазбалар қажет болсын. Ол үшін алдымен бос жерге критерийлер интервалынан басқа қорытынды блогын анықтауымыз қажет. Нәтижелерді орналастыру үшін L6:M6 диапазонынан бос жерді қарастыруымызға болады (15.5.-сурет).

15.5.-сурет.Қос шартты критерий интервалы мен қорытынды блогы

11. Курсорды тізімнің кез-келген жеріне орналастырып, Мәліметтер (данные) – Сүзгі (Фильтр) – кеңейтілген сүзгі (Расширенный фильтр) командасын таңдаңыз. Ашылған сұхбаттық терезеде (15.6.-сурет) қажетті параметрлерді енгізіңіз.

 

15.6.-сурет.Кеңейтілген сүзгі сұхбаттық терезесі

 

 

Нәтижесі 15.7.-суретте көрсетілген.

 

 

15.7.-сурет.Кеңейтілген сүзгіні қолдану нәтижесі

12. Шартты автосүзгінің көмегімен А әрпінен басталатын қызметкерлердің аты-жөнін шығарыңыз және кеңейтілген сүзгінің көмегімен тек 6000 тг.-ден кем төлем ақы алатын қызметкерлер жайында жазбаларды шығарыңыз. Жұмыс кітабын сақтап, оқытушыға нәтижені көрсетіңіз.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Сүзгінің қандай түрлері бар және сүзгі қандай мәзірде орналасқан?

2. Автосүзгіде шартты қалай ендіреміз?

3. Кеңейтілген сүзгіде қандай параметрлерді енгіземіз?

 

 

№ 19 зертханалық жұмыс

Microsoft Excel-де формулаларды және стандартты функцияларды қолдану.


Дата добавления: 2015-10-28; просмотров: 121 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Жұмыс үстелінде жаңа бума құру. | Орындау уақыты: 2 сағат Рейтинг:1 балл | Орындау уақыты: 2 сағат Рейтинг: 1 балл | Орындау уақыты: 2 сағат Рейтинг: 1 балл | Жұмыстың мақсаты | Орындау уақыты: 2 сағат Рейтинг: 1 балл | Орындау уақыты: 1 сағат Рейтинг: 1 балл | Орындау уақыты: 2 сағат Рейтинг: 1 балл | Жұмыстың мақсаты | Жұмыстың мақсаты |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Орындау уақыты: 2 сағат Рейтинг: 1 балл| Орындау уақыты: 2 сағат Рейтинг: 1 балл

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.01 сек.)