Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Орындау уақыты: 2 сағат Рейтинг: 1 балл

Читайте также:
  1. Гравиметрияда негізгі: тұнбаны сүзу, шаю, кептіру және күйдіру операцияларын орындау әдістемесі.
  2. Дәріс - Мұнай және оның пайда болуы. Жасанды сұйық отынның түрлері – 1 сағат
  3. Жауапты орындаушы
  4. Зертханалық жұмыс №2.Шартты энтропия мен қосылмалы энтропияны анықтау. (4 сағат).
  5. Зертханалық жұмыс №5 (2сағат).Ақпаратты жіберу жылдамдығы мен байланыс каналының өткізу қабілетін анықтау.
  6. Зертханалық жұмыс №7(2 сағат). Дискреттік есептеулер бойынша үздіксіз сигналды қайта құру. Котельников теоремасын қолдану.
  7. Орындау уақыты: 1 сағат Рейтинг: 1 балл

Жұмыстың мақсаты

Студенттерге қарапайым сұраныс құру тәсілін таныстыру. Іздеу және алмастыру функцияларын қолдануға үйрету.

 

Жұмыстың орындау реті

1 кезең. Кестеден жазылым іздеу

1. №17 зертханалық жұмыста орындаған Фирма Болашақ деректер базасында құрылған Қызметшілер кестесін ашыңыз.

2. Фамилия өрісіне шертіңіз. Главная мәзірінде орналасқан Табу (Найти) батырмасын шертіңіз немесе (немесе Ctrl+F пернелер комбинациясы) орындаңыз.

3. Үлгі (Образец) өрісіне Бейсенов фамилиясын енгізіңіз.

4. Ары қарай табу (Найти далее) батырмасын басыңыз. Ізделінген фамилияның табылғанына көз жеткізіңіз.

2 кезең. Деректерді ауыстыру

1. Главная– Алмастыру (Заменить) командасын немесе Ctrl + H пернелерін орындаңыз.

2. Үлгі (Образец) өрісіне Бейсенов жазылымын енгізіңіз.

3. Заменить на өрісіне Бейсенбаев теріңіз және Заменить батырмасын шертіңіз.

3 кезең. Деректерді сұрыптау

1. Туған жылы өрісін өсу реті бойынша сұрыптаңыз. Ол үшін Главная – Сұрыптау (Сортировка) – Өсу реті бойынша сұрыптау (Сортировка по возростанию) командаларын орындаңыз.

4 кезең. Деректерді іріктеу

1. Қызметшілердің арасынан инженерлерді іріктеп алыңыз. Ол үшін меңзерді лауазымы өрісіне орналастырып, инженер мәтінін ерекшелеп Главная – Сүзгі (Фильтр) – белгіленгені бойынша сүзгі (фильтр по выделенному) командаларын орындаңыз немесе аспаптар тақтасындағы сәйкес батырманы басыңыз.

2. Сүзгіні өзгерту (Изменить фильтр) батырмасын шертіңіз.

3. Жұмыс стажы 5 жылдан артық инженерлер тізімін шығару керек. Ол үшін Жұмыс стажы өрісіне >5 шартын енгізіңіз.

4. Қолдану (Применить) батырмасын шертіңіз.

 

5 кезең. Іріктеуге сұраныс құру

1. Қызметшілер кестесі үшін іріктеуге сұраныстар құру қажет. Сұраныста қызметшілердің фамилиялары және лауазымы – инженер болуы қажет, сұраныс нәтижесі фамилиясы бойынша реттелуі тиіс және сұраныс аты «қызметшілер лауазымы» болсын. Ол үшін:

2. Сұраныстар (Запросы) объектісіне шертіңіз, Құру (Создание) – Кон-структор режимін таңдаңыз.

3. Кесте қосу терезесінде Қызметшілер кестесін таңдап, Далее батырмасын шертіңіз.

4. Кесте қосу (Добавление таблицы) терезесін жабыңыз.

5. Іріктеуге сұраныс (Запрос на выборку) терезесінде өріс (поле)жолындағы бірінші бағанға шертеміз, ашылатын тізім бағыттауышына шертіп, фамилия өрісін таңдаймыз және 2-ші бағаннан – лауазымын таңдаңыз.

6. Таңдау шарты (Условие отбора) жолында лауазымыөрісіне инженер сөзін енгізіңіз.

7. Сұрыптау (Сортировка) жолынан өсу реті бойынша ( по возрастанию) таңдаңыз.

8. Аспаптар тақтасында орналасқан! (Запуск) батырмасына шерту арқылы сұранысты орындаңыз.

9. Сұранысты сақтаңыз.

10. Келесі сұраныста 12.01.1972 - 12.12.1975 жыл аралығында туылған-дардың фамилиясын шығару керек. Ол үшін 2 пункттен 5-ші пунктке дейінгі нұсқауды орындап, тек 2-бағаннан туған жылын таңдаңыз.

11. Таңдау шарты (Условие отбора) жолында туған жылыөрісіне between #12.01.1972# and #12.12.1975# енгізіңіз.

12. Сұранысты орындауға жіберіңіз.

13. Сұраныс аты «Туған жыл».

14. Жұмыс нәтижесін оқытушыға көрсетіңіз.

 

Тапсырма

Келесі сұраныстарды құрыңыздар:

1. Сұраныста қызметшілер фамилиялары және туған жылдары берілуі керек, туған жылы өсу реті бойынша реттелуі тиіс, сұраныс аты «туған жылы».

2. Сұраныста жоғарғы білімі бар қызметшілер фамилиясы көрсетілуі қажет, сұраныс аты «жоғарғы білімді қызметшілер».

3. 5 жыл жұмыс стажы бар жоғарғы білімді қызметкерлер фамилиясын анықтау керек, сұраныс аты «жұмыс стажы 5 жыл».

4. Тапсырма нәтижесін оқытушыға көрсетіңіз.

5. MS Access терезесін жабыңыз.

 

Бақылау сұрақтары

1. Қарапайым сұраныс құру тәсілі?

2. Іздеу және ауыстыру функциялары не үшін қажет?

3. Сұрыптаудың қандай түрлерін білесіздер?

 

 

№ 26 зертханалық жұмыс

MS Access. Сұранысты параметрмен құру


Дата добавления: 2015-10-28; просмотров: 133 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Жұмыс үстелінде жаңа бума құру. | Орындау уақыты: 2 сағат Рейтинг:1 балл | Орындау уақыты: 2 сағат Рейтинг: 1 балл | Орындау уақыты: 2 сағат Рейтинг: 1 балл | Орындау уақыты: 2сағат Рейтинг: 1 балл | Орындау уақыты: 2 сағат Рейтинг: 1 балл | Орындау уақыты: 2 сағат Рейтинг: 1 балл | Орындау уақыты: 2 сағат Рейтинг: 1 балл | Жұмыстың мақсаты | Жұмыстың мақсаты |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Жұмыстың мақсаты| Орындау уақыты: 1 сағат Рейтинг: 1 балл

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)