Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Эмульсияның тығыздығы.

Эмульсияның тығыздығын сұйықтар үшін қабылданған әдістер арқылы мұнайдағы судың пайыздық құрамын ескере отырып, олардың белгілі тығыздықтары бойынша келесі формула арқылы анықтайды:

, (3.3)

мұнда r э, rм, rс - эмульсияның, мұнайдың және судың сәйкесті тығыздықтары;

q -эмульсиядағы судың және еріген тұздардың массалық үлесінің құрамы, мына формула бойынша анықталады:

мұнда qо - эмульсиядағы таза судың құрамы; х - судағы тұздардың пайыздық құрамы.

Эмульсиялардың электрлік қасиеті. Мұнай мен су таза күйінде - электр тогын өткізбейді (диэлектрлі болады). Бірақта, судағы еріген тұздардың немесе қышқылдардың елеусіз құрамының өзі, оның электрөткізгіштігін бірнеше есеге арттырады. Сондықтан мұнай эмульсиясының электрөткізгіштігі: су мөлшеріне, дисперстік дәрежесіне, қышқылдар мен тұздардың мөлшеріне негізделеді. Күштік өріс бойында орналасқан мұнай эмульсиясындағы су тамшылары күш сызығының бойында орналасып, осының әсерінен электрөткізгіштіктің тез ұлғаюына әкелетіні эксперименталды дәлелденген. Эмульсияның осы қасиеті оны бұзу үшін электр өрісін қолдануға негізгі себеп болады.

Мұнай эмульсияларының коагуляциясы, коалесценциясы және инверсиясы.

Инверсия – бұл фазалардың, яғни эмульсиялардың бір түрден екінші түрге өтуі.

Коагуляция дисперсті бөлшектерді молекулярлық күштер арқылы жабыстырып, біріктіріп үлкейту, ірілендіру.

Коалесценция - су немесе мұнай тамшыларының бір бүтін болып қосылуы, яғни бөлшектердің коагуляциясы ең терең түрде жүретін кезеңі, бұл кезде беттердің жанасуы толығымен жойылады.

3.4. Мұнай эмульсияларының беріктігі (тұрақтылығы) және олардың “ескіруі”

 

Мұнай эмульсиясының ең маңызды көрсеткішінің бірі олардың беріктігі, яғни ұзақ уақытқа дейін бұзылмай сақталу қабілетін (мұнайға және суға бөлінбеуін) айтады.

Мұнай эмульсиясының беріктігіне келесі факторлар үлкен әсер етеді:

- жүйенің дисперстігі;

- адсорбциялы қорғау қабықшасында фазалардың бөлінген бетінде түзілген эмульгаторлардың физика-химиялық қасиеті;

- дисперсті фазалар тамшыларында қос электр зарядының

болуы;

- эмульсияның температурасы;

- қабат суының рН (сутегі иондарының концентрациялық көрсеткіші)

Жоғарыда айтып өткеніміздей эмульсия тамшыларының өлшемі (размері) 0,1-ден 100 мкм аралығына дейін өзгереді; оларды былай бөлуге болады:

ұсақдисперсті - тамшы өлшемі 0,2-20 мкм дейін,

ортадисперсті (20-дан 50 мкм дейін),

ірідисперсті (50-ден 100 мкм дейін).

Мұнай эмульсиясы полидисперсті болып табылады, яғни құрамында тамшылардың барлық өлшемдері бар. Эмульсияның дисперстігі неғұрлым жоғары болса, яғни тамшылар кіші болса, соғұрлым эмульсия берік болады. Бірақта S бөлігінің беті ұлғайған кезде, жүйе еркін беттік энергияның үлкен қорына ие болады, ол келесі формуламен анықталады:

F=sS, (3.5)

(мұнда s- бірлік беттегі еркін энергия), жүйе термодинамикалық тұрғыдан берік болмайды және S -ауданын азайту жолымен, немесе s -беттік керілісті азайту есебінен берік (тұрақты) күйге ауысуға ұмтылады.

Осы соңғы фактор мұнай эмульсиясын бұзу кезінде кең қолданылады.

Жүйенің беріктігіне эмульгаторлар үлкен әсер етеді, олар тамшы беттерінде адсорбциялық қорғаныс қабығын (бронын) түзе отырып тамшылардың қосылуына кедергі келтіреді. Асфальтендер, нафтендер, шайырлар, парафиндер, металдар (ванадий, никель, мырыш, темір); сондай-ақ мұнай мен қабат суларында болатын жұқадисперсті саздар, құмдар және басқа да тау жыныстары адсорбциялық қабаттың түзілуіне қатысады.

 

3.4 Сурет. Мұнай эмульсиясының тамшыларында (глобулында) қорғаныс қабығының түзілу сұлбасы. а- су тамшысының бетіндегі қорғаныс қабығы (яғни, броны): 1-брон қалыңдығы; 2 және 3 - эмульгаторлар; 4- су тамшылары; 5- мұнай. б- су тамшыларының бетіндегі қос электрлі қабаттың сұлбасы: 1-теріс заряд; 2-оң заряд; 3- мұнай; 4- су тамшысы.

 

Тамшы бетінде қос электрлі қабат түзіледі, ол адсорбциялы қабықшаға ұқсас ұсақ тамшылардың қосылуынан сақтайды.

3.4. б-суретінде қос электрлі қабаттың схемасы көрсетілген. Беттерінде бірдей зарядтары бар бөлшектер бір-бірін тебеді.

Температура эмульсияның беріктігіне келесі түрдегідей әсер етеді: температура көтерілген кезде эмульсияның беріктігі төмендейді, өйткені адсорбциялық қабықтың (әсіресе парафиндерден тұратын) механикалық беріктігі азаяды. Осының нәтижесінде тамшылар бірігіп, эмульсиялар бұзылады. Температура төмендеген кезде осындай эмульсиялардың адсорбциялық қабығының беріктігі артып және олар неғұрлым тұрақты болады.

 

3.1-кесте. Эмульсиялардың түзілуіне және тұрақтануына эмульгаторлар әсерінің сипаттамасы

Эмульгатор -затының класы Эмульгаторлардың атауы Сумұнай жүйесіне әсер ету сипаты
Беттік әрекеттілігі жоғары   Беттік әрекеттілігі төмен     Қатты минералды және органикалық Нафтенді және майлы қышқылдар, төменгі шайырлар     Асфальтендер, асфальтенді қыш-қылдар және анги-дриттер, жоғарғы шайырлар   Парафиндер, тұздар Жүйенің дисперленуі және фазалар бөлінген бетінде құрылымдық емес қабаттардың пайда болуы   Беттік қабаттардың құрылымдануымен эмульсиялардың тұрақтауы   Су тамшыларымен агрегация, берік “брондалған” қабаттың құрылуы.

 

Сутегі факторының рН әсері беттік қабаттың серпімділік қасиетіне әсер етеді. Эмульсиядағы рН-тың ұлғаюы, бұл сілтінің мұнай-су шекарасындағы беттік қабаттың реологиялық қасиетін төмендетіп, бронның механикалық беріктігінің азаюына әкеледі, осының әсерінен эмульсиялар бұзылады.

Су-мұнай бетінде эмульгаторлардың адсорбциялануы және бронның қалыңдауы уақыт өте жүреді, сондықтан мұнайдағы су (М/С-В/Н) түріндегі эмульсия уақыт өте неғұрлым тұрақты болады, яғни оның “ескіруі” жүреді.

Мұнай эмульсиясының ескіруі бастапқы кезеңде қарқынды жүреді, одан соң бұл үрдіс баяулайды және шамамен тәуліктен соң аяқталады. Жаңа эмульсиялар ескірген эмульсияларға қарағанда неғұрлым жеңіл бұзылады.

 


Дата добавления: 2015-10-23; просмотров: 412 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Тарау. МҰНАЙ, ГАЗ ЖӘНЕ СУДЫҢ ҚҰРАМЫ, жіктемесі ЖӘНЕ НЕГІЗГІ ҚАСИЕТТЕРІ | Тарау. Мұнай резервуарлары | Мұнайдың құрамы, жіктемесі және негізгі физикалық-химиялық қасиеттері | Теңіз кен орындарында қолданылатын мұнайды саңылаусыз жинау жүйесі | Мұнай, газ және суды жинау мен дайындаудың жетілдірілген технологиялық жүйесі | Ы өнімдерін өлшеудің жаңа әдістері | Газ және сұйықтың шығынын өлшеу | Бақылау сұрақтары | Бырлардың есебі | Бырлардың есебі |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Мұнай газының құрамы мен қасиеті| Мұнай, газ және суды жинаудың қазіргі жүйелері

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)