Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тұтыну бағасының индексi және жҰӨ дефляторы

Читайте также:
  1. A) Жаңа тұтыну құны
  2. B) пайыздармен, коэфициенттермен және индекстермен өлшенеді
  3. B. Экранды өшіру және жүйелі блокты өшіру.
  4. E) негізгі және қосымша
  5. Lt;variant>бір қосымшадан екіншісіне объекті ендіру және байланыстыру арқылы жұмыс істеу технологиясы
  6. Азаматтың есімі және тұрғылықты жері. Азаматтық хал-ахуал актілері 1 страница
  7. Азаматтың есімі және тұрғылықты жері. Азаматтық хал-ахуал актілері 10 страница

Жоғарыда атаулы ЖҰӨ көлемiнiң нақты ЖҰӨ көле­мiнe қатынасы түрiнде берiлген ЖҰӨ дефляторын қа­растырғанбыз. ЖҰӨ дефляторы мен тұтыну бағасының индексi жалпы баға деңгейi туралы экономикада әр түр­лi ақпарат бередi. Осы eкi көрсеткiш арасында 3 негiзгi айырмашылық бар:

1) ЖҰӨ дефляторы барлық өндiрiлген тауарлар мен көрсетiлген қызмет түрлерiнiң құнын көрсетедi, ал тұтыну бағасының индексi тек тұтынушы тұтынатын тауарлар мен қызметтердiң бағасын есептейдi. Сонымен, фирмалар мен мемлекет тұтынатын тауарлар мен қыз­меттердің бағасының ЖҰӨ-iн aлyға болады.

2) ЖҰӨ дефляторы тек қарастырылып отырған мем­лекеттiң азаматтары өндiрген тауарларды есепке алады. Басқа елдерден импортталатын тауарлар ЖҰӨ - де есеп­телiнбейдi және ЖҰӨ дефляторында да көрсетiлмейдi. Сол себептi Жапонияда жиналып, АҚШ -та сатылған "тойота " құнының өcyi, тек тұтыну бағасының индекс­iнде көрсетiледi, оны америкалық тұтынушылар тұты­нады, бiрақ ЖҰӨ дефляторында керсетiлмейдi.

3) Бағаның әр түрлi болуында,тұтыну бағасының индексiн есептегенде, әр түрлi тауар бағалары тұрақты салмақты болады, ал ЖҰӨ дефляторын есептегенде ауыспалы салмақ қолданылады. Басқа сөзбен айтсақ тұтыну бағасының индексi өзгермейтiн тауарлар жиы­нында есептелiнедi, ал ЖҰӨ дефляторы тауарлар жиынының өзгеруiне байланысты болады, яrни ЖҰӨ құра­мының өзгерiсiне байланысты болады. Мысалы, 2 тауар түpi - апельсин мен алма өндiрiледi және тұтынылады деп жорамалдаймыз.

 

ЖҰӨ дефляторы = ЖҰӨ - нің атаулы көлемі / ЖҰӨ - нің нақты көлемі = (Р алма х Q алма) + (Р апельсин Q апельсин) / (Р96 алма х Q алма) + (Р апельсин х Q апельсин)

Тұтыну бағасының индексі:

ТБИ = (Р алма х Q96 алма) + (Р апельсин Q96 апельсин) / (Р96 алма х Q алма) + (Р96 апельсин х Q апельсин)

Мәселен, Алматыда болған қатты суық әcepiнeн барлық алма науқаны құрыды, сонда өн­дiрiлген алма саны 0-ге дейiн төмендедi, ал дүкендерде қалған алма бағасы қаты көтерiлдi. Дегенмен, алма ЖҰӨ құрамына кipгeнiмeн, бағаның жоғарылауы ЖҰӨ дефляторында көрсетiлмейдi. Тұтыну бағасының индексi өзгермейтiн тауар жиынтығы негiзiнде есептелсе, оған алма кiредi, сонда алма бағасының көтерiлуi тұтыну бағасының индексi көтерiлуiне алып келедi. өзгермейтiн тауар жиынын есептейтiн индекс " Ласпейрес индекс", ал өзгеретiн тауар жиынын "Пааше индексi" көрсетедi.

n t 2 n

Ласпейрес индексi – PL = Σ Pi *Qi / Σ Pi 0 *Qi 0

I=1 I=1

 

Мұндағы Рi0 жене Pit - i игiлiгiнiң бағалары (0 - ба­зистiк жыл, ал t - ағымдағы жыл), Qi0 - о базистiк жылдағы i игiлiгiнiң көлемi.

N

Пааше индексi - Рр = ΣPi t *Qi t/ Σ Pi 0 *Qi t

I=1 I=1

 

Фишер индексi - Pf = P1* Рр

Бұл индекстер өмip құнын өлшеу үшiн арнaлған, яғни белгiлi бiр өмip деңгейiн ұстап тұру үшiн қажетті шығындар. Әр түрлi тауарлар бағасы әр түрлi өлшемге өзгергенде Ласпейрес индексi өмip құнының өcyiн Пааше индексiне қарағанда нақтырақ көрсетедi. Ласпейрес ин­дексi белгiлi бiр тауар жиынын есептеу үшiн қолданылады, мұнда қымбат тұpaтын тауарларды арзан тұpaтын тауарлармен алмастыру мүмкiндiгі ескерiлмейдi. Kepiciн­ше, Пааше индексiнде тауардың бiр-бiрiн алмастыруы eceпкe алынады. Бiрақ мұнда әл-ауқаттың төмендеу деңгейі көрсетiлмейдi. Алматыдағы аяз, мысалы, Ласпейрес және Пааше индекстерiнiң кемшiлiгiн көрсетедi. Деген­мен, тұтыну бағасының индексi, яғни мұнда тұтынушы үшiн алма бағасы өciмi жоғарылайды: бұл жерде өзгермейтiн тауар жиыны қолданылады және алманы апельсинмен алмастыру мүмкiндiгі есепке алынбайды. ЖҰӨ дефляторы - бұл Пааше индексi, мұнда керiсiнше, тұты­нушы үшiн бағаның жoғaрылауы толығымен көрсeтiлмейдi. Осы жерде ЖҰӨ дефляторы өciм құнын көрсетiп тұрған жоқ, дегенмен алма құнының жоғарылауы тұтынушы жағдайына жағымсыз әсер тигiзедi. ЖҰӨ дефляторы мен тұтыну бағасы индексiнің практикада айырмашылығы көп емес, яғни тұтыну бағасы индексiнің қозғалысы ЖҰӨ дефляторы қозғалысына өте жақын.

4 -сұрақ. Негiзгi макроэкономикалык; тепе-теңдiк табыс пен шығынның теңдiгiн көрсетедi. Y=C+I+G+NX

Макроэкономикалық талдауларда басқа да тепе-теңдiктep пайдаланылады. Инвестиция мен қор жинағының тепе-теңдiгiн теменгiдей кepceтyгe болады. Талдауды же­ңiлдету үшiн жабық экономиканы қарастырамыз. Бұл экономикада мемлекет секторы жоқ деп жорамалдаймыз, демек салық та жоқ болады.

Онда шығын бойынша: ЖҰӨ = Tұтыну + Инвестиция

Табыс бойынша: ЖҰӨ = Қор жинағы + Тұтыну

Жалпы өнiмдi өндiруге кeтeтiн шығындар мен табыс бiр-бiрiне тең болғандықтан, (2) жене (3) формулаларды теңестiре отырып, темендегi теңдеудi аламыз.

С + 1 = S + С немесе 1 = S

Бұл қарапайым тепе-теңдiк мемлекет пен шет мемлекеттi енгiзгеннен соң күрделiлене түседi. Жиынтық қор жинағы үш құрауыштан тұрады.

Sp = Sp + Sg + Sr

Жеке қор жинағы Sp төмендегiдей бейнеленген:

Sp = (У + TR + N - Т) - С

Мұндағы: У - табыс сомасы, TR - трансферттер

N - мемлекеттiк қарыз бойынша пайыз мел­шерлемесі,

Т – салық, және С - тұтыну.

Мемлекеттiң қор жинағы Sg төмендегiдей бейнеленген.

Sg = (Т - TR - N) - G

Sg>O болса, онда бюджет артықшылығы болады, ал

Sg<O болса, онда бюджет тапшылығы болады.

BD = - Sg

Sr = ІМ - Х немесе Sr = -NX

S = S р + S g + S r = (У + TR + N - Т) - С + (Т - TR - N) ­-G + (-NX) = У - С - G - NX; S =I


Дата добавления: 2015-10-31; просмотров: 752 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Лекция. Макроэкономикаға кіріспе. | Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер. | Циклдық емес тербелістер | Толық жұмысбастылық ұғымы | Ынталандырушы жалақы | Лттық табыс: өндіру, бөлу, тұтыну. | Импорттаудың шекті бейімділігі | Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс | Сурет. Жиынтық сұраныс қисығы оңға қарай қозғалады | Сурет. Ұзақ мерзімдік кезеңдегі жиынтық сұраныстың өзгеруі |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Сұрақ . Haқты және атаулы ЖҰӨ.| Экономикалық циклдер. Әлуетті жалпы ұлттық өнім

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.013 сек.)