Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Лекция. Макроэкономикаға кіріспе.

Читайте также:
  1. Лекция. Профилактика вредного воздействия на организм токсичных химических препаратов, микробиологических факторов, отходов анестезирующих газов.
  2. Тақырып №1. Кіріспе. Гигиена - медицинадағы алдын алу пәні ретінде. Гигиенаның мақсаты мен міндеттері – 1 сағат.

Лекция жоспары:

  1. Макроэкономика пәні және оны зерттеу мәселелері.
  2. Макроэкономикалық айнымалылар және үлгілер.
  3. Позитивті және нормативті талдау.

 

 

1-сұрақ. Кез келген адам өз қажеттiлiктерiн әрқашанда ба­рынша толық қанағаттандыруға тырысады. Бұл қажеттi­лiктердiң негiзi ақша мен байлықта емес, адамдардың өздерiнде Сондықтан экономика - адамдар өз қажет­тiлiктерiн қанағаттандыру үшiн шектеулi ресурстарды пайдаланғанда туындайтын таңдауларды зерттейтiн қоғамдық ғылым. Барлық ресурс бүкiл адамзаттың қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға жете бермейдi. Бұндай жағдайда сиректiлiк (редкость) пайда болады. Сuректiлiк - кез келген адамның қажеттілігін қанағаттандыруға ресурс көлемi жетпейтiн жағдай. Miнe, сондықтан да экономиканы терең зерттеу керек. Осы зерттеудегi алғашқы қадам - қандай тауарларды, қаншалықты мөлшерде өндiру керек деген сұрақтарға жауап беру. Бұл сұрақтарға жауап қазiргi экономиканың өзектi мәселелерiн тиiмдi жолмен шешуге зор әcepiн тигiзедi. Әдетте тиiмдiлiкке жету үшiн өндiрiстiк ресурстарды үш топқа бөлiп қарастырады. Олар: еңбек капитал, табиғи ресурстар. Бұл үшеуiн бiрiктiрiп өндiрic факторлары деп атайды. Өндiрiс факторлары - тауарды немесе қызметтi өндiруде пайдаланылатын еңбектiң, капиталдың және табиғи ресурстардың негiзгi салымдары. Өз кезегiнде еңбек - адам өндiрiс үрдiсiнде жұмсайтын барлық дене және ой шығындарының жиынтығы. Капитал - өнер­кәсiптiк құрал-сайман, жабдықтар мен инфрақұрылымды қоса алғанда адамның жасаған барлық өндiрiстiк құралдары. Табиғи ресурстар - өндiрiсте өңдеусiз таби­ғи түрде қолданылатын барлық заттар, мысалы: Құнар­лы жер, құрылысқа арналған бос орындар, тоғайлар, минералдар және т.б. Жалпы, экономика ғылымы eкi басты бөлiмнен тұрады: макроэкономика және микроэкономика. Микро­экономика - фирмалар, үй шаруашылықтары, үкiметтік агенттіктер сияқты шығын бірліктер жасайтын таңдауларды зерттейтін экономиканың бөлімі. Макроэкономика – экономиканың инфляция, жұмыссыздық, экономикалық өсу ceкілді ірі масштабты экономикалық құблыстарын зерттейтін бөлігі.

Макроэкономика экономиканың біp үлкен бүтiн құбылыс ретiнде қарастыратын ғылым. Ол экономи­кадағы ic-әрекеттерді біріктіріп жалпылай қарастырады. Белгiлi бiр уақыт аралығында кейбір фирмалар өндiрген өнімдерiне бағаны өсіреді, кейде төмендетеді. Бағаның жиынтық өзгерісін талдау кезінде зерттеулер көптеген баға өзгерiстерiнiң iшiнен орташасын алады. Бағаның экономикадағы жиынтық динамикасын өлшеу үшiн баға индексi қолданылады. Макроэкономиканың негiзгi мақсаты жеке фирмалар мен жұмысшылардың дамуын қaрастыpy емес, экономикның жиынтық беталысын талдaудан тұрады. Макроэкономикадағы жалпы ұлттық өнім, қор жинағының нормасы, тұтыну бғга индексi инфляция деңгейі, жұмыссыздық деңгейі және өндiрiс көлемінің өзгеру қарқындылығы секілді керсеткiштер экономиканың бiр бөлек элементiн ғана қарастырмайды, олар экономиканың дамуының беталысын зерттеуге мүмкiндiк бередi.

Макроэкономика ғаламдық мәселелердi де зерттейдi. Экономикалық өсу халық санының артуы және техникалық прогресс сияқты салыстырмалы тұрақты факторлар әсерінің нәтижесі болып табылады. Осы факторлардың әсерінің нәтижесі болып табылады. Осы факторлар әсерінің нәтижесі болып табылады. Осы факторлардың ұзақ мерзімдігі динамикасы әлуетті өндіріс көлемінің динамикасын анықтайды. Ал қысқа мерзімде микроэкономика осы негiзгi траекториядан ауытқып отырады. Сол себептi тұрақты экономикалық өсудi қамтамасыз ету үшiн осы циклдiк толқуларды басқарып отыру қажет. Ресурстардың толық пайдаланылуы және экономиканың инфляциясыз өcyi мақсатында экономикалық циклдердi басқару макроэкономикалық саясат арқылы жүзеге асырылады. Макроэкономикалық саясат бюд­жет-салық немесе қазыналық және ақша-несие немесе монетарлық саясаттан тұрады. Бюджет-салық саясаты сыртқы саудада, тек қана үкiмет арқылы, ал ақша-несие саясаты Орталық банк арқылы жүзеге асырлаады. Осы қазыналық, монетарлық саясаттардың кeмeгімен мемлекет iшкi және сыртқы макроэкономикалық тұрақты­лық opнaтyға және оны ұстап тұруға тырысады. Кез келген мемлекет экономикасы үшiн макрэкономикалық саясатын қатесiз анықтау, оны таңдалған бағытта дұрыс жүргiзу ең өзектi де басты мәселе болып табылады.

2-сұрақ. Макроэкономика теориясының негiзi peтiндe микроэкономика теориясы пайдаланылады. Микроэкономика пәнi - үй шаруашылықтары мен фирмалардың берiлген экономикалық шарттарда шешiм қабылдау және сол "берiлген" шарттарды өзара қызметтерi арқылы қалыптастырy механизмдерi болып табылады. Мик­ро талдауда тұтынушылардың табысы тек берiлгeн өлшем peтiндe қарастырылады да, негiзгi назар үй шаруашылықтарының шығындары әр турлi тауарлар мен қыз­меттер арасында бөлiнуiне аударылады. Ал макротал­дауда, керiсiнше, басты назар жиынтық табыс, жиын­тық шығын, қолда бар табыс, тұтыну және тағы сол сияқты ipi, бөлшектелмеген көрсеткiштерге аударылады, пайыздың нарықтың мөлшерлемесi, инфляция, жұмыс­сыздық сияқты макроэкономикалық факторлар үй шаруашлықтары мен фирмалардың қор жинау, инвестиция, тұтыну шығындары секкілді қабылдайтын шешімдеріне әcepiн тигізеді де, ал олар өз кезегінде жиынтық сұра­ныстың көлемi мен құрылатынын анықтайды. Микро және макроэкономикалық үрдiстер өзара тығыз байла­ныста болады. Жоғарыда айтылғанды ескере отырып, макроэкономикалық талдауды үш кезеңге бөлемiз:

1- кезеңде фирмалар мен үй шаруашыльқтарының шешiм қабылдауын зерттеушiлер теория деңгейiнде қа­растырады. Содан соң микроэкономикалық құралдарды пайдаланып, фирмаларды әртүрлi экономикалық жағдайларға байланысты қарастырады;

2-кезеңде фирмалар мен үй шаруашлықтарының жиынтық шешiмдерiн қарастыра отырып, жалпы эко­номикалқ беталыстар талдауға түседi. Бұл кезеңде агре­гаттaлған, iрiленген шамалар қолданылады. Мысалы, бiрғaнa фирманың өнiмi емес, ЖҰӨ; жеке банктің пайыз мөлшерлемесi емес, нарықтық пайыз мөлшерлемесi;

3-кезеңде макроэкономикалық ақпаратты талдау және жинау арқылы теорияның нақты мағынасы қарасты­рылады. Макроэкономика - макроэкономикалық тео­рия мен агрегатталған ақпараттардың ортасындағы байланысты нысандық тәсiлмен зерттеудi қарастыратын ерекше ғылым.

Экономикалық үлгi экономикалық айнымалылар­дың арасында байланыстар opнaтyғa қажеттi алғы ­шарттардан тұрады. Үлгi қисынның (логиканың), гра­фиктiң және математиканың көмeгiмeн құрылған тео­риялардан белгiлi бiр қорытынды aлyға пайдаланылады, ол өз кезегiнде теория түciндipyгe тырысатын құбылыс­тардағы алғышарттардың салдарын анықтауға мүміндiк бередi. Сөйтiп, үлгiнi экономикалық шарттардың өзгерyi және сатып алынатын игiлiктердiң құны мен көлемiне қандай өзгерiстер енгiзетiнiн анықтау, жорамалдау үшiн пайдаланамыз. Экономикалық айнымалылар деп әртурлi мәндерге ие бола алатын өзгеретiн өлшемдердi немесе ақша сомаларын айтамыз. Әдетте экономикалқ үлгiлер эконо­микалқ шарттардың ең маңызды экономикалық айны­малыларға әcepiн түсiндiруге тырысады. Үлгiде мәндерi берiлген айнымалылар параметрлер деп аталады.

Экономикалық үлгiлердiң қорытындылары кебiнесе болжамдар түрiнде керсетiледi. Бұл белгiлi бiр фактiлер­мен расталатын немесе жоққа шығарылатын себептермен салдардың көpiнici болып табылады.

Макроэкономикалық үлгi - әртурлi экономикалық құблыстар мен үрдiс арасында пайда болатын функ­ционалдық байланыстарды айқындау мақсатында құрылған жүйеленген сипаттама. Кез келген үлгi күнде­лiктi өмiрдiң оңайлатылған бейнесiн керсетедi. Себебi макроэкономикалық зерттеу жүргізуде нақты өмірдің барлық жақтарын бiр уақытта қарастыру мүмкін емес. Сондықтан да бiрде-бiр макроэкономикалық үлгi нақты, толыққанды болмайды. Ол нақты уақыт кезеңiндегi белгiлi бiр бағыттағы тек жалғыз ғана дұрыс жауапты бермейдi. Бiрақ осындай жалпылама үлгiлердiң арқасында экономикаға әсер eтeтін iшкi (эндогендi) және сыртқы (экзогендi) экономикалық айнымалылардың көлемi анықталады.

Экзогендi айнымалылар - алғашқы ақпараттар, "сырттан" өндiрiледi, ал эндогендi айнымалылар – кейiнгi ақпараттар, олар үлгiнiң өзiнде қалыптасады. Басқа сөзбен айтқанда, экзогендi айнымалылардың мәнi үлгi құрылмай тұрып берiледi, ал эндогендi айнымалылар үлгiнiң iшiндегi есептеулердiң нәтижесiнде қалыптасады.

 

           
   
   
үлгі
 

 

 


Экономикалық принциптер арқылы түсіндірілетін айнымалылар эндогендi, ал түсiндiрiлмей, берiлген түрде қабылданатын aйнымалылар экзогендi деп аталады. Негiзгi мақсатымыз эндогенді айнымалылардың өзгерісін экзогендi айнымалылар арқылы түciндipy болып табылады.

Үлгiнiң көмегімен қамтамасыз етiлетiн экономика­лық мәселелердi шешудегi жан - жақтылық макроэко­номикалық саясаттың икемдiлiгiн және баламалылығын арттырады. Макроэкономикалық үлгiлердi пайдалану Yкiмeт пен Ұлттық банк экономикадағы циклдiк тол­қуларды реттеуде жүргiзетiн бюджет-салық, ақша-несие саясаттарының құралдарын тиiмдi пайдаланyға мүм­кiндiк бередi.

Шеңберлi ағым үлгiсi, AD-AS, Кейнс Kpeci, IS-LM, Филипс пен Лаффер қисығы, Солоу үлгiсi сияқты жал­пылама макроэкономикалық үлгiлер макроэкономкалық талдау жүргiзудiң негiзгi құралдары болып табы­лады. Бұл үлгiлер қандайда бiр рана ұлттық эконо­микаға тен емес. Кез келген үлгi экономиканың динамикасын және оның көрсеткiштерiн танып-бiлудегi пай­далылығымен бағалануы тиic. Бағалаудың объективтiк қиындығы мынада болып табылады: а) алға қойған мақсаттарға жетуге байланысты үлгi құрарда оны жеткiлiктi алғы шарттармен -камтамасыз ету; ә) макроэкономика­лық саясат үшiн қате шешiмдердi болдырмау. Үлгi жеткiлiктi дәрежеде нақты өмiрдi көpceтyi мүмкiн, бiрақ бұл жағдайда ол өте күрделiленiп кeтyi де ықтимал. Ал өз кезегiнде үлгiнiң қарапайымдылығы оны экономика­лық зерттеулерге пайдаланyға байланысты басты талап немесе шарт болып табылады. Үлгiнiң шамадан тыс же­ңiлдетiлyi үлгiде бiраз маңызды факторлардың ескерiл­мeyiнe әкелiп coғaды, ал оның нәтижесiнде қабылданған шешiмдер қате болып шығy ықтималдылығы артады. Сондықтан кез келген үлгiнi құрардағы басты қиыншылық - нақты меселе бойынша макроэкономикалық талдау жүргiзуге қажеттi факторлар шеңберiн анықтау.

3-сұрақ. Макроэкономикалық талдау және саясат тығыз бай­ланысты. Өйткенi үкiметтің қолында экзогендi айныма­лылардың бiрқатары бар. Егер макроэкономика жеке оқиғалардың экзогендi оқиғалармен немесе саяси ше­шiмдермен байланыстарын қарастырса, онда ол позитивтi экономикалық талдау болады. Позитивтi талдауда экономикалық саясаттағы, экономикалық шарттардағы өзгерiс­тердi өндiрiс, cayдa-caттық, баға сияқты факторлардың өзгерyiмен түciндipyгe тырысады. Осы позитивтi эко­номика арқылы экономист "егер... болса, онда...болады" деген секiлдi тұжырымдар жасайды. Содан кейiн бұл тұжырымдар фактiлермен және caндapмен салыстыpылу арқылы расталуы немесе жоққа шығарылуы мүмкiн. Позитивтi талдау нақты фактiлермен, сандармен, тәуелдiлiктермен жұмыс жасайды. Позитивтi талдау қоры­тындының жақсы-жамандығына бaға бермейдi.

Талдаудан шыққан балама қорытындылардың қайсысы салыстырмалы түрде бaғалырақ eкeнiн бiлy үшiн оларды бағaлау қажет. Балама шешiмнiң негiзгi шешiммен

салыстырғанда қаншалықты дұрыс не тepic eкeнiн норма­тивтi экономикалық талдау бағaлaйды. Нормативтi талдау­ды не болуы мүмкiн деген сұраққа салыстырмалы турде дұрыс жауап алу үшiн қолдaнуғ болады. Нормативтi тұжырымдар тек кеңес бередi. Бұл тұжырымдар кебiнесе мынадай түрде болады: "мынандай шараларды жүзеге acыpған дұрыс", "осындай саясаттың жүргiзу оңды болады". Мыcaлы: "Epкiн сауданы шектейтiн саясат тоқтатылғаны дұрыс" деген тужырымда epкiн сауданың болуының дұ­pыcтығы жaйындa пiкiр қорытылады. Нормативтi талдаудан шыққaн тұжырымдарды фактiлермен растау немесе жоққа шығapy қиын, себебi олар негiзiнен болжам түpiндe емес, бұйрық түpiндe болады. Coнымeн нормативтi тaлдау нaқты экономикалық шарттардың, экономикалық саясаттың жақсы не жаман eкeндiгi туралы қорытынды шығaратын экономикалық талдау.

 

 

Негізгі түсінктер:

Макроэкономика, микроэкономика, эндогенді айнымалылар, экзогенді айнымалылар, макроэкономикалық үлгі, экономикалық саясат, нормативті талдау, позитивті талдау.

 

Студенттерге тапсырмалар:

1. Макроэкономиканың зерттеу проблемалары.

2. Макроэкономикалық теорияның негізін қалаушылар.

3. Макроэкономикалық мақсаттармен құралдар.

4. Экономикалық саясат пен макроэкономика.

5. Экономикалық айнымалылар және оның түрлері.

6. Макроэкономиканы зерттеу әдістері.

7. Макроэкономикалық үлгілердің түрлері.

 

Пайдаланатын әдебиеттер:

1. Ивашковский С:И: Макроэкономика.М., “Дело” 2000.

2. Дж. Сакс. Макроэкономика. Глобальный подход/ Пер.с англ.-СПб.,1994

3. Агапова. Т.А.., Серегина С.Ф. Макроэкономика:Учебник МГУ, Ихзд-во “Дис”2000

4. Фишер. Дорнбуш. Макроэкономика 1994

5. Н.Қ. Мамыров., М.Ә. Тілеужанова. Макроэкономика. 2003

 

 

Лекция


Дата добавления: 2015-10-31; просмотров: 1362 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Сұрақ . Haқты және атаулы ЖҰӨ. | Тұтыну бағасының индексi және ЖҰӨ дефляторы | Экономикалық циклдер. Әлуетті жалпы ұлттық өнім | Циклдық емес тербелістер | Толық жұмысбастылық ұғымы | Ынталандырушы жалақы | Лттық табыс: өндіру, бөлу, тұтыну. | Импорттаудың шекті бейімділігі | Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс | Сурет. Жиынтық сұраныс қисығы оңға қарай қозғалады |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Лабораторная работа №2 Класс табулирования функции одной переменной| Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.012 сек.)