Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Циклдық емес тербелістер

Читайте также:
  1. Еріксіз мәжбүр электрлік тербелістер
  2. Еркін электр тербелістері.Тербелмелі контур.Томсон формуласы.

Іскерлік белсенділіктің мезгілдік тербелістері болады. Мысалы, ауыл шаруашылығы мен автомобиль өнеркәсібі, құрылыс.

Іскерлік белсенділік ұзақ мерзімді тенденцияға бейім, яғни 25, 50 немесе 100 жыл ішінде болатын ұзақ мерзімді экономикалық өсуде тенденция жағдайындағы іскерлік белсенділіктің тербелістері экономикалық циклдерге тән.

Ұзақ және қысқа мерзімді пайдалануға арналған тауарлар өндірісіне циклдердің әсер етуі.

Іскерлік цикл жеке адамдар мен жеке экономиканың секторларына әр түрлі деңгейде әсер етеді.

Өндіріс пен жұмысбастылыққа келетін болсақ, мұнда құлдыраудың әсері қызмет көрсету аумағы мен қысқа мерзімді кезеңде тауарлар өндіретін өнеркәсіп салаларына тимейді. Ал кейбір фирмалар үшін, банкроттық шұғылданатын сауда компаниялары мен заңгерлік фирмалар үшін экономикалық өте тиімді. Осы экономикалық құлдыраудан ең көп зардап шегетін кім? Инвестициялық тауарларды және ұзақ мерзімді пайдалануға арналған тауарлар өндіретін өнеркәсіп салалары мен фирмалар. Әсіресе құрылыс өнеркәсібі зиян шегеді. Қиын уақытта тұрғын үйлер мен коммерциялық ғимараттар құрылысымен, ауыр машина жасаумен, ауыл шаруашылық құралдар, автомобильдер, тоңазытқыштар және т.б. өндірісімен байланысы салалар мен қызметкерлер күрделі жағдайға ұшырайды. Керісінше, көтерілу фазасында бұл салалар дамып отырады.

Келесі екі үлгі аталған салалар циклдік тербелістерге неге соншалықты тәуелді екенін түсіндіреді.

1. Кейінге қалдыру мүмкіншілігі.

Арнайы шарттар орындалғанда ұзақ мерзімді кезеңде өндірістік және тұтыну тауарларының сатып алынуын белгілі бір уақытқа кейінгіге қалдыруға болады. Экономика қиын кезеңге кіргенде өндірушілер жаңа құрал жабдықтарды сатып алуды және зауыттар құрылысын тоқтатады. Іскерлік климат бұл уақыт аралығында инвестициялық тауарлар қорын үлкейтуге бейімделеді. Кәсіпкерлік сектордағы ғимараттар мен қуат қолданылуға жеткілікті. Жағымды кезеңде фирмалар өндірістік құралдардың толық тозуын күтпей-ақ жаңасын сатып алады. Бірақ құлдырау кезеңінде фирмалар ескі құрал – жабдықтарынан түсетін инвестициялар жедел қысқарады. Көп өндірістік қуаты бар фирмалар өзінің капиталдық құрал – жабдықтарын ауыстыруға ұмтылмайды. Мұндай жағдайда олардың таза инвестициялары теріс мәнді болуы мүмкін.

Ұзақ мерзімді кезеңде тұтыну тауарлары да дәл осындай жағдайда болады. Құлдырау кезеңінде отбасылық бюджетті қысқарту қажеттігі туындайды да, автомобиль немесе тұрмыстық техника сияқты ұзақ мерзімдегі қолданыстағы тауарларды сатып алу жоспары бұзылады

2. Монополия билігі.

Нарықта үлкен фирмалар аз болған жағдайда, инвестициялық тауарларды және ұзақ мерзімді тұтыну тауарларын өндіретін салалардың көпшілігі жоғары жоғарыланумен ерекшеленеді. Мұндай фирмаларда жеткілікті монополиялық билік бар, сондықтан сұраныс азайғанда, бағаның төмендеуін тежеу үшін өнім көлемін азайтады. Осыдан сұраныстың төмендеуі негізінен жұмысбастылық пен өндіріс деңгейіне әсер етеді. Қысқа мерзімді қолданыстағы тауарды өндіретін салаларда біз кері жағдайды көре аламыз. Бұл салалар өзара бәсекелесті және шоғырлануы төмендігімен сипатталады. Мұндай фирмалар бағаның төмендеуін тежей алмайды. Ал сұраныстың төмендеуі өндіріс көлемін азайтпай, бағаның төмендеуіне әкеледі.

Нақты ЖҰӨ атаулы ЖҰӨ-нен ауытқиды, мұндай ауытқуды ЖҰӨ дефляторы сипаттайды. Нақты ЖҰӨ әлеуетті ЖҰӨ-нен ауытқуын, тербелісін төменгі көрсеткіш бейнелейді.

GNP = Y-Yx / Yx

Мұндағы Y – нақты өнім көлемі;

Yx- әлуетті өнім көлемі.

2-сұрақ. “Толық жұмысбастылық” ұғымына анықтама беру қиын. Оны бүкіл 100% халық жұмыспен қамтамасыз етілген деп түсінуге болады. Бірақ ол дұрыс емес. Белгілі бір жұмыссыздық деңгейі болуға тиісті деп саналады. Негізгі экономикалық ресурс жұмысбастылықты қолдайтын жұмыс күші болады – бұл экономикалық саясаттың маңызды мақсаты.

Жұмыссыздық деңгейі – бұл жұмыс істеуді қалайтындардың жалпы санының ішінде жұмысы жоқ азаматтардың статистикалық көрсеткіші (пайыз түрінде). Статистика агенттігі ай сайын жұмыссыздық деңгейі мен экономикалық саясаттағы еңбек нарығының жағдайын бағалайды.

Статистикалық деректер үй шаруашылығына зерттеу жүргізу негізінде жиналады. Анкета сұрақтарына байланысты, әрбір адам 3 түрлі санаттың біреуіне жатады. Жұмыс істейтін, жұмыссыз және жұмыс күшіне кірмейтіндер. Жұмыс істейтін адам деп үй шаруасымен немесе оқумен шұғылданбайтын, апта бойы жұмыс істейтін адамдарды осы топқа кіргіземіз. Егер де азамат жаңа жұмысқа шығуды күтіп жұмыс істемесе, яғни уақытша босатылса немесе жұмыс іздеп жүрсе, онда ол – жұмыссыз деп саналады. Алғашқы екі санатқа жатпайтындар азаматтар (мәселен, студенттер және үй шаруасындағы әйелдер), жұмыс күші құрамына кірмейді: ол жұмыс істемейді, іздемейді және жаңа жұмысқа көшу кезеңін күтпейді.

Жұмыс күші – жұмыссыздар мен жұмыс істейтіндердің жиынтығы, ал жұмыссыздық деңгейі – бұл жұмыс күшінің жалпы санындағы жұмыссыздардың пайыз түріндегі анықтаулы. Демек,

Жұмыс күші = жұмыс істейтіндер саны + жұмыссыздар саны.

Жұмыссыздық деңгейі = Жұмыссыздар саны х 100 / жұмыс күшінің жалпы саны

Статистика агенттігі есептейтін тағы бір статистикалық, көрсеткіш, бұл пайыз түріндегі, жасы үлкен тұрғындар санының жалпы жұмыс күшіндегі үлесі:

 

Жасы үлкен тұрғындар санының үлесі = Жұмыс күшінің жалпы саны х 100 / Жасы үлкен тұрғындар саны

Бұл статистикалық көрсеткіш барлық тұрғындар үшін есептеледі, сонымен қатар жеке топтар үшін де қолданылады, ерлер мен әйелдер үшін, кәрі және жас адамдар үшін де есептеледі.


Дата добавления: 2015-10-31; просмотров: 266 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Лекция. Макроэкономикаға кіріспе. | Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер. | Сұрақ . Haқты және атаулы ЖҰӨ. | Тұтыну бағасының индексi және ЖҰӨ дефляторы | Ынталандырушы жалақы | Лттық табыс: өндіру, бөлу, тұтыну. | Импорттаудың шекті бейімділігі | Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс | Сурет. Жиынтық сұраныс қисығы оңға қарай қозғалады | Сурет. Ұзақ мерзімдік кезеңдегі жиынтық сұраныстың өзгеруі |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Экономикалық циклдер. Әлуетті жалпы ұлттық өнім| Толық жұмысбастылық ұғымы

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)