Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Лттық табыс: өндіру, бөлу, тұтыну.

Читайте также:
  1. Алаш аманаты және ұлттық идея
  2. Экономикалық циклдер. Әлуетті жалпы ұлттық өнім

Лекция жоспары:

1. Тауар және игіліктер нарығындағы тепе-теңдік.

2. Нақты және жоспарланған шығындар. Кейнс кресі.

3. Тепе-теңдік өнім деңгейінің экономикалық әлует айналасындағы тербелісі. Рецессиялық және инфляциялық үзілістер.

 

1-сұрақ

Тауарлар және игіліктер нарығындағы тепе-теңдік жағдайын сипаттаудың екі түрлі әдісі бар.

1-ші көзқарас неоклассикалық деп аталады-баға нарықты тепе теңдік жағдайға әкелетін құрал деп жорамалдайды. Мұнда баға тауарлар мен игіліктер деңгейлерінің ақшалай бірлікте көрсетілуі ғана емес, сонмен қатар пайыздық мөршерлеме, нақты еңбек ақы қарастырылады, осындай жағдайда нақты және ақша секторлары бір-біріне ықпалын тигізбейді.

2-ші көзқарас Дж. Кейнс атымен кейнстік көзқарас деп аталады- белгілі бір уақыт аралығында кейбір бағалар өзгеруге бейім есем, мұндай жағдайда тепе-теңдік жұмысбастылық көлемі есебінен және жалпы ішкі өнім көлемінен мүмкін болады.

Тауар нарығы мен ақша нарығының өзара әрекеттесуін көрсететеін IS-LM үлгісі, еңбек нарығы және тауарлар мен қызмет көрсетуді өндіретін және оларды тауар нарығында сататын фирма іс-әрекетін сипаттайтын сұраныс -ұсыныс үлгісімен синтездеуге болады.

Классикалық экономика теориясы екі негізгі жобаға негізделеді.

1-ші ресурстардың толық жұмсалуымен өнділіген өнімді сатып алу үшін жиынтық шығын деңгейі У=C+I+G+Xn.жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс өзара тепе-теңдікте.

2-шіден, егерде осы жағдай болса, онда еңбекақы баға және нарықтық пайыз мөлшерлемесі тез өзгереді және жиынтық сұраныстың төмендеуінен кейін, жағдайды тұрақтандыратын тез және болымсыз өндірістің құлдырауы болады. Ақш нарығы әрқашан. Инвестициялар мен қор жинақтарының теңдігіне, яғни ресурстардың толық қамтылуына кепілдік береді. Тек табиғи деңгейде ерікті жұмыссыздық болуы мүмкін. AD=AS,Y=Y*

Кейнстік экономикалық теория сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігі ресурстардың толық қамтылуымен сәйкес келмейді.

 
 

 

 


 

 

 
 

 


А нүктесінде. AD=AS теңдігі орнайды, біріқ тепе-теңдік өнім көлеміY<Y*. Бұл сәйкессіздіктің себебі әртүрлі экономикалық агенттермен ісеке асырылатын инвестиция және қор жинағы жоспарларының сәйкес келмеуі.

Үй шаруашылығы қор жинағының мотивтері:

1) Қымбат тауарларды сатып алу;

2) Қарттықты қамтамасыз ету;

3) Кездейсоқ жағдайлардан сақтану;

4) Балалар болашағын қамтамасыз ету.

Фирма инвестицияларының мотивтері.

1) таза пайда нормасын барынша көбейту;

2) нақты пайыз мөлшерлемесі.

Классикалық теорияға сәйкес, қор жинағының және инвестициялардың динамикасын анықтайтын фактор- пайыз мөлшерлемесі болып табылады: егер ол өссе, онда үй шруашылығы табыстың әрбір қосымша бірлігінен салыстырмалы түрде көбіреке қор жинап, азырақ тұтына бастайды. Үй шаруашылығының қор жинағының өсуі уақыт өте келе инвестициялардың өсімін қамтамасыз ететін несие бағасының төмендеуіне әкеліп соғады.

Кейнс теориясына сәйкес экономиканың тепе-теңдігін қалыптастыратын негізгі фактор пайыз мөлшерлемесі емес, үй шаруашылығының қолда бар табыс көлемі тұтыну мен қор жинау динамикасын анықтайтын басты фактор болып табылады. Солай бола тұра инвестициялар динамикасы ең алдымен пайыз мөлшерлемелерінің динамикасымен анықталады. Бұл тұтыну, қор жинағы және инвестициялар функцияларында бейнеленеді:

С=a+b (У-Т) С-тұтыну шығыны, а-автономды тұтыну, b –тұтынуды шекті бейімділігі, У-табыс, Т-салықтық аударымдар.

МРС=∆С/∆УD МРС-тұтынудың шекті нормасы, ∆ С- тұтыну шығындарының өсімшесі,∆УD- қолда бар табыстың өсімшесі.

АРС=С/УD АРС - тұтынудың орташа бейімділігі, С-тұтыну шығындарының көлемі, УD-қолда бар табыс көлемі.

S=-a+ (1-b) (Y-T)

S - жеке меншік сектордағы қор жинағы, (1-b)-тұтынудың шекті бейімділігі функциясы.

МРS= ∆S/∆ УD

МРS-қор жинағының шекті бейімділігі.

∆S-қор жинағының өсімшесі.

АРS =S/ УD АРS-қор жинағының орташа бейімділігі,

Тұтыну және қор жинағының динамикасын анықтайтын факторлар:

1) Үй шаруашылығында жиналған байлық;

2) Үй шаруашылығының табысы

3) Баға деңгейі

4) Экономикалық күту

5) Тұтынушы қарыздарының көлемі

6) Салық салу деңгейі.

Инвестициялардың негізгі түрлері:

1) өндірістік инвестициялар

2) тауарлы-материалдық қордағы инвестициялар

3) тұрғын үй құрлысына инвестициялар.

Автономды инвестициялардың қарапайым функциясы:

I=e-dk

I-автономды инвестиция шығындары

е-сыртқы экономикалық факторлар арқылы анықталатын автономды инвестициялар

d-эмперикалық коэффицент

k-нақты пайыз мөлшерлемесі

Инвестиция динамикасын анықтайтын факторлар:

1) таза табыстың күтілеті отырған нормасы

2) нақты пайыз мөлшерлемесі

3) салық салу деңгейі

4) өндіріс технологиясындағы өзгерістер

5) қолдағы негізгі капитал

6) экономикалық күтулер

7) жиынтық табыстың динамикасы.

Жиынтық табыстың артуымен автономды инвестициялар көлемі ЖҰӨ өсу барысында өсетін ынталандыру табысымен толықтырылады.

Инвестицияға шекті бейімділік: γ═∆ I/∆Y

∆ I-инвестициялар өзгерісі, ∆Y-табыс өзгерісі

Инвестиция тұрақсызыдығын анықтайтын негізгі факторлар:

1)құрал-жабдықтардың ұзақ мерзімде жұмыс істеуі

2)инновациялардың тұрақсыздығы

3) экономикалық күтулердің өзгергіштігі

4) ЖҰӨ циклдік ауытқулары

 

2-сұрақ.

Нақты инвестициялар құрылымында жоспарланған және жоспарланбаған инвестициялар кіреді. Соңғысы тауарлы – материалдық қорларға (ТМҚ) инвестициялардың қарастырылмаған өзгерісі болып табылады. Осы жоспарланбаған инвестициялар қор жинағының және инвестициялардың нақты көлемін қалпына келтіретін және макроэкономикалық тепе –теңдікті орнататын тетік сияқты жұмыс істейді.

Жоспарланған шығындар – үй шаруашылықтарының, фирмалардың және үкімет тауарларға және қызмет көрсетуге жұмсауға жоспарлап отырған сомасы болып табылады. Нақты шығындар кенеттен болған өзгерістер жағдайында тауарлық материалдық қорларға жоспарланбаған инвестициялар жасауға мәжбүр болған кезде ерекшеленеді.

Жоспарланған шығындар функциясы E= C + I + G Xn графикалық түрде жоғары қарай I + G Xn көлеміне “ығыстырылған” тұтыну функциясы C = a+b (Y-T) ретінде бейнеленеді. Берілген жағдайда талдаудың қарапайымдылығына таза экспорт көлемі жиынтық табыс Y – тан автономды деп есептеледі. Сондықтан таза экспорт толығымен автономды шығындар көлеміне кіреді (a + I +G +Xn).

Автономды шығындар көлемі (a + I +G + g) таза экспорт функциясын ескере отырып мынаған тең болады:

Xn = g – m/ Y

g – автономды таза экспорт

m/ - импорттаудың шекті бейімділігі

Y – табыс

Xn – таза экспорт


Дата добавления: 2015-10-31; просмотров: 570 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Лекция. Макроэкономикаға кіріспе. | Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер. | Сұрақ . Haқты және атаулы ЖҰӨ. | Тұтыну бағасының индексi және ЖҰӨ дефляторы | Экономикалық циклдер. Әлуетті жалпы ұлттық өнім | Циклдық емес тербелістер | Толық жұмысбастылық ұғымы | Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс | Сурет. Жиынтық сұраныс қисығы оңға қарай қозғалады | Сурет. Ұзақ мерзімдік кезеңдегі жиынтық сұраныстың өзгеруі |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Ынталандырушы жалақы| Импорттаудың шекті бейімділігі

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.014 сек.)