Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

LM қисығын алгебралық жолмен шешу

Читайте также:
  1. Антигендер қай жолмен түскенде анафилаксиялық шок дамиды?

LM қисығының теңдеуін жоғарыда көрсетілген 5 формуланың көмегімен алуға болады.

LM қисығының теңдеуін R және Y арқылы шешуді төмендегідей өрнектеуге болады.

R=k/h*Y – I/h *M/P (R арқылы)

Y=1/k*M/P+h/k*R (Y арқылы)

k/h коэффициенті LM қисығының бұрыштық көлбеуін бейнелейді.

Төмендегі шарттар орындалғанда LM қисығы жатық болады, егер:

1) ақшаға сұраныстың сезімталдығы, нарықтық пайыз мөлшерінің өзгерісінен (h) жоғары болса;

2) ақшаға сұраныстың сезімталдығы (ЖҰӨ) өзгерісіне (k) төмен болса;

Баға деңгейінің төмендеуі (Р) және ақша ұсынысының өсуі (Мs) LM қисығын оңға қарай жылжытады. Үлгідегі тепе-теңдік ІS және LM қисығының қиылысында болады.


4-сурет. R

LM

 

R

ІS

Ү

Y

 

Тепе-теңдік өнім көлемін алгебралық тәсілмен шешу үшін, IS теңдеуінен R-дің мәнін LM теңдеуіне Ү арқылы шешу керек.

Сұрақ.

Мемлекеттік шығындардың өсуі және салық мөлшерінің төмендеуі ығыстыру әсеріне алып келеді, бұл жағдай ынталандырылған қазыналық саясаттың нәтижесін едәуір төмендетеді.

 

5-сурет.

R

R LM Мs

B

R1 R1

R0 R0 М’d

A IS

 

IS’ Мd


Y0 Y1 Y2 Y

Мs=const M/P

 

 

G↑н/еT↓→Y↑→C↑→Y↑→Md↑→R↑→I↓,Xn↓→Y↓


Ығыстыру әсері

Егер мемлекеттік шығындар G өссе, онда жиынтық шығындар және табыс өседі, осының салдарынан тұтыну шығындары С өседі. Тұтынудың өсуінің салдарынан табыс (Ү) және жиынтық шығындар өседі. Бұл жерде мультипликатор әсері де байқалады. Табыстың өсуі ақшаға деген сұранысты өсіреді, өйткені экономикада келісім шарттар жүргізіледі. Егер ұсыныс тұрақты болса, ақша сұраныстың өсуі пайыз мөлшерлемесін (R) өсіреді. Ал пайыз мөлшерлемесінің өсуі инвестиция деңгейін және таза экспортты (Xn) төмендетеді. Кей жағдайда таза экспорттың төмендеуі, импорттың өсуіне байланысты жиынтық табыстың өсуінен де болады. Қорыта айтқанда, ынталандырылған қазыналық саясаттың нәтижесінде, бір жағынан жұмысбастылық пен өнім көлемі өседі, ал екіншіден ығыстыру әсерінің салдарынан өнім көлемі төмендейді. (5-сурет.)

Егер таза экспорт пен инвестицияның ығысуы болмаса, онда мемлекеттік шығындардың өсуі мен салықтың төмендеуі салдарынан Ү-тің өсуі (Ү0Ү2) мәніне тең болатын еді. Бірақ ығыстыру әсерінің салдарынан Ү-тің өсуі (Ү0Ү2) мәніне тең.

Ақша ұсынысының өсуі ығыстыру әсерінсіз, қысқа мерзім кезеңіндегі экономиканың өсуін қамтамасыз етеді, бірақ таза экспорттың өзгерісіне қарама-қайшы әсерін тигізеді.

Ақша жиынының өсуі Мs пайыз мөлшерлемесінің (R) төмендеуіне алып келеді, өйткені несиеге берілетін ресурс ұлғаяды, ал несие бағасы төмендейді. Бұл жағдай инвестицияның өсуіне әсерін тигізеді. Қорыта айтқанда, жиынтық шығындар мен табыс (Ү) өседі, демек тұтыну да (С) өседі. Таза экспорт өзгерісі (Xn) бір-біріне қарама-қарсы екі фактордың әсерінде болады:

- Таза экспорттың төмендеуіне алып келетін жиынтық табыстың өсуі.

- Пайыз мөлшерлемесінің төмендеуіне алып келетін жиынтық табыстың өсуі.

Xn мәні шамасының өзгеруі (Ү) және (R) өзгерістеріне және (n) коэффициенті мен импорттаудың шекті бейімділігінің мәніне тәуелді.

Ақша-несие және салық-бюджет саясаттарының салыстырмалы тиімділігі төменгі шарттарға тәуелді:

А) нарықтық пайыз мөлшерлемесінің динамикасына таза экспорт пен инвестиция функциясы сезімталдығының әсер ету дәрежесі. (n және d) коэффициенттері.

Ә) нарықтық пайыз мөлшерлемесінің динамикасына ақшаға сұраныс сезімталдығының әсер ету дәрежесі.

Ынталандырылған қазыналық саясаттың салыстырмалы тиімділігі ығыстыру әсері арқылы анықталады.

Басқа факторлар тұрақты болған кезде, егер ығыстыру әсері өнімнің өсу әсерінен кіші болса, онда қазыналық саясат тиімді деп аталады.

6-сурет.

R

R LM

LM1 M М’s

А

R0 R0

R1 В R1

Мd

IS

Y

Y0 Y1 М/Р


Дата добавления: 2015-10-31; просмотров: 202 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Тұтыну бағасының индексi және ЖҰӨ дефляторы | Экономикалық циклдер. Әлуетті жалпы ұлттық өнім | Циклдық емес тербелістер | Толық жұмысбастылық ұғымы | Ынталандырушы жалақы | Лттық табыс: өндіру, бөлу, тұтыну. | Импорттаудың шекті бейімділігі | Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс | Сурет. Жиынтық сұраныс қисығы оңға қарай қозғалады | Сурет. Ұзақ мерзімдік кезеңдегі жиынтық сұраныстың өзгеруі |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Тауар және ақша нарықтарындағы макроэкономикалық тепе-теңдік. IS-LM үлгісі.| Ms↑→R↓→I↑→Y↑→Yd↑→C↑,Xn?

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.01 сек.)