Отарлық езгіге қарсы азаттық күресі
Ø 1868-1869 жылдардағы Орал, Торғай облыстарындағы көтерілістер
- 1867-1868 жж. «Уақытша Ережеге» сәйкес енгізілген барлығына міндетті салық түрі (ауқаттыларды қоспағанда): Шаңырақ салығы.
- XIX ғасырдың 60 жылдарында «Уақытша Ереже» бойынша шаңырақ салығының мөлшері өсірілді: 1 сомнан 3 сомға дейін.
v Земство салығын қосқанда 3 сом 50 тиынға өстті.
- 1867-1868 жылдардағы «Ережелердің» көшпенділер үшін ең басты ауыртпалығы: Қазақ жерінің патша үкіметінің меншігі деп жариялануы.
- 1868 жылдың желтоқсан – 1869 жылдың қазан аралығындағы қазақ шаруаларының көтерілісі болған облыстар: Орал, Торғай.
- 1868-1869 жылдары Орал және Торғай облыстарындағы халық қозғалысын басқарғандар: Жеңілдіктерінен айырылған ру басылар.
R 1868-1869 жылдары Орал, Торғай облыстарындағы көтерілістің басшылары: Сейіл Түркібайұлы, Беркін Оспанұлы.
- 1868-1869 жылдары Орал, Торғай облыстарындағы көтерілістің жеке құрамаларына басшылық есткен сұлтан: Ханғали Арсланұлы.
v Билер – Дәуіт Асауұлы, Мұңайтпасұлы.
v Молдалар – Рысқұлұлы, Досұлы.
- 1869 жылы мамырдың 6-ы күні фон Штемпель басқарған 200 атты және бір рота жаяу әскеріне көтерілісшілердің 20 мың қолы шабуыл жасаған жер: Жамансай көлі маңы.
- 1869 жылы мамырдың 6-ы күні Жамансай жеріндегі фон Штемпельдің құрамында 200 атты және бір рота жаяу әскерінің кейін шегіну себебі: Жемшөбі мен азық-түлігі таусылды.
- 1868-1869 жылдары Орал және Торғай облыстарындағы халық қозғалысының сипаты: антифеодалдық.
- 1869 жылдың наурыз, маусым айларында көтерілісшілердің феодалдық топтарға қарсы жасаған шабуылдарының саны: 41.
- 1869 жылы наурыз, маусым айларында Орал, Торғай облыстарында феодалдық топтарға қарсы шабуылға қатысқан көтерілісшілер саны: 3 мың.
- 1869 жылы Орал облысындағы азаттық күресті жаншуға аттанған генерал-губернатор: Н.А.Веревкин.
- 1868-1869 жылдардағы Орал, Торғай көтерілісін жаншуға жіберген жазалаушы отрядты басқарған подполковник: Рукин (граф Комаровский).
Ø Маңғыстаудағы 1870 жылғы көтеріліс
- 1867-1868 жылдардағы «Уақытша Ереже» бойынша 40 мың шаңырақтан тұратын адай руының екі жыл ішінде төлеуге тиіс салық мөлшері: 160 мың сом.
- «Уақытша Ереже» енгізілгеннен кейін Маңғыстау түбіндегі адайларда қатты шиеленіскен мәселе: Салық.
- 1870 жылғы Маңғыстаудағы көтеріліске түрткі болған: патша жазалаушыларының адайлықтар көшіп-қонып жүрген аймақтарға жақындауы.
- 1870 жылғы Маңғыстаудағы көтерілістің басшылары: Досан Тәжіұлы, Иса Тіленбайұлы.
- 1870 жылы Маңғыстау көтерілісі кезінде қазақ шаруаларының рухын көтерген оқиға: подполковник Рукиннің отрядының талқандалуы.
- 1870 жылы Бозащы түбегінде болған жазалаушылар мен көтерілісшілер арасындағы шайқастың нәтижесі: Жазалаушылар талқандалып, Рукин атылып өлді.
- 1870 жылы 5 сәуірде қазақ шаруалары мен жалдамалы жұмысшылар тобы Александровск фортына шабуыл жасады.
- 1870 жылы мамыр айында Маңғыстаудағы көтерілісті басу үшін қосымша әскери құрама әкелінді: Кавказдан.
- 1870 жылғы Маңғыстаудағы көтерілісті басу кезінде көтерілісшілер жайында «бұларды келістіріп жазалау керек» деп нұсқау берген әскери министр: Милютин.
- 1870 жылғы Маңғыстау көтерілісінің жеңілуіне байланысты Хиуа хандығына өтіп кеткен адай қазақтары шаңырақтарының саны: 3 000-ға жуық.
- 1870 жылы Маңғыстауда болған көтерілістің антифеодалдық сипатының әлсіз болу себебі: Адайлықтардың арасында рулық-патриархалдық құбылыстар сақталып қалды.
- ХІХ ғасырдың 60-70 жылдардағы барлық көтерілістердің ішінде антифеодалдық сипаты әлсіз болды: Маңғыстаудағы көтерілісте.
- 1870 жылғы Маңғыстау көтерілісінің басты ерекшелігі: қазақ жалдама жұмысшыларының қатысуы.
- Адайлықтар соғыс шығыны ретінде өкіметке өткізуге міндетті болған мал саны: 90 мың қой.
v Кавказ әкімшілігінің талабымен Маңғыстау қазақтарынан 57 901 сом қосымша салық жиналды.
Дата добавления: 2015-07-10; просмотров: 1546 | Нарушение авторских прав
Читайте в этой же книге: Верныйда сыра зауыты іске қосылды: 1858 жылы. | Білқайыр хандығы | XIV-XVII ғасырлардағы Қазақстанның мәдениеті және әлеуметтік-экономикалық жағдайы | Рухани мәдениет | Діни наным–сенімдер | III. «Алаш» атауы мен жүздердің пайда болуы | V. Есім хан тұсындағы Қазақ хандығы | II. Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы | Азақ-қытай сауда қатынастары | ХІХ ғасырдың соңындағы Қазақстанның саяси-әлеуметтік дамуы |
mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)