Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Дәрістің тақырыбы: Өндіріс технологиясындағы өртке қарсы шаралар.

Читайте также:
  1. А)Өндіріс алаңы және оның тегістеу жұмыстары
  2. Бөлім. Өндірістік санитария және техника қауіпсіздігінің негіздері
  3. Дәрістің тақырыбы: Ғимараттар мен үймереттің өрт тұрақтылығын арттыру.
  4. Дәрістің тақырыбы: Өрт қауіпсіздігі бойынша ғимараттар мен үймереттерді топтау.
  5. Дәрістің тақырыбы: Өрт қауіпсіздігі негіздері.
  6. Дәрістің тақырыбы: Өрт қауіпсіздігін сипаттайтын көрсеткіштері.

ҚР 20.12.04-дегі " Өрт қауіпсіздігі туралы" заңына сәйкес, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі принциптері болып:

- өрт қауіпсіздігі облысында қоршаған орта мен рационалды байлықты, жеке меншікті, адамдардың денсаулығын және өмірін қорғау;

- өрт қауіпсіздігі облысында профилактикалық шараларды жүзеге асыру және ескерту, ұйымдар мен азаматтарға ескерту шараларын үйрету, қауіп қатер дәрежесін өз уақытында анықтау;

- шаруашылық объектілерінде және қоршаған ортада азаматтардың мүліктерін денсаулығын, өрт салдарынан болған зиянды, зардап шеккен жұмысшыларды және денсаулығын өрттің салдарынан болған зиянды зардап шеккен жұмысшыларды және азаматтарды социалды қорғау, алғашқы медициналық көмек көрсету, аппатық құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды бірінші кезекте жүргізу, өртті міндетті түрде өшіру.

"Өрт қауіпсіздіг туралы" заңға сәйкес 10-9 статияларында, өртке қарсы қызмет ұйымдарының қызметкерлері, қызметтік міндеттерін және қызметтік парызын орындауда, жарақат алған кезде, бір уақытты жәрдем ақы төленеді, ал ол қаза болған кезде, оларға Қазақстан Республикасының басқаруымен анықталған тәртіпте оны туыстары алуға құқысы бар.

Бір уақытты жәрдем ақы төлеу уақытын Қазақстан Республикасының басқаруымен бекітеді.

Өртке қарсы қызмет ұйымданың қызметкерлері, қызметтік міндетін орындау кезінде жұмыстан кеткеннен кейін бір жыл аралығында қызметі кезінде, қызметтік міндеті мен қызметтік парызын орындау кезінде жарақатталса немесе қаза болса, туыстары мен мұрагеріне соңғы орындаған қызметімен алты айлық көлемде ақшалай бір уақытты жәрдем ақы төленеді.

Өрт қорғанысы қызметінің қызметкерлеріне қызметтік міндеті мен қызметтік парызын орындау кезінде алған ауруы; жарақаты, кәсіби жарақаты нәтижесінде болған мүгедектігіне мынандай көлемде жәрдем ақы төленеді:

1) I – топтың мүгедектігіне – отыз айлық ақшалай көмек;

2) II – топтың мүгедектігіне 18 айлық ақшалай көмек;

3) III – топтың мүгедектігіне 6 айлық ақшалай көмек.

Өртке қарсы қорғаныс ұйымдарының қызметкерлерінің қызметтік міндеті мен қызметтік парызын орындау кезіндегі алған ауыр жарақаты үшін, оларға бір уақытты, бір жарым ай ақшалай көмек көрсетіледі, ал жеңіл жарақат алғанда, жарты ай ақшалай көмек көрсетіледі.

Бір уақытты жәрдем ақы, егер Қазақстан Республикасы Заң шығаруымен бектілген тәртіпте, қаза болу, жарақат алу, есінен ауысу, кәсіби жарақаттар, өртке қарсы қызмет ұйымдарының қызметкерлерінің, қызметтік міндеті мен қызметтік парызын орындаумен байланыссыз екендігі дәлелденсе төленбейді.

Өрт қауіпсіздігі объектісі нормамен және өрт қауіпсіздігі бойынша ережелерімен жеке объектілерде өрт қауіпсіздігі бойынша нұсқау регламенттеледі, ол өрт пен өрт қорғанысының алдын алу жүйесін қамтамасыз ету керек. Өрттің алдын алу жүйесін кез – келген объекті орнында, адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шартынан әрбір нақты объекті бойынша - өрт қорғанысы жүйесін, өрттің пайда болуының мүмкін нормативті есептелуінен, әрбір нақты объекті бойынша өрттің алдын –алу жүйесін жасау керек.

Адамдарға әсер ететін қауіпті өрт факторларына, ашық от және ұшқын; ауа мен заттардың жоғарғы температурасы, улы заттардың жануы; түтін; оттегінің төмендетілген концентарциясы; ғимараттың, қондырғының, бөлшектердің зақымдалуы мен құлауы; жарылыс жатады.Өрттің алдын- алу үшін: жанғыш ортаның түзілуіне рұқсат етуін және оған жағу көзін енгізуге, жанғыштығы бойынша максималды рұқсат етілгеннен төмен жанғыш ортаның температурасын ұстап тұруға, жанғыш ортаның қысымы жанғыштығы бойынша максималды рұқсат етілгеннен төмен болуға рұқсат етілмейді.

Жанғыш ортада жағу көздерінің пайда болуының алдын – алуға болады:

жағу көзіне қызмет етуі мүмкін, өнімдер мен материалдар, қондырғыларды пайдалану режимі мен қолдануын орындауын регламенттеу; жанғыш ортада ұшқынды разрядтағы максималды рұқсат етілген энергиясы мен қоршаған ортамен байланысқа түсуі мүмкін материалдарды және өнімдерді, қондырғы бетінің қызуының рұқсат етілген максималды температурасын сақтау;

жарылыс қауіпті қоспа категориясы мен тобында, сыртқы қондырғы немесе жарылыс қауіпті ғимараттар класына сәйкес электр қондырғыларын қолдану;

электростатикалық ұшқыш қауіпсіздігі талаптарын (қамтамасыз ететін) қанағаттандыратын, технологиялық үдірістер мен қондырғылар;

жеңіл тұтанатын заттармен, жұмыс істеу кезіндегі ұшқын шығармайтын аспаптармен;

Ғимаратты және қондырғыларды, үйлерді найзағайдан қорғау қондырғылары, жылулық және химиялық өздігінен жану заттары үшін, оқшаулау шарттары.

Өрт қауіпсіздігін қаматамасыз етеді:

жанбайтын және қиын жанатын материалдарды максималды пайдалану мүмкіндігі;

жанғыш ортаны оқшаулау;

ошақ шегінен өрттің таралуының алдын -алу;

өрт сөндіру құралдарын, өрт дабылын және өрт туралы хабарлау құралдарын қолдану;

өрт тұрақтылығы мен жанғыштығы шегін регламенттеумен, объектілер конструкциясы, адамдарды жеке және коллективті қорғау;

түтінге қарсы қорғаныс жүйесін қолданумен;

адамдарды оқшаулаумен;

объектінің өрт қорғанысы ұйымдарымен.

Өртке қарсы қабылданған құралдар өрттің көлемімен максималды шектеу мен оны өшіруді қамтамасыз ету керек. Ол үшін мыналар анықталуы керек:

өрт сөндіру құралдарының түрі;

өрт сөндірудің алғашқы құралдарының саны мен түрі, оларды орналастыру және құрамы:

өрт сөндіру үшін суды беру құралы мен көздері;

арнайы өрт сөндіру құралдарының минимальды рұқсат етілген қоры;

өрт сөндірудің стационарлы қондырғыларын орналастыратын және өшіру құралдарының қорын сақтау ғимараттары;

өрт сөндіру құралдарына қызмет ету немесе өшіру құралдарын сақтау тәртібі.

Ұйымдық шараларға жататындары:

өрт қорғанысын ұйымдастыру (профилактикалық және объектідегі оперативті қызмет ету), жұмысшылар мен қызметкерлерді, өрт қауіпсіздігі ережелерін үйрету;

өрт қорғанысы бөлімшелері ұйымына және олардың санын анықтау дегеніміз объектілердің оперативті қызмет ету мен профилактикалық тәртібі;

өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша көрнекті үгіттеу құралдарын қолдану және дайындау.

Бас жоспарды жасау кезіндегі міндетті түрде:

1. Мекеменің территориясы шекарасы мен жалпы ғимараттар мен тұрғын үйлерге дейінгі қауіпті қашықтықты қамтамасыз ету. Ережеге сай, бұл шарт, өртке қарсы норма (5.1.2 бөлімді қара) бойынша анықталған қашықтықты көтеретін, санитарлы – қорғаныстық аймақ өлшемі есебінде орындалады.

2. Қатар тұрған ғимараттың өрт тұрақтылық дәрежесіне байланысты өндірістік ғимараттар арасындағы өртке қарсы жарықты сақтау керек. Жарықтың шамасы, нормаға сәйкес, 0-ден 18 м-ге дейінгі шекте болуы керек. Жарықтар машиналар подъезі мен өртті шоғырландыру үшін қажет.

3. Ғимараттың жердің рельефі және желдің бағыты есебімен орналастыру. "Жел раушаны" СНмЕ және анықтамаларда жүргізілетін, жергілікті метеостанциялар бойынша тұрғызылады.

4. Ғимараттар мен үймереттердің туыстық функционалды белгісі бойынша шатырлау керек.

5. Мекеменің территориясында және кіре берістердің қажетті саны мен жолдарыд қарастыру.

6. Мекеме территориясында қоршаулармен қамтамасыз ету.

Әдебиеттер: нег. 8 (13); қос. 17 (182-183); қос.6 (297-299).

Бақылау сұрақтары:

1. ҚР "Өрт қауіпсіздіг туралы" заңында өрт қорғанысты қызмет ұйымдары қызметкерлерінің қаза болуы кезінде қандай бір уақытты жәрдем ақы қарастырылған?

2. I – III топты мүгедек болған кездегі қандай бір уақытты жәрдем ақы қарастырылады?

3. Өндірістік және азаматтық объектілерде, өрт қорғанысы қалай жүзеге асырылады?

4. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ұйымдық шараларға нені жатқызуға болады?

5. Жанғыш ортада тұтандыру көзінің пайда болуын алдын –ала қалай қайтаруға болады?


Дата добавления: 2015-07-08; просмотров: 643 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: И. Сатпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті | ПӘННІҢ ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМААСЫ - Syllabus | Осымша әдебиеттер | Дәрістің тақырыбы: Өрт қауіпсіздігі негіздері. | Рт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ұйымдық шаралар | Дәрістің тақырыбы: Өрт қауіпсіздігін сипаттайтын көрсеткіштері. | Бақылау сұрақтары | Дәрістің тақырыбы: Өрт қауіпсіздігі бойынша ғимараттар мен үймереттерді топтау. | Дәріс тақырыбы 10: Найзағайдың әсерінен болатын өрт жарылыс қауіпсіздігі. | Дәрістің тақырыбы: Өрт кезіндегі адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Дәрістің тақырыбы: Ғимараттар мен үймереттің өрт тұрақтылығын арттыру.| Дәрістің тақырыбы: Электр қауіпсіздігі.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.01 сек.)