F Рухани мәдениет - белгілі бір кезеңде өмір сүрген халықтың жан дүниесінің көрінісі. Рухани мәдениетке халықтың әдет-ғұрпы, салт-санасы, ауыз әдебиеті, аңыз, қиял-ғажайып әңгімелері, діни наным-сенімдері жатады.
XIV-XV ғасырларда Қазақстанда мекендеген ру-тайпалардың ауызша таралған әдебиет туындыларының ғылыми атауы: Фольклор.
v Ауыз әдебиеті түрік дәуірінен бастау алған.
Ғарыш пен Жердің ғайыптан пайда болуы немесе Күн мен Айдың және жұлдыздардың қайдан шыққандығы туралы жазылған аңыз: «Күннің баяны», «Темірқазық пен Жетіқарақшы».
Ауыз әдебиетіндегі кең тараған жанрлар: Ертегілер.
XIV-XV ғасырлардан әлі күнге дейін тәрбиелік мәні өте зор батырлық, өнегелік мазмұндағы ертегілер: «Жерден шыққан Желім батыр», «Құламерген», «Жоямерген», «Ертөстік», «Керқұла атты Кендебай».
VI-VIII ғасырларда бастау алған батырлық жырлары көптеген көріністермен толықтырылып, эпостық жырға айнала бастады: XIV-XV ғғ.
XIV-XV ғасырларда қыпшақтар мен қияттардың қызылбастар мен қалмақтарға қарсы соғысын суреттейтін эпостық жыр: «Қобыланды батыр».
Алтын Орда ыдыраған кезде пайда болған тарихи батырлық жырлар: «Орақ-Мамай», «Ер Қосай», «Ер Тарғын».
XIII-XV ғасырлардан аттары бізге аңыз болып жеткен ауызша поэзияның өкілдері:Асан Қайғы, Кетбұға, Қотан, Сыпыра жырау.
Шыңғысханмен жыр арқылы сұхбаттасқан (Жошының өлімін хабарлаған): Кетбұға.
Қазақ хандығы құрылған кезде мемлекеттін ұраншысы, насихатшысы, «көшпелілер философы» атанған: Асан Қайғы.
Қазақстан аумағында XIII-XIV ғасырларда халық ауыз әдебиетімен қатар жазбаша әдебиет дамыды: Қыпшақ тілінде.
XIV-XV ғасырларда қыпшақ тілінде жазылған туынды: «Оғызнама», «Кодекс Куманикус».
XIV-XV ғасырларда халықаралық қарым-қатынастарда сөздік ретінде пайдаланылған еңбек: «Кодекс куманикус».
XIV-XV ғасырларда қыпшақтар арасынан шыққан Кутбтың әдеби шығармасы: «Хұсрау мен Шырын».
Сүйіспеншілік, әділеттілік тақырыбын арқау еткен Дурбектің поэмасы:«Жүсіп-Зылиха».
XIV-XV ғасырлардың аралығында белгілі болған өзбек ақыны Хорезмидің әдеби шығармасы:«Мухаббатнама».
XIII-XV ғасырларда қазақ халқының өмірінде музыканың айрықша орын алатынын жазып қалдырған: Якуб, Рузбихан, Карпини, Рубрук, Марко Поло.
XIV-XV ғасырлардан бізге жеткен аспаптық музыка туындылары, күйлер:«Ескендір», «Шора батыр», «Қамбар батыр».
Алтын Орда дәуірінен бері келе жатқан күй-аңыздар:«Ақсақ құлан», «Ел айырылған» (Асан Қайғы), «Жошы ханның жортуы», «Сағыныш» (Қазтұған).