Қазақстанда қола дәуірінде өмір сүрген: еуропеоидтық өңдес андрон тайпалары.
Сақ, сармат, үйсін тайпаларының келбеттері андроновтықтарға ұқсас болғандығын айтқан антрополог ғалым: Оразақ Смағұлов.
Антрополог ғалым О.Смағұловтың пікірі бойынша сақ, сармат, үйсін тайпаларының келбеттері ұқсас болған: Андроновтықтарға.
Қазақстанды мекендеген тайпаларда монголоидтық белгілердің дами бастауынаәсер еткен фактор: Ғұндардың келуі.
Ғұндардың келуіне дейін Қазақстанды мекендеген тайпаларда болған нәсілдік белгі: Еуропеоидтық.
Монғолоидтық белгілер тереңдей түсті: VI-IX ғғ. (ерте орта ғасырда).
Қазақтың халық болып қалыптасуының барысын бұзған: Моңғол шапқыншылығы.
v Қазақстанда антропологиялық процестер жаңа өзгерістерге ұшырады:Монғолдардың жаулап алуынан кейін.
Моңғол келуімен қазақ жерінде пайда болған түркіленген жаңа этникалық топтар: Маңғыт, барлас.
F Моңғол шапқыншылығынан кейін жергілікті ру-тайпалардағы монғолоидтық тұрпат күшейе түсті.
Монғолдардың жаулап алуы нәтижесінде қазақ жеріндегі халық болып қалыптасу үрдесі кешеуілдеді: 150-200 жылға.
Этносаяси қауымдастық: белгілі бір тарихи аймақта құрылған хандықтың тұрғындары.
v Олар әлі халықтық дәрежеге жетпеген, жеке-жеке ру-тайпалар бірлестігінен құрылған.
Қазақ халқының этникалық жағынан қалыптасуында басты рөл атқарған: Ақ Орда тайпалары.
Қазақ халқының этникалық қалыптасуында басты рөл атқарған Ақ Орда тайпаларының ішіндегі басым болған: Қыпшақ тайпалары.
Жазбе деректердегі Моғол хандығы халқының атауы: Моғолдар.
Ақ Орда тұрғындарының атауы: «Өзбек», «қазақ-өзбек».
v «Өзбек» атауының шығуы Өзбек ханның есімімен байланысты.
Ноғай Ордасының тұрғындары: «Маңғыт», «ноғайлар».
Моғол хандығында этносаяси құрамында үйсіндердің орынына уақытша аталған тайпалар: дулаттар.
v Үйсіндердің аты қайтадан тарих сахнасына шыға бастады: Қазақ хандығының құрылуымен.
Үйсіндер өрбіген ежелгі қазақ халқының этносаяси қауымдастық аймағы: Жетісу.
XV ғ. қазақ жеріндегі тайпалар саны: 92
XIV ғасырдың аяғы мен XV ғасырдың бірінші жартысында қазақ деген этносаяси қауымдастықтың болғанын жазған: Рузбихан.
Өзбек ұлысында XV ғ. үш халықтың болғандығы, оның ішінде ең көбі және ержүректері қазақтар екенін жазған:Рузбихан.
v Өзбек хан хандық құрған кезде қазақтар халық ретінде ерекшелене бастаған.
Рузбихан дерегі бойынша Өзбек хандығындағы шайбанилерге кіретіндер: түркіленген монғол тұқымдары.
Рузбихан дерегі бойынша Өзбек хандығындағы маңғырттарға жататындар: Қарақалпақтар мен ноғайлар.
v Қазақтарғажататындар – қыпшақ және басқа да қазақ тайпалары.
Қазақтың халық болып құрылуын жеделдеткен екі этникалық топ: қыпшақтар тайпалар одағы және үйсін тайпалар одағы.
Екі этникалық топтың: қыпшақ тайпалар одағы мен үйсіндер одағының бірігуі нәтижесінде құрылған халық: Қазақ.
XV ғасырдың алғашқы кезінен қыпшақ, жалайыр, арғын, қоңырат, дулат, маңғыт, т.б. қазақ және өзбек рулары мен тайпаларының өкілдері өмір сүрген аймақ: Түркістан аймағы.
v Шығыс Дешті-Қыпшақ, Жетісу, Оңтүстік Қазақстан XIV-XVI ғ.ғ. Түркістан деп аталды.
Загрузка...
Жәнібек, Керей хандармен бірігіп көшкен ру-тайпалардың алғашқы кездегі атауы: «өзбек-қазақтар».
XV ғасырдың басында Қазақ жеріндегі ру-тайпалардың басқа хандықтардың жеріне ауа көшудегі басты мақсаттары: Барған жерлеріндегі ру-тайпалармен бірігу, тыныштықта өмір сүру үшін.
Қазақ халқы этникалық жағынан шоғырланып, оның этникалық аумағы кеңейді: XVI ғ. басында.
Ø «Қазақ» атауының шығуы
«Қазақ» сөзінің пайда болған уақыты: Көне түрік дәуірі.
Көне түрік тіліндегі «қазғақ оғлұм» сөзі кездесетін жазба деректер: Орхон, Енисей.
Ежелгі Сібір тайпалары тілдерінде «қазақ» сөзінің мағынасы: «мықты», «берік», «алып».
«Қазақ» атауы ІХ-Х ғасырларды әлеуметтік мағынада қолданылған жер: Шығыс Дешті Қыпшақ.
XIII ғасырдың басында жасалған мәмлүктік Египет мемлекетінің сөздігінің атауы: «Араб-қыпшақ» сөздігі.
XIII ғасырдың басында жасалған мәмлүктік Египет мемлекетінің «араб-қыпшақ» сөздігінде «қазақ» сөзіне берілген түсіндірме: «Еркін», «кезбе».
«Қазақ» сөзі хорасан түркімендері арасында этникалық сипатта қолданылған тәрізді» - деп жазған тарихшы: Б.Е.Көмеков.
Сырдарияның орта бойындағы оғыздар мен қыпшақтардың арасындағы өзара байланыс басталған ғасыр: Х ғ.
ХІІІ ғасырға дейін «қазақ» атауының қолданып келген мағынасы: «Еркін адамдар».
«Қазақ» атауының мағынасы жайлы «өз мемлекетінен, руынан бөлініп, жеке өмір сүруші адам» - деген пікірдің иесі: Рузбихан.
«Қазақ» сөзі этникалық мағынаға ие бола бастаған ғасыр: XIV ғасыр.
Қазақ халқының құрылымына байланысты «қазақ» атауы біржола этникалық сипатқа ие болған уақыт: XV ғасырдың екінші жартысы.
Ø «Алаш» атауы мен жүздердің пайда болуы
IX-X ғасырлар аралығында алғаш рет айтылған қазақ халқының ұраны: Алаш.
«Алаш» сөзі шамамен алғаш рет қолданыла бастады: ІХ-Х ғғ.
Кейбір шежірелерде «қазақ» атауының орнына қолданылған сөз: Алаш.
Қазақ халқының ұранына айналған, «қазақ» атауын білдіретін сөзАлаш.
«Алаш» сөзін жиі кездестіретін қазақ халқының аңызы: «Алаша хан».
Қазақ халқының, жүздерінің пайда болуы туралы айтылған аңыз: Алаша хан.
«Алаша хан» аңызы бойынша Ұлы жүздің негізін қалаған: Үйсін.
v «Алаша хан» аңызы бойынша Орта жүзді иеленген: Болат.
v «Алаша хан» аңызы бойынша Кіші жүзді иеленген: Алшын.
Алаша хан күмбезі орналасқан өзен: Қаракеңгір.
«Алаша хан» аңызында айтылатын Алаша хан ордасының орналасқан жері: Жезқазған аймағындағы Жаңғабыл өзені бойында.
«Үш жүз» аңызы бойынша Қазақ халқының құрамына енген ру-тайпалар өздерінің ен-таңбаларын салған жартас: Таңбалы Нұра.
v Талас-тартыс болған жағдайда үш жүз өкілдері осы араға келіп, мәселелерін шешті.
Қазақ мемлекеті құрылғаннан кейінгі кезде қазақ халқының жүзге бөліну себебі: Өз жерін қорғау үшін (Өзі жерін қорғау қажеттілігінен туды).
«Қазақ жүздерінің құрылу себебі, олар (қазақтар) көшіп-қонып жүрген жерлерінде өз құқықтарын қорғау үшін одақтар құрған. Ол одақ – қазақ жүздері»-деп жазған қазақтың тұңғыш ағартушы ғалымы: Ш.Уәлиханов.