Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Минералдардың шөгу процесінде пайда болуы

Читайте также:
  1. бап. Билiктi асыра пайдалану
  2. Жер қойнауын зерттеу мен пайдалану
  3. Пайдалану саласындағы құзыретi
  4. Тарау. Жер қойнауын пайдалану құқығы
  5. Фашистік қозғалыстың пайда болуы, А.Гитлердің үкімет басына келуі
  6. Ш тәуелсіз оқиғалардың пайда болу ықтималдықтары сәйкесінше . Тек біреуінің пайда болу ықтималдығын табу керек.

Шөгінді таужыныстарының пайда болу процестері өте күрделі және үзақ мерзімге – ондаған миллиондаған жылдарға созылады. Олар гипергенез, седиментогенез және диагенез сатыларында өтеді. Одан кейіңгі сатылары катагенез және метагенез деп аталады, ол шөгінді таужыныстардың терендікке түсіп өзгеруімен байланысты.

Гипергенез деп мору қыртысы пайда болу сатысын атайды. Бұл сатыда пайда болған мору түзілімдері шөгінді таужыныстарын құраушы негізгі материалы боп табылады.

Мору түзілімдердің тасымалдану және шөгу процестері седиментогенез сатысына сәйкес келеді. Шөгінді таужыныстарының қалыптасуы (кристалдануы, керіштенуі, оолиттер және тасберіштер құруы) диагенез сатысында өтеді. Сол кезде түзілімдер қарапайым түрлерге бөлінеді, пайда болатын шөгінді таужыныстар үш генетикалық топқа бөлінеді: 1) кесекті таужыныстар (нақты кесекті және жанартаулық кесекті топтар), 2) сазды таужыныстар, 3) биохимиялық таужыныстар.

Мору қыртыстың түзілімдерін судың, мұздың, салмақ күшінің механикалық тасымалдау нәтижесінде кесекті таужыныстар пайда болады. Кесекті шөгінді таужыныстар механикалық бөлінгенде, кесекті бөлшектердің өлшемі, пішіні және тығыздығы бойынша түзіледі. Осындай жіктелгеннің нәтижесінде, таулы аймақтардың етегінде зор кесекті шөгінділер, құмдар, одан әрі алевриттер және сазды тұнбалар жайғасады. Жаңа минералдар бұл процестің нәтижесінде жаралмайды. Осы таужыныстарымен алтын, платина, алмас, касситерит, вольфрамит, магнетит, анартастар, шпинель, корунд және т.б. минералдар шашылымдары байланысты. Шашылымдар кенорындары түбегейлі кенорындарынан бай болады, олар көптеген пайдалы қазбаларының өндеу көзі болады.

Кесекті таужыныстардың құрамында жанартаулардың атқылау өнімдері бар таужыныстар пирокластар немесе жанартаулық-кесекті таужыныстар деп аталады, олар туфтар, туффиттер және туффогенді таужыныстар.

Сазды таужыныстар бастапқы таужыныстардан пайда болған суспензиялардың каогуляциялануынан қалыптасқан.

Биохимиялық таужыныстардың тобына алюминийлі, темірлі, марганецті, кремнийлі, фосфатты, карбонатты, сульфатты, галогенді таужыныстар және каустобиолиттер (мұнай және көмірлер) кіреді. Биохимиялық таужыныстар химиялық жолмен немесе организмдердің қатысуымен түзіледі.

Тұздар түзілу процесі галогенез деп аталады, ол қатал тәртіппен жүреді. Бұл процесте құныққан күрделі сулы ерітінділер қатынасады. Тұздардың тұнуы сулы алаптардың мезгілдік құрғауынан болуы мүмкін, судың деңгейі өзгергенде ерітіндідегі заттар қоюлығы артады. Бұл процесте пайда болған минералдар парагенетикалық ассоциациялары: континенталдық шөгінділердің басты практикалық маңызы бар минералдары – мирабилит, галит, гипс; теңіздік шөгінділердің басты практикалық маңызы бар минералдары – сильвин, галит, гипс, ангидрит.

Органогендік таужыныстар организімдердің әсерінен пайда болады. Олар бор, әктас, диатомиттер, каустобиолиттер (көмір, мұнай). Осылардың ішінен кен тарағандары органогенді карбонаттық таужыныстар. Маңызды болатын биогендік жаратылыстағы темірлі және марганецті шөгінді таужыныстар. Темірлі таужыныстар коллоидтық ерітінділерден түзіледі. Сол кезде ортаның оттектің көрсеткіші өте маңызды болады. Бос оттектің бар болуына байланысты тотықты, карбонатты немесе силикатты кендер түзіледі. Кен тарағаны лимонит, ол полиминералды темірдің сулы тотықтары, саздар және құмды заттардың қоспасы болады.

Өнеркәсіптік жағынан марганецтік шөгінді кенорындар да маңызды. Марганец темір сияқты коллоидтық ерітінділерден пайда болады, бірақ темірден үлкен тереңдікте түзіледі.

Темірлік таужыныстарының кендерінің басты минералдары: гидрогетит, гетит, глауконит, сидерит; қосымша минералдары: пирит, вивианит, барит, псиломелан, апатит, гематит, халцедон; практикалық маңызды минералдары: гидрогетит, гетит, сидерит.

Марганецтік таужыныстарының кендерінің басты минералдары: псиломелан, пиролюзит, манганит, опал, гидрогетит; қосымша минералдары: глауконит, барит, марказит, пирит, апатит; практикалық маңызды минералдары: псиломелан, пиролюзит, манганит.

Биохемогендік шөгінділерге фосфориттер де жатады, олардың құрамында карбонат-апатит болады. Биохимиялық жолмен уранның, молибден, қорғасын және мырыш сульфидтерінің кейбір шөгінді кенорындары пайда болады. Кенорындар әдетте көмірлі таужыныстарға және көмірлі қабаттарға, көмірлі тақтатастарға және битумды таужыныстарға байланысты болады. Бұл органикалық заттардың жоғарғы дәрежедегі адсорбциялық қабілетіне байланысты.

Шөгінді таужыныстардың Жер қыртысында таралуы бірдей емес, кесекті таужыныстар 25,4 %, саздар 53 %, химиялық және биохимиялық таужыныстар – 21,6 % құрайды. Ең көп таралғандары саздар мен аргиллиттер, екінші орында құмдар мен құмтастар, үшінші – әктастар.

Қанқалы алюмосиликаттар тобы дала шпаттар (фельдшпатиттер) және фельдшпатоидтарға бөлінеді.

Дала шпаттар (фельдшпатиттер) тобы. Жер қыртысында силикаттардың ішіндегі ең көп тараған дала шпаттар, оның құрамында мөлшері 50 % құрайды. Олардың 60 % магмалық, ал 30 % метаморфтық таужыныстарының құрамына кіреді. Қалған 10-11 % құмтастар мен конгломераттарда кездеседі, олардың ішінде жұмырланған түйірлер боп немесе галькалар құрамында болады. Дала шпаттары деген аты қалай пайда болғаны белгісіз, мүмкін «шпаттар» – ол екі бағытта жымдастығы бар минералдар, және олар далада көп кездескеннен болар.

Минералдар моноклиндік және триклиндік сингонияларында кристалданады, бірақ олардың морфологиялық қасиеті бойынша бір-бірінен айырмашылығы аз. Рентгенометриялық зерттеулер бойынша барлық дала шпаттардың кристалдық құрылымы бір-біріне көп ұқсас келетіндігі дәлелденген. Физикалық қасиеттері де ортақ болады, олардың көпшілігі ашық түсті, қаттылықтары жоғары 5-6,5, жымдастықтары екі бағытта жетілген. Олар көбінесе магманың кристалдануынан жаратылады. Магмалық интрузивтік және эффузивтік таужыныстар құраушы басты минералдары болады. Ірі кристалдық түйірлер боп олар пегматиттерде кварц, слюдалар, топаз, берилл, турмалин және тағы басқаларымен кездеседі.

Дала шпаттары (фельдшпатиттер) құрамы бойынша натрийлік-кальцийлік (плагиоклаздар) және калийлік – натрийлік (калишпаттар) дала шпаттар тобына бөлінеді.

Натрий-кальцийлік дала шпаттары – плагиоклаздар тобы. Плагиоклаздар деп құрамы ауыспалы, үздіксіз изоморфизм қатарын айтады. Бұл топтың шеткі мүшелері альбит Na[AlSi3O8] – және анортит – Сa[Al2Si2O8].

«Плагиоклаз» жымдастығымен байланысты, грек тілінен «қисық сынғыш» деп аударылады. Жымдастығының ара бұрышы тіктен төмен. Сингониясы триклиндік.

Плагиоклаздың нөмірі, оның химиялық құрамын сипаттайды. Мысалы, плагиоклаз № 30 андезин болады, оның 30,0 % анортит, ал 70,0 % альбит құрамды. Альбиттен анортитке қарай кремний қышқылы құрамында азаятын болғандықтан, № 0-№ 30 плагиоклаздары қышқыл деп аталады, № 30-№ 50 – орта және № 50-№ 100 – негізді. Қышқыл плагиоклаздар ең көп тараған плагиоклаздар болады, олар қышқыл магмалық таужыныстарды құрайды.

Жақсы құрастырылған кристалдар өте сирек кездеседі. Плагиоклаздар түйірлері тақташа және тақташа-призмалық пішінді, таужыныстарда сеппелер, түйірлі агрегаттар, кейде друзаларды (альбит – клевеландит) құрайды. Оларда қарапайым егіздіктер сирек болады, ал күрделі полисинтетикалық егіздіктер кең тараған. Тез суыған эффузивтік таужыныстарда кристалдық-белдемді құрылысы сирек емес. Олардың ядросы мен ортасы негізді плагиоклаздарымен құрастырылған, ал шеттері – қышқылдауларымен. Сыртқы қасиеттерімен альбитті және лабрадорды, кейде олигоклазды анықтауға болады. Олигоклазға көгілдір, ал лабрадорға көк иризация тән. Диагностикасы оптикалық әдіспен ғана тура болады.

Фельдшпатоидтар тобы. Бастапқы балқыманың құрамындағы кремний-оттектін мөлшері дала шпаттарды құрауға жетпеген кезде, пайда болатын минералдар фельдшпатоидтар деп аталады. Нефелин мен лейциттен басқа фельдшпатоидтарға, содалит тобының өте сирек минералдары жатады: содалит, нозеан мен гаюин, және канкринит, олар сілтілі таужыныстарға тән минерал. Фельдшпатоидтардың ішінде ең көп тараған нефелин, ол көптеген сілтілі таужыныстарының құрамына кіреді, интрузивтік және эффузивтіктерге. Лейцит тек төмен қысым кезде кристалданған таужыныстарда тараған – эффузивтерде және сирек гипабиссалдық денелерде.

 


Дата добавления: 2015-07-08; просмотров: 332 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Тучи как в апреле| Дәріс. Метаморфтық және метасоматиттік минералжаралу процестері.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)