Ø Әбілқайыр хандығының құрылуы, жер аумағы, этникалық құрамы
Ақ Орданың ыдыраған уақыты: XV ғасырдың 20-жылдарында
v Ақ Орда ыдырауына байланысты Жошы әулетінің арасында феодалдық қырқыс басталды.
1428 жылы (XV ғасыр) Әбілқайырды хан сайлағанда қатысқан ақсүйек-шонжарлар саны: 200-ден астам (20-дан астам тайпалардың өкілдері).
v Әбілқайыр – Жошы ханның бесінші ұлы Шайбани ханның ұрпағы. Әбілқайыр жастайынан жетім қалып, Жұмадық ханның қолында өскен.
Ақ Орда ыдырап, орнына Әбілқайыр хандығы құрылды XV ғасырдың басында.
Әбілқайыр ханның билік құрған жылдары: 1428 – 1468 жж.
Тарихи жазба деректердегі Әбілқайыр хан құрған хандықтың атауы: «Өзбек ұлысы», «Өзбек хандығы», «Шайбани ұлысы», «Қыпшақ хандығы».
Әбілқайыр хандығының шығысы шектескен жер:Балқаш.
v батысында – Жайық.
v оңтүстігінде – Арал теңізі мен Сырдарияның төменгі ағысы.
v солтүстігінде – Тобыл мен Ертіс өзендерінің орта саласы.
XV ғасырда Әбілқайыр хандығы орналасқан аймақ: Шығыс Дешті Қыпшақ.
Әбілқайыр хандығының астаналары:1428–1431 жылдары " Тура.
P 1431–1446 жылдары" Орда-Базар.
P 1446–1468 жылдары" Сығанақ.
Әбілқайыр хандығының астанасы: Сығанақ.
Әбілқайыр хандығы 92 ру-тайпадан құралған.
Әбілқайыр хандығының халқының басым көпшілігі: қыпшақтар.
Әбілқайыр хандығы негізгі үш халықтан (шайбани, қарақалпақ, қазақ) тұрғандығын және олардың ішіндегі ең көбі және ержүректері қазақтар деп айтқан тарихшы: Рузбихан.
Ø Әбілқайыр хандығының саяси тарихы
1431 жылы Тоқа-Темір ұрпақтары мен Әбілқайыр хан арасындағы шайқас болған жер: Екіретүп.
XV ғасырдың 40-жылдарында Әбілқайыр хан Балқаш өңірінің терістік батыс жағын өз иелігіне қосады.
Әбілқайыр хан көп уақыты мен күш-жігерін жұмсаған жерАқ Орданың оңтүстік аудандары – Сыр өңірі мен Қаратау аймақтары.
Әбілқайыр хан тұсындағы Жәнібек пен Керей сұлтандардың иеліктері: Сыр өңірі мен Қаратау аймақтары.
Әбілқайыр ханның Самарқанды басып алған жылы: 1446
v Әбілқайыр хан Атбасар маңында Мұстафа ханды жеңгеннен кейін Сырдария мен Қаратау аймағындағы Сығанақ, Аркөк, Созақ, Аққорған, Үзкент сияқты экономикалық жағынан маңызды қалаларды басып алады.
Әбілқайыр Үз-Темір тайшы бастаған ойраттардан жеңіліс тапты: 1456-1457 жылдары Сығанақ қаласы түбінде.
Әбілқайыр хан өзіне бағынбай, Жетісу аймағына ауып кеткен Жәнібек пен Керей сұлтандарды жазалау мақсатыменМоғол хандығынақарсы жорыққа шықты: 1468 жылы.
Әбілқайыр қайтыс болған жер: Алматы маңындағы Аққыстау.
Әбілқайыр хан (XV ғ.) жерленген кесене: Көккесене.
Әбілқайыр ұрпақтары Шығыс Дешті Қыпшақ жерінде билік жүргізу құқығынан айрылды: Қазақ хандығының құрылуымен.
Ø XIII–XV ғғ. Қазақстан аумағындағы хандықтардың мемлекеттік-әкімшілік құрылысы
F Ақ Орда, Моғолстан, Ноғай Ордасы, Әбілқайыр хандығы сияқты басқа да мемлекеттердің әлеуметтік құрылымы феодалдық қатынастарға негізделді.
Хандық өкіметтің ең жоғарғы жиыны құрылтай жылына бір рет шақырылды.
Қарапайым халыққа берілген атау: «қараша».
Шыңғыс хан тұқымдарының жасау ретінде алған жерлері: Інжулік жерлер.
v Алтын Орда хандарының інжулік жерлері: Еділ бойы.
Загрузка...
v Шағатай мемлекетінің інжулік жері: Шу, Іле, Талас алқаптары.
F Жазба деректерге қарағанда, жер иеленудің төрт түрі болған:
1. Мемлекеттік жер (тікелей хандардың қарамағындағы жерлер).
2. Шыңғыс тұқымдарының жасау ретінде алған жерлері.
3. Вақфтық жерлер.
4. Шаруалардың мүліктік жерлері.
Орта ғасырлардағы вакфтық деп аталған жерлер: Дін иелерінікі.
Әскери немесе мемлекеттік басқару ісінде ханға адал қызметі үшін мұраға түпкілікті берілетін жер: Сойырғал.
Әскерлерді азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін жиналатын салық: Тағар.
Жер көлеміне байланысты егіншілерден алынатын салық: Қалан.
Мал өсірушілерден жиналатын негізгі салық: Құшыр.
Ұшыр, харадж, баж салықтарын төлеген: егіншілер мен қала тұрғындары.
Хан мен сұлтандардың пайдасына шариғатқа негізделіп салынған салық: Зекет.