Діни наным–сенімдер
- Ислам діні Қазақстанда VIII ғасырда тарай бастағанымен, халықтың жүрек түкпіріне ХІХ ғасырдың аяғына дейін толық жете қоймағандығы туралы жазылған «Ислам діні» мақаласының авторы, қазақтың тұңғыш ғалымы: Ш.Уалиханов.
- «Дешті уалаяты Берке ханға бағынған кезде дінсіздердің көп бөлігін ол ислам дініне кіргізді» - деп жазған Өтеміс қажының кітабының аты: «Шыңғыснама».
v «Шыңғыснаманың» авторы: Өтеміс қажы.
- XIV ғасырда исламның таралуына қатты көңіл бөлген хандар: Өзбек хан, Тоғылық-Темір хан.
- XIV ғасырда мұсылман дініне кіріп, басына шалма тақпағандарға қатаң жаза қолданған хан: Тоғылық-Темір хан.
- Қазақстанда ислам дінінің тез қанат жая бастауының тағы бір себебі: ислам дінінің суфизм тармағының таралуы.
v Себебі суфизмнің кейбір идеялары мен әдет-ғұрыптары шаманизмнің наным-сенімдеріне жақын болған.
- Қуаңшылық жылдары, қасиетті бұлақ басына ақ құйып көктен жаңбыр сұрау ырымының атауы: Тасаттық.
- Тіл-көз тиюге қарсы, киелі аң-құстың тісінен, тырнағынан, қауырсынынан жасалып, мойынға тағылған зат: Бойтұмар.
- Қазақстанның байырғы тұрғындарының түсінігіндегі аспан әлемінің мағынасы: Көк тәңірі.
- Отпен тазарту ырымының атауы: «аластау».
- Қазақ хандығында үстемдік еткен, әлемдік діндердің бірі ислам.
- Қазақтар ресми түрде ислам дінін ұстанды: XVI-XVII ғғ.
- XIV-XV ғасырларда Қазақстан жерінде өмір сүрген халықтар арасында екі діннің наным-сенімдері қатар өмір сүрді. Бұл діндер: Ислам діні мен шаманизм.
Ø Қазақстанның XIV–XV ғасырлардағы сәулет өнері
- XIV-XV ғасырлардағы сәулет өнерінің тамаша үлгісін көрсеткен кесене: Дәуітбек кесенесі, Тектұрмас.
- Көне Отырар қаласының батыс жағында 3 км жерде, Сырдария өзеніне жақын орналасқан кесене: Арыстан баб кесенесі.
- Ел аузындағы аңыз бойынша Арыстан баб өмір сүрген уақыт: VII-VIII ғасырларда.
-
Құлап қалған Арыстан баб күмбезін XIV ғасырда қайта салғызған: Әмір Темір. - Арыстан баб кесенесіндегі бөлмелер саны: 2.
- Ислам дінінің көрнекті өкілі, әрі уағыздаушы, әрі ақын: Қожа Ахмет Йасауи.
- Әмір Темірдің бұйрығымен салынған сәулет өнерінің ғажайып туындысы: Қожа Ахмет Иассауи кесенесі.
- Қожа Ахмет Йасауи кесенесі орналасқан қала: Түркістан.
- Қожа Ахмет Йасауи кесенесін салуға Әмір Темір бұйрық берген жыл: 1397 ж.
- Қожа Ахмет Йасауи кесенесінде залдың ортасында тұрған үлкен тайқазан жасалған жыл: 1399 ж.
- Қожа Ахмет Йасауи кесенесіндегі ең негізгі бөлме: Кітапхана.
- Қожа Ахмет Йасауи кесенесіндегі басты бөлме: көрхана.
- Қожа Ахмет Йасауи кесенесінің биіктігі: 37,5 м.
- Қожа Ахмет Йасауи кесенесіндегі үлкенді-кішілі бөлмелер саны: 35
- XV ғасырдың екінші жартысында салынып жартылай сақталған ескерткіш: Рабиға Сұлтан Бегім кесенесі.
- Рабиға Сұлтан Бегім кесенесіндегі бөлмелер саны: 5 (бес).
- Рабиға Сұлтан Бегімнің басына қойылған құлпы тасы табылған жер: Ахмет Иассауи күмбезінің ішінен.
v Рабиға Сұлтан Бегім Әмір Темірдің ұлы Ұлықбектің қызы, 1485 жылы қаза болған.
- Ұлытау ауданындағы Қаракеңгір өзенінің жағасында салынған кесене: Алаша хан кесенесі.
v XIV-XV ғасырларда далалық сәулет өнерінің үлгісінде жасалған ескерткіш.
v Қабырға сыртын әсемдеу ісінде қазақтың дәстүрлі ою-өрнегі (таңдай, жүрекше) кең қолданылған кесене.
- Алаша хан кесенесінің қабырғалары: Сыртқы жағынан кереге көзді кілем тәрізді.
- Ақ Орданың орталығы Сығанақ қаласының маңында, Төменарық кентінің солтүстік-батысында 8 км жерде орналасқан бір күмбезді кесене: Көккесене.
- Қабырғаларының сырты Алаша хан күмбезі секілді қыштан, кілем өрнегі үлгісіне ұқсатып қаланған кесене: Көккесене.
v Көккесенеде Әбілқайыр хан жерленген.
- Шыңғыс ханның үлкен ұлына соғылған кесене атауы: Жошы хан кесенесі.
- Қолданбалы өнердің ғажайып үлгілері қолданылған ғимараттар: Қожа Ахмет Иассауи кесенесі, Көккесене, Алаша хан.
- Жеріміздегі сәулет өнерінің орта ғасырларда биік деңгейде болғандығының дәлелі: Құрылыс материалдарының жоғары сапалы болуы.
- XIV-XV ғасырларда сәулет өнерінде қалыптасқан жаңа үлгілер: Ғимаратты күмбез шатырмен жабу.
Ø Қазақ хандығының XVI-XVII ғасырлардағы экономикалық жағдайы
- Көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан қазақтардың төрт кезеңге бөлінген жайылымы: Маусымдық жайылым.
- XVI-XVII ғасырларда қазақтар шаруашылығының таза малмен айналысатын түрі: Көшпелі.
- XVI-XVII ғасырларда түйе мен қой-ешкілер үшін қыстық жайылымға таңдалған жер: Қызылқұм шөлі.
- Қыста көшіп-қонған қазақ ауылдары үшін ең қауіптісі: Жұт.
v Малға түрлі жұқпалы аурулар тиген: ешкіге–кебенек, қойға–топалаң, сиырға–қарасан, жылқыға–жамандат, түйеге–ақшелек.
- Көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан қазақтар үшін көктем кезіндегі маңызды іс: Мал төлдету.
- Көктемгі көштің қозғалуы жас төлдердің жағдайына байланысты ұзақтығы: 8-10 шақырым.
- Көктемгі көштің қозғалуы жас төлдердің жағдайына байланысты ұзақтығы күніне 8-10 шақырымнан аспады. Осындай көшке берілген атау: «Қозы көш».
- Көктеуден жайлауға көшу басталған мерзім: Мамыр айының басы.
- XVI-XVII ғасырларда қазақтар жайлауға көшерде салмақты, көлемді ауыр жүктеді: Көмбеге, қоймаға жасырып тығып кетті.
- Маусым айының аяғында тоқтыларды тереңдеу судан айдап өткізу: «тоғыту».
- Қозылардың жүнін қырқатын мезгіл: «Қозы күзем».
v Қой мен ешкіден – жүн, түбіт, жылқыдан – қыл, түйеден – шуда алынады.
- Көшпелі қазақтар суық басталысымен жайлаудан көшті: Күзеуге.
- Күздеудегі малшы ауылдар қыстауға көшуге әзірленді: Қараша айының соңында.
- Көшіп-қонуға күш-көлігі жоқ, жайлауға апаратын малы жоқ, егіншілікпен айналысқан кедейлер: Жатақтар.
- Түйенің сүтінен жасалатын емдік қасиеті бар сусын: шубат.
- Қазақ халқы ірімшік тамағын дайындаған: Сиыр сүтінен.
- Қазақ халқының өмірінде ертеден дамыған қолданбалы өнеріне жатпайтын кәсіп: жерді суландыру.
- Орта Азия мен Дешті Қыпшақ арасындағы тоғыз жолдың торабы – саудаға ыңғайлы қала (Дешті Қыпшақ үшін «сауда аймағы»): Сығанақ
v Қасым ханның тұсында хандықтың ордасына айналды.
- Йасы қаласы Түркістан атанған уақыт: XIV ғасыр.
- XVII ғасырдың екінші жартысындағы қазақ хандығының астанасы: Түркістан.
v Түркістан қаласы Қазақ хандығына өтті: XVII ғ. екінші жартысы.
- Есім хан мен Рабиға Сұлтан Бегімнің кесенелері орналасқан қала Түркістан.
- Тәуекел ханның тұсында берік қамал, ірі сауда орталығына айналған қала: Сауран.
- Сауран қаласы Қазақ хандығына түпкілікті өтті: XVI ғасырда.
v Сауран үшін Өбек пен Қазақ хандығының арасында 1 (бір) ғасырға созылған қанды шайқастар болды.
- Сайрам қаласының XVI ғасырдың аяғында экономикалық жағынан құлдырау себебі: Жоңғар шапқыншылығы.
- Тарихи деректерде VIII ғасырдың басынан Тарбанд (Трабан) атауымен белгілі болған қала: Отырар.
- Моңғол шапқыншылығынан кейін қайта жанданып, XVII ғасырға дейін өмір сүрген қала: Отырар.
v V-XV ғасырларда Арал бойындағы көшпелі тайпалармен сауда-саттық жүргізіп тұрған орталық болған.
v Отырар қаласына жақын жерде А.Йасауидің рухани ұстазы Арыстан бабтың кесенесі орналасқан.
- XVII ғасырдың аяғында Қазақстандағы қалалардың құлдырауының себебі: Жоңғар шапқыншылығы мен Орта Азия хандықтарының жорықтары.
Дата добавления: 2015-07-10; просмотров: 1897 | Нарушение авторских прав
Читайте в этой же книге: Верныйда сыра зауыты іске қосылды: 1858 жылы. | Білқайыр хандығы | XIV-XVII ғасырлардағы Қазақстанның мәдениеті және әлеуметтік-экономикалық жағдайы | V. Есім хан тұсындағы Қазақ хандығы | II. Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы | VI. Ұйғырлар мен дүнгендерді Жетісуға қоныс аудару | Отарлық езгіге қарсы азаттық күресі | Азақстанның экономикалық дамуы | Азақ-қытай сауда қатынастары | ХІХ ғасырдың соңындағы Қазақстанның саяси-әлеуметтік дамуы |
mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)