Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Европалық державалардың Түркия үшін күресінің күшеюі.

Читайте также:
  1. Егер және қатарларының мүшелері үшін теңсіздіктер орындалса, онда
  2. Здік бақылау үшін тест тапсырмалары
  3. Здік бақылау үшін тест тапсырмалары
  4. Зіндік бақылау үшін тестілік тапсырмалар
  5. Түркия.

Осман империясындағы ұлт-азаттық қозғалыстар. 1806-1812 жылдардағы орыс-түрік соғысы Балқан халықтарының ұлт-азаттық күрестерінің дамуына үлкен әсерін тигізді. Наполеонның Ресейге жасаған жорығын пайдаланған Осман империясы сербтерге берілетін автономиялық құқық кепілдігін сақтамай, Бухарест бітімін бұзып, азаттық күресіне қатысушыларды аяусыз жазалады. Бірақ 1815 жылы Сербияда жаңа көтеріліс бұрқ ете түсті. Түрік өкіметі сербтердің ішкі автономиялығын тани отырып, олармен келісімге келуге мәжбүр болды.

1821 жылы Грекияда көтеріліс басталды. Оның қарқыны мен күші Осман империясының жоғары билеушілерін абыржытты. Түрік сұлтаны II Махмұд «кәпірлергеқарсы қасиетті соғыс» жариялады. Елдің барлық жерінде гректердің қырып-жою басталды, астанада 10 мыңнан астам гректер өлтірілді, соның ішінде грек патриархы да болды. Алайда мұндай қатыгез шаралар да көтерілісті тоқтата алмады. Гректердің өтерілісін өз күшімен басуға сұлтан II Махмұттың жағдайы келмегендіктен, ол Египет патшасы Мұхаммед Әлиден көмек сұрады. Еуропалық үлгімен құрылған әскерін беруге келіскен Мұхаммед Әли Сербия мен Крит аралдарын өзіне беруді талап етті. 1824 жылы грек көтерілісін басу үшін түріктер Египеттің әскері мен флотын қолданды. Грек көтерілісшілеріне қарағанда қаруы мен әскерінің саны көп Египет әскері 1827 жылы көтерілістің негізгі ошақтарын басты. Грек патриоттарының тәуелсіздік үшін күресі Еуропаның алдыңғы қатарлы жұртшылығының ынтымақтастығын оятты. Грекияға египет-түрік шабуылының ең ауыр кезеңінде басқа елдердень көптеген еріктілер келді. Дегенмен, Ресей үкіметі мен еуропалық державалар өздерінің сыртқы саясаттағы жоспарын іске асыру үшін грек көтерілісін пайдаланып қалуға тырысты. 1826 жылы желтоқсандықтарды жазалау кезінде жоғалтқан беделін орыс қоғаының алдында қалпына келтіруге ұмтылған I Николай Грекияға толық автономия берілуін талап етті. Ресей Осман империясымен соғысуға ашықтан ашық дайындала бастады.

Ресейдің жеке-дара күрес жүргізуіне Англия жол бермеді. 1826 жылы ағылшын – орыс хаттамасына қол қойылды, бұған Франция қосылды. Бұл державалар сұлтаннан гректерге бағытталған әскери қимылдарды тоқтатуды және оған автономия берілуін талап етті. Грек мәселесінде еуропалық державалардың әрқайсысының өзіндік жоспарлары бар екенін жақсы түсінген II Махмұт, олардың өзара қайшылықтарын пайдалануға тырысып, ультиматумды қабылдамады. 1827 жылы Мұхаммед Әлидің әскері көтерілісшілердің соңғы тірегі-Афиныны алды. Қазан айында Навария қойнауында Еуропа елдерінің флоты египет-түрік флотын талқандады. Египет патшасының әскрі Грекияны тастап, Еліне қайтуға мәжбүр болды. Навариядағы жеңіс Ресейдің одан әрі шапқыншылық жасауына қолайлы жағдай туғызып, 1828 жылдың көктемінде Ресей Осман империясына соғыс жариялады. 1828-29 жылғы орыс-түрік соғысында Осман әскері толық жеңілді. 1829 жылы қыркүйек айында Андрианополь бітіміне қол қойылып, ол бойынша грузин және армян облыстары Ресейге қосылды. Түркияға контрибуция салынды. Шарттың ең маңыздысы-Сербия мен Грекияға автономия берілді. 1830 жылы Грекия тәуелсіз корольдік болып жарияланды.

II Махмұттың реформалары. Грек көтерілісі кезінде нашар қаруланған көтерілісшілерді басуға янычар әскерлерінің шамасы келмеді. Дінбасылардың қолдауына сүйенген II Махмұт 1826 жылы жаңа әскер құруға бұйрық берді. Сұлтанның бұйрығы янычарлар көтерілісін туғызды, бұған 20 мың әскер қатысты. Бұл көтерілісті сұлтан ісләмға қарсы көтеріліс деп жариялап, оларды қатаң жазалады. 7 мыңға жуық янычар өлтірілді, қалғандары империяның шеткері аудандарына жер аударылды. Янычар корпусы осылайша жойып жіберілді.

30 жылдары мемлекеттік және әкімшілік құрылымдар, қаржы, құқық мәдениет саласына қайта құру жүргізілді. Тимар (сипақ) жүйесінің жойылуы зор маңызға ие болды.

Тимар жойылысымен іле-шала әкімшілік реформасы жүргізілді. Империяның бәрі аумақтық белгі бойынша вилайет (губерния) пен санджакка (уездерге) бөлінді, олардың билеушілерін орталық үкімет тағайындайтын болды. Мемлекеттік аппараттың жаңаруынан еуропалық үлгідегі бірқатар министерліктер құрылды. Парижде, Лондонда, Берлинде, Венада елшіліктер ашылды. II Махмұт білім беру саласында да бірқатар істер атқарды. Стамбұлға медициналық, әскери және теңіз инженерлік училищелері ашылды. 1831 жылы түрік тілінде бірінші мемлекеттік газет шығарыла бастады. Жастардың бір тобы Еуропаға оқуға жіберілді. Одан да маңыздырақ рефориалар II Махмұд өлгеннен кейін іске асырылды.

Әдебиеттер:

1. История средних веков. Т,1.М., 1997.

2. История средних веков. Т,1.М., 2000.

3. История средних веков: Европа и Азия. Минск. 2000.

4. История стран Азии и Африки в средние века. М.1968.

5.Т.Тортаев Орта ғасырлар тарихы. Алматы.1999.

6. В.А.Федосик, А.А. Прохоров, И.О. Евтухов. Материалы по истории древнего мира средних веков. Минск. 2004


Дата добавления: 2015-07-08; просмотров: 485 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Лекция. Қытай | Сун мемлекеті | ХІ-ХІІІ ғасырлардағы Жапонияның саяси құрылысы | Скери реформалар, аграрлық жүйе. Дайвьеттің сыртқы саясаты. | Иранды моңғолдардың жаулауы | Манихей діні. | Маздакит қозғалысы. | Араб халифатының саяси басқару жүйесі | Кутб-уддин Айбек | Лы Моғол империясының ішкі құрылымы |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Түркия.| Моңғолдардың Русьті жаулауы

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)