Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Лекция. Қытай

Читайте также:
  1. Лекция. Кіріспе. Ерте орта ғасырлар. Феодалдық қатынастардың тууы.
  2. Лекция. Устройства отображения информации
  3. Лекция. ХҮІ-ХҮІІ ғасырлардағы Англия, Франция, Италия

1. Қытай өркениеттің даму ерекшеліктері.

2. Тан және Сун империялары

3. Қытайды монғолдармен жаулауы.Юань империясының құрылуы.

4. Мин империясы. ХVІ-ХVІІғ бірінші жарт. сыртқы саясаты.

1. VI ғасырдың аяғы мен VIII ғасырдың бас кезі Қытай ғылымы мен мәдениетінің гүлдену ғасыры болды. Ол уақытта ерте орта ғасырлық Европа ғылыми ой-тұжырымдар шіркеу қол астында болған болса, Қытайдың ортағасырлық ғылымы мисстика мен схоластикадан аулақ болып, елдегі мәдени мұралардың сарқындары мен ішкі қақтығыстарға қарымастан тез дами бастады. Қытай ғалымдары бұл кезеңде бірнеше ғылыми және техникалық ашулар жасады. VIІІғасырдың басында будда монахтары И Цзин мен Лян Лин-ңзянь қозғалмайтын жұлдыздардың ара қашықтығы жөнінде өз ойларын білдірді. 725 жылы меридиан градусының ұзындығы өлшенді. Алгебра, геометрия, физиканың дамуына үлкен үлес қосылды. 626 жылы Ван Сяо-тун «Ежелге арифметика» атты еңбек жазып, онда Қытай математикасы дамуының бірнеше жылдар бұрынғы көрінісін ашты. VII ғ. бірінші жартысында тандық Қытайдағы дәл ғылымдардың дамығанын, біз осы кездегі 3260 ғалым-математиктардың болғанымен дәлелдейміз. Ал, құрылыс техникасының тамаша жетістіктері айтарлықтай орын алды. Қытайдағы е көні 37 метрге жететін тастан жасалған Хэбэйдегі көпір болып, ол өзінің келбетін осы күнге дейін сақтап, транспортта қолдануда.VІ ғасыр аяғында ксиолография-тақтайшаларға жазылған жазулар пайда болды. Ксилографияның даму негізінде иероглифтык жазу жүйесі қалыптасады. Қытай медицинасы шипалы емдік дәрілер шығарды.

VII г. Қытай саудагерлері мен пилиграимдары Қытайлық, үнділік және цейлон кемелері арқылы, бірнеше рет оңтүстік азиялық муссондық жол аркылы Малай археологиясына, Бенгалия мен Цейлонға сапар шегеді.

629-645 жылы Қытай буддисті Сюань Чжуан - ер жүрек зерттеушісі орталық Азия мен Индия болады. Сюань Чжуанның қалдырған Оңтүстік және Орталық Азия халықтарының тұрмыс - тіршілігі атты жазба ескерткіштері «Батыс елдері туралы жазбалар» атты кітапшағып шығарын, кейінгі кездерге дейін олардың тарихи зерттеудегі аса маңызды дерек көзі болып табылады. Сюань Чжуан Қытайға үнді ғылымының дамуы мен будда тарихындағы догматикамен таныстырды. Бір жағынан, Сюань Чжуанның арқасында - Индия мен Қытай халқының арасында достық гүлденіп Индияда Қытай мәдениеті белгілі бола бастады. Ол санскрит тіліне Лао-Цзыдың философиялык «Даодэцзии» атты еңбегін аударды. 671-695 жж. Қызығушылык барысында Суматра аралына Индияға, Непалга теңіз жолы арқылы, баска будда монахы, ғалым И.Цзин келеді- Ол өзінің жүзуінде кұнды географиялык зерттеулер жазады. И Цзин VII ғ. орта шегіне дейінгі 37 кытай миссионерлерінің теңіз арқылы Гуан-чжоудан үнділік жағалауға шыққанын келтіреді. Өте үлкен табыс зерттеулерінде Хань дәуірінен Танға дейінгі уақыт аралығындағы тарихи шығармалар баяндалады. Император Ли Ши-Миньнің өзі Цзинь династиясының тарихының басын жазады. Акырындап, мемлекет тарихынын дамуын өз қолына ала бастайды. Император сарайының ауласында әдейі ұйымдастырылған канцелярия жұмыс жасап, оның негізгі функциясы - Тан династиясының тарихын зерттеу болды. VI ғ. аяғына дейін император ауласында кітаптарды сақтау және жинау мәселесі орын алды. Императорлар жібек матасын ежелгі ғалымдар мен әдебиетшілердің жазған еңбектерін тапқандарға, үлкен сыйлықтар берді. VII ғ. сарай кітапханасы қорында 90 мың том кітапқа жетті.

Чиновтиктік қызметке түсу үшін мемлекеттік емтихан тапсыру кажет болды. Мұндай жүйе Қытайда б.з.д. II ғасырда пайда болып, оның нық басқан кезі тандық кезеңмен тұспа-тұс келеді. Жоғарғы шен алғысы келгендер, аулалык академияға келіп, емтихан тапсырулары тиіс болды. Емтиханда иероглиф жазуымен өте әдемі етіп жаэумен жазу және өлең шығару керек болды. Конфуцийлік ілімді жатқа айту керек еді. Міндетті түрде өту керек емтихадар, жоғарыдағыларға білімінің керек екенін дәлелдеді. Ел астанасында үш жоғары училище болды. Мұнда тан аристрокаттарынын сегіз мың балалары оқыды. Облыстық, округтік және үздік орталықтарда арнайы мектеп ұйымдастырылды. Тандық кезеңде Чаньанда әлемде ең алғаш рет газет шығарылады. Олар ағаш тақтайшаларына басылды. Біздің кезге дейін келіп-жеткен металдан өнделіп жасалған бұйымдардан қарап, белгісіз қытай - шеберлерінің шеберлігіне таңдай қағамыз. Қағазды пайдалаудан біз, кытайдың өнері -коллиграфияның дамытанын көреміз. Қытай халқының қол жеткізген жетістіктерінің бірі- живопись, скульптура мен архитектура болды. Әсіресе живописьтің жібек матасы мен қағазға жасалған түрі кең түрде етек жайды. Дәстүрлі діни сюжеттерден картиналардағы суреттер көрініс тапты.

Елдегі жаңа әлеуметтік - экононикалық жағдайлар қоғамдық өмірде және әдебиеттің дамуына әсерін тигізді. Әріесе, елдің ірі қалаларында, Чаньанда және Лоянда, көптеген ақын-жазушылар өмір сүріп, өздерінің шығармаларын жарыққа шығарды. Олардын шығу тегі көбіне кішігірім кызмет атқарған чиновниктердің, ұсақ жер иленушілердің, ал кейбір жағдайда олардың өзі мемлекеттік кызметтегі адамдар болды. Олардың арасында елдің ары қарай дамуы мен қиыншылык туғызатын мәселелері алаңдатты.Осы кезде өзінің гүлденуін публицистика бастан кешірді. Оның көрнекті өкілдерінің бірі Хань Юй болды. Оның қоғамынан шыққан көптеген мақалалар, жолдаулар, шығармалар шықты. Өзінің көз қарасы бойынша Хань Юй, адамды жер бетіндегі тірі ағзалардың ішінен бөліп қарастырған жоқ. Оның пайымдауынша, табиғаттан адамды бөліп қарастыруға болмайды деді. Себебі, Адам – табиғаттың үлкен бөлшегі. Оның философиялық трастаты - «Адам туралы» деп аталады.

Адамның бойынан ол тек қана жеке ерекшеліктерін ғана анықтамай. Сонымен қатар қоғамдық өмірдің негізгі көрінісі деп пайымдады. Филосой ежелгі дәуірге көз жұмып карауды тоқтату керек деді. Қытайдағы VII-ХІ ғғ. Қоғамдық тұжырымдар мен әдебиетті жандандыру үшін ең бірінші ежелден бастау алу керек екендігін айтты. Хань Юй ежелдегі Хань империясы мен Чжоу патшалығындағы көне ескерткіштерді қарастырды. Ол әр түрлі әдебиеттерде сол дәуірдің адамының әлемдегі ең құнды бөлігі деп түсінді деді. Философ дінді жоғары қойғандарға карсы болып, ол дінде тек қана дінді дәріптеушілік болады деп айтты. Сонымен қатар Хань Юй «будданың сүйегі» атты үлкен баяндама жасайды. Осы жазған еңбегі имперағорга деген қарату болып, император буддизмнің жақтаушысы болғандықтан, Хань Юйды елден қуып жібереді.

Бейнеленген новеллалар адамды өмірге деген көзқарасын оятқанда болды. Осы кезде Қытайда алгаш рет әсерлі бейнеленген әдебиет жарық: көріп, ол өмірдің шындық сәттерін уайымдады. Осы уақытты «Тан новелласының» биікке өрлеген кезі деп қарастыруға болады. Оның ірі шебері Юань Чжэнь еді. Тан империясы тусындағы ең танымал поэт Бо Цзюи өмір сүреді. Бо Цзюидің «Прекраснобровая пошбла под копытами коней» атты поэмасында «Өмірлік нышандық» деген трагедиялық еңбегінде байлауыш киген ананы көрсетеді. Поэма, көбіне тарихи тұрғыда жазылғанымен, бірақ онда ез еркі мен білместікпен қате жібереді. Ян Гуифей атты кейіпкер император ұлдарының бірінің колында болады, ал Мин-хуан ол кезде алпысқа толады, ол қызды өзінің гаремдігіне алады делінген. Ань Лушань Чаньанды жаулап алған кезде, император 72 жаста, ал Ян-гуифей қырықка келіп жетті дейді. Ань Лушань акылды әрі саналы генерал болады. Ол өзінің іс-әрекеттерін алыстан ойлайтын. Бірақ, ең соңында оның ойлаған жоспарлары құрдымға кетеді. Император Сычуань провинциясының батысына тығылуға мәжбүр болады. Чаньанды көтерілісшілерден азат етеді, бірақ Мин-хуан тақтан бас тартып, өзінің өмірінің соңына дейін Сычуанда калады.

2. Қытайда феодалдық кезеңнің дамыған кезеңі VIII ғасырда болды. Қытайда 610 - 18 жж. Халықтық толқулар орын ала бастады. Оның түрткісі болған Суй-династиясы мен Когуре (Корей түбегіндегі патшалық) арасындағы жиілеп кеткен соғыс еді. Шаруалар көтерілісінің негізгі ошағы Шаньдун провинциясы болды. Бұл жерде күшті феодал аристократтардың салтанатты үйі болып, олар шаруаларды аяусыз қанады. Шаньдун - Суй династиясының Хэньан мен Хэбэй сияқты біршама бай және халқы тығыз орналасқан ірі провинцияларының бірі болды. Сонымен қатар Кореямен соғыс кезіндегі әскерлерді тамақ пен оқ-дәрі мен қамтамасыз еткен провинция болады. Осы кезде 611 жылы Хэньан мен Гуаньдунда күшті су апаты орын алады. Миллиондаған шаруалар үйсіз-күйсіз қалып, сонымен қатар қалыптасқан салықтар мен барщиналарды өтеуге тиіс болды.

Ал 610 жылы Хэньан мен Гуаньдунда шаруалар көтерілісі тұтанып, келесі жылдар Шаньдун провинциясында орын алады. Шаруалар көтерілісі ендігі жерде басқа да провинциялар: Хэбэй, Шэньси, Чжэцзян, Цзянсу, Гуанси, Ганьсуға тарайды. 614 жылдың басында Қытайда 130 ірі және ұсақты отрядтарға бірігіп олардың үлкен бөлігі Шаньдунда, Хэнэн мен Хэбэйде еді. Көтерілістерге шамамен 4 миллион адам қатысты.

Жоғарғы тап өкілдерінің көпшілігі Ян Гуанның деспоттық билеуімен күштеп ұстап отырған орталығына оппозицияда болды. Осы сәтті тиімді пайдаланған Шаньси, Хунань, Шэньси, Шаньдун, Чжэцзян, Ганьсу феодалдары императорға қарсы шыға бастады. 613 жылдың жазында Хэнанда Суй династациясына қарсы көтерілісті генерал Ян Сюань - Гань басқарады. Толқулар екі айдан астам уақытқа созылды. Ян Сюань - Гань әскері Лоянға кауіп төндірді. Суй династациясы бұған қарсы шаралар мен күштерін дайындады.Корей майданынан халыктың көтерілісін басып -жаншу үшін аса үлкен армия жөнелтеді. Бірақ, бұл амал-шаралар халықтың козғалысына ешқандай әсерін тигізбейді. Шаруалардың көтерілісі Янцзы мен Хуанхэ өзендерінің бассейніне таяп жетеді. Шаруалар көтерілісінің ең күшейген кезі тарихта Ваган көтерілісі деп аталады. Ол Хэнань провинциясындағы таулы аймақтың атымен аталады.

611-613 жылдары Ваган көтерілісінің жетекшісі Чжай Чжан болды. Біраз уақыттан соң әскер қолбасшысы болып Суй чиновнигі Ли Ми тағайындалады. Бұл шэнсилік ірі феодал шаруалар көтерілісін өз мақсатына жарытып жаңа династия кұрғысы келді. Ваган әскеріне Доу Цзяньде баскарған. Хэбэй провинциясының шаруалар отряды үлкен көмек көрсетеді. Көтерілістің нәтижесінде 617 жылдың аяғында Суй үкіметінде аз ғана, яғни Хэньан, Цзянсу провинциялары қалады. Суй династациясының тағдыры осымен аяқталады. Ел астанасында қактығыстар ершіп, ақырында Ян Гуан мен жақтастары Цзян Ду (нанкинге) қашып кетеді. 618 жылдың көктемінде император сарайында бүлік шығып, Ян Гуан карсыластарының арқасында көз жұмады. Болған оқиғаны ірі феодалдар пайдаланып, Ян Гуанның немересін император етіп тағайындайды. Бірақ, 618 жылдың ортасында император титулын Ли Юань қабылдайды. Ол өзі құрған жаңа династияны Тан империясы деп жариялайды. VII ғасырда орын алған шаруалар көтерілісі Цинь-Хань дәруірінен кейінгі Қытай тарихындағы аса ірі көтеріліс болды. Халықтың көтерлісінің соңында Суй империясының кабырғасы кұлайды. Көптеген уақытқа дейін Тан династиясы гегемония мен елді біріктіру үшін көп күрес жүргізеді. 618-620 жж. Бұл күрес, әсіресе елдің солтүстік батысындағы Шэньси мен Ганьсу провинцияларында түркілер мен одақтас феодал - сепаратистерге қарсы бағытталады.

Түркі тайпаларының көсемдері феодалдарды Тан империясының елді біріктіру саясатына қарсы қойды. Тан әскерлері түркілерден кұрылған отрядтарды талқандап, оларды бір-бірлеп тұтықынға алды. 624 ж. дейін Қытайдың әр аймақтарында шаруалар көтерілісі тоқтамады. Хэбэй Доу цзянь-деннің отряды қимыл-әрекет жасап тұрды. Суй армиясының көлеңкесімен Ли Ми бастаған Ваган әскері қақтығысып отырды. 618 жылдың күзінде феодалдар ваган әскерін талқандап, Ли Ми Тан жаққа шығып кетеді. Бірак, көп кешікпей Ли Ми бастаған көтеріліс бой тігеді. Ли Ми өлім жазасына кесіледі. Шаруалар көтерілісін басып -жаншуда Тан династиясы шешімді әрі сәтті қимылдар жасайды. Ли Юань бірнеше мереке мен мейрамдар ұйымдастырып, шаруалардың көңілін аулайды, салықтардың өтемі азайып, ал кейбір аймақтарда, салықтар тіпті алынып тасталды. Мемлект барщинаны азайтады. Үкімет басшылары ирригацияльгк жолдар тауып, жолдарды жөндей бастайды.

Құлдықта жүрген шаруаларды босату жөнінде шешім қабылдайды. Феодалдарға шаруаларды өлтіруге тыйым салынды. Императорлар буддалық сенушілерден колдау тапты. Әсіресе, тан үкіметі аяусыз шаруалар көтерілісін жазалап отырды. Ресми түрде кетерлісшілердің көсемдеріне жеке бастарының кауіпсіздігі мен амнистиясын сақтаймыз деген алдаумен, 621 жылы Доу цзянь-дэ қастарын тұтқынына түсіріп, тамаша шаруалар көсемі мен серіктестерін аяусыз жазалады. 628 жылы Тан династиясы солтүстіктегі помещик-сепаратистер отрядының соңғысын талкандап, Қытайды біріктіруін аяқтайды. VII ғасырда Тан империясы сол уақыттағы әлемнің күшті мемлекетгерінін біріне айналды. Оның шекарасы Корей түбегінен шығысында Ыстық-көлге дейін, батысында Моңғолиядан оңтүстігінде Үндіқытай түбегіне дейінгі алып территорияны алып жатты.

Тан империясын 2 кезеңге бөледі: бірінші кезеңі - VII ғ. 20 жж. VIII ғ. ортасына дейінгі, өнеркәсіптің дамуы мен империясының гүлденуі, ал екінші кезеңі - VIII ғ. ортасынаи бастап, империянын құлауы - X г. камтиды. Бірінші кезеңде, әсіресе VII ғ. ауыл шаруашылығы өнеркәсіптің дамуы көрініс алады. Жерді өңдеудін амал-тәсілдері жеңілденіп, су арнасы көбейді. Шаруашылықта май шайқау ісі етек жайды. Жібекті өңдеу үшін ағаш жібегінің жапырағы қолдана бастады. Әдейі шығарылған шай ауыл шаруашылығының дамығанын көрсетті. Он бір жаңа каналдар іске қосылып ортақ су системасы қатарына Хуанхэ өзені де асырылды. Тұз өндіру үлкен орын алып, әсіресе елдің солтүстігіндегі Цзянсуда темір, күміс, олова мен қорғасын өңделе бастады. Әсіресе фарфор өңдеу жоғары бағаланды. Қытайда ең бастысы -металл шынылары мен шамшырақтар шығарыла бастады.

Қағазға деген сұраныс өсіп, қағаз өндіру дамиды. Экономикалық даму барысында, қалалардың дамуы өркендеп, қала тектес қоныстар саны көбейіп, олардың кейбіреулерін административтік орталық санатына көтеріліп қызмет көрсету мен әскери горнизондар бой көтерді. Қалалардың көпшілігі сауданың, өнеркәсіптің, мәдени өмірдің орталықтарына айналды.

Сауда жэне өнеркәсіптік қалалар одақтарға хаңдықтарға бірігіп, өздерінің басшысын байлауға тиісті болды. Ішкі сауда кеңейді. Жаңа почталық станциялар құрылып олардың жалпы саны 1600-ға жетті. Басшыларды сауда барысындағы тракаттар алаңдатты. Ауыл шаруашылығының дамуы халық санының көбеюіне әкелді. 618 жылы Қытайда екі миллионға жуығы аула болса, 754 жылы халық санағы бойынша аулалар саны 9 миллионға шамамен 5.3 миллион адам санына жетті. 624 жылы жер жүйесі туралы мемлекеттік указ шығады. Ары қарай бұл заңға үкімет басшылары толықтырулар енгізді. 619 жылы салық жүйесі іске асырыла бастайды. Оның негізгі белігі: Цзу - дақьшдар арқылы төленетін, жер салығы болды. Салықтың мөлшерін жергілікті басшылар белгілеп, сол немесе басқа жердің ауласына қарай үдты Қытай емес тайпаларға, салық мөлшерінің жартысын бөлуге тиіс болды.

«Дяо» - аула өнеркәсібіне карай белгілейді. Оны жібек немесе халатпен төлену тиіс болды. «Цзу дяо юн» салық жүйесі біршама уақытқа дейін қазынаға түсіп тұрды. Қытайдағы феодалдық кезеңдегі мемлекеттің кұрлымы, Суй кезеңінде іске қосылып VII ғ. бірінші ширегінде анық орнықты. Тан империясының мемлекеттік басқару құрылымы Корей патшалықтары Силла, Пэкче және Когуре, сонымен қатар Жапонияның мемлекеттік басқару жүйесіне ұқсас болды. Тандық Қытайдың саяси кұрылымы, Ежелгі Қытай доспотының сарқыншактарын іске асырды.

Император - аспан ұлының билігі шексіз болды. Император және көрнекті санебниктер кеңесі мемлекеттік аппаратты басқарды. Мемлекеттік істерді бірінші санаттағы министрлер басқарды. Алты ведомоства жұмыс істеді. Олар: салык-финанстық, әскери іс, қылмыстық іс, жалпы жұмыс бөлетін, әдет-ғұрып, соңында азаматтық Чин болып өзара бөлініп жұмыс атқарды.Сонымен катар, арнайы басқару ұйымдары-аула ісіне байланысты бөлініп служба, елшілер қабылдау, вассалдық территориялардан бөлу т.б. жүйелер қалыптасты. Орталық аппараттың басшысы - инспекторлар палатасы болды. Ол тікелей императорға қарады. Ол провинция басшылары мен астаналық мекемелерді қадағалап отырады. Тан империясының: Чаньань, Лоян жэне Тайюань деген үш астанасы болып, оның әр қайсысын наместник басқарды. Ел провинцияға, облыс пен уездге бөлінді. Олардың басында, император тағайындаған чиновник тұрды. Уездер ауылдық округтерге бөлініп, оның ең төменгі сатысы ретінде ауылдың община - пятидворға өзінің старостасын сайлады. Тан империясының вассалы болып көптеген Қытай емес тайпалар мен халықтар саналды.

Шекараны кадағалау мен басып алынған жерлерді басқару үшін арнайы құрылған администрация жұмыс жасады. Барлық елдегі әскери күш император қолында болды. Астанада әскери мектеп жұмыс істеді. Тан империясының әскери ұйымы үлкен қиындықтар туғызды. VIII ғ. ортасына дейін оның негізгі бөлігін «округтар әскерилері» құрып, 5% үлкен ер адамдар болды. Әскери кызмет еткендерге сый ретінде жер үлестірілді. Бүкіл ел округтарға бөлініп, олардан іріктеп, әскерлерді белгілі уақытқа дейін әскери кызметтерге алып отырды. Соғыс кезінде әсіресе, әскер қатарына алу үшін іріктеу сынын өткізді. Округ әскерлерінің көп бөлігі астанада қызмет атқарып, император резиденңиясын қадағалау олардың негізгі міндеті болды. Округ әскерлерінен басқа тан императорларының қарауында жалдамалы түркілердін атты әскері де болды. 623 жылдан бастап, солтүстіктегі Шекара әскерилерде коныстандыру басталды. Әскерилер қоныстанған аймақтардағы жерлерде жұмыс істеуші шаруалар, бейбітшілік уакытында әскерді азық-түлік пен фуражбен қамтамасыз етуге, ал соғыс болған жағдайда өздері де солдат қатарына косылуға тиіс болды.

VII г. 50 ж басында 631 жылдан бастап қолға алынған Тан империясының қылмыстық кодексінің күшіне енуі аяқталады. Кодекс 6 үлкен тараудан, бес жүз баптан тұрып, мемлекет және қоғамға әсерін тигізді. Қылмыс жасағандар мен жәбірленушілердің әлеуметтік жағдайына қарай, оларға әр түрлі жаза өтеуі ескеріледі. Егер шаруа өзінің қожайынын өлтіретін болса, ол өлім жазасына кесілетін. ал егер қожайын шаруаны өлтірсе, ол тек дүре соғумен құтылатын. Тан заңдары феодалдық жеке меншікті, помещиктер мен чиновниктердің билеуіне, және жұмысшы тап өкілдершің каналуына жол берді. Тан империясында 4 негізгі сословия: титулды шен - мұралық аристократия; «қызмет етуші чин» -азаматтык және әскери чиновниктер. «мейірімді адамдар» - шаруалар, кұлдар, үй қызметшілері, тау-кенде жұмыс істейтін адамдар т.б. болды. Тан империясының мемлекеттік құрылымы негізінде Қытайдың орта ғасырлық сарқын шақтары сақталды

Тан империясының сарайы гүлдену үстінде болды. Императордың «Аспан сарайының» кұрылысы үшін күнделікті онда он мыңға жуық мемлекеттік барщина етуге тиіс шаруалар мен ремеслинниктер еңбек ету тиіс болды. Сарайды әсемдеу үшін 300 - ден астам тонна медь кетті.VII ғ. Екінші жартысында, бір тан чиновнигі трон билеушісіне былай доклад: «Елдің әскер 800 мың адамды кұрайды. чиновниктер, саудагерлер, монахтар - жерге дән екпей, Тек кана жеуді білетіндер, елдің түрғындарының бес-алты есесін кұрап отыр. Өте ауыр істе жүрген шаруаларды аяусыз қанап, жеті туеядтарды киіндіріп және тамақтану үшін жағдай туғызады» деп жазады. Император сарайында күрес туындайды. Көп уақытқа дейін императорлар мен ен арасындағы дауды евнух-царедворлык пайдаланып қалуға тырысты. Осы таптық өкілдері орталық мемлекттік жэне әскери органдардан кызмет алу үшін күреседі. Ақыры, олардың кол атына сарай гвардиялары түседі.

Империяның финастық жағдайы төмендейді. Металл ақшаның шынуы кысқартылады, акшаның құны өседі. Азық-түлікті өндіруші шаруалар оны алу үшін жағдайы екі есе төмендеді. Шаруалар жерлерін тастап, қашып кетуге мәжбүр болды. Аяқ астынан күріш қымбаттатылды. Екі жүз жыл Уақытында күріштің бағамы 750 есеге дейін көтерілді.

Қытайда бұрыннан бері өкілі шықпаған уакытта үкіметтік амбарлар құрылып құрғаушылық жылдары дәндерді аш қалғандарға үлестірілуі тиіс болды. Бірақ, ұры чиновниктер мемлекеттік запастарды өздеріне қағыстырып отырды. Өзінің шығармасында көрнекті жазушы Цао Е «үкіметтік амбарлардагы крысалар» атты еңбегінде, чиновниктердің жек көрінішті қылыктарын амбардағы дәнді кеміретін крысаларға теңейді. 764 жылдан бастап тағы күштеп қосымша салық түрі енгізіледі. Екі жылдан соң салық күшіне енгеннен кейін үкімет тағы да қосымша чайға, винога, лак ағашына, тұрған үй салықтарын енгізеді. Тұздың бағасы қымбаттатылады. Көптеген шаруаларға түз жетпеді.

Әсіресе салықтың көп мөлшерді түрі елдің оңтүстік - шығыстың аймақтардағы халықтың наразылығын туғызады. Бұл аймақ Тан империясының аса ауқатты аймақтарының бірі болды. Осы провинцияларда бірінші болып шаруалар көтерілісінің аты өргенеді. 762 жылдың күзінде Чжэцзян провинциясының шығысында Юань Чао басқарған шаруалар көтерілісі бүрқ етеді. Бұл жердің билеушілері қатыгездік пен заңсыздықтың жоқтығы ерекшеленетін. Олар шаруалардан барлық дәндері мен маталарын тартып алып отырды. Кімді-кім қарсы шыққан жағдайда шаруаларды өлім жазасына кесті. Ызалы ауыл тұрғындары таулы және өзенді аймақтарға қашып кетті. Юань Чао қашқан шаруаларда отрядтарға біріктірін, өзі басқарып, елдің төрт облысы басып алады. Соңында, бұл әскер саны, екі жүз мыңға жетті. Бұл көтеріліс 763 жылы жазына дейін созылды, бірақ үкімет оны басып-жаншыды.

Жаңа таптық күрестің басы IX г. 50 жылдары қайта өршіді. 851 жылы Сычуанда солдаттар мен шаруалар көтерілісі, ал 852 жылы Цю Фу басқарған көтеріліс бұрқ етті. Оның негізгі козғаушы күші - кашып кеткен шаруалар болды. 86 жылдың басында Цю Фудың басқарушымен мұлда бірнеше мың шаруалар болса, көтерілістің өршіген кезінде олардың жалпы саны - отыз мыңға жетті. Көтеріліс басшысы Цю Фу Астанастының басшысы болып жарияланады. Шаруалар мемлекеттік, помешиктік және монастырлык амбарлар мен қоймаларды жаулап алып, дәнді-дақылдарды және басқа да бұйымдарды кедей адамдарға үлестіріп берді. Цю Фу ремесленниктерді өнеркәсіпке тартып, оқ - мылтық жасау үшін арнайы тапсырма береді. Көтерілісшілердің өз фолты құрылады. Көтерілісті басып-жаншу үшін тан үкіметі аса үлкен әскерді жіберді. Оған көмек ретінде жергілікті гарнизондар іске косылып, сонымен қатар ұйгырлар мен тибеттерден құралған отрядтар біріктірілді. Аса күшті кақтығыстар басталды. Үш күннің ішінде шаруа-повстанттар 83 қақтығысты басынан кешірді. 860 жыры терең күзінде көтерілістің негізгі бөлігі қиратылып, Цю Фудың өзі бір соғыс кезінде мерт болады. Тек ержүректер ғана жау коршауынан шығуын мүмкіндік туғызып, тауға қашып кетеді, бірақ бір айдан соң повстанттықтардың сарқыншағы жойылады. 863 жылы елдің оңтүстік аймактарындагы көтерілістер бой кетереді, өз уақытын өтеген солдаттар, үйлеріне қайтуды сұрайды, бірақ командир олардың өтінішін қабылдамайды. 868 жылы Гуйчжоуда 500 толқу көтеріп, өздерінің басшысын өлтіріп, ал командир етін офицер-интендент Пан Сюняны тағайындайды. Солтүстікке жылжу керектігі шешілді. Осы кезде Хуайхэ солтүстік өңірі, су тасқынынан жапа шегіп, шаруалардын көпшілігі үйсіз-күйсіз қалады. Осыған байланысты Пан Сюннын отряды осы маңнан өткен кезде, көптеген халық қосылады. Сол кездін өзінде Тан Сюняның әскер отрядында 50-60 адам болып, кейіннен онын саны 200 мыңға жетеді. Әскери бүлік шаруалар көтерілісіне айналып кетеді. Повстанттар Хунан, Хубэй, Аньхуэя, Цзянсу мен Шаньдун сияқты аймақтарындағы облыстарды жаулап алып, Янцзы өзені арқылы ары қарай жүзіп кетеді. Байлардан тартып алынған нәрселер кедейлер арасында бөлінеді. Бірінші айда тан әскері көтерілісті басып-жаншуды ойластырып, Шато, Тогон, татар тайпаларынан отряд құруды сұрайды. 869 жылы көтеріліс опық жейді.

874 жылы солтүстік-шығыстағы шаруалардың карсылығы күшті шаруалар көтерілісінің шаруалар соғысына айналды. Шаруалар көтерілісінің ошағы Хэнань мен Шаньдун провинңиялары болды. Осы провинцияларда IX ғасырдың 50 жылынан бастап әсіресе шекарадағы жалданушыларға қарсы үкімет әскерлері көптеп келе бастады. Контингенттік әскерлерді қамтамасыз ету жергілікті халықтың мойнына жүктелді. 873 жылы кос өзен Янцзы мен Хуанхэде аса күшті құрғақшылық орын алады. Мыңдаған адамдар аштық азабын бастан кешіреді, бірақ катыгез - қаскүнем чиновниктер шаруалардың соңғы ала жібіне дейін тартын алуды тоқтатпады. Ашу - ызаға толы, жергілікті тұрғындар отрядтарға бірігін, уездік облыс орталықтарына, помещиктер усадьбалары мен монастырбларға шабуыл жасайды. Хэбэйде повстанттар ортасынан түз сатушы Ван Сянь Чжи сұрылып шығады. 874 жылы ол көтеріліс өртін тұтандырып, он мыңға жуық серіктес жинайды. Келесі жылы Шаньдунда Хуан Чао атты, тағы бір түз сатушысы мен сегіз оның серіктестері отрядтар кұрып, Ван Сянь Чжи бастаган повстанттық күш иелері осы отрядтардың қатарына қосылады. 876 жылы Ван Сянь-чжи мен Хуан Чао әскерлер саны жүз мың адамға жетті. Олардың қимыл -әрекеттері арқасында бес провинция алынып, Лоянға кетерілісшілер қауіп төндірді. Үкімет әскеріне қиындык туғызып, олар повстанттыктардың оңтүстікке шегінуіне бұйрық берді.

Тан билеушілері көтеріліс көсемдерін салып алуға тырысты. Ван Сянь-чжи бұл ұсынысты кабыл алып, егер ол әскери жоғарғы шенеулік болса, мемлекет басшыларынан қолдау тауып, шаруаларга көмек көрсете аламын деп тұжырымдайды. Бұл тұрғыда көптеген кикілжіңдер туады. Хуан Чао ызаланып, өзінің жақтас - қатарластың шешіміне қарсы, шығып оны сатқындық жасадың деп қабылдайды. Бірақ, екі повстантық басқарушылар арасында үлкен қикілжіндік туады. Хуан Чао баскарған отряд - солтүстік-шығысқа қарай бөлініп кетеді. 678 жылдың наурызында Ван Сянь-чжи басқарған отряд әлсізденін, жеңіліс тауып, ол отряд қолға алынып, өлім жазасына кесіледі. Хуан Чао әскер отряды Лоянды жаулап ала алмаған соң, 879 жылдың күзінде артқа шегініп, Гуанжоу провинцияларының батарын бағындырады. Қаланың тұрғындары повстанттарға жаңа ашырлықпен қарады. Гуанчжоуда - ірі сауда порты болып, саудагерлер мұнда арабтардан, парсылардаи, еврейлікгерден кұралған. Саудамец айналысушылар, Қытай құрғындарын гартты, көтерілісшілерге олар аля көзбен қарады. Көтерлісшілер әскерлер Гуанчжоуда көп уақыт тұрақтайды. Күзде олар қаланы тастап, кайтадан солгүстікке карангаң зәулім эпидемия болады. әскерлердің 40% эпидемияға шалынады. Солтүстікке жорық барысында шаруалар отряды жаңарып, олардың жалпы саны жарты миллионға жетеді.

Көтерілісшілер күннен - күнге Чаньанға бірнеше шаралар ұйымдастырады. Хубэй провинциясында өткен ірі тан әскерлері повстаннарға күшті соққы беріп, олар Янцзы өзенінің жағалауына шегінуіне мәжбүр болды. Янцзыда - көтерілістіі жаңа орталығы ашылып, шарулар отрядтары біріге бастады. Соңында, Хуан Чао басқарған отряд әскер саны үш жүз мыңға жетті. 880 жылдың жазында ол Лоянға қарай аттанды. Лоян 880 жылдың қараша айында құлады. Тарихи дерек көздеріне жүгінгеннің өзінде Хуан Чао Лоянга кіргенде оның әскерлері тыныштықта еді. Көтерілісшілер император туыстары мен сарай қызметшілерін, жоғарғы чиновниктерді өлтіреді. Сонымен қатар Тунгуань бекініс - заставасы көтерлісшілерге беріледі. Астанаға жол ашық болды. 881 жылы 10 каңтарында Хуан Чао басқарған отряд Чаньанда баяндама жасайды. Император оңтүсгікке - Сяпь янға қашып, содан соң Сычуаньнан орын тебеді.


Дата добавления: 2015-07-08; просмотров: 514 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: ЕРЕСЬ (гр. “айрықша ілім”)-ресми ілімнен ауытқыған ағым,күпірлік | ХІ-ХІІІ ғасырлардағы Жапонияның саяси құрылысы | Скери реформалар, аграрлық жүйе. Дайвьеттің сыртқы саясаты. | Иранды моңғолдардың жаулауы | Манихей діні. | Маздакит қозғалысы. | Араб халифатының саяси басқару жүйесі | Кутб-уддин Айбек | Лы Моғол империясының ішкі құрылымы | Түркия. |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Лекция. Кіріспе. Ерте орта ғасырлар. Феодалдық қатынастардың тууы.| Сун мемлекеті

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.01 сек.)