Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Лекция. Кіріспе. Ерте орта ғасырлар. Феодалдық қатынастардың тууы.

Читайте также:
  1. Лекция. Қытай
  2. Лекция. Устройства отображения информации
  3. Лекция. ХҮІ-ХҮІІ ғасырлардағы Англия, Франция, Италия
  1. Феодализм, орта ғасырлар ұғымы.
  2. Батыс Рим империясындағы құлиеленушілік құрылыстың дағдарысы.
  3. Халықтардың ұлы қоныс аударуы. Варварлық корольдықтардың құрылуы.
  4. Варварлық жаулап алулардың қорытындылары.

1. “Орта ғасырлар” термині тұңғыш рет ХҮІ-ХҮІІ ғасырларда тарихшы – гуманистер тарапынан ғылыми айналымға енгізілген еді. Олар оны өз кезегінде филологтардан алды. Филологтар латын тілін ерте, орта және жаңа латын тілдері деп бөлген еді. Бұл терминология ХҮІІІ ғасырда біржолата орнықты. “Орта ғасырлар” (латынша – medium aevum) курсын зерттейтін тарих ғылымының саласын “медиевистика” деп атайды. Осылайша, жаңа заманның тарихшылары адамзат тарихын: - ежелгі дүние, орта ғасырлар және жаңа заман кезеңдеріне бөлді. Тарих ғылымы дамуының әртүрлі кезеңдерінде “орта ғасырлар” ұғымына деген түсініктерде өзгеріп отырды. ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырлардың тарихшылары орта ғасырларды мәдениеттің құлдыраған, “түнек” заманы ретінде алып, оны мәдениеттің гүлденген антик заманына қарсы қойды. Марксист – тарихшылар орта ғасырларды ең бірінші кезекте – феодалдық қоғамдық- экономикалық формацияның пайда болуы, дамуы, ыдырауы дәуірі ретінде алып қарайды. Соған қарамастан “орта ғасырлар” мен “феодализм” ұғымдары барлық уақытты бір-біріне сәйкес келе бермейді. Олай дейтін себебіміз, бір жағынан алып қарағанда, орта ғасырларда феодализммен қатар басқада қоғамдық – экономикалық укладтар (патриархалдық, құл иеленушілік, кейінірек капиталистік) болды. Екінші жағынан, феодалдық уклад көптеген елдердің экономикасында орта ғасырлардан кейінгі кезеңдеде сақталынып қалды. Мысалы, басқа-басқа, Ресейдің өзінде ХХ ғасырдың басында феодалдық укладтың сарқыншақтарының сақталғандығын еске алыңыз. Ресми түрде бұл елде крепосниктік құқ 1861 жылы жойылды. Европа шаруаларының ХV ғасырдың соңында жеке басының шын мәнісінде бостандық алғанын ескерсек, әлеуметтік жағынан Ресейдің Батыс Европадан 400-500 жыл артта қалғанын байқауға болады.

ХVIII-ғасырдың басынан бастап тарихшылар “феодализм” терминін кеңінен қолданып келе жатқанымен, бұл ұғымның мазмұнына қатысты пікірлерде алуан түрлі. Біреулер оның басты ерекшелігі деп саяси бытыраңқылықты алса, екіншілері феодалдық иерархияны алды, ал үшіншілері биліктің жер иеленуімен және жеке байланыстар жүйесінің үстемділігімен байланыстырады. Бұл анықтамалардың барлығы бір-біріне қайшы келмейді, қайта феодализм ұғымының мазмұны мен қырларын аша түседі. Феодалдық қоғамның өндірістік қатынастарына тән нәрсе, ең бірінші кезеңге ірі жер иеліктерінің феодалдардың қолына шоғырландырылуы. Феодалдық қоғамның екінші бір ерекшелігі-құлдық қоғамнан және капитализмнен - ірі жер иелігінің, тікелей өндірушілер шаруалардың ұсақ жер иеленуімен ұштастырылыуы. Шаруалардың жеке жер иелігі болған жоқ, олардың феодалдардан алған шартты үлестік жер иеліктері ғана болды. Жерді пайдаланғаны үшін шаруалар, келісілген шартқа сәйкес міндеткерліктер өтеді. Батыс Европадағы феодализмнің ерекшелігі, шаруа берілген үлестік жерді мұралық жолмен пайдалану құқына ие болды.

Шаруалардың тәуелділігі феодалдық міндеткерліктер төлеуден көрінді. Феодалдық міндеткерлік үш формада төленді: жұмыспен өтеу (барщина), өнімдей (натуралды оброк) және ақшалай. Ерте орта ғасырларға (V-XIғғ) жұмыспен өтеу, кемелденген орта ғасырларға (ХI-XV) натуралды оброк және кешеуіл орта ғасырларға (ХҮІ-ХҮІІ) ақшалай рента тән болды.

2. Европа феодализмі антикалық құлиеленушілік қоғаммен герман, кельт, славян және басқа халықтардың рулық – тайпалық, “варварлық” қоғамдарының өзара қақтығысуымен өзара араласуынан пайда болды.

ІІІ-Ү ғасырларда Рим империясында дағдарыс күшейе түсті. Құл иеленушілік шаруашылық құлдардың толассыз ағылып келуі жағдайында ғана арзан әрі рентабельді еді. Алайда, біздің заманымыздың ІІ-ғасырынан бастап, шеткері аймақтардан құлдардың келуі күрт азайып, сондықтан олардың бағасы өсті. Құлиеленушілер құлдарды ұзақ пайдалануға тырысып, олардың тұрмыстық жағдайына мән бере бастады. Құлдардың құқықтық жағдайы жеңілдеді. Ол адам деп танылып, оның семья құру құқы мойындалды. Семья мүшелерін күшпен ажыратуға тыим салынды. Тіпті құл өзінің қожасы шексіз қатал болған жағдайда, оған шағым айтып, сотқа жүгіне алды. Құл еңбегі өнімділігін арттыруда үлкен рөл атқарған құл семьясының кейбір мүліктік меншіктік құқтарының – п е к у л и я - мойындалуы болды. Ол бойынша оның жеке заттары ғана емес өндіріс құралдары: жұмысшы аспаптары, мал – мүлкі, шеберханасы, азғантай жер участогі оның жеке меншігі болып есептеліп, заң бойынша қорғалды. Кейінгі антик қоғамда ауылшаруашылығындағы құлдардың жер пекулияларының болуы үйреншікті құбылыс болды. Уақыттың өтуімен ондай құл жерге бекітілген, дербес шаруашылығы бар, бірақ ірі латифундия иесіне тәуелді, оған рента төлейтін егіншіге айналды.

Құлдық шаруашылықтың дағдарысы, сондай-ақ к о л о н а т жүйесінен көрінді. Алғашында к о л о н – қоныстанушы, егінші мағынасында қолданылды, ал б.з. І-ғасырынан бастап әртүрлі дәрежедегі ұсақ арендаторлардың барлығы колондар деп аталды. Олар басқа адамдардың жерлерін келісімшарт негізінде өңдеген еркін адамдар, азаматтар болды. Жерді пайдаланғаны үшін алғашында ақшалай рента, ал ІІ-ғасырдан бастап натуралды оброк төледі (өнімнің үштен бірі).

ІҮ-Ү ғасырларда колондар еркін және тіркелген колондар болып бөлінді. Еркін колондардың жеке және мүліктік құқы өте зор болды. Олардың мүлкі қожайынның мүлкі болып есептелген жоқ. Тіркелген құлдар “жердің құлы” ретінде қарастырылды (ескеру керек – “мырзаның құлы” емес). Бұлардың жеке және мүліктік құқы өте шектеулі болды. Колондардың екі котогориясы да қожайындарының пайдасына әртүрлі міндеткерліктер атқарды. Алайда уақыттың өтуімен колондар категорияларының арасындағы айырмашылықтар азайды. Константин І-дің 332 жылғы эдиктісі бойынша колондардың бір имениеден екінші имениеге өтуіне тиым салынды. Валентиниан І-нің 371 жылғы эдиктісі бойынша колондар белгілі бір имениеге мұралықпен қалдырылды. Осылайша, колондардың азаматтық құқтары, статусы шектелгенімен, олар құлдарға қарағанда шаруашылық жағынан неғұрлым дербес болды. Олардың міндеткерліктері, әдет-ғұрыппен, заңмен реттеліп отырылды. Рим колонатында болашақ, жаңа феодалдық қатынастардың бейнесі көрінді. Кейінгі империя кезіндегі экономикалық механизм – феодализмнің экономикалық механизміне көбірек ұқсады.

Идеологиядағы дағдарыс империяның христиандануынан көрінді. Әлеуметтік саладағы дағдарыс азаматтардың бодандануынан байқалды.

3. ІҮ-ҮІІ ғасырлар Евразия тарихында халықтардың Ұлы қоныс аударуы дәуірі деген атпен қалды. Бұл антикалық өркениеттің күйреуі және жаңа феодалдық қатынастардың тууы дәуірі болды.

Халықтар қозғалысының негізгі себебі варварлық сатыдағы халықтардағы тұрғындар санының өсуі. Осы қоғамдардағы өндіргіш күштермен өндірістік қатынастардың одан әрі дамуы еді. Варварлық тайпалар қоғам дамуының әскери-демократиялық сатысында болды. Бұл сатыда кезкелген қоғам өте агрессивті болады. Қоныс аударуға алып келген себептердің ішінде-қазіргі гидрометереологиялық ғылым анықтағанындай – климаттың күрт өзгеруі маңызды болды. Шамамен б.д. ІІ – ғасырынан Ү – ғасырға дейін Евразия құрылығының ішкері аймағында ауа – райы қатты суыған. Бұл өзгерістер көптеген отырықшы және көшпенді халықтардың шаруашылық өміріне кері әсер етті. Тайпалар мен халықтар жайлы қоныс іздеп, жаппай қозғалысқа келді. Бір халықтар екінші халықтарды жылы орнынан ығыстырды, ал олар өз кезегінде үшінші халықтарды ығыстыруға мәжбүр болды. Қоныс аударуға алып келген келесі факторлардың бірі – сыртқы саяси себептер болып табылады, оның ішінде әлемдік рим империясының әлсіреуі маңызды роль атқарды. ІҮ – Ү ғасырларда халықтардың Ұлы қоныс аударуында герман, прототүрік халықтары мен тайпалары, ал кейінірек славян угро-фин тайпалары басты рөл атқарды. Антикалылық құлиеленушілік өркениеттің құлап, жаңа феодалдық ортағасырлық Европаның қалыптасуынада шешуші рөл атқарған германдықтар болды. Ежелгі Германдықтар туралы бізге антик жазушылар едәуір мәліметтер қалдырып отыр. Олардың ішінде Ю. Цезарьдің “Галл соғыстарының жазбалары”, тарихшы Тациттің арнайы этнографиялық “Германия” атты очеркінің орны ерекше. Сондай-ақ ежелгі германдықтар туралы Плиний, Плутарх т.б. авторлар жазған. Германдықтар бастапқыда батыста Реин өзені, шығыста Висла, Одра өзендері бойында, Скандинавиеде мекендеген.

ІҮ – Ү ғасырларда германдықтардың саяси құрылысында маңызды өзгерістер жүріп жатты. Тайпалық бірлестіктер тайпалық одақтарға ұласты. Төменгі Реин мен Ютландия түбегінде англосаксон тайпаларының одағы; орта Рейнде – аллеман одағы, Эльба мен оның солтүстігінде – лангобард, вандал, бургун тайпалық одақтары құрылды. Дунай мен Қара теңіздің Солтүстік жағалауларында гот тайпаларының екі одағы – в е с т г о т және о с т г о т одақтары құрылды. Остготтар мен вестготтар риммен бейбіт өмір сүре алатындай еді. Басқа тайпаларға қарағанда бұлар римнің мәдени ықпалына ерте түсті. Готтар шығыс римдіктерден христиандықты қабылдады. Екі гот мемлекетінің ішіндегі күштісі Остгот корольдығы болды. Елу жыл бойы Остгот корольдығын Германарих басқарып тұрғанда оларға остготтардан бөлек Славян, Сармат тайпаларыда бағынды. Бұл мемлекетке вестготтар бағынған жоқ. Олар римнің ықпал аймағында болды. Германарих 375ж. ғұн шабуылының қарсаңында қайтыс болғаннан кейін елдің жағдайы өте ауыр еді.

375 жылы Евразияның ішкері аймағынан Каспий қақпасы арқылы Гунн тайпалары Солтүстік Кавказбен Қара теңіз жағалауларына келді. Әуелі остгот тайпалары, сонан соң вестгот тайпаларына ауыр соққылар берілді. Вестготтықтар гунндардан бас сауғалап рим үкіметінен пана сұрауға мәжбүр болды. Рим императоры Валент вестготтарға төменгі Дунайдан Мезия провинциясына қоныстануға рұқсат берді. Бірақ рим үкіметінің чиновниктері уәделерінде тұрмай вестготтарға қорлық көрсетті. Бұған қарсылық көрсеткен вестготтар көтеріліске шықты. Бүкіл Франция тұрғындары вестготтарға қолдау көрсетті. 378 жылы Андрианополь түбінде рим әскерлері талқандалып император Валенттің өзі өлтірілді.

Жаңа император Феодосий І (379-395жж) вестготтарға жаңа территориялар берумен болды. 390 жылдары вестготтарға Адриатика теңізіне жақын Иллирия провинциясы берілді. Осы жерден вестготтар 401 жылдан бастап Италияға жорықтар жасап тұрды. 410 жылы вестгот королі Аларих тұңғыш рет Римді алып, тонады. Аларих көп ұзамай қайтыс болдыда оның мұрагері Атаульф император Ганорийдің қарындасы Галла Плацидияға үйленді. Вестгот королі Атаульфпен император Ганорийдің келісімі бойынша готтарға Оңтүстік Галлияден жер беріліп, тұңғыш рет 419 ж Рим империясының территориясында Тулуза варварлық корольдығы құрылды. Галлияға қоныстанған готтар жерді қайтадан бөлуді жүзеге асырды. Олар жергілікті гал – рим құл иеленушілердің жерлерінің үштен екісін тәркілеп, “жеребе” бойынша өзара бөлісіп алды. Осылайша варвар – жауынгерлер шаруа қауым мүшелеріне айналды.

 

4. Сонымен, Батыс Европаның картасы Ү-ҮІ ғасырларда түбірінен өзгерді. Рим империясының батыс бөлігі өмір сүруін тоқтатты. Шығыс рим империясы – Византия деген жаңа атаумен өмір сүруін жалғастырды. Европада ондаған варварлық мемлекеттер пайда болды. Тұрпайы қарадүрсін болсада бұл жаңа әлеуметтік - саяси саты еді. Нақтырақ айтқанда варварлар өркениетке қарай алғашқы қадамын жасады.

Халықтардың ұлы қоныс аударуы жәй ғана механикалық қозғалыс емес, үлкен әлеуметтік экономикалық салдарларға алып келді. Варварлар империяға басып кіріп, ірі римдік жер иеленуді жойды. Құл иеленушілік қоғамды құлатуға құлдар мен колондарда тікелей қатысты. Олардың көпшілігі варварлық әскерлердің құрамында соғысты. Уақыттың өтуімен римнің құлдары мен колондары шаруалар бұқарасына айналды. Варварлық көсемдер мен шонжарлар жаңа жер иелеріне айналды, бірақ оларға біріншіден құл еңбегінің көп қажеттігі болмады. Құлдардың саны бұл кезде күрт азайған еді. Екіншіден, рим құл иеленушілерін алмастырған жаңа ірі жер иелері өздерінің құлдарын – оброк төлеп отыратын егіншінің жағдайына алмастырды. Солай еткен оларға тиімді болды.

Плантаторлық классикалық құлдықтың ендігі жерде қажеті болмады. Ежелгі римдік мағынадағы құлдық жойылды. Бұрынғы ірі құлдық жер иеліктері енді қайтадан бөлінді. Олардың бір бөлігін жаңа шонжарлар иемденсе, екінші бөлігі еркін – қауым мүшелері шаруалардың үлесіне тиді.

Бақылау сұрақтары:

1.“Орта ғасырлар” ұғым-термині қашан пайда болды?

2. Феодализм терминінің мәні неде?

3. Құл иеленушілік қоғамдар дағдарысының негізгі көріністерін атаңыз.

4. Рим империясының құламау баламасы болды ма? Осы төңіректе ой өрбітіңіз.

5. Варварлық жаулап алулардың қорытындыларына дербес сараптама жасаңыз?

 

 

Әдебиеттер:

1. З.В.Удальцова., С.П.Карпов. История средних веков. М., 1990.

2. История средних веков в 2х томах. Под ред. С.П.Карпова. М., 2003.

3. Буданова В.П. Готы в эпоху Великого переселения народов. М., 1990.

4. Корсунский А.Р., Гюнтер Р. Упадок и гибель Западной римской империи и возникновение германских королевств (до середины ҮІ в) М., 1984.

5. Шервуд С.А. Законы лангобардов. М., 1992.

6. Буданова В.П. Этнонимия племен Западной Европы: рубеж античности и средневековья. М., 1991.

7. Барг М.А. Эпохи и идеи. Становление историзма. М., 1987.

8. Бессмертный Ю.Л. “Феодальная революция” Х-ХІ вв?” // Вопросы истории. 1984., № 1.

9. Гутнова Е.В. Историография истории средних веков. 2-издание. М., 1985.

10. Коптев А.В. От прав гражданства к праву колоната. Вологда. М., 1995.

 

 


Дата добавления: 2015-07-08; просмотров: 1260 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Сун мемлекеті | ХІ-ХІІІ ғасырлардағы Жапонияның саяси құрылысы | Скери реформалар, аграрлық жүйе. Дайвьеттің сыртқы саясаты. | Иранды моңғолдардың жаулауы | Манихей діні. | Маздакит қозғалысы. | Араб халифатының саяси басқару жүйесі | Кутб-уддин Айбек | Лы Моғол империясының ішкі құрылымы | Түркия. |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
ЕРЕСЬ (гр. “айрықша ілім”)-ресми ілімнен ауытқыған ағым,күпірлік| Лекция. Қытай

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.018 сек.)