Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Иранды моңғолдардың жаулауы

Читайте также:
  1. Моңғолдардың Русьті жаулауы

І. ІІІ ғасырда қалыптасқан Сасанидтер мемлекеті Парфян державасының орнына келді. Оның ұүрамына Иранның кең аумағы, Месопотамия, Үндістанның батыс аймағы, Хузистан және Шығыстыі таулы аудандары кірді. Елдің әр аймағындағы экономикалық даму әр түрлі болып қалыптасты.

Сасанидтер мемлекетінің халқы көбінесе жер шаруашылығымен айналысты. Таулы өлкені мекендейтін тайпалар көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан белгілі қалалары елдің батыс бөлігінде орналасқан. Сол қалалардың ең белгісі – Ктесифон. Ктесифон Сасанидтер мемлекетінің астанасы болған. Сасанидтік қалалардың көбі қолөнершілердің шығарған өнімдерімен белгілі болған. Олардың дайындаған өнімдері, маталар мен қару-жарақтары өте сапалы, әрі керемет әдемі болған. Ежелгі сауда жолдары Батыстан Орта Азия мен Қытайға Иран территориясы арқылы өткен.

Иранның біршама аудандарында құл иеленушілік құрылыс, құлдық қарым-қатынас дамыған. Көбінесе құлдар туралы деректер «Матиган-и хазардадестан» атты сасанидтік судебникте кездеседі. Құлдарды сол уақытта сатып жіберіп, сатып алуға құқылы болған. Құлдарды орташа бағасы 500 драхм. Көбінесе қылмыс жасаған азаматтарды құлдыққа сатып отырған. Сол уақытта еркіндіктің күрделі жүйесі болған. Құлдар кей жағдайда өздеріне тиесілі заттарға және келісім шарт жасауға құқылы болды. Ендігі жерде құлдарға өздері жасаған өнімдерін пайдалануға құқық берілді.

Құлдар көбінесе жер өңдеу ісінде еңбек етті. Уақыт өте келе құлдардың жерді өңдеу ісіндегі еңбегі, егін шаруашылығында атқарған еңбегі тиімсіз бола бастады. Өйткені егін шаруашылығы жоғары интенсивті еңбекті қажет етті. Билеуші топ өкілдері эксплуатацияның жаңа формаларын іздей бастады.

Деректерде жер иеленудің түрі – дасткрад жиі кездеседі. Құлдар бір жерге орналасқаннан кейін басқа жерге ауыса алмаған және өз мекенінде бөтен болмаған. Дасткард ірі және ұсақ иеліктерге сонымен қатар тәуелсіз шаруаларға тиесілі болған. Белгілі адамдардың жерінде құлдарға біраз еркіндік және өздері дайындаған өнімді пайдалануға рұқсат берілді.

Еңбек өнімінің дамуына байланысты билік басындағылар салық көлемін ұлғайта бастады. ІІІ – Ү ғасырларды Иран аристократтары шаруаларды эксплуатациялау жүйесін күшейту мәселесін қолға алды. Бірақ бұны іске асыру қиынға соқты, өйткені шаруалар, қауым адамдары бұған қарсы болды. Көп уақыт бойы Иран шаруаларын эксплуатациялау салық алу арқылы жүргізді. Ү ғасырдың ІІ жартысында ақсүйектер салықтың ортақ жүйесін енгізді. Сол уақытта салықтың хараг, гезид түрлері пайда болды. Олар жер салықтары болып табылады.

Шаруалар қауымын эксплуатациялау күшейгенімен, иран шаруашылығы әлі де тәуелсіз болып табылды. Ауыл тұрғындары арасыгнда үлкен жанұялы қауым маңызды роль атқарды. Одан да маңыздырақ ауылдық көршілес қауым болды. Ол бірнеше үлкен жанұялардан құрылған. Үлкен жанұя қауымын кед-худа басқарды. Кед-худа билеушісі болып табылады. Сонымен қатар ауыл старостасы өзіне көптеген міндеттерді алды. Мысалы администраторлық және финанстық кызметтер. Сондай ақ олар құлдарға да праволы болды. Кейбір Иран аудандарында жанұялық қауым ҮІІ ғасырдың соңына дейін сақталып қалды.

«Азат» деп тәуелсіз қауым мүшелерін атаған. Кейін келе «Азат» деп өз еркімен еңбек істейтін басты қадамдарды, өзін-өзі қамтамасыз ете алатын, соғысқа қару-жарағымен, атымен аттана алатын адамды айтады. Осы ұғымға Ү ғасырда кед-худа және дикхане түсініктері кірді. Декхан деген термин азат, тәуелсіз жер иесі, шаруа деген мағынаны білдіреді. Декхандар құлдардың көмегімен жерді өңдеген.

Тұрғындардың көп бөлігі қолөнершілерді құрады. Көптеген Иран өнімдері сол кездегі қолөнершілердің іскерлігін көрсетеді. Деректерде қолөнершілердің бірлестіктері болғандығын айтады. Сонымен қатар Сасанидтер мемлекетінде қолөнершілердің жағдайы онша болмаған, олардың жасаған өнімдері төмен саналып, еңбегі бағаланбаған, яғни қолөнершілердің қызметі төмен саналған. Сасанидтер мемлекеті төрт сословиеге бөлінген. Олар: жауынгерлер, духовенство және ченовниктер, шарулар, қолөнершілер, саудагерлер. Төменге сасловиеден жоғарғы сасловиеге көтерілу мүмкін болмаған.

Мемлекеттік құрылысы. ІІІ ғасырдың басында сасанидтердің белгіңлі өкілі Ардашир бүкіл Парс елін және Иранның орта аймақтарын, Хузистанды өзіне қаратып, билігін жүргізді. 226 жылы Ардашир мемлекет басшысына айналды. Ол 241 жылға дейін билік жүргізді.

Мемлекеттің жоғарғы билеуші шаханшах деп аталды. («Царь царей»). Мұрагерлікпен билікке келу қатаң түрде сақталмаған, бірақ билік басына келетін адам Сасанидтер әулетінен шығуы міндетті болды. Шаханшазты сайлау көбінесе белгілі адамдардың ықпалымен өтті. Административтік аппараттың басында вазург – фрамадар тұрды. Орталық өкіметтің міндетіне әскер және елдің әлеуметтік жағдайы кірді.

Провинциялар жергілікті шіркеулер мен князьдар билік жүргізді. ҮІ ғасырға дейін Сасанидтердің әскері тайпалардың біріккен отрядынан тұрды. Негізінен оларда атты әскер негізгі роль атқарды. Әскерді әскери аристократтардың өкілі басқарды.

Мемлекеттік дін – зороастризм. Сасанидтер державасында зороастризм мемлекеттік дін болып саналды. Зороастризм ақсүйектер билігін нығайтуда маңызды орын алды. Зороастризм негізінде Сасанид кезеңінде дуалистік идеялар болды. Көптеген құдайлардың және сыртқы тылсым күштерге сену культі көптеген абыздар арқылы жүргізілді. Культтік орындар храмдар болып табылды. Храмдар үнемі жанып тұратын от болған. Ол оттың жанында әр түрлі әндер мен қасиетті мәтіндерді оқумен өтетін рәсімдер жүргізілген. Зороастристік храмдар мен абыздардың жоғары өкілдерінде құлдар еңбек ететін жерлер болған храмға әкелінген әр-түрлі заттардың арқасында олар мол табысқа ие болды. Сондай-ақ абыздар діни рәсімді өткізуден біршама табысқа қол жеткізген. Кейде абыздар діни ережелер мен рәсімдерді дұрыс атқармаса, оларға айып пұл төлеткен.


Дата добавления: 2015-07-08; просмотров: 377 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: ЕРЕСЬ (гр. “айрықша ілім”)-ресми ілімнен ауытқыған ағым,күпірлік | Лекция. Кіріспе. Ерте орта ғасырлар. Феодалдық қатынастардың тууы. | Лекция. Қытай | Сун мемлекеті | ХІ-ХІІІ ғасырлардағы Жапонияның саяси құрылысы | Маздакит қозғалысы. | Араб халифатының саяси басқару жүйесі | Кутб-уддин Айбек | Лы Моғол империясының ішкі құрылымы | Түркия. |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Скери реформалар, аграрлық жүйе. Дайвьеттің сыртқы саясаты.| Манихей діні.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)