Читайте также: |
|
Сун кезеңін –Қытай экономикасының, мәдениетінің, басқарушылық іс-әрекетінің шарықтау шегімен байланыстырады. Бірақ ішкі саясатпен империяның суверенитетіне байланысты біршама мәселелер өз шешімін таба алмады. Хғ. басында Қытай мемлекетінің солтүстік-шығысында өмір сүрген монғол этникалық қоғамынан құрылған қидандар қытайлармен, олардың мәдениетімен ұзақ қарым-қатынас жасап отырған. Қытай империясының басына саяси қиындық туған жылдары Елюя әулетінен шыққан Апока жоғарғы көшпенділердің басшысы және өзін император жариялаған болатын. 947 жылы олардың негізінде құрылған мемлекетке Ляо деген қытайлық мағына берген. Олардың өмір сүруі 916-1125 жылға дейін созылды. Қытайды жаулауға байланысты болған соғыстар жас мемлекетке ірі-ірі жеңістер әкелді. 946 жылы қидандар Кайфын патшалығының астанасын да жаулап алған. Бірақ бұл қуаныш ұзаққа созылмады. Ляо мемлекетінің әскері қытайдың солтүстігін толығымен жаулап алды, олар жаулап алған әрбір аймақ Ляо мемлекетінің қол астына кірді. Қытайлықтар мен корейліктер Ляо мемлекетінің басқарушылық құрылымын біршама ретке келтіріп отырды: қытай иероглифтік базасында қытай элементтерінің жазу үлгісіндегі әрбір иероглифтің мән-мағынасын ашу, бірнеше қалалар, салт-дәстүр, сауда еркін түрде дамып отырды. Мұның барлығы қытайлықтар мен корейліктердің арқасында жүзеге асып отырды.
Тан династиясының артынан 907 жылы империя құлады. Анархияның уақыты туып, Қытай тарихында «бес династия» деген кезең басталды. Бес диктатуралар аз уақыт ішінде елдің солтүстігінде бірін-бірі алмастырып отырды: Кейінгі Лян (907-923); Кейінгі Тан (923-936); Кейінгі Цзинь (936-947); Кейінгі Хань (947-951); Кейінгі Чжау (951-960).Бұл тұрақсыз династияның императорлары болып әскери, соның ішінде варварлық тұқымнан шыққан адамдар болды. Сол кездері басқару ретсіз болған еді, оның себебі тұрақсыз императорлардың салдарынан болды. Бұл ретсіздік елдегі азаматтық соғыстың басталуына әкеп соқтырды.
Сун мемлекеті Қытай жерін бір империяға үш рет біріктірді, олардың әрбір әрекеті Хань мен Тан мемлекетінен айырмашылықта болды. Мемлекеттің құрылуы жағынан, беделімен ішкі және сыртқы саяси өмірі де, тіпті құлдырауы да тек өздеріне ғана тән іс-әрекет бола білді. Хань мен Тан мемлекетінен айырмашылығы ұлттық байланыстар бейбітшілік жолмен шешіліп отырды. Жаңа династияның жаулары болып империяның халқы емес, солтүстіктен ұлы қорғанға дейінгі өмір сүріп жатқан дала халқы болды. Сун династиясының негізін салушы Чжао Куан-инь, Чжочжау ақсүйектерінен шыққан солтүстік азаматы еді. Болашақ император генерал болатын.
Егер Қытай мемлекеттері мен провинцияларының көпшілігі Сун империясын қуанышпен құптаса, солтүстік халқы оңайлықпен беріле қоймайды. Сун мемлекетінің екінші императоры Пекин мен Ұлы Қорған арсындағы жоғалтылған территорияларды қайтаруға тырысты. Сун мемлекетінің құрылуындағы бірнеше саяси, экономикалық жағдайлар қытай халқының психологиясын, сана-сезімін де күрт өзгертті. Салық салу саясаты да, жер бөлігі, тұрмыстық өмірі де өзгерген.
946 жылы қидандар Кайфын патшалығының біраз бөлігін өздеріне қаратып алған болатын. Қытайлықтар мен корейліктер Ляолармен басқару негізі бойынша бірнеше мәселелерді шешуге тырысты. Мысалы, қытайлықтар өздерінің иероглифтары негізінде жазып отыруға, қаланың архитектурасын дамытуға, сауда мен қолөнерін сол қалпында сақталуына келісім жасады. 1004 жылы қидандар қытайлармен мынандай бейбітшілік келісімге отырды: Сун астанасы жыл сайын Ляоларға 200 мың бірлік жібек, 100 мың лян күміс тапсырып отырды. 1075 жылы Қытай қидандарына бірнеше солтүстікқытай бөлігін жаулап алды.Бірақ қидандар қытайлардың негізгі жауы болатын. Х-ХІ ғ. басында Қытайдың солтүстік аймағында Батыс Ся деген мемлекет құрылды.
Әлеуметтік прцестің жылдамдауы мен мүліктік теңсіздік монғолдардың мемлекет араларындағы шабуылдарын жиілей түсті. Монғол даласымен көршілес жатқан оңтүстік Сібірді жаулап алғаннан кейін, Шыңғыс армиясы 1210 жылы чжурчжэндармен соғысып, 1215 жылы Пекинді жаулап алды. 1226-1227 жылдары Қытайдың солтүстік –батысындағы тангуттар мемлекеті жойылып кетті. Тангуттардың жартысы аяусыз өлтірілсе, ал қалған бөлігі монғолдардың құлдары болып кетті. 1231 жылы монғолдардың келесі күші қайтып Солтүстік Қытайға қайтып, осы жерде чжурчжэндер құрған Цзинь мемлекетінің күл-талқанын шығарды. Дәл осы уақытта Шыңғыс әскерінің қалған бөлігі Азия мен Европаны жаулап алуға кірісті. 1235 жылы Қытайдың оңтүстігі толығымен Шыңғыс әулетінің иелігіне өтті.Қытайдың оңтүстігін жаулап алуға 40 жыл уақыт кетті. Бұл ұзақ уақытқа созылған соғысты басқа соғыспен салыстырсақ, сундық қытайларға деген қатыгездікті байқауға болады. Жүздеген жылдармен құралған Қытай экономикасы мен мәдениеті, мүліктік қазынасы бір күнде-ақ жоқ болды. 1276 жылы ғана Ханчжоу астанасы, оның соңғы императоры да қарсыластық көрсетті.
1280 жылы Сун мемлекеті толығымен монғол билігінде болды, ал ұлы Хубилай монғолдық Юань династиясының қытай императоры болып жарияланды. Юань династиясы Қытайдың негізгі бөлігінде бір ғасырға дейін, ал Солтүстік Қытайда бір жарым ғасыр үстемдік етті. Бұл Қытай тарихы үшін Нань-бэй чаодан кейінгі басынан өткізген ең қиын кезең еді. Мысалға,монғолдарға қарсы келген, қытайлық сол жерде аяусыз өлтіріліп отырды. Бұл аяусыз жағдайлар Елюй Чу – цайдың ұсынысынан болған. Елюй Чу – цайдың кеңесшісі болған. Кеңесші бірінші ол адам қоғамға қандай кіріс әкеледі деген сұрақтарға жауап іздеп одан кейін барып қана, оларды атып отырған. Қытай тарихында бұрын болмаған құлдар көбейді.
Қытайды монғолдар басып алғаннан кейін Сун мемлекетінің экономикасы біршама нашарлап кетті, ал сауда мен жер мәселесі мүлдеи ақылға сыймады. Әкімшілік басқаруына келетін болсақ, конфуция ақсүйектері мүлдем биліктен алынып тасталып, өз орындарын монғолдардың хандарымен әскер басшыларына берді. Қытай тұрғындарын ешқайда шығармады. Қытайдың оңтүстігіндегі халықтар үшінші және төртінші сорттағы адамдардың қатарына жатқызылды. Мұндай монғолдар салған ережелерге қытайлықтар ондаған жылдар өткеннен кейін қалыптасты.Салық салу саясаты да, жер бөлігі, тұрмыстық өмірі де өзгерген. Сонымен Сун мемлекетінің негізін қалаған Чжан, Ван, Ли және Чжаолар есімі Қытай тарихындағы ұлы тұлғалар Қытай тарихындағы ең ұлы мемлекетке, өмір сүру ұзақтығы да осы Сун мемлекетінің еншісінде болатын.
Юань және Мин династиялары.
Империялық кезең (VI -XIII г. аяғы) Тан династиясының билік ету кезеңінде Қытайда императорлық биліктің классикалық типі қалыптасады. Елде ереуілдер, шаруалар соғысы (874 - 883 ж.), солтүстікте тибет, ұйғыр, танғұтгармен қарама-қайшылық өріс алады. Айтылған фактілердің барлығы Тан режимінің агониясына әкеп соғады. X г. Кейінгі Чжоу мемлекеті пайда болады. Жерлердің бірігуі 960 ж. аяқталады. Оны іске асырушы Сун династиясының негізін қалаушы Чжао Кульи. Осы ғасырда Қытай картасының солтүстік - шығыс бөлігінде Ляо Мемлекеті пайда болады. 1038 ж. солтүстік - батыс иеліктерінде талғут империясы Батыс Ся пайда болады. XI г. Ортасынан бастап Сун, Ляо, Ся мемлекет серінің арасында біркелкі жағдай болады. Ал XII ғ. бүл жағдай жаңа тез өсіп келе жатқан мемлекет чжурчжендердің пайда болуымен бұзылады. Чжурчжендер тұңғыш халықтарының бір бөлігі, Маньчжурияда империя кұрып, 1115 ж. оны ІДзинь империясы деп атайды. Бұл мемлекет өте тез арада Ляш мемлекетін жаулап алады. Бірақ Сун императорының ағасы Оңтүстік Сун мемлекетін кұрып, астанасы етіп Ляньанді жаряилайды (Ханьчжоу). Сонымен монғол жаулап алушылығың карсаңында Қытайда екі мемлекет билік етеді. Солтүстікте Цзинь, оңтүстікте - оңтүстік Сунь мемлекеттері еді. Осы кезде Қытайдағы халық саны 80 - 100 млн. адамды құрайды. Тан мен Сун империясының билік ету жүйелері жоғарғы дәрежеде болады. 963 ж. бастап, барлық әскери жүйелер императорға тікелей бағынады. Бюрократтық аппарат саны 25 мың адамға дейін еседі.
VII - XII ғ. Қытай экономикасы аграрлык өндіріске негізделеді. Сундік Қытайда мемлекеттік жер фонды жайлы түсінік қалыптасады. Салық төлеу жүйесі тотальды болған. Мемлекеттің бірігу есебінен қалалардың саны өсті. Урбанизацияның дамуына көптеген факторлар тікелей әсерін тигізді. [3; 262]Сауда саттықтың дамуына VI ғ. өлшем мен салмақ бірліктерініц пайда болуы мен күміс тиынның шығуы үлкен үлес қосты. Сыртқы сауданы активизациялау VII - VIII ғ. аралығында іске асты Шенеуліктердің алтын ғасыры болып Сун уақыты аталады. Мұнда 9 ранга мен 30 дәрежеден тұрады. Мемлекеттік емтихандар енгізіліп, содан кейін шенеуліктер жұмысқа кабылданды. Халықтың 60 % қарапайым шаруалар еді. IX ғ. жеке - толық кұқылы емес сословиялар (Цзянь Жэн) -дьщ КҰРУ процесі жүре бастады. Олар: мемлекеттік феодалдар (гуаньху), колөнершілер (гун) және музыканттар (юэ), жеке және тәуелді жерсіз жұмысшылар (буцой). Негізгі сословиелік қабатын буддалық және дастық монастырлар кұрады.
Люмпендік бағыттар пайда бола бастаған қалаларда үкіметке карсы ереуілдер шыға бастады. Билік басындағыларға қарсы бағытталған ең үлкен көтерілісті бастаған Фан Ла болатын. Ал Цзинь империясының территориясында XIII ғ. дейін «кызыл күртемелер» мен «қара жалаушылар» көтерілісшілер ұйымдары болатын. Орта ғасырларда Қытайда діннің 3 түрі пайда болады; буддизм, даосизм, конфу цизм. Тан дәуірі кезенде даосизм қолданысқа еніп, Лао - Цзидың трактаттары дұрыс деп есептелген.
3. Монғолдардың Қытайды жаулап алуы. Юань империясы Монғолдардың Қытайды жаулап алу процесі 70 жылға созылды. 1215 жылы Пекин алынып, 1280 жылы Қытай толықтай монғолдардың қол астында болады. Таққа Кұбылай отыра салысымен хан ордасы Пекинге көшіріледі. Сонымен қатар Қарақорым мен Шандун астана дәрежесінде болады. 1271 жылы Ұлы хан билік еткен бүкіл территория Юань деген атқа ие болады»
Монғол билігі Қытай территориясында I ғасырда таяу уақытқа созылады да, Қытайлықтар үшін қиын кезең болады. Әскери күштілігіне қарамастан, Юань империясы өзінің тұрақтылығы, беріктілігімен көзге түспеді, әр уақыт халықта ереуілдер болып тұратын, кұпия буддалық "Ақ лотос" ұйымы кұрылды.
Әлеуметтік кұрылшыстың бір ерекшілігі, ол тең емес төрт категорияларға бөлінген. Солтүстік қытайлар мен оңтүстік тұрғындары 3 және 4 категорияға жатқызылатын, ал I - II категорияларда орталық Азиядан келген өкілдер мен монғолдардың өздері болған. Юань империясының билігі әскери күштілігінің арқасында ғана іске асатын. Әр қалады 1000-ға жуық монғол әскерлері, ал Хан ордасында 12 000 әскери адамдар болған. Юаньнің Вассалы болып Тибет пен Корё (Корея) табылатын. XIII г. 70 - 80 ж. Монголдардын Жапония, Бирма, Вьетнам, Ява аралып жаулап алу жарықтары сәтсіздікпен аякталған болатын. Юаньдік Қытайға Европа көпестері мен миссионерлері келген және Марко Поло, Арнольд сияқтылары сол кезеңдегі Қытай жайлы жазба деректерін қалдырған. ХІІг. салықтың әр-түрлі типтері еңгізіледі, олар: ер адамға төленетін салық, жер салығы болды, олар жібекпен, күміспен төленетін. Жер жеке және қазыналық болып екіге бөлінетін. XIV ғ. жеке меншік салығы көбейе, өсе түседі. Бұл жерлерде кұлдар еңбек ететін. Жер иеліктері көбіне әскери биліктілігі үшін қолбасшыларғасыйға берілетін. Қалалық өмір тек XIII ғ. пайда бола бастады.
Реестрлік тізімдерде 1279 жылы 420 мың мастер тіркелген. Монғолдар билік етуде қытай жүйесіне сүйенетін. ХШ г. қағаз ақшаның инфляциясымен, сауда; I орында нақтылы айырбас болды. XIII ғ. ортасынан бастай, монгоордасының ресми діні болып, Ламаизм - тибет буддизмнің бір ілімі есептеледі. Құпия діни секталар пайда болды. Юань империясының билі күру уакыты өте кысқа болды. Монғолдардың билік етуі Қытай мәдениетін өзгерте алмады. Бірақ монғолдардың қатыгездігі кей сәттері кытай халқы мен мәдениетін жойып жіберетіндей көрінетін. Соғыс кимылдарын жүргізу үшін Шыңғыс ханға қаражат керек еді. Монғолдардың билік кезегінде, соның ішінде Құбылай ханның кезіңде Қытайдың билік ету жүйесі толықтай жойылды. Билік басында шет елдерде келгендер болды. Солардың бірі Марко Поло еді. Бұл билеушілер шенеуліктер Қытай тілін мүлдем білмейтін, олар ресми тіл яғни монғол тілін жаттауға тырысатын. Көптеген Юань ескерткіштері мен жазбалары шала қытай немесе аударылған монғол тілінде жазылған. Егер де монғол үстемдігі Қытай жерінде бірнеше ғасыр соқталса, қытай тілімен не болары белгісіз, мүмкін жоғалып та кетер еді. Конфуниилік билеу мен білім бер жүйесінен бас тартып, қытайлыктарға жат буддизмді қабылдаған Юаң династиясының билік ету кезеңі қытайлықгардың жадында шетелдіктердің билік кұру кезеңі ретінде сакталған. Монғол езгісіне қарсы кытай халқының көтерілістері 1368 жылы Мин династиясының тақты орнығуымен дәлме – дәл келеді.
4. Мин Империясы. Чжу Юаньчжэн Чжу Юаньчжан өте дарынды адам еді. Оның ата - анасы кедей шаруалар еді, олар өз өмірін сақтай балаларын аман шығып қалу үшін ұлдарын буддалық монахтарға сағыс жіберген. Біраз жылдан кейін Чжу Юаньчжан шіркеуден қашып, қарақшы болып кейіннен көтерілісті басқарушылардың біріне айналады. Оңтүстік Сун қытайлықтар ең көп қоныстанған жер еді, сондықтан ол жерді үстемдігіне қаратсы, ол монғолдарды сол аумақтан аластата алатынын білді. Ол 1366 жылы әскерді өз қоластына алады. Нанкинді жаулап болған қалаға ие болады. Осы жерде ол Жаңа Мин (Светлая, жарық династиясының пайда болуы жөнінде жариялайды. Чжу Юаньчжан ауылдарды баскарудың жаңа жүйесі «Лицзяны» енгізеді. Бұл жүйе бойынша әрбір 110 аула, бөлек өлшем бірлік «ли» - ды құраған. Ол әрбір 110 аула 10 үйден тұратын «нзя»- ларға бөлінетін олардың өз старосталары болган Старостаның міндеттерінің бірі- салық жинау болған. 1393 жерді қайта тіркеу жүзеге асты. Барлық билік император қолында шоғырланды. VIII ғасырдың ортасынан бастап жалдамалы әскерлср пайда болған. Император тұрғындарды екіге бөлген халық "минь" және әскер "цзюнь".
Бұрын басқа династиялар аттарын билік еткен территорияларына байланысты қойса, мысалы: Сун Хэнаньнің классикалық бір бөлігі. Ал Чжу Юаньчжан болса, шаруалар тобынан шыққандықтан династиясының атын ерекше атаған. Үш жүз жыл өткеннен кейін Маньчжурлер бұл үлгіні қайталап, империяның атын Цинь яғни "таза" деп қояды. Өте көп билік өткеннен кейін 1398 жылы Чжу Юаньчжан қайтыс болады. Ол империядағы билікті бекітті, өте үлкен беделге ие болды. Оның не байлығы, не жоғарғы лауазымы болмаса да, ол өте берік династияның байлығы, адамның билік етуіндегі өзіндік кемішіліктері де бар, мәселен ғұмыр бойы ол билік еткен кезеңде елде тыныштық болса,билік басына бала келгеннен кейін бұл жағдай күрт өзгеруі мүмкін еді.
Мин династиясыда дәл осы жағдай өріс алды. Кронц - принц өз әкесінен қайтыс болып, мұрагері етіп он бес жасар ұлын қалдырды. Жас данын көптеген соғыстарда басшылық еткен, әскер ісін жетін білетіны болады. Ол өзінің ағасының ұлын ханзада ретінде сыйлаудан бастартын, елде әр түрлі бүліктер ұйымдастырады.
Бала император билік еткен кезең өте нашар болады. Нанкин Янь ханзаданын басқаруымен алынып, ал император сарайы өртеледі. Бұл кезде жас император жоғалып кетеді. Оны қайтыс болғандардың ішінен ешкім тани алмайды. Янь ханзада таққа отырады. Ол өзінің астанасын солтүстік штаб - квартираға көшіріп, Пекин, яғни "солтүстік астана" атты атау береді де Нанкинді екінші, яғни "оңтүстік астана" қылады.
Жаңа император Юньлэ (тарихта аты солай қалған) жас императордың өлгеніне күмәндәніп, оны іздейді, бірақ таппайды. Көп уақыт өте келе Юнь - лэ қайтыс болып, тақта оның немересі отырған кезде, Пекинге бір кәрі монах келіп, өзінің 15 жасында жоғалып кеткен император екендігін айтады. Кәрі евнух оны таниды. Кәрі монахқа яғни, экс - императорға Пекиннің қасындағы монастырде қалып, өмір сүруге рұқсат етіледі. Бірақ ресми түрде ол баяғыда өлген деп есептеген болатын.
Юн - лэнің қарсыластары болмады, сол себепті ол Пекинде 1424 жылға дейін билік етті. Юн - лэнің билік ету кезіңде Африкаға экспедициялар жасақталды, Қазіргі Пекиннің негізін қалаған да сол, Юн -лэ қайтыс болған кезде монғолдарды куғаннан бері Мин династиясының өмір сүргеніне елу алты жыл толды. Мин династиясының кезеңінде Қытайды Маньчжуриямен қосатын жол, ішкі монғолиядан келетін таулы жолдар Қытай жауларының қол астында болы. Сол аудандар Қытайдын үлкен өндіріс орындары орналасқан жерлер болатын, олардың сонда территорияда орналасуы үлкен қауіп туғызады.
Мин имериясының құлдырауы. Мин династиясы Маньчжурияны өз провинциясыны айналдырып, өз иеліктерінің қатарына қосты. Тан династиясыныц билік етуінің соңына карай Маньчжуриядан үлкен қауіп болды. Сондықтан Мин династиясы оны дереу бағындырып алды. Мин билеуі кезеңінде Маньчжурлер өзін-өзі басқаруды үйренді, Қытай жүйесінен қабылданады. Және қидандар кұсап өте аз уакыт ішінде қытайға қарсы тұра алатын әскери мемлекет болып шыға келді. Юн Лэнің мұрагері таққа отырғаннан кейін он ай өткен соң қайтыс болады. Ал оның ұлы (Юн Лэнің немересі) он жыл билік етеді. Сонымен Юн Лэнің қайтыс болғанына бірнеше жыл ғана толғанда, тақта оның сегіз жасар шөбіресі Чжун Тун отырады. Ол бала болғанда билік анасы регентшаның қолында болады. 1443 жылы Чжэн Тун кәмелетке толып, билік басына келеді. Чжэн Тун өз нөкерлеріне қатты сеніп, солардың ішінде Ван Цзинді қатты сыйлап, тыңдайтын. Соның кеңесіменол 1449 жылы монғолдарға қарсы жорыққа аттанып, онымен коймай, Ван Цзинді бас қолбасшы етіп қойды. Әскер істе ештеңе білмейтін Ван Цзинді шайқаста жеңіліп, қаза тапты, император Чжэн Тун монғолдарға тұтқынға түсті.
Қытайда таққа императордың бауыры отырады яғни, Дай - Цзун сегіз жыл билік етіп, ауырып қалған кезде, минитрлер Ин - Цзун босатуын талап етіп, монғол тұтқыншылығынан оны босатып, қай император етеді. Ол таққа Тянь - Шунь атымен отырады. XV - XVI дейінгі кезең Қытайдың гүлдену кезені. Мұнда Чжэн Хуа, Хун Чжи, Чжэн Дэ, Чжи Цин императорлары билік етіп, елде тыныштық болды, және 65 императорлардың есімдері Мин императорлық фарфор ыдыстарына сақталған. Бұл кезеңде Мин империясында жаңа әдеді жанр - дастан кең орын алған. Европадағы Ренессанс, яғни "қайта өрлеу" Қытайдағы Мин династиясының гүлденуі кезеңі ұштасады. Ал XV ғасырда ғылымның гүлденуі керісінше, Мин империясының билігіне аяқталуымен дәлме - дәл келеді. Қанша тырысқаның
Мин династиясы Қытай мәдениетін қайта тұрғызды, бірақ оны жоғары дәрежеге дейін жеткізе алмады. Ван Ли (1573-1620) Мин династиясының соңғы билік басында ұзақ отырған билеушісі еді. Елде паракордық үстемдік етті. Барлық шенеулік евнухтар пара алды. Мысалы: XVI ғ. бас евнух 251 583 600 мыс унциясына тең дүние жинақтады. Дәл осы кезде фарфор өндірілген болатын. Бірнеше оңдаған жыл бұрын Ван Лидің табатын ашқан кезде өте үлкен көлемде мыс және алтын бұйымдар, фарфорды сорттары, көптеген қымбат заттар шыққан болатын. Әдемі зергерлік бұйымдар табылған бұлардың барлығы қазір Пекин (уражайында). Елда шенеуліктердің парақорлығы, провинцияда тәртіптің болмауы, халықтың кұйзелтті. 1592 жылы империяның соңғы қаражаттары Жапонияда болған соғысқа жұмсалды. Осындай күйзелістен халық көтеріліс шығады, мұны маньчжурлықтар өз мүддесіне пайдаланнады. 1640 жыл Қытайдың солтүстік батысында көтерілісшілердің (Осында Ли Цзыче болады). Ол Хэнань провинциясын басып алады. 1644 жылы Ли Пекинг Шэньси тауларынан бет алып жорығын бастайды. Қаланы қорғау евнухтарға тапсырылған болатын, ол үлкен қателік себебі олар қашып кетті. Мин династиясының соңғы императоры Мейшань тауындағы ағашқа асылып өлді. Қорытындылай келе, Мин династиясының билік кұру кезеңі қытайлықтар үшін экономикалык, әлеуметтік, саяси гүлденген кезеңі еді.
Цин империясы.
17 ғасырдың 30-40 жылдарында Қытай мемлекеті терең дағдарыс кезеңін бастан кешірді. Шаруалардың жағдайының күрт төмендеуі, олардың жер иеліктерінен айырылуы, салық көлемінің өсуі, тұрмыс деңгейінің нашарлауы, халық бұқарасының наразылығын тудырып отырды. Қытай халқының басына түскен үлкен ауыртпалық 1628-1644 жылдардағы шаруалар көтерілісіне әкелді. Көтерілісті қарапайым шаруа отбасынан шыққан Ли Цзычен басқарды. Алғашқы ұйымдасқан бас көтерулер Хубей мен Шэньси провинцияларында басталып, біртіндеп бүкіл қытай жеріне таралды. Ауыр тұрмыс зардабынан күйзелген шаруалар елдің әр түкпірінде көтеріліске үн қосып, наразылық шеруіне қосылды. 1644ж. Сәуірде Ли Цзычен бастаған көтерілісшілер Пекинді басып алды, Мин әулетінің соңғы императоры бұл оқиғадан соң, император бағында асылып өледі. Мемлекет билігі Ли Цзыченнің қолына көшеді. Осы кезде Қытайдың солтүстік-шығыс шекарасын күзетіп тұрған әскери шептің қолбасшысы У Саньгуй жедел түрде маньчжурлардан көмек сұрайды. Ондағы ойы маньчжур әскерінің көмегімен Пекинді басып алып, шаруалар көсемі Ли Цзыченді тақтан тайдырып, өзінің билігін орнатпақ болған.
1637 жылы Абахай Кореяны өзіне қаратады. Корея мен ішкі Монғолияны өзіне қаратқан Абахай Қытай мемлекетінің терең дағдарысымен ұзаққа созылған шаруалар соғысын пайдалана отырып, 1644ж маусым айында Пекин қаласын басып алып, маньчжурлік Цин династиясының билігін орнатады.
Цин империясының мемлекеттік,саяси-әлеуметтік құрылысы. Қытайда билік етуші династиялардың өзіндік атаулары болды. Азияның басқа да елдеріндегідей билеуші әулеттің есімімен байланысты болмады. Мәселен 1368-1644 жылдары билік еткен Мин династиясы «Тұнық», «Жарқын», «Кіршіксіз» дегенді білдірген екен. Мемлекеттің ең жоғарғы билеушісі боғдыхан (император) көк тәңірінің ұлы деп саналды. Оның жеке басы қасиетті болып есептелді. Император таққа отырған соң, оның шын атын атауға тиым салынып, тек қана басқару ұранымен алмастырылып отырды. Қарапайым адамдарға қарағанда императордың жеке династиялық және храмдық үш есімі болған. Соңғы яғни храмдық есім тек қайтыс болған соң ғана беріліп отырған және осы есіммен қытай тарихында танымал болған екен. Феодалдық Қытайда тақ мұрагері ұл балалардан ғана алынып отырды. Мұрагердің есімі алдын ала жарияланбады. Мұрагердің есімін алдын ала жарияламаудың өзіндік астары деуге болады. Мұның өзі тақ мұрагеріне байланысты сарайлық қастандықтардан сақтануға көп мүмкіндік туғызғаны сөзсіз. Цин империясының ең жоғарғы заңдық құрылымдары императорлық әкімшілікпен, әскери кеңес болды. Мемлекеттік қызметке ең алдымен маньчжурлар ғана алынатын. Содан кейін ғана маньчжурларға берілген адал деп саналған қытайлықтар бірен-саран монғолдар қабылданатын. Цин империясының мемлекеттік құрылысы Мин әулеті билеген Қытайдың мемлекеттік мекемелерімен салалық басқарушы органдары үлгісінде құрылды. Бүкіл Қытай жері әкімшілік жағынан 18 провинцияға бөлінді. Оны император тағайындаған губернаторлар басқарды. Екі немесе бірнеше провинция басшысын наместник деп атады. Провинциялар өз кезегінде облыстарға, облыстар округтерге, округтер уездерге, уездер деревняларға бөлінді. Конфуцийлік дәстүр бойынша мемлекеттік қызметке ғылыми дәрежесі бар, оқымыстылар алынатын. Оларды шэншилер деп атады. Шэнши дәрежесін алу үшін мемлекеттік емтихан тапсыратын. Маньчжурлар билігі тұсында емтиханды тапсыратын.
Әлеуметтік сатыда маньчжурлардан кейін тұрған басы бос қытайлар 4 сословиеге бөлінді: оқымыстылар, егіншілер, қолөнершілер мен саудагерлер. Бұлардың ішінде сан жағынан ең көбі қытай егіншілері, яғни қарапайым шаруалар кірді. Ең төменгі сатыда кембағалдар деп аталған, әртістер, қарапайым қызметшілер, үй малайлары тұрды.Бұл топқа жататын адамдар еш уақытта мемлекеттік емтихан тапсыруға жіберілмейтін, яғни олар еш уақытта мемлекеттік қызметке алынбайтын.Маньчжурлар Қытайды басып алғаннан соң, мемлекеттегі орасан зор ең құнарлы жердің қожасы болды. Қытайда орнаған маньчжур басқыншыларының билігі феодалдық қатынастарды сақтайды. Сонымен қатар елдің саяси құрылымының формасы да өзгерістерге ұшырамайды. Тек Мин феодалдары байлықтары мен жерлерінен айырылып, олардың орындарын маньчжурлар басады. Бірақ көптеген қытай феодалдары мен бюрократтары байлықтары мен халыққа жүргізіп отырған өктемдіктерін сақтап қалады. 18ғ. ортасына қарай Цин императорының меншігінде жалпы көлемі 13 мың цин 70 жер қожалығы болды.
Феоодалдық Қытайдың жағымсыз жақтарына қарамастан қалаларда мануфактура дами түсті. Мемлекеттік мануфактуралар мен жеке меншік мануфактуралар болды.Сонымен қатар мақта –мата өндірісі де кең сұранысқа ие болды. Осы кезеңдегі Қытайдағы ең ірі тоқыма орталықтарына Нанкин, Сучжоу, Ханьчжоу, Шанхай және тағы да басқа қалалар жатты. Бұл қалаларда шығарылған Қытайдың жібек, мақта-мата бұйымдары дүние жүзіне белгілі болды. Қытайдағы қолөнердің ең көп таралған түрі фарфор өндірісі еді. Сондай-ақ 18ғ тау кен өндірісі кең дамыды.
Цин империясының басқыншылық соғыстары. Маньчжурлік билік пен жоғары да айтылған саяси принциптер император Кан Сидің тұсында орнықты. Кан Сиге императорлық тақ 8 жасында тиді. Алғашында елді регенттік совет билеген болатын. Алайда 1667 жылы Кан Си билікті өз қолына алғанын жариялайды. Осы уақыттан бастап ол империяны 55 жыл бойы билейді. Кан Си феодалдық деспот бола отырып, сонымен қатар көрнекі саяси қайраткер болды, оның тұсында европалық-иезуттар мен миссионерлер маңызды роль атқарды. Миссионерлер әскерді қаруландыру мәселелерімен шұғылданды.
Сонымен қатар циндер Ресейден келген елші Байковка түрлі қастандықтар жасап, Амур бойындағы деревняларға шабуыл жасайды. Николай Сапфари бастаған орыс елшілігі Пекинде қабывлданады. Елшілік ресми түрде достық қарым-қатынастарға көшіп, дипломатиялық қатынастарды орнатуды көздеген болатын. Алайда Циндер Ресейдің ұсыныстарынан бастартып, елшілікті елден шығарады.
80-жылдары олар Амурда орыстар мен жоңғар хандығына қарсы әскери қимылдарды бастайды. Орыс үкіметі Қытайға қарсы агрессорлық саясатты керек етпеді, керісінше ресми түрде бейбіт байланыстардың орнауын талап етті. Циндер Албазин мен Амурді шабуылдаған уақытта, Қиыр Шығысқа Головин бастаған елшілік жетеді. Циндердің келіссөздерді жүргізбеу, оларды өз территорияларына кіргізбеу әрекеттері сәтсіз аяқталып, 1689 жылы 27 тамызда ең бірінші орыс-қытай келісім шартына қол қойылады. Екі елдің арасында тұрақты сауда қатынастары орнайды. Бұл үшін Ресей Қытайға Амурдың сол жағалауын береді.
18 ғ. басында орыс үкіметі қосымша 1727 жылы Бурин трактаты мен 1728 жылы Кяхта келісімінде жаңа территориялық келісімге келіп, сауда байланыстарын реттейді. Үш жылда бір рет Пекинге тауарларымен орыс көпестерінің үлкен керуендері келетін болды. Сонымен қатар сауда Кяхта шекарасында жүргізілді. Орыс миссиялары Пекинде үнемі болуға құқылы болды.10 жылғы мерзімге келген орыстың рухани миссия мүшелері қытай тілін оқып, мәдениетімен танысады. Бұл миссия дипломатиялық та, сауда міндеттерін де атқарды және Қытай жайлы ғылыми білімнің жалғыз дерек көзі болып есептелді.
Кан Си маньчжурлық ортаға қытай өркениетін енгізуде көптеген іс-шаралар атқарды. Оның тұсында әйгілі «Кан Си цзыдянь» атты энциклопедиялық сөздік жарық көрді. Сонымен қатар, халық бұқарасына саяси әсер етудің тиімді жолы – конфуциандық та – ол билік еткен жылдары аса дамыды. Кан Си билік еткен жылдары маньчжур-қытай әскерінің батысқа қарай жорықтары жүзеге асады.17ғ 80-жылдарында батыс монғолдар Жоңғария мен Қашқарияны біріктірген күшті хандық құрады, бұл хандық Монғолия, Кукунор мен Тибетке үлкен әсер тигізіп отырды. Дәл осы мемлекеттерге қарсы Циндер шабуылға аттанады. 1691 жылы Монғолия княздары өздерін Қытайдың вассалдары ретінде мойындайды. 1715 жылы Кан Си ойрат-жоңғар хандығына жаңа соғыс ашады, ол тек 18 ғ 50 жылдарында император Цянь Лунның тұсында ғана аяқталады. 18ғ 20-жылдарында циндік Қытайдың Тибетте билігі орнығады. 1722 жылдың аяғында император Кан Си қайтыс болды. Оның орнына билікке император Юн Чжэн келеді. Кан Сидің саясатын жалғастыра отырып, Юн Чжэн императорлық билікті одан әрі нығайтқысы келді. Кан Сидің тұсында Европадан Қытайға келген көптеген миссионер, иезуиттерді Юн Чжэн елден шығарады.Бұған басты себеп болған миссионерлердің өздерінің Еуропалық билеушілеріне тиімді саясатты жүргізуге тырысқандығымен Қытай істеріне араласуды болдырмау болды.1735ж Юн Чжэн қайтыс болып, оның орнын император Цзянь Лун басқарады. Оның тұсында император Кан Си батысқа бастаған экспансиясы жалғасады. Жорықтар басталып ұсақ хандықтар тез арада маньчжурлердің қол астына өтеді. 1755 жылы ойрат-жоңғар хандығын жаулап алуға бағытталған жорықтар басталды. 1757 жылы Жоңғария басып алынды. Сонымен қатар Цянь Лун Бирмаға да бірқатар жорықтар аттандырады (1767,1769-1770). Бұл жорықтар Бирма мен Аннамға Англия мен Франция көз тіккен уақытта жасалды. Қытай бұл аймақта өз билігін орнатып, ықпалын тигізгісі келді. Бірақ жорықтар айтарлықтай нәтиже бермеді. Бирма формальды түрде Қытайдың алдында вассалдығын мойындады, ал іс жүзінде Бирма королі кейде (1790ж, 10 жылда бір рет) Пекинге сыйлықтармен делегация жіберді.Цин билігінің орнығуына дейін де Аннам Қытайдан вассалдық тәуелділікте болды, бірақ бұл тәуелділік те номиналды сипатта болды. 1788-1790 жылғы соғыстан кейін бұрынғы келісім расталды.
1792 жылы Қытайдың Непалда орнатқан билігі мен Қытайдың Тибеттегі позицияларының одан әрі нығаюы маңызды болды. 18 ғ 2-жартысында Англия Ост-Үнді компаниясы арқылы Үндістанда өз билігін жүзеге асырды, сонымен қатар ағылшындар өз тауарларын өткізу мақсатында Тибетке енгілері келді. Әрине бұл жағдай Қытайды алаңдатты.1790 жылы Непал Тибетке шабуыл жасайды.Цянь Лун әскерін Непалға қарсы бағыттайды. 1792 жылы Непал жеңіліс тауып, вассалдық тәуелділікті мойындайды, ал Тибет барлық шетел мемлекеттерден оқшауланады.Сөйтіп Цян Лунның жүргізген соғыстарының нәтижесінде Қытай империясының территориясы едәуір ұлғаяды. Цин империясы үлкен территорияны қамтыды. Алайда сыртқы сауда мен сыртқы байланысты шектей отырып, маньчжурлар Қытайды барлық әлемнен оқшаулатты. Цин империясының басқыншылық саясаты Қытай халқына оңайға түскен жоқ. Үздіксіз жүргізілген соғыстар мемлекет қазынасына үлкен шығын әкелді, бұл шығынды толтыру үшін өкімет халықтың мойнына ауыр салықтар салды. Халық бұқарасының тұрмыс жағдайы нашарлап, қытай халқының билік жүргізіп отырған Цин үкіметіне наразылықтары күшейді.
17-18 ғасырлардағы Қытайда егіншілік пен сауданың дамуы. Қалалардың өсуі. 17 ғ. соңы- 18 ғ басы Қытайдың экономикасы қайта жанданды. Қытай шаруалары басқыншылық соғыс кезінде қараусыз қалған жерлеріне қайта оралып, егіншілікпен айналыса бастады. Маньчжур билеушілері жергілікті халықтың наразылық көтерілістерін есепке ала отырып, шаруаларға салынатын салықты реттеп, ауыртпалықтарын біраз жеңілдетті.Ұсақ шаруа қожалықтары кеңінен дами бастады. 17ғ соңында Қытай қалаларының қайта жандана бастауына сәйкес, қала мен ауыл арасында сауда байланыстары өркендеді.18ғ Қытайда қазыналық және жеке менщік қолөнер өнеркәсібі дами бастады. Мақта мен жібек мата өндіру жақсы дамыды. Бұл бұйымдар елдің ішінде ғана емес, сыртқы экспортқа да шығарылды. 18 ғасырда Цин билеушілері Қытай халқының сырт елдермен байланысына шектеу қойды.1757 жылы император Цяньлун еуропалықтардың Қытайға келуіне тыйым салды. Қытай саудагерлері елдің оңтүстігінде, тек Гуаньчжоу портты қаласы арқылы ғана сырт елдермен сауда жасай алды. Оның себебі маньчжур үкіметінің өздерінің Қытайдағы билігін сақтау, қытайлықтарды сырт елдердің ықпалынан оқшау ұстау саясатынан туған болатын.
18ғ басында Қытайда халық санының күрт өсуі болды. Қытайда азық-түліктің қатты жетіспеушілігі сезіле бастады. Мемлекет әрекет етуге дәрменсіз болды. Елде толқулар мен көтерілістер басталды, олардың ұйымдастырушылары құпия қоғамдар мен діни секталар болды. Мәселен, 18ғ соңында «Ақ лотос қоғамының» басшылығымен жаңа кезең аса ірі халық көтерілістерінің бірі басталды. Көтерілісшілер Маньчжур династиясын құлату, сатқын мен қатал шенеуніктерді жою ұрандарын көтерді.Циндік әскерлер көтерілісшілерді аяусыз жазалады, қарсылық ошақтары басып жаншылды.Бірақ ауыр жеңілістерге қарамастан, құпия қоғамдар мен діни секталардың іс-әрекеті тоқтамады.
Цин үкіметінің Қытайды томаға-тұйық, оқшау жағдайда ұстауы оны дүние жүзі елдерінен даму жағынан артта қалдырды. Орасан зор аумағына, табиғат байлықтарына, мемлекеттік даму тәжірибесіне қарамастан, Қытай дамымаған феодалдық ел болып қалды.Қытай халқы мемлекет басында отырған маньчжур үстемдігіне наразылық күрес жүргізумен болды, маньчжурлерге қарсы бағытталған құпия ұйымдар көбейді.Мысалы, «Ақ лотос», «Аспан ақыл-парасаты» т.б құпия ұйымдар құрылды. 18ғ соңы мен 19 ғ басында Цин империясы әлсірей бастады. Елдің экономикалық жағдайы нашарлап, ашаршылық, жұқпалы аурулар етек алды. Цин империясының ішкі дағдарысына сыртқы әсерлер де қосылды. Қытайға отарлық әрекеті басталды.
Әдебиеттер:
1. История средних веков. Т,1.М., 1997.
2. История средних веков. Т,1.М., 2000.
3. История средних веков: Европа и Азия. Минск. 2000.
4. История стран Азии и Африки в средние века. М.1968.
5.Т.Тортаев Орта ғасырлар тарихы. Алматы.1999.
6. В.А.Федосик, А.А. Прохоров, И.О. Евтухов. Материалы по истории древнего мира средних веков. Минск. 2004
Дата добавления: 2015-07-08; просмотров: 1235 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Лекция. Қытай | | | ХІ-ХІІІ ғасырлардағы Жапонияның саяси құрылысы |