Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Моңғолдардың русьті жаулауы

Читайте также:
  1. Иранды моңғолдардың жаулауы

XVIII ғасырда дүниені дүр сілкіндірген мемлекет-Монғолия болды.Монғолияның даңқын бүкіл әлемге шығарған Шыңғыс хан мен оның балалары, немерелері болды.

XI ғасырдың басында қазіргі Монғолия монғол тілінде сөйлейтін тайпалардың мекеніне айналды.Онда бұрын тұрған түркі тілдес халықтар немесе қоныс аударуды немесе Монғолдарға сіңіп кетті.Монғолдар Байқал көлінен Ұлы Қытай қабырғалары, Енисей өзені мен Ертіс өзендері аралығында орналасты.Монғол халқының негізін Керейт, Меркіт, Найман, Тайшыжұрт, Татар тайпалық одақтары құрады.

Солтүстіктегі Монғолдар тоғайларда, ал оңтүстігіндегілер ашық далада тұрды.Тоғайдағылардағы Монғолдар аң, балық аулаумен шұғылданса, оңтүстіктегілер мал бағып, көшпелі өмір сүрді.Әлеуметтік-экономикалық және мәдени даму деңгейі жағынан солтүстіктегі монғолдар оңтүстіктегі монғолдардан артта қалып қойған еді.Олар алғашқы қауымдық қоғамнан таптық қоғамға енді-енді өте бастаған болатын.Олардың үйлері ағаштан жасалды, киімдері аң терілерінен жасалатын.Бірте-бірте солтүстіктегі монғолдар мал бағумен де айналыса бастады.Мал басының көбеюі оларды тоғайдан шығуға мәжбүр етті.

Жалпы мәдениет деңгейі өте төмен болды:олар календарь дегенді білмеді.Кейбір Монғол руларының мәдениетіне батыста тұратын түркі тілдес ұйғыр халқы айтарлықтай ықпал етті. XIII ғасырға дейін монғолдардың өз жазуы болған жоқ.Монғол тайпаларының ішіндегі ең мәдениеттісі наймандар ұйғыр жазуын қолданды.Дегенмен барлық монғол халқына оның мәдениетіне Азияның сол кездегі ең озат елі-Қытай көп үлес қосты.

XIII ғасырға дейін монғол халқының көпшілігі шамандық дінді ұстанды.Мәңгілік құдай деп «мәңгілік көк аспан» саналды.Монғолдар жер құдайын да, рухты да мойындап, аруақтарды да пір тұтып, сыйынды.

Монғол қоғамының өмірінде құлдар үлкен рөл атқарады.Құлдар жеткілікті болды.Соғыста қолға түскендер құлға айналдырылып отырған.

Монғол қоғамы алғашқы қоғамдық қауымнан құлдық қоғамға тоқтамай, феодалдық қоғамға көшті.Осы жолмен дамуына олардың дамыған феодаодық ел-Қытаймен көрші болуы да үлкен ықпал етті.

XII-XIII ғасырларда монғолияның қоғамдық өндірісіндегі басты фигура-ерікті шаруа-арат болды.Олардың ұсақ шауалары болды, табыстарын ұлғайта түсуге мүделлі болды.Араттар әлі басыбайлы емес, ерікті шаруалар болып қала берді.Монғолиядағы феодализмнің қалыптаса бастауына байланысты «нөкерлік» деген өмірге келді.Нөкер деген орыстардағы «дружинник», қазақтардағы «төлеңгіт» дегенді білдіреді.

Нөкерлік XII ғасырдың аяғында кең қанат жайып, елдің қоғамдық өмірінде үлкен рөл атқарды.Нөкерлердің басты міндеті еңбекшілер наразылығын басып, нояндар билігін нығайту, өз ноянының басқа нояндармен күресіне қатысу болды.Нөкерлер текті тұқымдардан таңдап алынды.Нөкерлер жер, жер шаруаларын алды.Бұл үлестер еуропалық бенефицидің баламасы болды.

Моңғол кең мағнасында-моңғол тілдерінде сөйлейтін барлық халықтардың тарихи атауы.Антропологиялық тұрғыдан моңғол-негізінен манғол тектес нәсілдің орта азиялық типінің өкілдері.Монғол нәсілі азиялық-америкалық нәсіл-адамзат қауымының аса үлкен нәсілдерінің бірі.Бұл нәсілге жататын адамдардың шашы қара,қайратты болып келеді,көздері қара-қоңыр, терісі қара торы немесе сары түсті, бет сүйегі шығыңқы, мұрын қыры аласалау, беті жалпақтау, қалың қабақ,сүйегі ірі қырысты болады. Монғол нәсілдері бірнеше кішігірім нәсілдерге бөлінеді. Монғол этнонимі алғаш рет Тан дәуірінің (7-10ғғ) шежірелерінде кездеседі.Моңғолдың этникалық тарихында көп мәселе әлі анықталған жоқ, бірақ монғол этникалық бірлестігі монғолия мен Солт-Шығыс Қытай жерлеріндегі ежелгі жергілікті тұрғындар негізінде қалыптасты деп осы жерлерді мекендеген ғұндармен дун-хулардың ұрпақтары көптеген ғасырлар бойы бірін-бірі ығыстырып, ауыстырып, ішінара ассимиляцияланып отырды. 10ғ бұл жерлердің едәуір бөлігі монғол тілдес қидандардың үстемдігінде болды. 13 ғасырдың басында бірнеше тайпалар мен хандықтар бірікті немесе Шыңғысханның үкімет билігіне күшпен біріктірілді де, біртұтас монғол мемлекеті құрылды. Осы мемлекет шеңберінде монғол халқы қалыптасады.15 ғасырда монғол батыс және шығыс топқа, ал шығыс топ 16 ғасырда солтүстік және оңтүстік топқа бөлінді. Ойрат деген атпен белгілі болған Батыс монғолия 17 ғасырдың 30 жылдарында Ойрат деген хандығын құрды. Оңтүстік монғолдардың діні Қытай Монғолияның құрамына кірді. Кейінен монғол жерлері Қытайдың құрамында Ішкі монғолия деп аталды.16 ғасыр мен17 ғасырдың басында монғол ламизимді қабылдады. Монғолдардың барлық топтарының негізгі кәсібі бұрын көшпелі, ал қазір жартылай отырықшы мал шаруашылығы, егіншілік, көмекшілік рөл атқарды.

Монғол үстемдігі 13 ғасырдың басындағы шапқыншылықтан кейін Қазақстанда тағы да басқа елдерде монғолдар билігі болды. Бұл үстемдік монғолдар жаулап алған басқа да елдер сияқты қазақ зардабын тигізді. Елдің саяси және мәдени байланыстарын үзіп, шаруашылығын күйретті Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыстағы отырықшы аудандарының халқы қатты күйзелді. Отырар, Сауран, Сығанақұ, Жент т.б. қалалар қиратылып, Жетісу бойындағы қаларлар құрып кетті. Егістік алқаптар тапталып, халық талам-таражға ұшырады. Оңтүстік-шығыс Қазақстанға, әсіресе Жетісуға монғол көшпелілері ағылып келе бастады. Осының нәтижесінде үш монғол ұлысының ордасы Жетісуға, орталық және Оңтүстік Қазақстанға келіп орын тепті. Елдің саяси жағдайы ауырлай түсті. Қалалар мен егістік алқаптары мал жайылымдарына айналды. Монғол басқыншыларының қоғамдық даму дәрежелері Қазақстанның отырықшы аудандарына қарағанда әлде қандай төмен еді. Монғолияда феодалдық қарым-қатынастар енді-енді дами бастаған болса, шапқыншылық қарсаңында Қазақстанның отырықшы аудандарында феодалдық қарым-қатынас едәуір дамығанды. Монғол үстемдігі қазақ халқының қалыптасуын және мемлекеттің пайда болуын кешеуілдетті. Қазақстан территориясы үш ұлысқа (Қазақстан жеріндегі Жошы, Шағатай,Үгедей ұлыстарына) бөлінді. Сөйтіп бір-бірімен нашар байланысқан түрік рулары мен тайпаларының бір тұтас халқы мемлекет болып қалыптасу мүмкіндігі жойылды. Елдің саяси-территориялық тұтастығы бұзылды. Жошы ұлысының территориясы Дешті-Қыпшақ даласының бір бөлігі солтүстік Хорезм, біраз бөлігі Шағатай ұлысы Іле өзенінің Оңтүстік бөлігімен Оңтүстік Қазақстанның отырықшы аудандарын, Үгедей ұлысының- Жетісудің Солтүстік-Шығыс бөлігі мен Тарғабатайды қамтыды. Монғол үстемдігі Қазақстан территориясындағы көптеген этникалық топтарды сапырылыстырып жіберді.Монғолдардың Түрік тайпаларымен араласуы нәтижесінде жаңа этникалық топтар пайда болды. 13 ғасырда Монғол ұлыстары арасындағы феодалдық тартыстар салдарынан ұлыстар ғана емес, этникалық топтарда ұсақталып кетті.Дегенмен Монғол үстемдігі әкелген бұл саяси экономикалық қиыншылықтар ұзаққа созылмады. 13-14 ғасырлардың арасында Ақ Орда қарамағында Оңтүстік Қазақстан, әсіресе Сырдария жағалауындағы аймақтаргүлденіп, қалалар қалпына келтірілді, отырықшылық мәдениеті мен қолөнері жанданды. Жетісудің мал шаруашылығы өрге басты. Отырықшы халықтармен сауда-саттық қалпына келтірілді. Ақ Орда құрлығынан кейін елдің саяси жағдайының жақсаруы және Жетісуда Ионғол мемлекетінің пайда болуы Қазақстанның экономикалық қарым-қатынасының ұлғаюына игі әсерін тигізді. Шаруашылықтағы бұл ілгері басу, өндіріситік күштердің нығаюы және феодалдық қарым-қатынастардың күшеюі жергілікті түріктердің және түріктенген үстем тап-феодалдардың экономикалық және саяси жағдайын жақсартты. Олар монғол билеушілеріне қарсы шыққан халық наразылығын пайдаланып, Алтын Орда мен Шағатай ұлысындағы Шығыс Дешті-Қыпшақ мемлекеті мен Жетісуда феодалдық саяси үстемдік алуға ұмтылды.Шыңғыс әулетінің өкілдері басқарған бұл күрес салдарынан Ақ Орда 14 асырда Алтын Орда құрамынан бөлініп шығып, Орталық және Оңтүстік Қазақстанда өз алдына билік құрды, әрі 14 ғасырдың орта шенінде Оңтүстік Шығыс Қазақстан мен Қырғызстанда Манғол мемлекетінің құрылуын тездетті. Ақ Орда мен Ммоғолстан мемлекетінің пайда болуы түрік тайпалары мен түріктенген монғол тайпаларының бірігуін, халық болып қалыптасу процесін жылдамдатты, жергілікті тай палар мен халықтардың Моңғол үстемдігі зардаптарынан біртіндеп арылып, өз алдына халық, мемлекет болып қалыптасуына игі әсер етті.

XII ғасырдан бастап монғол тайпалары қазіргі кең-байтақ монғол жерін мекендеді. Жері Орталық Азиядан Байқал көліне, Енисей және Ертіс өзенінен Гоби құмына дейін созылып жатты. Монғол жерінде монғол, татар, керей, найман және меркіт тайпалары өмір сүрген. XII ғасырдың екінші жартысында Далай-Нұр және Бұйыр-Нұр көлінің жағасын тата (орыс деректерінде «татар» атауымен белгілі) тайпасы мекен еткен. Олардың батысында Тола көлінде керей, олардан батыста, Алтай тауының етегінде наймандар қоныстанған. Онон өзені бойында, татар тайпасы жерінің солтүстігінде монғолдар көшіп-қонып жүрген. Монғол жерінде тұрған тайпалар ежелден мал бағумен, аң аулаумен айналысқан. 1155 жылы Есугей баһадүр отбасында ер бала дүниеге келеді. Есугейдің руы қият, ал әйелі олқұн руының қызы болған. Есугей баһадүр 1155 жылы татар тайпасына шабуыл жасап, Темучин атты батырын қолға түсіреді. Сол жылы дүниеге келген баласының есімін Темучин деп қояды. Жастайынан қиындық көріп өскен Темучин өте қайратты және өжет болып өседі. Темучин ер жеткен кезде монғол тайпасының керейіт, меркіт және татар тайпаларымен ұзаққа созылған соғысы басталды. Монғолдар 1203 жылы керейлерді, одан кейін татарлар мен меркіттерді жеңеді. Содан керейіттер мен меркіттер батысқа көшіп кетуге мәжбүр болады. Олар қазіргі қазақ даласына қоныстанады. 1204-1205 жылы өзінің көрші тайпаларын жеңіп, жерін кеңейте түседі.

1206 жылы көктемде Онон өзенінің бойында монғол тайпаларының құрылтай жиыны болып, Темучинді ақ тудың аясында хан деп жариялайды. Осы жиында Темучиннің ата-анасы қойған атын өзгертіп, Шыңғысхан деп атайды. Шыңғысхан бүкіл монғол тайпаларының басшысы болады. XIII ғасырдың басында Шыңғысхан Сібір халықтарының жері мен Қытай елін жаулап алып, Ұлы Монғол империясын құрды. Шыңғысханның Қытайға жорығында Жалайыр тайпасынан шыққан ұлы колбасшы Мұкали (1170-1223) ерен ерлігімен көзге түсті. Шыңғысхан батысқа аттанғанда Мұқалиды өзінің орнына Солтүстік Қытайдың билеушісі етіп қалдырған. Оған Го Ван деген ең жоғарғы атақ берген. «Го ван» - ұлы кінәз, қазіргі генералиссимус атағын білдіреді.

Монғол мемлекетінің саяси құрылымы. Монғол империясын Шыңғыс ұрпақтары биледі. Ең жоғарғы әміршісі Ұлы хан болды. Ұлы хан мемлекет басшысы ретінде әскери заң шығаруға және әкімшілік билік жүргізуге құқылы болды. Монғол империясының саяси өмірінде Шыңғыс ұрпақтарының жалпы империялык жиналысы - құрылтай (хурилтай, хурилта) зор рөл атқарды. Құрылтай ресми түрде жоғарғы өкімет билігінің жоғары органы болды, құрылтайда ірі әскери мөселелер, ішкі саясат, Шыңғыс ұрпақтары арасында өлкелерді бөлу мәселелері шешіліп отырды. Құрылтайда хан жариялау және оны салтанатты түрде таққа отырғызу рәсімдері жасалды. Құрылтайды шақыру мерзімі күні бұрын белгіленіп, үлыстарға хабаршы жіберу арқылы жария етілді. Құрылтай көктемде шакырылды. Құрылтай іс жүзінде Шыңғыс ұрпақтары әскербасыларының және азаматтық әкімшілік басшылары қабылдаған шешімдерін бекітті. Империя әміршісінің билігін шектемеді. 1259 жылы Мөңке қаған өлгеннен кейін жалпымонғолдық құрылтайлар шақыру тоқтатылды. Монғол империясында құрылтайдың орнына ақсүйектер кеңесі шақырылып түрған. «Кеңес» сөзінің екінші мағынасы «той» дегенді білдірген. «Тойға» Шыңғысханның ұрпақтары, әскербасылар, билеушілер мен есімі елге белгілі әйелдер де қатысты. Тойдың негізгі мақсаты өзара қырқыстарға жол бермеу болды. 1269 жылы осындай басқосу Талас өңірінде өтті.


Дата добавления: 2015-07-08; просмотров: 592 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Сун мемлекеті | ХІ-ХІІІ ғасырлардағы Жапонияның саяси құрылысы | Скери реформалар, аграрлық жүйе. Дайвьеттің сыртқы саясаты. | Иранды моңғолдардың жаулауы | Манихей діні. | Маздакит қозғалысы. | Араб халифатының саяси басқару жүйесі | Кутб-уддин Айбек | Лы Моғол империясының ішкі құрылымы | Түркия. |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Европалық державалардың Түркия үшін күресінің күшеюі.| Шыңғысханның Қазақстан, Орта Азия және Кавказ жерін жаулап алуы

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)