Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Глоссарий

Читайте также:
  1. ГЛОССАРИЙ
  2. Глоссарий
  3. ГЛОССАРИЙ
  4. Глоссарий
  5. ГЛОССАРИЙ
  6. ГЛОССАРИЙ

Аксонометрия (грекше аксон-ось, метрео-өлшеу)- көрнекі кескіннің бір түрі, параллель проекциялау әдісімен координаталар жүйесімен бірге салынатын сызба. А. түрлері- изометрия, диметрия (мысалы 1а-суретте - аксонометрияның жалпы түрі).

Алгоритм – (Алxорезми ғалымның нұсқауы бойыншаның латыншасы) -құрал мәтінінде – есеп шығару ережелерінің дәйектілігі, берілген шарттан шешу нәтижесіне апаратын нұсқаулар.

Архитекторлар (сәулетшілер) тәсілі – нысанның өзара параллель горизонталь түзулерінің тоғысу нүктелерін пайдалану арқылы перспективаны салу тәсілі.

Бет - геометриялық дене, мысалы – сфера, цилиндр, конус. Беттің ең қарапайым түрі жазықтық, оның қисықтығы нөлге тең.

Беттің анықтауышы – берілген бетті басқа беттерден ажыратушы шарттар. беттің анықтауышы екі бөліктен тұрады. Геометриялық бөлігі сызбада ең аз мөлшердегі сызықтармен, минималды сызба түрінде беріледі. Алгоритмдік бөлігі – ол геометриялық бөлігі негізінде беттің жасалу шартын көрсетеді, ол мәтін түрінде беріледі.

Горизонт – (грекше-горизо-шектеймін)-көкжиек, тау-кен саласында қабат, бір деңгейде орналасқан тау-кені орындарының жиынтығы.

Горизонталь жазықтық - оның нүктелерінің деңгейлері, z координаталары бірдей(z= a -оның өрнегі)

Горизонталь проекциялаушы түзу, жазықтық - горизонталь жазықтығына тік, перпендикуляр орналасады, сондықтан түзудің проекциясы-нүкте, жазықтықтың проекциясы-түзу.

Дистанциялық нүкте – бас нүктенің оң немесе сол жағында, көкжиек сызығының бойында дистанциялық қашықтықта орналасқан нүктелер.

Ендік масштабы – перспективтік масштабтағы х осі.

Жобалық перспектива – көкжиектің биік болған кездегі («құс ұшу биіктігінен») салынған перспектива.

Көру бұрышы – пландағы ең шеткі сәулелердің арасындағы бұрыш.

Көру нүктесі – перспективада проекция центрі болып табылады.

Мансарда (франц. mansarde) – ғимараттың шатырасты бөлмесі. Мансарданың конструкциясын француз сәулетшісі Ф.Мансар ұсынған.

Масштаб (немісше мас-өлшем, штаб-таяқ) – объекттің сызбадағы сызықтық өлшемдері және оның нақты өлшемдерінің қатынасын көрсетеді (мысалыМ1:2-екі есе кішірейтілген сызбаның масштабы).

Меридиан – бойлық (латынша-меридианус-талтүс (полуденный))-жорамалдағы сызық, жер бетінде солтүстік және оңтүстік полюстерді қосатын ең қысқа сызық (қарапайым түсінік).

Метрикалық есептер – сызбада берілген геометриялық элементтерге, денелерге қатысты өлшеумен анықталатын есептер, мысалы перпендикуляр жүргізу, ара қашықтықты, бұрыштарды, ұзындықты, аудан мен көлемді анықтау.

Монж эпюрі (французша эпюр-сызба, Монж сызба геометрияны жүйелі түрге келтірген француз матақырыптигі), М.э.-қайтымды сызба, фронталь және горизонталь проекциялар жазықтығына тік бұрыштап проекциялаумен пайда болады (мысалы А(А1А2) – А нүктесінің А1-фронталь, А2-горизонталь проекциялары).

Очеркі беттің - (орысша очеркнуть-сызық жүргізу) – сызбада беттерді, денелерді шектейтін сызықтар. Мысалы сфераның очеркі-горизонталь проекциясында экватор, фронталь проекциясында бас меридиан болады.

Перспектива – (латынша perspicere, perspectus – анық, дұрыс көрінетін).

Перспективтік масштаб – перспективада салынған координаттық осьтер.

Позициялық есептер – Сызбада берілген геометриялық элементтердің, денелердің өзара орналасуын анықтау, мысалы олардың тиістілігін, параллельдігін, қиылысуын анықтау.

Проекция (латынша-проектио-алдыға тастау) – жазықтықтағы кескін, проекциялау әдісімен салынған (мысалы Монж эпюрінде А12 - А нүктесінің проекциясы).

Проекциялар жазықтығы – проекциялау әдісімен салынған кескіндер жазықтығы, фронталь п.ж., горизонталь п.ж., профиль п.ж., p0-план жазықтығы-сандық белгілері бар п.ж.. болып ажыратылады.

Проекциялаушы түзу, жазықтық - проекциялар жазықтығына перпендикуляр орналасқан түзу, жазықтық. Олардың проекциялары нүкте, түзу болады.

Сызықтық перспектива – жазықтықта салынған перспектива.

Тереңдік масштабы – перспективтік масштабтағы y осі.

Түзудің тоғысу нүктесі – түзудің шексіз алыста орналасқан нүктесінің перспективасы.

Тор әдісі – перспективаны салудың перспективтік масштабты қолдануға негізделген әдіс.

 


Дата добавления: 2015-07-08; просмотров: 764 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Дәріс. Ортогональ проекцияларда, аксонометрияда және перспективада көлеңкелер. | Дәріс 10. Ғимараттардың тіліктерінің сызбалары. | Дәріс 11. Баспалдақтар сызбалары. | Дәріс 12. Ғимарат қасбеттерінің сызбалары | Дәріс 13. Темірбетон бұйымдары мен конструкцияларының сызбалары | Пісіру жіктерінің шартты белгілері | Ағаш құрылымдары элементтерін біріктірулер мен бекіту тетіктері | Зертханалық сабақтардың жоспары | Студенттің оқытушы басшылығымен (СОӨЖ) жүргізілетін өздік жұмысы | СӨЖ жоспары |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Курс бойыншаемтихан сұрақтары| Дәріс. Массивтерді іздеу мен сұрыптаудың әдістері мен алгоритмдері

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)