Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Процедураны орындау

Norton шкаласы 2 страница | Norton шкаласы 3 страница | Norton шкаласы 4 страница | Су баланссын есептеу 1 страница | Су баланссын есептеу 2 страница | Су баланссын есептеу 3 страница | Су баланссын есептеу 4 страница | Су баланссын есептеу 5 страница | Фиброэзофагогастродуоденоскопия (ФЭГДС) | УЗИ - эхография |


Читайте также:
  1. Жұмысты орындау тәртібі
  2. Жұмысты орындау тәртібі
  3. Жұмысты орындау тәртібі
  4. Жұмысты орындау тәртібі
  5. Жұмысты орындау тәртібі
  6. Жұмысты орындау тәртібі
  7. Жұмысты орындау тәртібі.

1. Мейіркештік технология бойынша жыныс органдарын жуыңыз;

2. Катетерді дайындаңыз /оның аймақтарын қарау, тексеру/;

3. Егер зәр катетердің аймағынан шығып тұрса, тексеріп, дәрігерге хабарлап, катетерді айырбастаңыз;

4. Жыныс органдарының аймағын тексеріңіз /қызару, ісіктің пайда болуы, терінің зақымдалуы, іріңдеу/;

5. Катетер-дренаждың қапшықтың дұрыс жұмыс істеуін тексеріңіз;

6. Әр-түрлі бұзылыстар болса түзетіңіз;

Ескерту: Егер зәрінде қан болса, қуығы ауыра бастаса, дәрігерге міндетті түрде хабарлаңыз.

7. Катетердің жалғауы санға бекітіп тұрылуына сенім алыңыз;

Процедураның аяқталуы.

1. Дренаждың қапшықтың керуетке жалғауын тексеріңіз;

2. Процедураны аяқтаңыз;

 

23.5.Жедел түрде зәрдің тұрып қалғанда көмек көрсету

Мақсаты: Қуықтанзәрді шығару

1. Зәрді рефлекс арқылы жіберу /судың бұрандысын ашу/;

2. Жылы су беру, жылытқышты қолдану;

3. Дәрігерді шақырту;

4. Зәрді жинайтын ыдыстарды, катетерларды, антисептикалық ертінділерді дайындау;

5. Пациенттің жынысоргандарын жуу;

6. Дәрігердің нұсқауы бойынша жұмсақ резенке катетер қолдану;

24.ЖҮРЕК - ¤КПЕ РЕАНИМАЦИЯСЫ

 

Клиникалық өлімнің белгілері:

1. Ірі магистральдық тамырларда соғуының жоқтығы (±йқы, жамбас, артерияларында).

2. Сана сезімінің жоғалуы.

3. Көз қарашығының кішіреюі.

4. Клиникалық, тоникалық тырысудың пайда болуы.

5. Демнің тоқтауы.

Жәрдем көрсетудің негізгі принциптарі:

1. Дем жолдарының өткізгіштігін жақсарту.

2. Өкпеге жасанды ауаны жаңарту және демді қалпына келтіру.

3. Жүрекке жабық бұрылысты массаж жасау, қан айналысын қалпына келтіру.

 

24.1.Дем жолдарының өткізгіштігін қалпына келтіру

Пациентті қатты жерге жауырынның астына жұмыр жастық қойып, қысып тұрған киімдерін ағытып, ауызын ашып, протез тістері болса, алып тастап, басын шалқалатып жатќызу (сол жақ қолын мойынының астына салу). Егер асқазаннан құсық шықса, ауызын ±ќыптап тазалау керек (дәкелермен, электроотсос арқылы).

Өкпенің жасанды ауаны жаңартуы (ӨЖАЖ)

Жасанды ауаны жаңарту бұлшық еттің босануынан және дем жолдарының өткізгіштігіне байланысты.

Бұлшық еттің толық босануынан және ауыз-қуысының бостығынан демді экспираторлық әдіспен (ауыздан - ауызға) істейді. Ол үшін реаниматор пациенттіњ басын шалқалатып бекітеді, бір қолымен төменгі жақ сүйегін алдына қарай тартып, бармақпен екінші саусақпен пациенттің мұрынын тығыз жауып, ауызына дәке жабады.

Реаниматор демді терењ ішке тартып, пациенттің ауызына 1 сек ішінде жібереді. Пациенттіњ мұрнын жєне ауызын ашқан кезде демнің шығуы байќалады.Сондыќтан оныњ кеуде ќозѓалысына кµњіл аударып отыру керек.

Демді жіберу жиілігі - минутына 12-15 рет.

Ø Пациентті қатты жерге жатқызыңыз.

Ø Қысып тұрған киімдерін шешіңіз.

Ø Басын шалқайтып, сол жақ қолын маңдайына, оң жақ қолын мойынының астына салыңыз.

Ø Жауырынына жұмыр жастық салыңыз.

Ø Төменгі жақ сүйегін алдына қарай тартып, пациенттің ауызын ашыңыз.

Ø Ауыз-қуысын тазалап, тілін бекітіңіз.

Ø Сол жақ қолының екі саусағымен мұрынын жабыңыз.

Ø Терең демді кіргізіп, пациенттің ауызына апарып, бүкіл демді жіберіңіз.

Ø Үзіліс жасаңыз.

Ø Кеуде экскурсиясын қадағалап отырыңыз.

Ø Ырғақты демді минутына 12-18 рет жасаңыз (жедел жәрдем келгенше).

24.2.Жүрекке жабық тікелей емес массаж жасау

Мақсаты: жүректің жұмысын, қан айналысын қалпына келтіру.

Көрсеткіші: клиникалық өлім.

Міндетті жағдай: жүрек-өкпе реанимацияның бірізділігін

сақтау:

· дем жолдарының өткізгіштігін қалпына келтіру

· жүрекке ждасалынатын тікелей емес массаж, өкпені

жасанды желдетумен сєйкес келіп отыруы керек

· әрбір 2 минут сайын тамыр соғысын ±йқы артериясы

жєне кµз ќарашыѓы арќылы тексеру.

Ø Жедел жәрдем машинасын шақырыңыз.

Ø Жедел түрде жүрек-өкпе реанимациясын жүргізіңіз.

Ø Пациенттіњ басы жүректен тµмен немесе ж‰рек т±сында болуын.

Ø Қысып тұрған киімдерін шешіңіз.

Ø Пациенттіњ жанынан мейіркеш тізесін бүгіп отыруын.

Ø Бір қолын төс с‰йегініњ аяқ жағына салып, үстіне екінші қолды салыңыз.

1. Қолың бос ұстауын (массаж жасағанда).

2. Шынтақ буындарын тік ұстауын.

3. Төстің төменгі жағын басуын (терендігі 3,8-5 см).

4. «Жоғары-төмен» - ырғақты ұстап отыруын.

5. Егер реанимацияны жалѓыз адам жасап отырса,

9-11 секунд ішінде зардап шегушініњ екі рет дем

алуымен бірге 15 ырѓаќты массаж сєйкестендірілуін

6. Егер реанимацияны екі адам жасаса, онда

зардап шегушініњ бір рет демалуымен 4-5 ырѓаќты

массажды сєйкестендіріп отыруын.

7. Жүрек ж±мысыныњ нәтижесін 1-2 мин сайын тексеріп отырыңыз, ұйқы артериядан тамыр соғысын, көз қарашығын анықтаңыз.

8. Дем жолдарын ашық түрінде сақтаңыз (жедел жәрдем келгенше).

9. Демін, тамыр соғысын бақылап отырыңыз.

Реанимация шараларыныњ нәтижелі белгілері:

· ұйқы және шынтақ артерияларында тамыр соғысыныњ білінуі

· көз қарашағының жіњішкеленуі

· қан қысымының қалпына келуі

· цианоздыњ, өңі бозарудыњ азаюы

· демнің қалпына келуі.

Реанимация қолданғанда болатын асқынулар:

· қабырғалардың, төстің жарақаттануы

· өкпенің, жүректің, бауыр, көкбауырдың зақымдануы.

Асқынудың алдын-алуы:

- реанимацияны дұрыс қолдану.

24.3.Биологиялық өлімнің белгілері

· Демнің мүллде тоқтауы

· Тамыр соғысының жоғалуы

· Рефлекстердің жоғалуы

· Терісінің өте өңсіз болуы

· Бұлшық еттердің босануы

· Төменгі жақ сүйегінің төмендеуі

· Көз жанары кетуі

· Денесінің сууы

· Денесінің ќатаюы

· Дақтардың пайда болуы.

24.4.Мәйітпен ж±мыс атќару ережесі

1. Мәйіттің киімдерін шешіңіз, арқасына жатќызыңыз. Қымбат заттарын дәрігердің көзінше туған-туыстарына беріңіз.

2. Төменгі жақ сүйегін байлаңыз, кірпіктерін жауып ақ жаймамен жабыңыз, 2 сағатқа қалдырыңыз.

3. Қолына, аяғына мәйіттің аты жөнін, ауру тарихының белгісін жазыңыз.

4. Қ±жатта аты-жөнін, ауру тарихының белгісін, диагнозын, өлген уақытын белгілеңіз.

5. Мәйіттерді мейіркештіњ қатынасуы бойынша патолого-анатомиялық бөлімшеге апарыңыз.

Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары

1. Клиникалық өлім туралы сипаттама беріңіз?

2. Клиникалық өлімнің белгілерін атап шығыңыз?

3. Биологиялық өлімнің белгілерін тізіп беріңіз?

4. Клиникалық өлім кезіндегі жүрекке жабық массаж жасау әдісін көрсетіңіз?

5. Клиникалық өлім кезінде жасанды дем қолданыңыз?

6. Биологиялық өлім кезіндегі мейіркештің рөлін айтып беріңіз?

 

 

25.Мейіркештік үрдістегі стандарттар

 

Стандарттар Мейіркештік кірісулер
  №1 Стандарт Өкпедегі жабыспақ қақырықтың болуына байланысты нәтижесіз, жеткіліксіз демдік процесс. 1. Өкпенің гигиенасын жақсарту үшін пациентке - терең демнің жаттығу маңыздылығын түсіндіру және оларды орындау 2. Қақырықты нәтижелі шығару үшін «Жөтел әдісін» пациентке үйрету - демді ішке біртіндеп тереңнен алу - 2 секундқа демін ұстау - аузын ашып, демді шығарған кезде қақырықты шығару 3. Демнің шығуын ұзарту үшін еркін жай ғана қосылуына талап ету. Осы кезде жөтел нәтижелі болады. 4. Пациентті жөтелуте қолдап отыру. 5. Дәрігердің нұсқауы бойынша дәрілерді беру.
  №2 Стандарт Пациент ентігуді және ауырсынуды басу үшін қандай жағдай болу екенін білмейді, істей алмайды. 1. Табиғи ретінде қақырықтың шығуын үйрету үшін постуральдық дренаждың керектілігі мен маңыздылығын түсіндіру. 2. Дәрігер тағайындаған төсектегі дренаждың жағдайын пациентке үйрету. 3. Ауырсынуды басу үшін ауырған жағына жатқызуын талап ету 4. Емдеу процессінде пациенттің белсенді қатысуын қолдау.
  №3 Стандарт Су ішуінің керектілігін түсінбеуі. 1. Қақырықты жібіту, улануды азайту, су балансын біркелкі ұстау үшін, көп мөлшерде суды қолдану маңыздылығын түсіндіру. 2. Суды көп ішуін талап ету 3. Қанша ішкен сұйықтығын қадағалау, қағазына тіркеу.
  №4 Стандарт Жөтелмен, жұқпамен, гипертермия мен байланысты ыңғайсыз жағдай. 1. Жөтелгенде жастықшаны ішіне және кеудесіне қарай қысуын пациентке үйрету. 2. Бөлмені біркелкі температурамен ұстау. 3. Ауыз гигиенасын үнемі сақтау: - ауызын шайып отыру, қасында орамал, лоток т.б. болуы тиіс. 4. Төсек орнын, ішкі киімін құрғақ және таза ұстау. 5.Физиологиялық белсенділігінің азайтуын талап ету 6.Жеке түкіргішпен қолдануын үйрету. 7. Тәуліктегі қақырығын анықтау. 8. Бактериологиялық зерттеуге және жалпы анализге қақырықты жинауын үйрету. 9. Дәрігердің нұсқауы бойынша дәрілерді жіберу.

 

 

  №5 Стандарт Пациенттің қорқыныш сезімі пайда болуынан ұйқысының бұзылуы 1.Сөйлесу арқылы қорқыныш сезімін анықтау. 2.Пациентті тыңдап алуға дайын болу, кеңес беру және аурухананың ішінде психологиялық көмек көрсету. 3.Пациентке оның жанұясына стационарлық ем қолдану керектілігін түсіндіру. 4.Туыстарына күнде пациентке келіп отыруына кеңес беру. 5.Пациент жақсы ұйықтау үшін (жылы ванна, сүт беруге) керекті шараларды қолдану. 6. Ұйықтайтын бір уақытты белгілеу, осы кестені бұзбау. 7.Дәрігердің нұсқауы бойынша ұйықтататын дәрілерді беру.
  №6 Стандарт Өзінің ауруы туралы білімінің жеткіліксіздіп. 1.Пациентке оның жанұясына осы ауру туралы мағынасын, оның ағзаға әсер етуін түсіндіру. 2.Барлық жанұя мүшелеріне пациентке көмек көрсету керектігін келтіру. 3.Ауруханадан шықаннан кейін пациентке көп жұмыс істемеуін, белсенді қозғалмауын уақытша азайту туралы түсіндіру.    
  №7 Стандарт Әлсіреген жағдайда құлап қалуына шалдығу. 1. Дәретханаға біреудің көмегінсіз өз бетінше баруға болмайтынын түсіндіру. 2. Пациентті мейіркеш постыға таяу палатаға жатқызу. 3. Пациенттің палатасына мейіркешпен байланыс жасау үшін сигнализаторды қою. 4. Пациенттің аяқ-киімі ыңғайлы болу керек. 5. Пациентті дәретхана баруына көмектесу. 6. Жолында ыңғайсыз заттар болмау керек.
  №8 Стандарт Пациенттің ауруханада болған жағдайға байланысты үйқысының бүзылуы. 1. Пациентпен жақсы қарым-қатынаста сөйлесу. 2. Пациентке назар аударып тыңдау, кеңес беру, психологиялық түрде қолдау. 3. Емдәм, үйқысын ашатын қою шай, кофе тәрізді заттарды алып тастау. 4.Пациенттің жан-жағына ыңғайлы жағдай жасау. 5. Үйқының бір уақытын белгілеу, осы уақытты бүзбау. 6. Пациентке үйықтататын шараларды қолдану (арқасын сипау, жылы ванна, жылы сүт) 7. Дәрігердің нүсқауы бойынша үйықтататын дәрілерді беру.

 

 

  №9 Стандарт Тесілудің пайда болуы. 1. Күнде бір рет Нортон шкала бойынша пациенттің жағдайына баға беру. 2. Төсек тартып жатқан пациентті 2- сағат сайын орнынан ауыстырып отыру. 3. күнде белгілі уақытта тесілуге шалдыққан жерлерін сүрту. 4. Төсек орнын тексеріп отыру 5. Туыстарына пациентті дүрыс қозғалтуын үйрету. 6. Ішкен тағамын қадағалап отыру (ақуыздың мөлшері тәулігіне 120 г болуы тиіс) 7. Тәулігіне 1,5 л су ішуіне қамтамас ету. 8. Поролон жастықшаларады қолдану. 9. Зәрі, нәжісі түрмаған кезінде, памперсті қолдану оны айырбастап отыру. 10. Ауырсыну пайда болғанда дәрігерді шақыру.
  №10 Стандарт Тесілу. I Ауырсыну дәрежесі. - биооклюзиондық тану - солкосерил-мазь немесе басқа дәрігердің нүсқауы бойынша дәрілерді қолдану. II Ауырсыну дәрежесі: - Өңдеу алдында тесілуді, жараны жуу. - Активтелген көмір дәкемен сору. - Ауаны желдету. - Дистиленген су немесе физиологиялық ертіндімен жуу. III және IV дәрежесі: Хирургиялық емдеу, ойықты кесіп, зарарсыздандырып, өлі еттерді алып тастау (ферменттік препараттарды қолдану). Дәрігердің нүсқауы бойынша солкосерилді қолдану(зат алмасуды жақсарту үшін).
  №11 Стандарт Тесілудің айналасының қабынуы және жағымсыз иістің шығуы Жараны байлау (иісі шықпау үшін және сырттан инфекция түспеу үшін). - Байламның ішіне активтелген көмір салуға болады. - Хлорофилы бар дайын байламды қолдануға болады.
  №12 Стандарт Үзақ емге байланысты көңіл-күйдің болмауы. Аурудың туыстары жағынан психологиялық көмек.

 


  №13 Стандарт Пациент өз бетінше киімді кие алмайды. Мысалы: оң жақ гемиплегия. 1. Науқастың өз бетінше киім киюін бақылау. 2. Егер науқас өз бетінше киіне алмаса онда оның себебін анықтап, пациентті тәуелсіз түрде істеу қабілетін анықтау. 3. Пациент өз бетінше киінуіне келісім береді ма, жоқ па? 4. Киіну тәсілін бір қолымен көрсету. 5. Пациентке сол жақ қолымен киінуіне көмектесу 6. Пациентті киім ауыстырған кезде қолдау.
  №14 Стандарт Пациент өз бетінше жыныс органын жуа алмайды. 1. Себебін анықтау. Өз бетінше көмек жасау қабілетін үйрету. 2. Пациенттен келісім алу. 3. Пациентке сол жақ қолымен жыныс органдарын жууын үйрету. 4. Процедураны орындаған сайын пациентті қолдау. 5. Пациенттің жан-жағын қауіпсіздікпен қамтамасыз ету.
  №15 Стандарт Пациент өз бетінше төсекте отыра алмайды, жан жағына қозғала алмайды. 1. Пациентке қозғалу әдісінің ерекшелігін түсіндіру (төсек жағдайында) 2. Керуетке қосымша жабдықтарды тіреу (ремень, перекладина, поручень т.б.) 3. Осы заттардың түрақты екенін анықтау. 4. Пациенттің төсектегі жағдайын 2 сағат сайын ауыстыру және отырғызу.
  №16 Стандарт Өз бетінше ауыз қуысының гигиенасын орындауын жүргізе алмау. 1. Пациентке түсіндіру (егер бұл мүмкін болса) осы процедураның жүрісін түсіндіру және келісім алу. 2. Ауыз қуысын (2% натрий гидро карбонат, калий перманганат әлсіз ертіндісімен сүрту 2-мезгіл - тілінен, тісінен жағының алуы - Жане шприц арқылы немесе балон арқылы ауыз қуысын жуу
  № 17 Стандарт Пациент ауыз қуысының тазалығынан бас тарту. 1. Пациентпен сенімділік қарым-қатынас жасау. 2. Ауыз қуысын таза үстау туралы әңгімелесу. 3. Туыстарына пациентке тіс щеткасы мен пастасын қамтамас етуін айту. 4. Пациентті ауыз қуысының гигиенасына үйрету а) тамақ ішкен сайын аузын шаю б) тісті таңертең кешке тазалау.

 

 

  №18 Стандарт Шап аймағындағы қыртыстарының қызаруы. 1. Себебін анықтау және пациенттің қабілетін, үйренуін білу. 2. Пациентке қай жерде душ алатын орнын көрсету. 3. Гигиеналық процедураны тәуелсіз түрде орындауына көмектесу. 4. Күнде 2-мезгіл жуынуына көмектесу. 5. Дәрігердің нүсқауы бойынша а) қызарған жерін күнде 70% спирттық ертіндімен сүртіп отыру б) Тальк, окись цинк ұнтақтарын қолдану в) егер орындары суланса окись цинк пен солкосерил балтушкаларын қолдану.
  № 19 Стандарт Тоңуға шалдығу. 1.Тексеруді қатаң түрде орындау - су температурасын - процедураның ұзақтығын 2. Процедураны орындаған кезде ауа мен желдетуін тоқтату. 3.Процедураны жүргізгеннен кейін пациентті құрғатып сүрту, киіндіру.
  №20 Стандарт Тағайындалған емдәмнің жеткіліксіздіп. 1.. Ем дәмдік тағамдар қағидалары туралы пациентпен әңгімелесу. 2.Тағайындалған емдәм бойынша тамақтану режимін сипаттау. 3.Пациентке керекті тағамдарын жазып және бұл диета бойынша қолданбайтын тағамды жазып беру.
  №21 Стандарт Тағамды өз бетінше іше алмауы. 1.Тамақ ішкенде жағымды жағдай жасау - тамақтану уақыты - тазалық шаралары - тағамды эстетикалық түрінде беру 2.Тағайындалған диета бойынша тағам температурасы сәйкес болуы керек. 3.Әр түрлі меню талап ету. 4.Егер пациент өзінің тағамын толық іше алмаса, қосымша тағам арасында тамақпен қамтамасыз ету.
  №22 Стандарт Тағамды өз бетімен іше алмауы. 1.Пациенттен қандай жағдайда тамақтанғысы келетінін сұрау. 2.Ыстық сусындардың температурасын анықтау. 3.Ауыр халдегі науқасқа ыстық сусынды трубочка арқылы ішу керек. 4.Қатты тағамнан кейін сусын ұсыну және жайлап тамақтандыру. 5.Тамақтан кейін аузын шаю 6.Еріндерін дәкемен шаю, сүрту.

 

  №23 Стандарт Үлкен және кіші дәретін үстай алмағандықтан қорқыныш сезіммен тамақ ішуден бас тарту. 1. Пациентке өзінің сезімін айтуға мүмкіншілік беру және осы сұрақтарына жауап беру. 2. Су режим туралы әңгімелесу. 3. Үлкен дәретпен кіші дәреттің қай уақытта болуын белгілеу, дәретханаға баруына көмектесу немесе судномен қамтамасыз ету. Тәулік бойы су қабылдауын диурезін реттеу. 5. Пациентті пост байланысымен қамтамасыз етуі.
  №24 Стандарт Пациент немесе оның туыстары гастростома арқылы тамақты жіберуін және оның күтуін білмейді. 1. Пациентке керекті талап беру. 2. Пациент өзінің пікірін, қорқынышын айтуына мүмкіншілік беру. Пациенттің сұрақтарына жауап беру. 3. Пациентті керекті дағдылармен үйрету. - егер гастростоманы ұзақ қолданса оның қалай алуын, тағуын, қалай тамақ жіберуін үйрету. - Егер асқазан секрециясы рефректорлық түрде сақталынса онда пациентке тамақты дұрыстап шайнап су мен араластырып аузынан құйғышқа құю, резеңке трубка арқылы. - Асқазанға көп мөлшерде тағамның жіберуіне болмайтынын түсіндіру (себебі асқазаның бұлшықеттері жіңішкереді тағам қайтадан резеңке трубка арқылы сыртқа шығады. - Тамақтан кейін трубканың ішін сумен жуу. - Пациент тамақ ішкеннен кейін 30 минут жартылай жату. Қолданған трубканы зарарсыздандыру.
  №25 Стандарт Ағзадан су кету қауібі. 1. Дәрігердің талабы бойынша сұйықтықты ауыз арқылы қолдану. 2. Ауыз және көк тамыр арқылы жіберілетін сұйықтық мөлшерін тіркеу. 3. Егер ауыз арқылы пациент іше алмаса, көк тамыр арқылы жіберу. 4. Ағзаның жағдайын қадағалап отыру. 5. Мейіркештер 24 сағаттың ішінде су балансын өлшеп, құжатқа жазып отыруы тиіс.
  №26 Стандарт Пациент тоңып денесінде ауырсынуы пайда болады. Әлсіздену, дене қызуының көтерілуі. 1. Төсек режимімен қамтамас ету. 2. Пациентті жылыту: - жылы киім кіргізу - жылылап орау - жылытқышты жан-жағынан қою дене қызуын әрбір 2 сағат сайын өлшеу

 

 


  №27 Стандарт Дәретханаға өз бетінше бара аламауы. 1. Уақытымен судноны, зәржинағышты төсек тартып жатқан пациентке беру. 2. Үлкен дәрет, кіші дәрет кезінде пациентті жекелеу. 3. Жыныс органдарын жуу.
  №28 Стандарт Сандырақтау кезінде жарақтану қауібі. 1. Жекелік мейіркештік постыны ұйымдастыру. 2. Керуетті қосымша қорғаныш заттармен қамтамас ету. 3. Демін, қан қысымын, тамыр соғысын әрбір сағат сайын қадағалау.
  №29 Стандарт Пациент тоңып тұр. Дене қызуы критикалық түсуі. 1. Дене қызуын өлшеу. 2. Жылытқышпен жылындыру жылылап орау. 3. Ыстық шай, кофе беру. 4. Дәрігер тағайындаған дәрілерді беру.
  №30 Стандарт Қатты әлсізденгеннен кейін жарақаттану болуына қауіп. 1. Қатаң төсек режим. 2. Пациентке жүргізіліп жатқан кірісулердің керектілігін түсіндіру. 3. Мидың қан айналысын жақсарту үшін, пациентті жатқызып, аяғын көтеру. 4. Қан қысымын, демін, тамыр соғысын әрбір сағат сайын тексеру. 5. Пациенттің жағдайының болған өзгерістерін дәрігерге хабарлау. 6. Жалпы жағдайын жақсарту үшін жеке басының тазалығын жүргізуге көмектесу.
  №31 Стандарт Қақырық шықпайтын жөтел. Нәтижесіз демдік процесс. 1. Пациентке сау жағына жатуына ұсыну (дренаждық жағдай қақырықтың жақсы шығуы үшін) 2. Ішінің жағдайын тексеру (метеоризм болмау үшін) 3. Ішектің және қуықтың жұмысын реттеу. 4. Қақырықты жібіту үшін көп мөлшерде су ішу. 5. Постуралдық массажды вибрациондық массажбен алмастыру. 6. 2 мезгіл термометрия жүргізу 7. Бөлмені желдету. 8. Өңін, ернін, тырнақтарын тексеріп отыру. 9 Демдік жаттығуларды дәрігерді келісіммен жүргізу.

 

 

  №32 Стандарт Құрғақ жөтел. 1. Пациентке физикалық психологиялық тыныштық жасау. 2. Жылы су (минералды суды жартылай сүтпен араластырып) ішу 3. Кеудесіне қыша қою, қышалық ванна аяғына, жылылап орау, жылытқышты аяғына салу. 4. Дәрігердің нүсқауымен инголяция қолдану
  №33 Стандарт Қан түкіру. 1. Пациентті тыныштандыру. 2. Толық физикалық, психикалық тынышытықпен қамтамас ету. 3. Пациентке сөйлесу және шылым шегуге болмайды. 4. Төсекке жартылай отырғызу жағдайын жасау (жоғарғы Фаулер жағдайы) 5. Қанды түкіру үшін лотокты беру. 6. Кеудесіне мұздатқышты қою. 7. Жедел түрде дәрігерді шақыру. 8. Суды, тағамды суық түрде беру. 9. Қатаң төсек режиммен қамтамас ету. 10. Терісін, тамыр соғысын қан қысымын қадағалап отыру.
  №34 Стандарт Экспираторлық ентігудің ұстамасы. 1. Пациентті тыныштандыру. 2. Жедел түрде дәрігерді шақырту. 3. Қысып тұрған киімдерін шешу. 4. Жартылай отырғызу. 5. Ауа жіберу немесе оттегіні беру. 6. Аяғын ыстық ваннаға салу. 7. Дәрігердің нұсқауы бойынша аэрозолдық инголяторды қолдану.
  №35 Стандарт Жүрегінің ауырсынуы. 1. Дәрігерді шақырту. 2. Пациентті тыныштандыру. 3. Пациентті жатқызу, физикалық, психологиялық тыныштық. 4. Тіл астына нитроглицерин салу, 30-40 тамшы корвалол немесе валокордин ішу. 5. Жүрек маңына қыша қою жылытқышты сол жақ жауырына қолына қою. 6. Пациенттің жағдайын қадағалап отыру 7. Дәрігердің тағайындаған нұсқауларын орындау.
  №36 Стандарт Талып қалу. 1. Пациентті жастықсыз жатқызып аяғын көтеру. 2. Ауа жіберу. 3. Қысып тұрған киімдерін шешу. 4. Бетіне кеудесіне су бүрку. 5. Мұрнына нашатыр спиртін иіскету, самайын сүрту. 6. Кеудесін, самайын үйкелеу 7. Бетінен шапалақтау немесе суық орамалмен сүрту. 8. Керекті дәрілерді дайындау.

 

  №37 Стандарт Коллапс. 1. Жедел түрде дәрігерді шақырту. 2. Пациентті ыңғайлап жатқызу, аяғын көтеру. 3. Көрпемен жылылап орау, жан-жағына жылытқыштарды қою. 4. Ауа жіберу. Оксигенотерапия жасау. 5. Қою ыстық шай беру. 6. Дәрігердің нұсқауын орындау.
  №38 Стандарт Ісіктер. 1. Дәрігерге хабарлау. 2. Су балансын тексеру. 3. Ем-дәмді тексеру 4. Теріні күту (тесілудің алдын алу)
  №39 Стандарт Қан қысымы көтерілуі мен басының ауруы. 1. Дәрігерді шақырту. 2. Ауа жіберу. 3. Басын көтеріңкі қылып жатқызу. 4. Қарақұсына, аяқтың бұлшық етіне қыша қою. 5. Маңдайына суық компресс жасау. 6. Дәрігердің нұсқауын орындау.
  №40 Стандарт Жүрегінің қағуы. 1. Дәрігерді шақырту. 2. Пациентті тыныштандыру. 3. Ауа жіберу, бөлмені желдету, қысып түрған киімдерін шешу. 4. Ыңғайлы жағдай ясасау. 5. Дәрігер келгенше, қан қысымын, тамыр соғысын, демін санау. 6. Тіл астына нитроглицерин беру. 7. Жалпы жағдайын қадағалап отыру. 8. Дәрігердің нұсқауын орындау.
  №41 Стандарт Дәреттің тұрып қалуы. 1. Пациентке керекті емдәмді өңдеу (емдәм №3) 2. Ағзада су жоғалуын келтірмеу. 3. Пациентке ішек жұмысын жақсарту үшін, күнделікті тағамнан кейін жекелеу, жоғары Фаулер жағдайын жасау, судно беру (егер пациент төсекте жатса). 4. Пациентке іштің бұлшық еттің толықсуын басу үшін жаттығулар жасауын үйрету. 5. Дәретті жібітетін дәрілерді беру. 6. Пациентке көп қозғалуын ұсыну.
  №42 Стандарт Метеоризм (ішінің тырсылдауы). 1. Емдәм режимін сақтау (қара нан, сүт, капуста, боб тағамдарын, жүзім жеуге болмайды). 2. Күнде ішін тексеріп отыру. 3. Дәрігердің нүсқауы бойынша активтелген көмір, ромашка тұнбасын т.б беру керек. 4. Жел шығаратын түтікше қолдану.

 

  №43 Стандарт Физиологиялық шығарумен байланысты ұялшақтықтың пайда болуы. 1. Пациенттің жекелік қасиеттерін сипаттау. 2. Пациентпен сөйлесу. Келісім алу. 3. Физиологиялық шығару болған кезде пациентті жеке қамтамасыз ету.
  №44 Стандарт Ыңғайсыз жағдайда физиологиялық шығарудың қиындығы. 1. Пациентке жеке жағдаймен қамтамас ету. 2. Судно берер алдында пациентті жоғары фаулер жағдайына келтіру немесе егер жағдайы келсе орындыққа қойылған судноға отырғызу.
  №45 Стандарт Диаррея 1. Күнде пациентпен бірге дәреті туралы мәлеметтерін құжатқа тіркеу. (оның жиілігін, түсін). 2. Ішектің жұмысын қадағалау. 3. Пациентке көп мөлшерде су ішуін ұсыну. 4. №4 емдәм туралы кеңес беру. 5. Жаралардың қызаруын алдын алу үшін жыныс органдарын күту.
  №46 Стандарт Жүрегі айну. 1. Тағам қабылдауына назар аудару. 2. Уақытша симптомын басу: газдалмаған минерал суын ішу 3. Дәрігердің нұсқауы бойынша церукал, мотилиумды қолдану.
  №47 Стандарт Құсық. 1. Пациентті тыныштандыру. 2. Басын жоғарлатып, бір жақ қырына жатқызу. 3. Аузының бір жағына дәке немесе орамал салу, лоток қою. 4. Тіс протездерін алып тастау. 5. Құсықтан кейін ауызын сумен немесе перманганат калийдің әлсіз ертіндісімен шаю.
  №48 Стандарт Іштің ауырсынуы. 1. Пациенттің ауырсынуын басу үшін, ыңғайлығып жатқызу. 2. Дәрігерді шақырту. 3. Мүлде тыныштық 4. Аш ұстау 5 Қан қысымын, тамыр соғысын, дене қызуын тексеріп отыру. 6. Дәрігердің нұсқау бойынша жұмыс істеу.
  №49 Стандарт Асқазан ішектен қан кету. 1. Пациентті тыныштандыру аузына лоток беру. 2. Дәрігерді шақырту. 3. Басын көтеріп ьщғайлап отырғызу. 4. Кіндіктен жоғары аймағына мұздатқышты қою. 5. Қан қысымын, тамыр соғысын қадағалап отыру. 6. Аш ұстау. 7. Дәрігердің нұсқауын орындау.

 

  №50 Стандарт Зәрдің жиі-жиі шығуы. 1. Пациенттерге қолдану үшін ұсыну: - әйелдерге – памперстар - ерлерге - утканы 2. Пациентті зәржинағышты қалай қосуын, алып тастауын үйрету. 3. Зәржинағыштарды дұрыс күтуін пациентке үйрету: - 3-4 мезгіл зәржинағыштан зәрді босату - сабын араласқан жылы сумен жуу - тәулігіне 1-мезгіл калий перманганат калий әлсіз ертіндісімен немесе әлсіз хлористоводород қышқыл ертіндісімен өңдеу. - 0,5% хлор ақ ертіндісіне 2-сағат салу зарасыздандыру үшін - аяғын сумен жуу. 4. Жыныс органдарын жуу. 5. Ішкі киімдерін, төсек орныын ауыстыру. 6. Ақ жайманың үстіне клеенка салу. 7. Емдәмді сақтау үшін кеңес беру.
  №51 Стандарт Өз бетінше дәретханаға бару мүмкіншілігі жоқ. 1.18 сағаттан кейін - сұйықтықты азайту. 2. Пациенттен қай уақытта зәрінің келуін анықтау. 3. Мейіркеш постысымен байланыс жасауын қамтамас ету. 4. Пациентті постыға жақын бөлмеге жатқызу. 5. Дәретханаға пациентті апаруға көмектесу. 6. Қолын жуғызып егер мүмкіншілігі болса жыныс органдарын жуғызу.
  №52 Стандарт Үнемі катетері бар пациенттің зәр шығаратын органадарының жұқпаға шалдығу қаупі. 1. Асептика ережесін сақтау, катетерді салу 2. Катетер шығып кетпеу үшін байлау. 3. Катетерді көп уақыт ұстауға болмайды. 4. Қолын әрбір әдістен кейін үнемі жуып отыру. 5. Катетер зәр жинағының системасы жабық болу керек. 6. Егер катетер пітеліп қалса жуу керек. 7. Катетер жуған кезде асептика ережесін сақтау. 8. Керекті жағдайда, зәрді анализге алу. 9. Үнемі зәрдің ағып тұрғанын қадағалау. 10. Катетерді қысуға болмайды. 11. Катетердің жан-жағын өңдеп отыру. 12. ІАЖ алдын алу үшін жыныс органдарына дұрыс күтім жасау.

 


  №53 Стандарт Қуықтың жыртылуына қорқыныш сезімнің пайда болуы. 1. Күнде пациентпен бірге зәрдің шыққанын тіркеп отыру. 2. Егер зәр жүрмей қалса пациентті жекелеу. 3. Пациентті жоғарғы Фаулер жағдайына келтіру немесе дәретханаға апару. 4. Зәрді рефлекс арқылы шығару 5. Егер нәтижесі болмаса дәрігерге хабарлау.
  №54 Стандарт Эндоскопиялық тексеріс алдында қорқыныш сезімінің пайда болуы. 1. Пациентпен әңгімелесу осы процедура туралы түсіндіру. 2. Пациентті тыңдап алу (оның қорқыныш сезімін) 3. Біртіндеп сұрағына жауап беру. 4. Аурулар туралы мысал келтіру. 5. Эндоскопиялық тексерістің қауыпсыздігі туралы ұсыныс беру. 6. Манипуляция алдында жақсы ұйқымен қамтамас ету. Дәрігер нұсқауы бойынша ұйықтататын дәрілерді беру.
  №55 Стандарт Процедурадан бас тарту. 1. Пациентке процедураны мақсатын, кезеңін, қауыпсіздігін түсіндіру. 2. Пациентке өзінің қорқыныш сезімі туралы пікір айтқызу 3. Пациенттің сұрақтарына жауап беру.
  №56 Стандарт Дәрілерден бас тарту. 1. Пациенттерді үйрету. 2. Пациентке хабарлау - дәрінің дозасын - мақсатын - нәтижесін - қолдану тәсілін, уақытын, ұзақтылығын - жағымсыз әсерін - ішімдіктен, қолайсыз тағамнан бас тартуын - егер емнің кестесін бұзса оның жағымсыз нәтижесін 3. Керекті жағдайда жазбаша кеңес беру. 4. Пациентке өзінің пікірін айтқызу, сұрақтарына жауап беру.
  №57 Стандарт Пациент дәріні инголяция арқылы қолдана алмайды. 1. Инголяторды қалай қолданатынын көрсету: - инголятордың қақпақшасын алу - жоғарыдан төмен төңкеру - терең дем алу - инголяторды аузына салып, ернімен қысып, басын кішкене артына шалқайту - аузынан терең демді шығарып, баллонды басу инголяторды ауыздан алып демді 5-10 секунд ұстап, содан кейін біртіндеп демді шығару

 

  №58 Стандарт Қақырық жинау дағдысын білмеу. 1. Анализдің алдында, пациентке қақырықты жинау әдісін үйрету. 2. Назар аударыңыздар: - қақырық таңертең ашқарында жиналады - қақырықты жинар алдында аузын 2% сода немесе 1:5000 фурацилин ертіндісімен немесе 0,01% перманганат калий ертіндісімен шаяды - терең демалып, қақырықты құрғақ түкіргішке 3-5 минут жібереді - бактериологиялық тексеріске антибиотиктардың сезімталдығына Петри ыдысына жинайды. - Жиналған қақырықты 2-сағат шамасында лабораторияға жібереді 3. Егер пациенттің сұрақтары болса жауап беру. 4. Үйде жатқан халі нашар пациентің қақырығын туыстары жинап әкеледі. 5. Тәуліктегі қақырықты таза құрғақ ыдысқа жинайды.

26.Тесттік тапсырмалар

1. А. Маслоу бойынша адамның өміріне ең қажетті көрсеткіштер:

+А/ он төрт

Б/ он

В/ бес

Г/ үш

Д/ он екі

2. Мейіркеш ісіндегі ең алғашқы теоретик:

А/ Ю. Вревская

Б/ Е. Бакунина

В/ Д. Севастопольская

+Г/ Ф. Найтингейл

Д/ Авиценна

3. Емханалық ұйымның түріне жатады, мынадан басқалары:

А/ амбулатория

Б/ емхана

+В/ санатория

Г/ диспансер

Д/ мед. сан. бөлім

4. Қабылдау бөлімінің мейіркештің қызметіне кіреді:

А/ бөлімшеге науқастарды тасымалдау

Б/ ауру тарихының алғашқы бетін толтыру

В/ дене қызуын өлшеу

Г/ науқастарды санитарлы гигиеналық өңдеуден өткізу

+Д/ жоғарыда айтылғандардың барлығы дұрыс

5. «ҚР вирустық гепатит ауруларының алдын-алу» қайсысы құқыққа жатады:

А/ 26.05.95 жылғы №270 бұйрық

Б/ 29.12.93 жылғы №542 бұйрық

+ В/ 26.11.2002 жылғы №1050 бұйрық

Г/ 11.10.99 жылғы №476 бұйрық

Д/ 23.03.97 жылғы №445 бұйрық

6. «Аурухана ішілік инфекцияға қарсы қадағалау және ұйымдастыру жұмысын жүргізу» бұйрығына қайсысы жатады:

А/ 26.05.95 жылғы №270 бұйрық

Б/ 29.12.93 жылғы №542 бұйрық

В/ 26.11.2002 жылғы №1050 бұйрық

+Г/ 11.10.99 жылғы №476 бұйрық

Д/ 23.03.97 жылғы №445 бұйрық

7. Ауруханаға түскен науқастардың ауру тарихының шифры:

+А/ Ф-003У

Б/ Ф- 025У

В/ Ф-066У

Г/ Ф-074У

Д/Ф-058У

8. Медицина қызметкерлерінің жұмыс барысындағы мінез-құлқы жөніндегі ғылым:

А/ медициналық диагностика

Б/ медициналық биология

В/ медициналық эклолгия

Г/ медициналық деонтология

+Д/ медициналық этика

9. Жекелеген топтағы науқастарды емдеу, алдын – алу көмегін көрсету үшін арналған мед. ұйымға қайсысы жатады?

А/ емханалар

+Б/ диспансерлер

В/ амбулаториялар

Г/ мед.сан.бөлім

Д/ жедел-жәрдем станциясы

10. Мейіркеш заңды жауапкершілікке тартылады, егерде:

А/ өзінің міндеттеріне немқұрайлы қарауының арқасында науқастың жағдайының нашарлауы

Б/ сан. гигиеналық тәртіпті сақтамауының арқасында, жұқпалы аурудың таралуы

В/ манипуляция техникасын бұзу себебінен пациенттің өлімге шалдығуы

Г/ дәрі-дәрмекті ұрлауы

+Д/ жоғарыда айтылғандардың барлығы дұрыс

11. Мейіркештік үрдісінде неше кезең бар:

+А/ 5 кезең

Б/ 2 кезең

В/ 3 кезең

Г/ 6 кезең

Д/ 4 кезең

12. Мейіркіштік үрдістің ІІ кезеңіне не жатады:

А/ пациенттерді тексеру

+Б/ проблемасын анықтау

В/ жоспарлау

Г/ кірісу

Д/ баға беру

13. Мейіркештің тәуелсіз кірісудеріне не жатады:

А/ пациентке көмек көрсету

Б/ пациенттің жанұясына көмек көрсету

В/ көрсетілген күтімдерді тіркеу

Г/ дәрігердің нұсқауын орындау

+ Д/ айтылғанның барлығы дұрыс

14. Мейіркеш философиясына қандай тұжырымдар жатады:

А/ пациент

Б/ мейіркеш, мейіркеш ісі

В/ қоршаған орта

Г/ денсаулық

+Д/ айтылғанның барлығы дұрыс

15. Мейіркештің кәсіби жұмыстарына неше стандарттар жатады:

А/ 5 стандарт

Б/ 3 стандарт

+В/ 8 стандарт

Г/ 6 стандарт

Д/ 7 стандарт

16. Ішкі ауруханалық жұқпаның таралу механизмінің қандай түрлері бар:

А/ аэрозольды (ауа-тамшылы)

Б/ қарым-катынастық

В/тұрмыстық

Г/ жасанды

+Д/ айтылғанның барлығы дұрыс

17. Бөлімшеде термометрларды қайда сақтайды:

А/ аға мейіркештің кабинетінде

Б/ науқастың палатасында

+ В/ дезинфекциялық ертіндісі бар ыдыста

Г/дәрігер бөлмесінде

Д/ дұрыс жауабы жоқ

18. Дезинфекциялық препараттармен жұмыс істегенде қажетті қорғаушы киімдер:

А/ халат,фартук

Б/ қолғап

В/ қорғаушы көзілдірік

Г/ маска немесе респиратор

+ Д/ жоғарыда айтылғандардың барлығы.

19. Дезинфекциялық заттар мейіркештің ағзасына қандай жолмен түсуі мүмкін

А/ тыныс алу жолымен

Б/ мұрынның шырышты қабығымен

В/ тері жамылғысымен

Г/ тері асты жамылғысымен

+Д/ айтылғанның барлығы дұрыс

20. Қолды жуудың неше деңгейі бар

А/ 1деңгей

Б/ 2 деңгей

+В/ 3 Деңгей

Г/ 4 деңгей

Д/ 5деңгей

21. Зарарсыздандыру деген не?

+А/ микроорганизмдерді жартылай жою

Б/ микроорганизмдерді ұрықтарымен жою

В/ емдеу

Г/ диагностикалау

Д/ жуу

 

22. Зарарсыздандырудың түрлері:

А/ күнделікті

Б/ қорытынды

В/ ошақты

Г/ алдын – алуы

+Д/ айтылғанның барлығы дұрыс

23. Залалсыздандыру деген не?

А/ микроорганизмдерді жартылай жою

+Б/ микроорганизмдерді ұрықтарымен жою

В/ емдеу

Г/ диагностикалау

Д/ жуу


Дата добавления: 2015-10-24; просмотров: 667 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Процедураны орындау| Деконтаминация деген не

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.075 сек.)