|
УЗИ-эхография дегеніміз ультразвук арқылы тексеру.
Бұл тексерістің күрделігі – аѓзаѓа дәрілер енгізілмейді, зиянсыз, қауіпсіз, пациентке әр түрлі жағдайда жүргізуге болады.
Пациентті ішкі құрылысының УЗИ-тексерісіне дайындау (бауыр, өт қалтасы, ±йқы безі, көк бауыр, бүйрек):
1. Пациентпен сенімділік қарым-қатынас жасау, мақсатымен, барысымен таныстыру, келісімін алу.
2. 3 күн бұрын тағамнан жел шығаратын тамақтарды алып тастау: жемістер, сүт, ашытқы тамақтар, қара нан, шырындар, ішекті босататын дәрілерді ќабылдау.
3. Іші кеуіп тырсылдаса, активті көмір таблеткаларын ќабылдау.
4. Тамақты ішуін 18-20 сағат тексерер алдында тоқтату.
5. Кешкі уақытта тексерер алдында тазарту клизмасын жасау.
6. Тексерер алдында шылым шекпеу керек.
7. УЗИ-ға барғанда орамал, ақ жайма, аяқ киім алу керек.
18.6.Кіші жамбастың органдарын УЗИ-ге дайындау
(қуық, жатыр, аналық без (предстательная железа))
1. Қуық толып тұру керек.
2. 2-3 сағат бұрын 1-1,5 л сүйықтық ќабылдауы керек.
Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары
1. Аспаптық тексеру әдістерін атап шығыңыз?
2. Рентген арқылы тексеру әдістерін тізіп беріңіз?
3. Эндоскопиялық тексеру әдістерінің маңыздылығын және дайындау ережелерін түсіндіріңіз?
4. Фиброгастродуоденоскопияға пациентті дайындау тәртібін түсіндіріңіз?
5. Ирригоскопияға дайындауын және жүргізуін айтып беріңіз?
6. Колоноскопияға сипаттама беріңіз?
7. Холецистографияға пациентті дайындаңыз?
8. Ректороманоскопияға пациенті дайындау ережесін атап шығыңыз?
9. Бүйректі УЗИ және экскреторлық урографияға дайындаңыз?
Қандай контрастық заттарды білесіз?
111. Арнайы бөлім.
19.Тыныс алу жолдарының ауруларындағы
мейіркештік үрдіс.
Тыныс алу деп ауадан оттегін сіңіріп, көмір қышқыл газын шығаруын қамтамасыз ететін өзара байланысты көптеген процестерді айтады. Оттегінің қатысуымен организмде тотығу процесі өтеді. Құрамындағы органикалық заттардың тотығуы нәтижесінде жасушалар мен тіндерде тіршілікке қажет энергия пайда болады. Мұнымен қатар тотығу барысында көмір қышқыл газы түзіледі. Бұл газ уақытында сыртқа шығарылып тұрмаса, көптеген тіршілікке қажетті процестер тоқтап, денеде су тұрақтылығы (изогидрия), жылу тұрақтылығы (изотермия) бұзылады да адам өміріне қауіп туады. Демек, организм ауадан үздіксіз оттегін алып, ұдайы көмір қышқыл газын сыртқа шығарып тұрса ғана өмір сүре алады.
Тыныс алу бес кезеңнен тұрады:
1. Сыртқы тыныс алу - ауадағы газдарды (атмосфералан) өкпеге әкеліп, өкпеден (тотыққан) қайтадан атмосфераға шығарып тұру;
2. Өкпе көпіршіктеріндегі (альвеолалардағы) газдар мен қан құрамындағы газдардың алмасуы;
3. Газдардың өкпеден тіндерге, тіндерден өкпеге қан ағынымен тасымалдануы;
4. Тін мен қан арасындағы газ алмасу;
5. Ішкі тыныс алу - жасуша құрамындағы органикалық заттардың тотығуы. Бұл - биохимиялық процесс.
Сыртқы тыныс алу, яғни газдардың ауадан өкпеге өтуі, өкпеден қайта атмосфераға шығарылуы екі кезеңнен: дем алу (инспирация) және дем шығарудан (экспирация) тұрады. Инспирация мен экспирация тірі организмде өзара жымдасып үйлесім тапқан, өмір бойы бірінен соң бірі кезекпен келіп алмасып отырады. Адам демді ішке алған кезде инспирация еттері жиырылады да, кекірек қуысын кеңейтеді. Көкірек қуысының тарылуы экспирация (дем шығару) еттері, яғни ішкі қабырғааралық еттердің жиырылуына байланысты. Демді ішке алып, сыртқа шығаруда плевралық қуыс ішіндегі қысым денгейінің өзгеруі де елеулі рөл атқарады. Адамның демі мидың дем орталығымен реттеліп отырады. Меіркеш пациенттерді бақылап отырғанда, оның демінің жиілігін, тереңдігін, түрін анықтайды.
19.1. Тыныс алу жолдарының ауруларындағы негізгі шағымдары:
а/ ентігу;
б/ тұншығу;
в/ жөтел /құрғақ, дымқыл/;
г/ ауырсыну;
д/ қансырау, қан кету;
Ентігу -демнің қызметінің бұзылуы. Демнің жиілігі, ырғақтылығы, тереңділігі бұзылады.
Демнің жиілігі: Демді санағанда пациентке білдіртпейді. Ол үшін пациентті жатқызып, тамыр соғысын санаған тәрізді болып, бір қолын ішіне салып, бір минуттін ішінде демін санайды. Калыпты жағдайда демі минутына 16-20 рет. Жаңа туған баланың демі минутына 40-45 рет.
Демнің тереңдігі: Пациент т ынышталып отырғанда, ауаның шыққан және алған көлемін меіркеш анықтайды.
Калыпты жағдайда демнің көлемі 500мл-дейін болады. Пациенттің демі сыртқы немесе терең болуы мүмкін. Калыпты жағдайда демі ырғақты болуы тиіс.
Егер демнің ырғақтылығымен тереңдігі бұзылса ентігу пайда болады.
Ентігу 3-түрге бөлінеді:
1. Экспираторлық - демнің шығуының қиындауы;
2. Инспираторлық - демнің алуының қиындауы;
3. Аралас - демнің шығуымен алуының қиындауы;
Патологиялық жағдайда демнің бұзылуы 3-түрге бөлінеді:
I.Куссмауль демі - сирек, терең, шулы, /терең комада байқалады/;
II. Биотта демі -қалыпты жағдайда дем кенеттен үзіліске ұшырайды;
III.Чейн -Стокса - демнің жиілігімен тереңдігінің 5 - 7 демге дейін өсуі, содан кейін демнің әлсізденуі;
Асфиксия - оттегі тапшылығынан демнің тоқталуы.
19.2.Астма /демікпе/ - тұншығу.
Тұншығу - ауаның жетіксіздігінен пациент демін алалмайды. Бұл жағдайда ұсақ бронхтар жиырылып демнің шығуы қиындайды. Пациент өзіне ыңғайлы жағдай іздеу үшін, қолдарын керуеттің шетіне тірейді. Кеудесіндегі сырылдар естіліп, беті көгеріп, дымқыл мұздай тер шыққаны білініп тұрады.
Алғашқы көмек:
1. Төсекке ынғайлап отырғызыңыз;
2/ қысып тұрған киімдерін шешіңіз;
3/ бөлмені желдетіңіз;
4/ дәрігерді шақырыңыз;
5 оксигенотерапия жүргізіңіз;
6 дәрігердің нұсқауын орындаңыз
8.Қалталы инголяторды пациентке берініз;
9.Дәрігер келгенше керекті дәрілерді дайындаңыз; 2,4% - эуфиллин ертіндісін;
5% - эфедрин ертіндісін; преднизолон, гидрокортизон, жүрек гликозидтерін.
10.Пациенттің жалпы жағдайын, шыққан қақырықтың түрін қадағалап отырыңыз;
11.Нұсқау қағазына пациенттің демін, қан қысымын, тамыр соғысын белгілеңіз;
Пациенттен жылтыр шынылы тәрізді қақырық шығып жағдайы жақсарады.
12..Пациенттің жағдайы жақсарғаннан кейін, қалталы инголяторды қалай қолданатынын үйретесіз;
13.Пациентке қақырықты лабораториялық тексеріске жинауына үйретіңіз;
19.3.Оксигенотерапия (оттегімен емдеу)
Мақсаты: тіндердегі оттегінің көлемін жоғарлату.
Құрал – жабдықтары: құрамында 100 % оттегі бар жастықша, мунштук, 4 қабатты марліленген дәке, дезинфекциялық ертінді, су, көпіршікті басатын заттар (10 % антифомсилан, 96% спирт).
Ø Оттегі баллонынан жастықшаның резеңке трубкасын редуктормен жалғаңыз;
Ø Баллонның қырынан тұрыңыз;
Ø Жастықшасының бұрандысын ашыңыз;
Ø Баллонның бұрандысын ашыңыз;
Ø Жастықшаға оттегіні толтырып алыңыз;
Ø Ең бірінші баллонның бұрандысын, содан кейін жастықша бұрандысын жабыңыз;
Ø Резеңке трубканы редуктордан алып, мунштукты кигізіңіз;
Ескерту: оттегі алған кезде қауіпсіздік ережесін сақтау керек (шылым шекпеу, сіріңке жақпау, баллонға қарсы тұрмау)
Ø Дәкені суға немесе көпіршікті басатын затқа малып алып, мунштукты ораңыз;
Ø Пациенттің ауыз қуысын бөтен заттардан тазалаңыз;
Ø Пациент аузына мунштукты салып, жастықшаның бұрандысын ашыңыз;
Ø Оттегіні беру жылдамдығы минутына 4 – 5 литр болады. Егер оттегі 100 % болса, оны әр бір 15 минут сайын үзіліспен беріп отырады.
Ø Жастықшаны орап отырып оттегіні жайлап жіберіңіз;
Ø Босаған жастықшаның трубкасынан мунштукты алып дезинфекциялық ертіндіге салыңыз;
Ø Пациенттің жағдайын қадағалап отырыңыз;
19.4.Дымқылданған оттегіні Бобров аппараты арқылы енгізудегі мейіркештің технологиясы.
Мақсаты: тіннің гипоксиясын азайту.
Көрсеткіштері: дәрігердің нұсқауы бойынша тыныс және жүрек ауруларында қолдану.
Құрал – жабдықтары: Бобров аппараты, дистилденген су, немесе 2 % гидрокарбонат натрий, 96% спирт, мұрындық катетр, шпатель, бинт, лейкопластырь.
Ø Пациентке осы процедураны түсіндіріп, келісім алыңыз
Ø Қолды жуып, құрғатып, резенке қолғапты киіңіз;
Ø Бобров аппаратын жұмысқа дайындаңыз:
а. Шынылы ыдысқа дистилденген су немесе 96% спирт (2/3 көлемінде) немесе 2 % гидрокарбонат натрий ертіндісін құйыңыз, температурасы 30–400С болуы тиіс.
б. Осы ыдысты екі түтікшесі бар бұрандысынмен жабыңыз;
Ø Катетрді жіберу үшін құлақтың ұшынан мұрынға дейін өлшеп белгілеңіз (15 см);
Ø Катетрді вазелин майымен жағып алыңыз;
Ø Катетрді мұрынның қуысына кіргізіңіз;
Ø Лейкопластырмен немесе бинтпен бекітіңіз;
Ø Бобров аппаратына жалғаңыз;
Ø Бобров аппараттын ұзын түтікшесі бар резенке трубкасын баллонға жалғаңыз;
Ø Бұрандысын ашып, оттегіні жіберіңіз;
Ескерту: оттегіні 40 – 60 минуттан дәрігердің нұсқауы бойынша береді. Катетр мұрында 12 сағатқа дейін болуы тиіс.
Ø Оттегіні қолданғаннан кейін катетрді алып, дезинфекциялық ертіндіге салыңыз;
Ø Қолды жуып құрғатыңыз;
19.5.Жөтел - жоғарғы дем жолдарында қақырық жиналған кезде пайда болады.
Жөтел үнемі немесе үзілісті, қысқа, қатты, үрей тәрізді болады. Жөтел екі түрге бөлінеді: құрғақ немесе дымқыл.
Құрғақ жөтел болғанда көмек көрсету:
1 жөтелгенде ауырсынуды басу үшін көп мөлшерде жылы сілтілі су ішкізіңіз;
2.Дәрігерді шақырыңыз;
3.Қыша, жылы компресс қойыңыз, аяқты қышалық суға салыңыз;
4.Пациенттке инголяция қолдануын үйретіңіз;
5.Дәрігердің нұсқауы бойынша жөтелге қарсы дәрілерді беріңіз;
6.Пациенттің жалпы жағдайын қадағалап отырыңыз;
7 Нұсқау қағазына демің, тамыр соғысын, терінің түсін белгілеңіз;
8.Дәрігердің нұсқауын орындаңыз;
Дымқыл жөтел болғанда көмек көрсету
1. Дәрігердің нұсқауын орындаңыз;
2. Жылы сілтілі су көп мөлшерде /мин.су "Боржоми, сүт"/
3. Қолдануын үйретіңіз;
4. Егер дене қызуы қалыпты болса қыша, оңқа, компресс қолданыңыз;
5. Кеудесіне массаж жасаңыз;
6. Өкпенің жұмысын жақсарту үшін емдеу гиманастикаларын жүргізіңіз;
7. Егер қақырықты тексергенде қан болса дәрігерді жедел түрде шақырыңыз;
8. Пациенттке қақырығын түкіргішке жинауын үйретіңіз;
9. Постуралдық дренаж жасауын үйретіңіз;
10. Дәрігердің нұсқауы бойынша қақырықты шығаратын дәрілерді, бронхолитиктерді пациентке беріңіз;
11. Пациенттің демін, тамыр соғысын, терінің түсін т.б қадағалаңыз;
12. Бөлмені төрт мезгіл /ауаның температурасы 18-220 С / желдетіп отырыңыз;
13. Керекті жағдайда оксигенотерапияны жүргізіңіз;
Егер: қан араласқан қақырық шықса оған сипаттама беріңіз.
Мысалы: круптық өкпе қабынуында, түбіркүлез, қатерлі ісікте, мейіркеш көмек беруге дайын отыру керек.
19.6.Өкпеден қан кеткенде көмек көрсету.
Мақсаты: Қанды тоқтату
1. Дәрігерді шақырыңыз;
2.Пациенттке ыңғайлы жағдай жасаңыз /отырғызу/
4. Физикалық психикалық тыныштық;
5.Пациенттке қалталы түкіргішті қолдануын және оны зарасыздандыруын үйретіңіз;
6.Ыстық тамақ ішуге болмайтынын түсіндіріңіз;
7.Дымқыл суық орау жасаңыз; /ыстық су, ванна, душ қолдануға болмайды/;
8.Пациентке сөйлеуне, қимылдауна болмайтынын түсіндіріңіз;
9. Тесілудің, қабынудың алдын алу үшін,денесін 3-4 мезгіл қозғап отырыңыз;
10.Қатаң режимді сақтауын, тамақты салқын ретінде қолдануын түсіндіріңіз;
11.Дәрігердің нүсқауын орындаңыз;
19.7.Кеуде қуысындағы ауырсыну жағдайында көмек көрсету.
1. Ауырсынуын басу үшін, ыңғайлы жағдаймен қамтамас етіңіз;
2. Көбінесе ауырған жағына жатқызуға кеңес беріңіз;
3. Плевраның париеталдықпен, висцералдық қабығының қажалуын азайту үшін/ физикалық психикалық тыныштық пен қамтамас етіңіз;
4. Пациенттің ауруын басу және бүлшық етті босансыздандыру үшін релаксация жасау әдісін үйретіңіз;
5. Ауырсынуды басу үшін сыртқы демнің күрделігін түсіндіріңіз;
6. Дәрігердің нүсқауы бойынша қыша, иодтық сетка жасаңыз;
7. Аналгетиктарды дәрігердің нүсқауы бойынша беріңіз;
8. Пациенттің жағдайын үнемі қадағалап отырыңыз;
9.Нұсқау қағазына демін, терінің түсін, ауырсынуын белгілеңіз;
19.8.Квинке дренаждық жағдайын жасау әдісі.
Мақсаты: қақырықтың шығуына көмектесу.
Процедураға дайындау
1. Пациентке дренаждық жағдайдың мағынасын түсіндіріңіз;
2. Келісім алыңыз;
3.Түбіне 1/3-1/4 көлемде дезинфекциялық ертіндісін қүып түкіргішті дайындаңыз;
Дата добавления: 2015-10-24; просмотров: 490 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Фиброэзофагогастродуоденоскопия (ФЭГДС) | | | Процедураны орындау |