Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тақырып. Бағалы қағаздар нарығындағы тәуекел түрлері

Сыртқы бөлімнің жұмыс оқу жоспары | Пәннің оқу - әдістемелік картасымен қамтамасыз етілуі | Тақырып. Қазақстан Республикасында қор нарығының қалыптасуы. | Осымша әдебиеттер: 11-64 | Тақырып. Бағалы қағаздар портфелі және оның түрлері. | Тақырып. Акционерлік қоғамдар: сыныпталуы және бағалануы | Тақырып. Қор биржасының қызметін ұйымдастыру. Қор нарығының қатысушылары | Студенттердің өзіндік жұмыстары негізіндегі сабақтар жоспары | Зіндік бақылау үшін тест тапсырмалары | Курс бойынша емтихан сұрақтары |


Читайте также:
  1. Ан кету, қан кету түрлері және қан ағу кезіндегі алғашқы медициналық көмек
  2. Атысушылардың түрлері
  3. Бөлме өсімдіктерінің түрлерін ажырату
  4. Дезинсекциялық заттардың қолданатын түрлері
  5. Дозалардың түрлері. Минималды және максималды медициналық дозалар.
  6. Зерттеудегі маркетингтік ақпараттардың түрлері
  7. Мүлікті тәркілеу және оның түрлері

Бағалы қағаздар нарығында инвестиция салу болашақтағы қаржы нәтижесінің анықсыздығы деп түсіндірілетін тәуекелсіз жүрмейді. Бірақ қазіргі нарықта тәуекел туралы интуитивті елес табысты қызмет үшін жеткіліксіз. Сондықтан белгілі оқиғалардың болуының сандық ықтималдығын анықтаумен байланысты тәуекелді басқару қажет.

Әрқилы қаржылық активке инвестиция салу нәтижесінде бірқатар жағымсыз оқиғалардың болуын білдіреді.

- болашақ табыс күтілгеннен төмен;

- табыс алынбайды;

- салынған капитал бөлігін – бағалы қағаздардың капитал құнын жоғалтуға болады;

- барлық капитал – бағалы қағаздарға салынған барлық салымдар.

Бағалы қағаздар нарығындағы тәуекелді бағалау деңгейі бойынша пайда болу себебі және салдары бойынша жіктеуге болады. Әр ерекшеленген тәуекел түрі әрқилы бағаланады.

Бағалау деңгейі бойынша тәуекелдер бөлінеді:

- елдік;

- саналық;

- жеке оператор қызметімен байланысты тәуекелдер.

Елдік тәуекел – тұрақсыз қор нарығы бар елдердің бағалы қағаздарына ақша құралдарын салу тәуекелі. Елдік тәуекел деңгейін инвестициялық жағдай анықтайды. Елдік тәуекелдер шетел мемлекеттерінің қор байлықтарына инвестицияларды саралайды.

Инвестор үшін макродеңгейдегі экономикалық тәуекелдер, ең алдымен инфляция тәуекелдерінде көрінеді. Бағалы қағаздарды сатып ала отырып, инвестор инфляция әсерін сезінеді, нәтижесінде бағалы қағаздардан алынатын табыстар нақты сатып алушы қабілеті көзқарасы бойынша құнсызданады, ал инвестор шығынға ұшырайды.

Әлеуметтік-саяси тәуекелдердің мысалы болып, әскери иеленістер тәуекелі табылады. Осы немесе басқа территорияда өтетін әскери әрекет қызмет ететін, ұйымдасқан нарықтың, оған қоса қор нарығыныңда бұзылуына әкеледі. Ережеге сай мемлекет биржасының жұмысын тоқтатып, бағалы қағаздармен және тағы басқа келісім-шарттар жүргізуге тиым салынады.

Салалық тәуекелдер. Сала бөлімдерінің ерекшеліктерімен байланысты тәуекелдер. Салалық тәуекелдер анализы 3 бөліктен тұрады.

І бөлік – саланың өмірлік циклінің стадияларына анықтама:

1. циклдық толқуларға түскендер;

2. циклдық толқуларға аз түскендер;

3. тұрақты қызмет ететіндер;

4. жылдам өсуші, жас салалар.

ІІ бөлік – макроэкономикалық шартта және ресми цикл қатынасында сала позицияның орнауы.

ІІІ бөлік – саланың даму перспективаларын болжау және сапалы анализ.

Кезекті ақпарат ретінде сату көлемі, пайда, дивиденттер және осы индустрияның кәсіпорындарында инновация бойынша әлеуметтік зерттеудің мәліметтері қолданылады.

Инвестор үшін тиімдірек болып үлкею стадиясында тұрған, уақыты тұрақты және жоғары дивидент төлем деңгейлі тәуекелмен сәйкесетін салалық корпорациялардың бағалы қағаздарына салуы табылады.

Сала дамуының циклділігіне баға беру оның жалпы экономикалық тенденцияларымен ортаншы динамикаларының дамуына негізделген. Бұндай анализ проценттік ставканың өсуімен жалпы экономикалық конъюктураны болжаумен байланысты алдағы іс-әрекеттерді алдын-ала көруге мүмкіндік береді. Берілген материалдар негізінде осы сала кәсіпорнына салынған құралдардың перспективасы мен берілген әрекет түрімен айналысатын, корпорацияға өзінің құралдарын сала отырған инвестор көтеретін тәуекелдер жайында қорытынды шығырылады.

Салалық тәуекелдер инвестициялық сапаның өзгеруімен бағалы қағаздардың курстық бағамының және сәйкес жоғалтулардан көрінеді. Осылайша салалық тәуекел өндіріс саласымен, ауылшаруашылығымен, коммуналды шаруашылықпен және қызмет ету сферасының спецификасымен байланысқан.

Бағалы қағаздар нарығындағы қаржылық оператордың тәуекелін қаржылық және коммерциялыққа бөлуге болады.

Операциондық тәуекелдерге оператордың нарықтағы іс-әрекетінің нәтижесіндегі мүмкін жоғалтуларды жатқызады. Олар қалай техникалық мінез-құлық алып жүрсе, солай, тәуекелді бағалау методы мен моделінде қолданылатын қателіктерді де алып жүреді. Бұл тәуекел бағалы қағаздармен оперлердің сервистік қызмет көрсетуінің сапасымен анықталады.

Коммерциялық тәуекелдер (кәсіпорын тәуекелі) кәсіпорынның әрекетінің күтілетін қорытындының өзгеруімен байланысты туындайды және фирманың потенциалын қолдануымен де байланысқан. Берілген тәуекелдер жеке алынған фирма көлемінде бағалы қағаздар эмитент-компанияның қаржылық жағдайы, ұйымдастыру шарты мен инвестордың нарықтағы позициясы эксперттік анализбен бағаланады.

Жеке фирмалар деңгейінде зерттеу жүргізгенде ірі рейтингтік агенттіктер бір акцияға есебі көрсеткішінде келесілерге негізделеді. Олар: сату (айналым) көлемі, жалпы пайда, амортизация, төленген салықтар, қызметкерлердің еңбек ақысы, жұмыс капиталы және капитал салым (сатып алуға шығындар). Одан басқа олар мынадай, яғни бағаның пайдаға қатынасы, сату саласына дивиденттердің пайызы, дивиденттердің өсімі, активтерге пайданың өсімі сияқты көрсеткіштерді ескереді.

Бағалы қағаздар нарығындағы оператордың әрекеті уақыттық немесе сапалық аспектіде бағалы қағаздарды таңдау немесе селекция қате жүзеге асыруы да тәуекелдер туғызады. Бағалы қағаздардың портфельде орналасуы портфельдік инвестициялаудың мақсатын тиімді түрде қамтамасыз етуі тиіс. Мысалға, портфельдің минимаксті моделі - минималды тәуекелден максималды пайда. Үздік қорытындыны тек бағалы қағаздардың белгілі жиыны ғана бере алады, бірақ соған қарамастан оператордың, яғни портфель менеджерінің оны сапалы қалыптастыра алмауынан тәуекел болады.

Тәуекелдің екінші түрі ретінде диверсифицирленген тәуекелдерді санауға болады. Олар әрбір негізгі бағалы қағаздардың ерекшеліктерімен байланысқан, яғни жеке-дара мінез-құлықты. Бірілген бағалы қағаздардың бұл тәуекелі шығарылу шарты мен айналымға тәуелді, яғни боласалған пайданың көлемін өзгертетін оқиғалардың болу мүмкіндігімен де анықталады.

Тәуекелдер қиылысқанда қандайда бір бағалы қағазда немесе нарықтағы оператордың әрекетіне мән береді. Сондықтан тәуекелдердің негізгі түрлерін орнатқан маңызды.

Жоғарыда қор нарығында қаржылық инвестициялар пайда болатын, тәуекелдердің барлық түрлері көрсетілмеген.

Диверсифицирленген тәуекелдердің құраушылары өте күрделі. Бұлардан инвестициялау объектілерінің, инвестициялау бағыты, селективті және техникалық тәуекелдер, ал олар өз кезегінде тәуекелдердің белгілі түрлерін қосады,ал осылардың бәрімен тәуекелдер бөлінеді.

Инвестициялау объектісінің тәуекелі негізінен эмитентке мұқтаждығы, оның табыстылық деңгейімен анықталады және бағалы қағаз бойынша табысты төлеу мүмкіндігімен. Сондықтан, инвестициялау объектісінің тәуекелі кездейсоқ құлықты оқиғаның орын алу мүмкіндігімен берілген эмитенттің бағалы қағаздарына салымды жоғалтулардан байланысты.

Басқарушылық тәуекелдер кәсіпорын басқаруды жүзеге асыратын менеджердің квалификациясымен анықталады.Бизнес менеджердің жіберген қателіктері, берілген эмитенттің бағалы қағаздарына құрал салғандарға да зиян тигізуі мүмкін.

Конверттелген тәуекелдер облигацияларды немесе айрықшаланған акцияларды жай акцияларға аударғанда туындайды.

Дивиденттерді төлемеу тәуекелі жалпы тәуекел түрінің жеке жағдайы, бұл инвестордың кәсіпорындағы жеке дара орнымен байланысты.

Бұлар негізінен 2 ұстаныммен талданады:

- инвесторға берілетін, дивиденттер деңгейі және олар қанша рет төленеді, стратегияның маңызды сұрақтарын шешуде инвестордың дауыс беру құқығының болуы, берілген кәсіпорындардың бағалы қағаздарын ұстаушы басқаларға қарағандағы талабының алғы шарттарының құқықтары.

- Берілген акциялардың нарықтық орны, яғни оның танымалдығы, шығарылу көлемі, қосалқы және келесі шығарылуы, нарықта айналу тарихы.

Ережеге сай дивиденттерді төлемеу пайданың жоқтығымен емес атқарушылардың оны төлемеу тілегімен және жеке дара акционерден төлету талабының мүмкін болмауымен байланысты.

Банкроттыққа, инвестицияны жоғалтуға және кәсіпкердің мүлкінің жоғалуына әкелетін катастрофалық тәуекелдер,кәсіпкердің ірі қателігінің қорытындысы болып табылады және өте сирек инвестициялық шешім ретінде қарастырылады.

Тәуекелдерді анықтау үшін статистикалық, эксперттік және комбинирленген әдістерді қолдануға болады.

Статистикалық әдіс мәселесі мынаған негізделеді, яғни берілегн және ұқсас инвестициялық шешімдердегі орны бар, жоғалтулар мен пайда статистикасының оқытылуы сол немесе басқа экономикалық қайтарылулардың алу жиілігі мен көлемі орнатылады, ал содан кейін мүмкін болу анализі өткізіледі де, болашақ инвестициялық жобаға болжам жасалады.

Эксперттік әдіс тәжірибелі кәсіпкерлер мен менеджерлердің ойын сараптау арқылы іске асады.

Тәжірибелік қолдануға тиімдірек болып комбинирленген әдіс табылады. Ол өзіне инвестициялық шешімдердің нұсқаларына баға беретін эксперт пен көрсеткіштердің есептеуін қосады.


Дата добавления: 2015-10-24; просмотров: 1001 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Тақырып. Бағалы қағаздар нарығын талдау әдістері.| Пәннің оқытылуы бойынша әдістемелік ұсыныстар

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)