Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тақырып. Акционерлік қоғамдар: сыныпталуы және бағалануы

Сыртқы бөлімнің жұмыс оқу жоспары | Пәннің оқу - әдістемелік картасымен қамтамасыз етілуі | Тақырып. Қазақстан Республикасында қор нарығының қалыптасуы. | Осымша әдебиеттер: 11-64 | Тақырып. Бағалы қағаздар нарығын талдау әдістері. | Тақырып. Бағалы қағаздар нарығындағы тәуекел түрлері | Пәннің оқытылуы бойынша әдістемелік ұсыныстар | Студенттердің өзіндік жұмыстары негізіндегі сабақтар жоспары | Зіндік бақылау үшін тест тапсырмалары | Курс бойынша емтихан сұрақтары |


Читайте также:
  1. B) анық және альтернативті 1 страница
  2. B) анық және альтернативті 2 страница
  3. B) анық және альтернативті 3 страница
  4. B) анық және альтернативті 4 страница
  5. Next Generation Network, міндеттері және анықтамасы
  6. Аграрлык өнімді өткізу арналары және оларды тандау
  7. Азаматтардың» және «жеке тұлғалардың» ара қатынасы. Эмансипация.

Акционерлік қоғам -капиталды орталықтандырудың және ірі кәсіпорындарды ұйымдастырудың негізгі формасы. Акционерлік қоғамдар капиталдың алғашқы қорлану кезеңінде пайда болған. Акционерлік қоғам ашық және жабық болып екі түрге бөлінеді. Егер акциялар тек құрылтайшылар арасында ғана бөлінетін болса, онда жабық акционерлік қоғам болып саналады. Ал ашық акционерлік қоғам акциялары еркін сатылады және сатып алынады. Акционерлік қоғам заңды тұлға болып есептеледі. Оның жарғысында қоғамның мақсаты, капитал мөлшері, іс басқару тәртібі айқындалады.

Акционерлік қоғамда басқарудың ең жоғары органы акционерлердің жалпы жиналысы болып табылады. Ол әдетте жылына бір рет өтеді, ал күнделікті істерге атқарушы орган - басқарма басшылық етеді. Мұның сыртында бақылаушы орган - тексеру комиссиясы сайланады. Акционерлік қоғамның тапқан пайдасы салықтар төлеуге, өндірісті кеңейтуге, резервтерді толықтыруға, жарғылық капиталды өсіруге және дивидендтер төлеуге жұмсалады. Қазақстан Республикасында 1991 жылғы 21 маусымда “Шаруашылық серіктестіктер мен акционерлік қоғамдар туралы” Заң қабылданғаннан кейін Акционерлік қоғамдар құрыла бастады. 1998 жылы олардың саны 3 мыңнан асты.Акционерлік қоғамға қатысушылардың әрқайсысы өзі қосқан капиталдың сомасына сәйкес көлемдегі акцияларға ие болады және тиісті мөлшерде табыс — дивиденд немесе белгіленген пайыз алады

Қоғам жай акциялар, не жай және артықшылықты акциялар шығаруға құқылы. Акциялар құжатсыз нысанда шығарылады.

Акционерлiк қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған коммерциялық емес ұйымдардың артықшылықты акциялар шығаруға құқығы жоқ.

Акция бөлiнбейдi. Егер акция ортақ меншiк құқығымен бiрнеше тұлғаға тиесiлi болса, олардың бәрi бiр акционер деп танылады және өзiнiң жалпы өкiлi арқылы акциямен куәландырылған құқықтарды пайдаланады.

Егер осы Заңда өзгеше белгiленбесе, акцияның бiр түрi оны иеленетiн әрбiр акционерге осындай акциялар түрiнiң басқа иелерiмен бiрдей көлемде құқықтар бередi.

Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде:

1) қоғамның акцияларымен мәмiлелер жасасуға;

2) қоғамның бiр акционерге тиесiлi акцияларының ең көп мөлшерiне;

3) қоғамның акциялары бойынша бiр акционерге берiлетiн ең көп дауыс санына шектеулер белгiленуi мүмкiн.

Қоғам басқа да бағалы қағаздар шығаруға құқылы, оларды шығару, орналастыру, айналысқа салу және өтеу талаптары мен тәртiбi Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарымен белгiленедi.

Жай акция дауыс беруге енгiзiлетiн барлық мәселелердi шешкен кезде акционерге дауыс беру құқығымен акционерлердiң жалпы жиналысына қатысу құқығын, қоғамда таза табыс болған жағдайда дивидендтер, сондай-ақ қоғам таратылған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен оның мүлкiнiң бiр бөлiгiн алу құқығын бередi.

Артықшылықты акциялардың меншiк иелерi - акционерлердiң жай акциялардың меншiк иелерi - акционерлерiне қарағанда қоғамның жарғысында белгiленiп, алдын ала айқындалып кепiлдiк берiлген мөлшерде дивидендтер алуға және қоғам таратылған кезде осы Заңда белгiленген тәртiппен мүлiктiң бiр бөлiгiне басым құқығы бар. Қоғамның артықшылықты акцияларының саны оның жарияланған акцияларының жалпы санының жиырма бес процентiнен аспауға тиiс.

Қоғам өз акцияларының шығарылымы мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейiн акциялардың жарияланған мөлшерi шегiнде оларды бiр немесе бiрнеше орналастыру арқылы орналастыруға құқылы. Қоғамның жарияланған акцияларының саны шегiнде акцияларын орналастыру туралы шешiмдi, қоғамның жарғысында осы мәселе акционерлердiң жалпы жиналысының құзыретiне жатқызылған жағдайды қоспағанда, қоғамның директорлар кеңесi қабылдайды. Акцияларды орналастыру ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар рыногында өткiзiлетiн жазылу немесе аукцион не бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногында өткiзiлетiн жазылу немесе аукционда сату арқылы жүзеге асырылады.

Акционер артықшылықпен сатып алу құқығына сәйкес оған акцияны немесе қоғамның жай акцияларына айналдырылатын басқа бағалы қағазды сатып алуға өтiнiш беру үшiн берiлген отыз күннiң iшiнде акцияны немесе қоғамның жай акцияларына айналдырылатын басқа бағалы қағазды иелiктен айырған кезде, егер акцияның бұрынғы иесi мұндай өтiнiш бермеген жағдайда осы құқық акцияның немесе қоғамның жай акцияларына айналдырылатын басқа бағалы қағазды жаңа иесiне ауысады.

Жазылу арқылы қоғам орналастыратын акциялар, акцияларды артықшылықты сатып алу құқығына сәйкес сатып алатын акционерлердi қоспағанда, осы орналастыру шегiнде акцияларды сатып алатын барлық тұлғалар үшiн бiрдей сату бағасы бойынша сатылуға тиiс. Акционерлер акцияларды артықшылықты сатып алу құқығына сәйкес орналастыру туралы шешiм қабылдаған қоғамның органы белгiлеген бiрыңғай орналастыру бағасы бойынша сатып алады.

Акцияларды орналастыру туралы шешiм қабылдаған қоғамның органы осы орналастыру үшiн белгiлеген акцияларды орналастыру бағасы осы акциялардың сатылуы мүмкiн неғұрлым төменгi бағасы болып табылады.


Дата добавления: 2015-10-24; просмотров: 283 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Тақырып. Бағалы қағаздар портфелі және оның түрлері.| Тақырып. Қор биржасының қызметін ұйымдастыру. Қор нарығының қатысушылары

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)