Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тақырып. Бағалы қағаздар нарығын талдау әдістері.

Сыртқы бөлімнің жұмыс оқу жоспары | Пәннің оқу - әдістемелік картасымен қамтамасыз етілуі | Тақырып. Қазақстан Республикасында қор нарығының қалыптасуы. | Осымша әдебиеттер: 11-64 | Тақырып. Бағалы қағаздар портфелі және оның түрлері. | Тақырып. Акционерлік қоғамдар: сыныпталуы және бағалануы | Пәннің оқытылуы бойынша әдістемелік ұсыныстар | Студенттердің өзіндік жұмыстары негізіндегі сабақтар жоспары | Зіндік бақылау үшін тест тапсырмалары | Курс бойынша емтихан сұрақтары |


Читайте также:
  1. Ақпаратты талдаудың негізгі көрсеткіштері.
  2. Бiз шығын мiнез-құлықтың талдауында қол жеткiзгiлерi келедi ме?
  3. Географиялық қабықтың белдеулі зоналық құрылымы. Жердің негізгі географиялық белдеулері мен зоналарына талдау жасаңыз.
  4. Жер қыртысы және оның құрамына талдау жасаңыз.
  5. Жер бедерін қалыптастырушы факторларды талдау жасаңыз.
  6. Жер бедерінің қалыптасуындағы эндогенді үдерістерді талдау жасаңыз.
  7. Зендер және олардың морфометриялық сипаттамасына талдау жасаңыз.

Негізделеген талдау эмитенттің бағалауына, яғни оның табысы, нарықтағы орны, ол негізінен сату көлемінің көрсеткішімен, кәсіпорын активі мен пассивіне негізделеді. Талдау базасы болып баланыстарды, кірістер мен шығыстар туралы есептер, компаниямен шығарытын басқа материалдарды зерттеу табылады.

Содай-ақ, компанияны басқару тәжірибесі, басқару органдарының құрамы (директорлар кеңесі) зерттеледі. Даму сатылары бойынша және іскерлік белсенділік деңгейі бойынша салалар сыныптаушыларын қолдану негізінде салалардағы істер жағдайы туралы деректер талданады, сондай-ақ компания сатушы немесе сатып алушы ретінде кіретін нарықтар мен салалардың дамуының сапасы туралы талдау деректері де талданады.

Бұл көп және аса көп еңбекті қажетсінетін зерттеулер арқасында мынадай қорытынды жасауға болады: берілген корпорацияның бағалы қағазының құны болашақта пайда алатын активтердің нақты құнымен салыстырғанда жоғары немесе төмен ба және тағы басқа анықтауға көмектеседі. Техникалық талдау керісінше барлық сансыз басты себептер жинақталады және қор нарығының бағаларында көрсетіледі деп болжанады. Техникалық анализді құрудың негізгі ережесі мынада тұжырымдалады, биржалық бағамдардың қозғалысында фирманың есептерінде жарияланатын барлық ақпараттар көрсетіледі, ол басты талдаудың объектісі болады. Техникалық талдаудың негізгі объектісі – бағалы қағаздарға сұраныс пен ұсыныс, бағамдардың динамикасы және оларды сату – сатып алу бойынша операциялардың көлемі.

Сонымен қатар, техникалық талдауды жақтаушылар акция құнына кәсіпкерлік тәуекелділік пен компаниялардың табыстылықтың өсінің әсерін жоққа шығаруға бйім. Шынында да, мысалға отандық қор нарығында байқалатын акцияларға бағалардың тез ауытқуы нақты нарықтық бағамен болжанатын табыс арасындағы алшақтық қаншалықты үлкен болатынын көрсетеді.

Негізгі сарапшылармен анықталған бағалы қағаздардың табыстылығын қор нарығының механизмі арқылы бағалау керек. Сонда және тек сонда ғана сұраныс пен ұсыныс әсерінен баға қалыптасады және онда әрбір нақты жағдайда бағалау көрсетілуі мүмкін-басты талдау (анализ) негізінде «мінсіз табыстың үлгісі» көрсетіледі. Бірақ бұның болмай қалуы да мүмкін. Қор нарығындағы баға әртүрлі сыбыстарға, қорқуларға, саяси жағдайлардың өзгерісіне, жүздеген сатып алушылар мен сатушылардың оңтайлы және оңтайлы емес көзқарастарына жауап береді. Бірақ ол жалпы акцияныңнегізгі бағалауына жүгінеді-нарық сатып алушының дәл осындай бағалы қағазға қажеттілігін көрсетеді.

Олай болса, техникалық және басты талдау арасында «қытай қамалы» жоқ. Нақтырақ айтсақ, қор нарығының көп талдампазы (сарапшысы) техникалық, басты және инструментті (аспапты) талдауларда қолданады. Алайда техникалық талдаудың тәсілдері жиі қолданады және бұл өркениетті қор нарығындағы кең таралған (практика) тәжірибе деуге болады.

Бұл әдісті жақтаушылар оның артықшылығын былай сипаттайды:

1) техникалық жеңілділігі;

2) талдаудың тездігі;

3) басты талдауды жүзеге асыруға қарағанда акцияның көп санына жарамдылығы.

Бағалы қағаздар нарығының техникалық талдауы 3 басты қағидаға негізделеді – бейнеленуі, тренд, қайталануы.

Бейнелеу қағидасы бойынша барлық болып жатқан оқиғалар (экономикалық, саяси, әлеуметтік, психологиялық және басқалар) бағаларда бейнеленеді (көрінеді). Басқаша айтқанда, қаржылық активтердің бағалары күрделі жиынтық адам өмірінің әсерінен өзгереді, сонымен қатар алдын ала сандық түріне берілмеу (матақырыптикалық сипатқа). Бұл акцияның баланстық жіне нарықтық құны туралы тарихи деректермен дәлелденеді. Ресей тәжірибесіне жүгінсек, мынаны айтуға болады: ереже (шарт) болып мына жағдай табылады, берілген көрсеткіштер арасында айтарлық алшақтық болғанда.

Техникалық сарапшылар биржадағы сауда сессиясының қорытындысы бойынша нақты бағалармен немесе қандай да бір электронды жүйемен қызмет етеді. Техникалық сарапшыға ауыстыру себептері маңызды емес (қызықты емес). Алайда ол бағалармен шын мәнісінде не болғаны? және қандай бағытта өзгерістер болатынын? нақты білуге тырысады. Бейнелеу қағидасы «жақсы хабарлыр пайда болған кезде сату» ережесін қалыптастыруға мүмкіндік берді. Жақсы хабарлар бағаларда тез бейнеленеді. Сондықтан нарық бағасының кейінгі жоғарлауын күту мақсатсыз болады.

Техникалық талдау инветорларға инвестицияларға деген жеке қызығушылығын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. әрбір инвестор тек қана оған тән тәуекелге қатынасымен, темпераментімен, тәжірибесимен, бос ақша қаражаттарының жиынтығымен иелік ететіні белгілі. Осының барлығы инвеститциялық тәртіптің әр түрлілігін анықтайды. Белгіленген себеп бойынша әрбір инвестор, нарықтың қатысушысы өзінің алтын ортасын іздейді, берілген шарттарда өзінің қалауы бойынша ең дұрыс шешім қабылдауға тырысады. Тек осындай негізде инвестор өзінің жеке жиынтығын көрсеткіштер жүйесін қалыптастырады. Техникалық талдау қысқа мерзімді, орта мерзімді, ұзақ мерзімді инвестициялық альтернативаларды бағалауға мүмкіндік береді, нарықтағы жағдайлардың субъективті бағалаудан құтылуға мүмкіндік береді.


Дата добавления: 2015-10-24; просмотров: 455 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Тақырып. Қор биржасының қызметін ұйымдастыру. Қор нарығының қатысушылары| Тақырып. Бағалы қағаздар нарығындағы тәуекел түрлері

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.011 сек.)