Читайте также: |
|
2-тақырып. Бағалы қағаздар портфелі және оның құрылымы. Портфельдік инвестициялау негіздері
Портфельді қалыптастыру процесінде берілген сипаттамалармен жаңа инвестициялық сапаларға қол жеткізіледі. Бағалы қағаздар портфелі инвесторға аз тәуекел кезінде қажетті табыс тұрақтылығын қамтамасыз ететін құрал болып табылады. Портфельдік инвестиция бойынша табыстар тәуекелді қосқанда сол немесе басқа портфельге қосылған қағаздар жиынтығы бойынша жалпы табысты білдіреді. Қалыптасқан портфельдер құрылымын жетілдіру мақсатында және сәйкесінше инвесторлар қалауы бойынша жаңа жасау мақсатында жедел шешілуі тиіс табыс пен тәуекел арасындағы сәйкестендіру мәселесі туындайды. Айта кету керек, бұл көрсетілген мәселе жалпы түрде шешілетін, бірақ аяғына дейін шешілмейтіндер қатарына жатады.
Бағалы қағаздардың инвестициялық сапаларын ескере отырып, портфель иесіне және белгілі кезеңде күтілетін табысқа қатысты әрқайсысында тәуекелдер арасында өзіндік тепе- теңдік болатын әртүрлі портфельдерді қалыптастыруға болады. Бұл факторлардың ара қатынасы бағалы қағаздар портфелі типін анықтауға мүмкіндік береді.
Портфель типі – бұл оның инвестициялық сипаттамасы. Диверсифицирленген портфельді басқару бойынша шығындар портфель табыстылығы жоғары қарқынмен дамуы күмәнді болған жағдайда күткен нәтиже бермейді.
Портфельді басқару және қалыптастыру – кәсіпқой адамдар қызметінің аймағы, ал құрастырылатын портфель – бұл бөлікпен, яғни әр инвестор үшін портфельдегі үлесті сатады немесе тұтас, яғни менеджер өзіне бағалы қағаздар портфелін басқару қызметін алатын кезде сатылатын тауар. Басқа да тауарлар сияқты, белгілі инвестициялық қасиеттер портфелі қор нарығында сұранысқа ие болуы мүмкін. Сонымен қатар, нақты инвестициялық мақсаты жоқ кәсіпқой емес адамдардың қызметінің нәтижесі – жүйесіз портфельдер де болады.
Портфельдер түрі сан алуан, бағалы қағаздар нарығының жағдайын ескере отырып және бағалы қағаздармен жұмыстың «алтын» ережесіне сәйкес, яғни 3-5 жылда 1 рет портфельді қозғай отырып, әр портфель иесі өзінің инвестициялық стратегиясын ұстанады. Сондықтан, осы параграфтан материал портфельдердің барлық түрін қамти алмайды, тек олардың қалыптасу принциптерін анықтауға мүмкіндік береді.
Бағалы қағаздар нарығы өзгермелі, портфель құрамы мен құрылымы оның типіне сәйкес келу үшін портфельдерді басқару қажет. Басқару түсінігі арқылы
- алғашқы инвестициялық құралдарды сақтауға
- табысты максималды деңгейге жеткізуге
- портфельдердің инвестициялық бағыттылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін белгілі әдістердің және техникалық мүмкіндіктердің бағалы қағаздардың түрлерінің жиынтығын қолдану түсіндіріледі.
Басқаша айтқанда, басқару процесі портфельдің негізгі инвестициялық сапасын және оның иесінің мүддесіне сәйкес келетін қасиеттерін сақтап қалуға бағытталған. Сондықтан, оның құрамдас бөліктерінде өзгеріс тудыратын факторлардың мониторингі негізінде портфель құрылымына ағымдағы түзетулер қажет.
Портфельге қолданатын әдістер мен техникалық мүмкіндіктердің жиынтығы «активті» және «пассивті» деп сипатталатын басқару әдісін білдіреді.
Алғашқы және қымбат, қиын басқару элементі болып
- қор нарығын, оның даму тенденцияларын;
- Қор нарығы секторларын;
- фирманың қаржылық- экономикалық көрсеткіштерін – бағалы қағаздар элементін;
- бағалы қағаздардың инвестициялық сапасын үздіксіз детальды талдайтын мониторинг табылады.
Осылайша мониторингтің соңғы мақсаты болып берілген портфель типіне сәйкес келетін инвестициялық қасиеттерге ие бағалы қағаздарды таңдау табылады.
Мониторинг активті де, пассивті де басқару тәсілдерінің негізі болып табылады. Басқарудың активті моделі портфельдің инвестициялық мақсатына жауап беретін құралдарды жедел түрде иемдену және дұрыс қадағалауды, сонымен қоса оған кіретін қор құралдарының құрамын тез ауыстыруды білдіреді.
Отандық қор нарығы баға белгілеудің жылдам өзгеруімен, процестің динамикалығымен, тәуекелдің жоғары деңгейімен сипатталады. Бұның бәрі Ресейлік қор нарығының жағдайы портфельді басқаруды тиімді ететін активті үлгілі мониторинг саналы ықпал етеді деп есептеуге мүмкіндік береді.
Активті басқаруды жүзеге асыруды менеджер бақылап жүріп, неғұрлым тиімді бағалы қағаздарды сатып алуы және төмен табысты активтерден тезірек құтылуы керек. Осы кезде портфельдің құнының төмендеуін және инвестициялық қасиеттерін жоғалтуын болдырмауды қадағалауы керек. Сәйкесінше қайта сатып алынған бағалы қағаздарды және «ескі» портфельдің төмен табысты бағалы қағаздарды сатуды ескергендегі «жаңа» портфельдің құнын, табыстылығын, тәуекелін және басқа да инвестициялық сипаттамаларын бір- біріне сәйкестендіру қажет.
Сонымен қоса, белгілі бір дәрежеде айырбас формасынан тәуелді портфель құрамын өзгерту немесе свопинг шығындарын ескермеу мүмкін емес.
Менеджер қор нарығының конъюнктурасының алдында жүруі және талдау көрсетіп тұрған болжауды шындыққа айналдыруы керек. Одан нақты есептелген ойын жүзеге асыруды батылдық пен тез шешім қабылдау қасиеттері талап етіледі. Портфельді активті басқару шығындары айтарлықтай жоғары.
Басқару тактикасын таңдау, сонымен қатар, менеджердің (инвестордың) бағалы қағаздарды таңдау және нарық жағдайын болжау қабілетінен тәуелді. Егер ол бағалы қағаздардан нашар хабардар болса немесе уақытты ескермесе, онда оған диверсифирцирленген деңгейінде портфель құруы және онда тәуекелін ойлаған деңгейінде ұстауы қажет. Егер инвестор нарық жағдайын нақты болжай алатындығына сенімді болса, онда оған нарықтық өзгеріс және таңдалған басқару түріне байланысты портфель құрамын өзгерте алады. Мысалы: пассивті басқару әдісі мемлекеттік жинақ қарызының облигация портфелі арқылы мүмкін.
«Активті» және «пассивті» басқару модельдері клиенттің тапсырысы бойынша және есебі негізінде немесе келісім негізінде жүзеге асырылуы мүмкін. Активті басқару сатып алу – сатумен байланысты және клиенттің бағалы қағаздар портфелінің құрылымдық құрылуына байланысты сұрақтардың шешілуін өзіне алатын мамандандырылған қаржы бөлімдерінің жоғары шығындарын көрсетеді. Табыс маңызды дәрежеде менеджердің инвестициялық шеберлігінен тәуелді болады, сәйкесінше, комиссиондық сыйақы алынған табыстан пайыз арқылы есептелінеді. Берілген қызмет түрі «IPMT» немесе «Бағалы қағаздар портфелін басқару туралы келісім» деп аталады.
Пассивті басқару моделі пайда табу мақсатымен ақша құралдарын оның иесінің атынан және тапсырысы бойынша әртүрлі қор құралдарына салу мақсатымен портфель инвестицияларымен айналысатын мамандандырылған бөлімдерге ақша құралдарын беруді білдіреді. Жүргізілген операция үшін комиссиондық сыйақы алынады. Шетел практикасында бұндай операциялар «РБ» немесе «сенім банк операциялары» деген атауға ие.
Дата добавления: 2015-10-24; просмотров: 676 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Тақырып. Қазақстан Республикасында қор нарығының қалыптасуы. | | | Тақырып. Бағалы қағаздар портфелі және оның түрлері. |