Читайте также:
|
|
Нарық – бұл күрделі, әрі жан-жақты қызмет атқаратын қоғамдық қатынастар жиынтығы болғандықтан, ол бір жағынан тауар және көрсетілген қызмет нарығын қамтыса, екінші жағынан қор жинау нарығын қамтиды. Соңғысы, өз кезегінде, қаржы нарығы мен қозғалмайтын мүлік нарығынан тұрады. Осы аталған нарықтардың өзара байланысты ұлттық экономикалық механизмді құрайды. Ал бұл механизм несиеге негізделген, басқаша айтқанда, нарыққа қатысушылардың басым көпшілігі іскерлік шартқа қол қойып, өздеріне бағалы қағаз түрінде міндеттеме алады. Кәсіпкерлердің өзара жасаған дәл осы міндеттемелері – экономикалық механизмнің тұрақтылығының кепілі.
Бағалы қағаз нарығы субъектілерінің қатынастары экономикалық–құқықтық механизмге негізделеді. Бұл бағалы қағаздардың материалдық түрі ретінде оның маңызын дәлелдейді. Бірақ бағалы қағаздардың маңызы онымен шетеліп қоймайды. Бағалы қағаздар кез-келген мемлекеттің төлем айналымында маңызды орын алады, себебі олар арқылы мемлекеттің инвестициялық қызметі жүзеге асырылыды. Дәлірек айтқанда, бұл күрделі қаржы тікелей халық шаруашылығының ен тиімді саласына жіберіледі, яғни оларды нарық жүйесіндегі ең өміршең субъектәлер ғана ала алады.
Өзінің ұйымдық және құрылымдық ерекшеліктеріне орай бағалы қағаздар каржы институттары, қаржы нарықтары және оларды реттейтін құқықтық ережелерімен қатар мемлекеттің қаржы жүйесінің тұтас бір бөлігін құрайды. Мұндай жүйе біздің мемлекетімізде нарық қатынастарын қалпына келтіру қажеттілігі туындаған кезде, яғни 90 – шы жылдардың басында құрыла бастады.
1990 жылдың басынан экономикалық тәжірбиесі дәлелдегеніндей шаруашылықты жетілдірудің нарықтық әдістерін қалпына келтірудің және оны одан әрі дамытудың басты құралы - бағалы қағаздар екені талассыз ақиқат. Бағалы қағаздар ақша түріндегі капиталға да, заттай капиталға да меншік құқын бекітіп, тек бағалы қағаздар арқылы ғана мемлекеттік меншікті акционерлік қоғамдардың, яғни жекеменшік иелері–халықтың меншігіне айналдыру мүмкін. Бағалы қағаздар нарығында өзіне тән қаржы институттары жүйесі қалыптасып, оларда экономикалық өрістеудің қаржы көздері шоғырланып және инвестициялық қорларды бөлу қатынастары жүзеге асады. Қазіргі өндірістің жалпы құлдырап, қысқаруы кезінде мемлекеттік жалпы ұлттық өнімдегі өндірістік инвестицияның үлесін арттыру бағалы қағаздар нарығының потенциалды қорларын пайдаланбай іске асуы мүмкін емес.
Акция шығару осы ресурстарды шектеусіз алуға мүмкіндік туғызса, ал облигация шығару ақша ресурстарын, оларды банктерден алудан гөрі, тиімді жағдайда алуға мүмкіндік береді. Мемлекет бюджет кемшілігін толтыру мақсатында да ақша белгілерін эмиссияламай, мемлекеттік бағалы қағаздар шығарумен шұғылданады.
Өркениетті мемлекеттерде экономикалық өрлеуді қаржыландырудың басты жолы бағалы қағаздар нарығы болып табылады. Бағалы қағаздар нарығының күрделі ұйымдық – экономикалық жүйесі көптеген өзара байланысты элементтерден тұрады:
- эмитенттер, яғни әртүрлі бағалы қағаздар шығаратын шаруашылық субъектілері;
- инвесторлар, яғни уықытша бос ақша иелері – заңды және жеке тұлғалар;
- бағалы қағаздар нарығының кәсіби мамандары: брокерлер, дилерлер, инвестициялық басқарушылар, маркетмейкерлер,
- инвестициялық компаниялары, сақтандыру компаниялары, зейнетақы қорлары және т.б. қорлары;
- қор биржаларды, депозиттік, клирингтік және басқа бағалы қағаздарды тіркейтін, сақтайтын ұйымдар.
Осы күрделі құрылымдардың қызметін ұйымдастыратын, басқаратын және реттейтін заңдар мен ережелер және мемлекеттік органдар қажет.
Меншікті жекешелендіру мен мемлекетсіздендіру Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының құрылу негізі болды. Экономиканы қайта құру мен елдегі бағалы қағаздар нарығының құрылуында жекешелендіру негізгі компонент болып табылады. ҚР 1991 жылы құрылған бағдарламаға сәйкес мемлекеттік және колхозды-кооперативті кәсіпорындар мен мекемелер жеке және аралас жеке-мемлекеттік акционерлікомпаниялар мен серіктестіктерге айналды.
ҚР мемлекеттік меншік бойынша Мемлекеттік комитеті мен министірліктер мен жергілікті басшылықпен бірлесіп жекешелендіруді жүргізді.
Қазақстанда жекешелендіру үрдісін реттейтін заңды актілер жүйесі толық қалыптасқан. Оның құрамына 1995 жылы 23 желтоқсанда қабылданған «Жекешелендіру туралы» заң, 1996 жылы қабылданған «1996-1998 жылдарға арналған мемлекеттік меншікті жекешелендіру және қайта құру» бағдарламасы мен министрлер кабинеті, мемлекеттік меншікті басқару комитеті және жекешелендіру бойынша мемлекеттік комитеттері шығарған көптеген нормативті актілерді жатқызуға болады.
Қазақстан Республикасында жекешелендіру бағдарламасына сәйкес елдегі барлық кәсіпорындар салаларға жатқызылуына орай және қызметкерлер санына орай 4 топқа бөлінеді, әрқайсысына арнап жекешелендіру тәсілі қарастырылған:
- Кіші кәсіпорындарды жергілікті аукциондарда сату;
- Орта және үлкен кәсіпорындарды жалпылама жекешелендіру;
- Өте ірі кәсіпорындарды жеке-жеке жекешелендіру;
- Ауыл шаруашылық және ауыл шаруашылығының өнімдерін өңдейтін кәсіпорындарды жекешелендіру.
Қазақстандағы жекешелендіру реформасы 3 негізгі кезеңнен тұрады. 1991 жылдан 1992 жылға дейінгі бірінші кезең (кіші жекешелендіру), бұл уақытта сауда және қызмет көрсету объектілерін сату және мемлекеттік меншіктегі объектілерді еңбек коллективтеріне беру. Бұл кезеңде 2500 ірі және 4000 тарта ұсақ кәсіпорындар экономиканың мемлекеттік емес секторына көшті.
Мұның өзінде ауыл шаруашылығындағы, саудадағы, қоғамдық тамақтандыру және тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарының тек 5/1 бөлігі ғана мемлекетсіздендірілді. Кіші жекешелендіру аясында 11 мың объект сатылды, оның 3 тен 2 бөлігі және сол кезде жекешелендірілген барлық объектілердің 84% сауда, қоғамдық тамақтану және қызмет көрсету объектілері болды.
Реформаның екінші кезеңі 1993 жылдан 1996 жылдың бас кезіне дейін созылды. Жекешелендіру купондарын халыққа тарату жекешелендірудің негізгі принцпі болды, купон иегерлері купондарды арнайы инвестициялық қорларға салуға құқылы болды. Купондар арқылы мемлекетік кәсіпорындардың акциялары сатылып алынды.
Қазақстанның барлық азаматтары (балаларды қоса) купон кітапшаларын алды, материалдық жағдайларының айырмашылығын ескере отырып қалалықтарға 100, ал ауыл тұрғындарына 120 купон берілді. Ұлттық банк желісі арқылы 1993 жылдың аяғында купон кітапшаларын тарату аяқталды. Жалпы алғанда 15,5 млн. купон кітапшалары берілді, яғни халықтың 90% жуығы қамтылды.
Дата добавления: 2015-10-24; просмотров: 477 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Пәннің оқу - әдістемелік картасымен қамтамасыз етілуі | | | Осымша әдебиеттер: 11-64 |