Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тақырып. Бағалы қағаздар портфелі және оның түрлері.

Сыртқы бөлімнің жұмыс оқу жоспары | Пәннің оқу - әдістемелік картасымен қамтамасыз етілуі | Тақырып. Қазақстан Республикасында қор нарығының қалыптасуы. | Тақырып. Қор биржасының қызметін ұйымдастыру. Қор нарығының қатысушылары | Тақырып. Бағалы қағаздар нарығын талдау әдістері. | Тақырып. Бағалы қағаздар нарығындағы тәуекел түрлері | Пәннің оқытылуы бойынша әдістемелік ұсыныстар | Студенттердің өзіндік жұмыстары негізіндегі сабақтар жоспары | Зіндік бақылау үшін тест тапсырмалары | Курс бойынша емтихан сұрақтары |


Читайте также:
  1. B) анық және альтернативті 1 страница
  2. B) анық және альтернативті 2 страница
  3. B) анық және альтернативті 3 страница
  4. B) анық және альтернативті 4 страница
  5. Next Generation Network, міндеттері және анықтамасы
  6. Аграрлык өнімді өткізу арналары және оларды тандау
  7. Азаматтардың» және «жеке тұлғалардың» ара қатынасы. Эмансипация.

Бағалы қағаздар құқығы бойынша кімге жататындығы туралы белгілерін куіәләндыру үшін олар былайша бөлінеді:

· бағалы қағазды ұсынушыға ― құқықтарын орындау үшін, бірақ олардың иелерін теңестіруді талап етпейді, ұстаушылардың атына тіркеу жасалынбайды. Ұсынушы бағалы қағазды куәландыратын құқығын басқа адамға қарапайым жолмен қолына береді.

· атаулы бағалы қағаздар ― белгілі бір адамның атына жазылады. Бағалы қағаздарда куәландырылған құқықтары ондағы қойылған талапты жеңілдету үшін белгіленген тәртіппен басқа тұлғаға беріледі. Атаулы бағалы қағаздар бойынша құқық беретін адам соған сәйкес келетін талаптардың орындалуы емес, ондағы тиесілі талаптың заңды еместігіне жауап береді.

· ордерлік бағалы қағаздар ― ол ең алғашында иемденушінің атына немесе оның бұйрығы бойынша жазылады. Бұл онда көрсетілген құқықтар қағазға түсірілген тәртіпке байланысты ауыспалылығын сақтайтындай етіп ― индоссаментке жазып береді. Индоссамент өзінде құқықтың болғанына ғана емес, сонымен бірге, оның жүзеге асуына да жауап береді. Бағалы қағаздардан алынатын табысқа қатысты оларды борыштық және инвестициялық деп бөлуге болады.

Борыштық бағалы қағаздар пайыздары төлеуді және негізгі қарыздың негізгі сомасын графикке сәйкес жабуды эмитент өз міндетіне алады. Бұл кімнің эмитенті екендігіне қарамастан, оған барлық облигациялар, вексельдер жатады.

Инвестициялық бағалы қағаздар эмитент активтерінің бір бөлігін иемденуге құқық береді, оларға эмитенттерінің бардық типтеріндегі акциялары тұтастай жатады.

Бағалы қағаздар эмитенттік сипаты бойынша: мемлекеттік (Үкімет пен Ұлттық Банктің борышкерлік міндеттемелері), муниципалдық (жергілікті атқару органдарының борышкерлік міндеттемелері) және кооперативтік (шаруашылық жүргізуші субъктілердің жарғылық капиталын қалыптастыру немесе қаржылық­шаруашылық қызметін жүргізу үшін қажетті қаражатты тарту мақсатымен қолданыстағы заңға сәйкес шығарылатын) болып бөлінеді.

Мәмілеге байланысты шығарылатын бағалы қағаздар: фондылық (акцтялар, облигацтялар) және саудалық (коммерцтялық вексельдер, чектер, коносаменттер, кепілдік міндеттемелер және т.б.) болып бөлінеді.

Фондылық бағалы қағаздар көптеп шығарылуымен (эмиссиясымен) ерекшеленеді және олар қор биржаларында айналысқа түседі.

Саудалық бағалы қағаздар коммерцтялық бағытқа ие: олар негізінен сауда операциялары бойынша есеп айырысуға және тауарларды орын алмастыру процесіне қызмет көрсетуге арналған.

Бағалы қағаздар әрекет ететін орны бойынша ақша нарығының бағалы қағаздары және капиталдық бағалы қағаздары болып бөлінеді.

Ақша нарығы дегеніміз ― қысқа мерзімді бағалы қағаздардың алынуы мен сатылуын көрсетеді және ол қаржылық нарықтың бір бөлігі. Қысқа мерзімді бағалы қағаздардың әрекет ету мерзімі ― бір күннен бастап бір жылға дейін болуы мүмкін. Айналыстағы бағалы қағаздар, әдетте, төменгі төлем тәуекелімен қатар жүреді, өйткені қарыз берушілердің төлем қабілеттілігі жоғары болса ғана шығарылады. Ақша нарығының бағалы қағаздарына: қазыналық вексельдер, депозиттік сертификаттар, коммерциялық қағаздар жатады.

Бағалы қағаздардың атқаратын рөлі бойынша: негізгі, көмекші және негізгі бағалы қағаздардың алыну мен сатылу құқығын куәландыратын шартты бағалы қағаздар болып бөлінеді.

Бағалы қағаздарды өздерінің алдына қойған міндеті мен мақсатына сәйкес басқа да белгілері бойынша жіктелуі мүмкін.

Егер инвестор әр тараптандыру (диверсификациялау) принципін ұстанатын болса, онда ол инвестициялық портфель деп аталатын бағалы қағаздардың жиынтығымен байланысты болады.

Қоржындық (портфелдік) инвестициялаудың объектілері ретінде әртүрлі бағалы қағаздар: акциялар, облигациялар, бағалы қағаздардың шартты түрлері әрекет етеді. Қоржынның бір бөлігі ақша түрінде ұсынылуы мүмкін. Инвестор инвестицтялық мақсатына тәуелді белгілі бір типтерді қалыптастырады. Келесі типтерін бөліп көрсету қабылданған: бірінші тип ― өсім қоржыны, екінші тип ― табыс қоржыны.

Қоржынның бірінші типінің мақсаты өсімді көбіне дивиденттер мен процнттер алу есебінен емес, бағалы қағаздардың бағамдық өсімінің есебінен алу болып табылады. Бұл негізгі салымның басым бөлігін акция құрайды. Күтілетін капитал өсімімен және тәуекелділіктің ара қатынасына байланысты қоржындық өсімнің ортасынан бөліп көрсетуге болады. Агрессивті өсім қоржындары капиталдың маскималды өсіміне бағытталады. Бұл қоржын үлкен тәуекелділікпен байланысты екенін көрсетеді, бірақ эмитент ­ кәсіпорындардың қолайлы дамуы кезінде ол үлкен табыс әкелуі мүмкін. Қоржынның бұл құрылымы, әдетте, тез өсетін жас компаниялардың акцияларымен көрсетілуі мүмкін. Консервативік қоржынның өсаімі негізінен ірі, жақсы белгілі және тұрақты компаниялардың акциясынан тұрады, бұндай қоржынның тәуекелділігі де аса үлкен болмайды. Қоржынның орташа өсімінде агрессивті қоржынға да, консервативті қоржынға да тән инвестициялық қасиеттері болады. Оның құрамына сенімді кәсіпорындармен қоса даму үстіндегі жас кәсіпорындардың да акциялары енеді. Мұндай қоржын жеткілікті табысқа және тәуекелдің орташа деңгейін ұстауына қолайлы жағдай туғызады.

Қоржындардың екінші типі дивиденттер мен проценттерден табыс алу болып табылады. Қоржынның бұл типі тәуекел кезінде алдын ала жоспарланған табыстың деңгейін қамтамасыз етеді және онда тәуекелділіктің деңгейі нольге тең болады. Қоржындардың аталған типін инвестициялау объектілері ретінде сенімділігі жоғары бағалы қағаздар алынады. Оның құрамына енетін қорлардың инструменттеріне байланысты олар: конверттелетін, нарықтық ақщалай және облигациялар болып бөлінеді. Конверттелетін (айырбасталынатын) қоржындар: айрықша акциялардан және облигациялардан тұрады. Мұндай қоржын оны құрайтын бағалы қағаздардың есебінен нарық конъктурасы мүмкіндік беретін болса, онда оларға жай акциялардың өзі де қосымша табыс әкелуі мүмкін. Басқа жағдайда, қоржын инвестициясы тек тәуекелділік төмен болған кезінде ғана табыспен қамтамасыз етіледі. Ақша нарығының қоржындары капиталды толық сақтау мақсатынан тұрады. Оның құрамына ақщалай қаражат пен тез сатылатын активтер кіреді. Егер де ұлттық валюта өзінің төмендеу бағасын көтерсе, онда ол шетелдік валютаға айырбасталуы мүмкін. Сөйтіп, салынған капитал нольдік тәуекелділік кезінде өз өсімін сақтайды. Облигациялар қоржындары облигациялардың есебінен қалыптасады және нольдік тәуекелділік кезінде орташа табыс әкеледі.


Дата добавления: 2015-10-24; просмотров: 654 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Осымша әдебиеттер: 11-64| Тақырып. Акционерлік қоғамдар: сыныпталуы және бағалануы

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.014 сек.)