Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Мұрат Бидосов - өз ісінің маманы

СОӨЖ Халықтық қолөнері. Қолөнер түрлері | СОӨЖ Қазақ халқының ән-күй, би өнері. Өнерлі ел. Қазақстаннның театр өнері | БАЙТҰРСЫНҰЛЫ АХМЕТ | Тапсырма | Ш бақытым | Тіл туралы | Тіл мәдениетінің басты мәселесі – тілдік құралдардың көмегімен қарым-қатынас жасау барысында адамға ... ету. | Сөз әдебі | Азақстанның «Жас Отан» партиясы | СОӨЖ Ұлттық тәлім-тәрбие. Үлкенге құрмет, кішіге ізет. Отбасы тәрбиесі |


Читайте также:
  1. Quot;Ризыгы киң, гомере озын булуны теләгән кеше туганнары белән арасын өзмәсен".3 1 страница
  2. Quot;Ризыгы киң, гомере озын булуны теләгән кеше туганнары белән арасын өзмәсен".3 2 страница
  3. Quot;Ризыгы киң, гомере озын булуны теләгән кеше туганнары белән арасын өзмәсен".3 3 страница
  4. Quot;Ризыгы киң, гомере озын булуны теләгән кеше туганнары белән арасын өзмәсен".3 4 страница
  5. Quot;Ризыгы киң, гомере озын булуны теләгән кеше туганнары белән арасын өзмәсен".3 5 страница
  6. Quot;Ризыгы киң, гомере озын булуны теләгән кеше туганнары белән арасын өзмәсен".3 6 страница
  7. Quot;Ризыгы киң, гомере озын булуны теләгән кеше туганнары белән арасын өзмәсен".3 7 страница

Мұрат Бидосов1971 жылы дүниеге келген. Жас кезінде кинорежиссер болам деген ой оның түсіне де кірмеген. Алматыдағы №86 орта мектеп гимназиясын оқып тәмамдаған. Мектепті алтын медальға бітірді. Әкесі математика пәні бойынша университетте сабақ беретін. КазПИ-де кафедра меңгерушісі болған. Марқұм әкесі, мектепте, әпкесі екеуіне Сканавидің жоғарғы оқу орына арналған оқулығындағы есептерді шығартатын. Көпшілігі, мектептегі мұғалімдер, оны математик болатын шығар деп ойлаған. Сурет салуды да қатты ұнататын. Үйдегілер оған математиканы қатты насихаттаған. Бірақ әкесі мен анасы қандай мамандықты таңдасаң да, өзің шеш деген. Олардың үйіндегі кітапханасы өте бай болатын. Көркем әдеби шығармаларымен қатар, ғылыми әдебиет кітаптары көп болатын. Мұраттың сол кітаптардың арасындағы суреттерден бір байқағаны, ғалымдардың көпшілігінің шаштары жоқ, тақырбас болса, ал сурет саласындағы мамандардың түрі келісті, шашының бұйралығы, мұртының ұзындығы оны қызықтырды. Карл Брюлов, Сальвадор Дали т.б. сияқты. Содан еліктеп, ол өзінше суретші болам деп, көркем-сурет мектебіне түскен. Ал әпкесі Жанар және екі қарындасы Шынар мен Гаухар, физика-математика мектебіне барды. Мектепті аяқтағаннан кейін екі мамандықтың бірін таңдауға тура келді. Мұрат әкесінің жолын қусам ба екен деп ойлаған. Математиканы оқуына көптеген жеңілдіктер болды. Ол кезде мектепті медальға бітірсең, оқуға түсу үшін тек бір пәннен ғана өте жақсы баға алып жоғарғы оқу орнына түсуге болатын. Ал сурет мамандығының қиыншылықтары мол еді. Онда бірнеше пәннен іркілмей емтихан тапсыру міндетті болатын. Содан, Мұрат Алматыдағы Т.Жүргенов атындағы өнер академиясына түсіп, графикалық дизайн мамандығы бойынша бітіріп шықты. Аспирантурада оқып, екі жылдай студенттерге сабақ берді. Бірнеше жыл бойы мамандығы бойынша жұмыс істеді. Журналдарда дизайнерлік қолтаңбасын қалдырды. Ол видеожарнамалармен айналысып жүргенде, режиссерлік мамандық қажет болды. Ойлағанын жүзеге асырып режиссерлік оқуға түсті. Режиссерлікті тәмамдағаннан кейін теледидар саласында қызмет ете бастады. 1999 жылы «Алтын жұлдыз» байқауының жүлдегері атанды. Ол кезде Мұрат «Қазақстан» телеарнасында жұмыс істеген болатын. Сол жылы Серік Абас-шахпен танысып, ол бірге жұмыс істеуге ұсыныс жасаған. Осылайша олар бірігіп «Хабар» арнасында «Ұят болмасын», «Біздің көшенің тұрғындары», «Алтыбақан», «Абайдың қара сөздері» сияқты көптеген бағдарламарды дүниеге әкелді. Олар түсірген көптеген жобалар көрерменге аз уақыттың ішінде танымал бола бастады. Тіпті шетелдік телекомпаниялар да қызығушылығын танытып жатты. Мұрат Бидосовкөптеген жастармен, дарынды жұлдыздармен бірге жұмыс істеді. Ол бейнеклип қана емес, деректі, жарнамалық роликтерді түсіруді қолға алды. Содан кейін көркем фильм жанр саласында бақ сынады. Теледидарға лайықты бірнеше көркем фильм түсірді. «Махаббат жағалауы» Мәскеуде өткен телефестивальда жүлделі орынға ие болды. Аз уақыттың ішінде «Боз шақтың соңғы жазы» деген фильм эфирге шықты.

183-тапсырма. Мәтінді баяндаңыз. Сөздіктен жаңа сөздерді тауып аударыңыз. Жаңа сөздерді дұрыс оқып, дұрыс айтуға жаттығыңыз.

184-тапсырма. Берілген сұрақтарға жауап беріңіз, сұхбат құраңыз.

а) сұрақ қоюшы - оқытушы

ә) жауап беруші - тіл үйренуші (маман орнына)

б) тіл үйренуші мәтін бойынша бір-біріне сұрақ қояды, оған басқасы жауап береді.

1) Сіздің мамандығыңыз қандай?

2) Сіздің ісіңіз қалай жүріп жатыр?

3) Сіздің ісіңіз неліктен жақсы жүріп жатыр?

4) Достарыңыздың сіздің ісіңізге әсері бар ма?

5) Сіздің ісіңізге отбасыңыздың әсері бар ма?


Дата добавления: 2015-08-27; просмотров: 573 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Тапсырма. Берілген сөздердің мағынасын түсініп, сөз тіркестерін құрастырыңыз.| СОӨЖ Ел болашағы – жастардың қолында

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)