Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тапсырма. Берілген сөздердің мағынасын түсініп, сөз тіркестерін құрастырыңыз.

СОӨЖ Халықтық қолөнері. Қолөнер түрлері | СОӨЖ Қазақ халқының ән-күй, би өнері. Өнерлі ел. Қазақстаннның театр өнері | БАЙТҰРСЫНҰЛЫ АХМЕТ | Тапсырма | Ш бақытым | Тіл туралы | Тіл мәдениетінің басты мәселесі – тілдік құралдардың көмегімен қарым-қатынас жасау барысында адамға ... ету. | СОӨЖ Ел болашағы – жастардың қолында | Азақстанның «Жас Отан» партиясы | СОӨЖ Ұлттық тәлім-тәрбие. Үлкенге құрмет, кішіге ізет. Отбасы тәрбиесі |


Читайте также:
  1. Газ кеніші сарқылуының дифференциалдық теңдеуі қай формуламен берілген?
  2. Газ кенішінің материалдық балансы теңдеуі қай формуламен берілген
  3. Сөз әдебі
  4. Сөздік
  5. Сөздік минимум
  6. Тапсырма Сөзтізбекті шешіңіз.
  7. Тапсырма.

Кішіпейіл, жарасымды, ерекшелік, мәнерлі, жұмсақ, өре, тіршілік, көңіл-күй.

180-тапсырма. Сөздікпен жұмыс жасаңыз.

Әдеп, сөз, пікір алысу, мінез-құлық, өре, жүріс-тұрыс, кішіпейілдік, ілтипат, ерекшелік, тіршілік.

181-тапсырма. Төмендегі сөз тіркестерімен сөйлем құрастырыңыз.

Күнделікті тіршілік, пікір алысу, тәжірибе алмасу, адамның мәдениеттілігі, ілтипат көрсету, әдеп сақтау.

Радлов В.В. /ресейлік шығыс зерттеушісі/. Қазақтардың тілі жатық та шешен, әрі өткір, көбіне іліп-қағып сұрақпен жауап беруге келгенде таң қалдырарлықтай оралымды сөйлейді. Кез келгені, тіптен сауатсыздарының өзі, ана тілінде біздің Еуропада байқап жүргенімізден тек француздар мен орыстардың дәрежесінде сөйлей біледі.

Мелиоранский П.М. /1868–1906, шығыс зерттеушісі, профессор/. Қазақ тілін зерттеушілердің барлығы да бір ауыздан ең бай, ең таза түркі тілдердің бірі деп таниды.

Ильинский Н.И. /1822-1892, Қазан университеті, профессор/. Ертедегі түркілер тұрмысының көптеген іздерін өзінде сақтап қалған қазақ тілін мен ерекше ұнаттым. Қазақ даласы менің халық тіліне деген сүйіспеншілігімді мүлде қалыптастырды, оған мен тілдік зерттеу үшін нағыз таптырмайтын құжат ретінде қарай бастадым.

Бенцинг И. /түркітанушы/. Ғылыми, әдеби, тілдік және тарихи тұрғыдан қарағанда қазақ тілі түркі тілдерінің ішіндегі ең әсем, өте бай тілдің бірі.

Малов С.В. /орыс ғалымы/. Қазақ тілі өзінің бейнелілігі, суреттілігі жағынан басқа түрік, немесе түркі тілдерінен әрдайым бөлекшеленіп тұрады. Қазақ өзінің ауызекі көркем тілімен, айшықты әсем фольклорымен бұрын да, қазір де даңқы шығып жүрген халық.

Саади А. /татар ғалымы/. Қазіргі ең таза, ең бай, ең табиғи және бұзылмай, бұрынғы қалпында сақталып қалған бір тіл болса, ол қазақ тілі және қазақ әдебиеті, шын ғылым үшін біз мұны ашық айтуымыз керек.

Янушкевич А. /поляк журналисі/. Қазақтардың ақыл-ой қабілетінің зорлығына барған сайын менің көзім жетуде. Қандай әсем сөйлейді. Кез келгені айтайын дегенін тез түсіндіре, қарсыласының сөзіне шебер тойтарыс бере біледі. Тіпті балаларының ақыл-есі де өте тез жетіледі.

М.Жұмабаев. Бір ұлттың тілінде сол ұлттың жері, тарихы, тұрмысы, мінезі айнадай ашық көрініп, «Қазақ тілінде қазақтың сары сайран даласы біресе желсіз түндей тымық, біресе құйындай екпінді тарихы, сары далада үдере қашқан тұрмысы, асықпайтын, саспайтын мінезі көрініп тұр».

 

Қ. Мырзалиев. Ана тілің – арың бұл,

Ұятың болып тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте!

 

Б.Ағыбаев. Қазақша сөйле, тіліңді келтіре өң бұрап,

Қазақтың тілі тап-таза, мөлдір көл, бұлақ.

Табиғат берген тіліңнен неге қашасың,

Татьяна қыздар «Әгугайды» айтса домбыра ап?!

Болмаған ба әлде үйде абыз қария,

Ананың тілі – ананың сүті – дария.

«Шіркін-ай!» – деген лебізі неткен әдемі,

Дударға ғашық орыстың қызы Мария!

Қара көз қыздар, қасиетім едің бір қымбат,

Қарайлай берем өздерің жақтан сыр тыңдап.

Қасың да, көзің – кетті ғой менің шырқымды ап!

Тілдерің ғана... кетті ғой менің шырқымды ап!

Кеудемді менің өртемес тағы қалай мұң,

Ай жүздеріне аяушылықпен қараймын.

Қара көз қыздар, сөйлесеңдерші қазақша,

Тілінде ұлы Абайдың!

 

Т.Әбдірахманова. Ана тілім- тірлігімнің тірегі,

Тілмен ғана кірер адам реңі.

Тілсіз қоғам - өлі, мынау дүние.

Түсініксіз тылсымменен бір еді.

Ана тілім - бәрін сөйлер шежірем,

Тілсіз нені білдіре алам, не білем!

Тілім барда ғана мынау ғаламның

Кілтің табар саналысы сезінем.

 

А.Нысаналин. Бәрі сенде:Ұят, Абырой, Намыс, Ар,

Ерлік- күллі қасиеті алыптың.

Кім де болса сол арқылы танысар,

Барша бекзат болмысымен халықтың.

Шыңға шырқау қиын емес өренге,

Құдіретті қазақ тілім сен барда!?

Басқа тілді сүйдім... және сүйемін,

Несі айып биік мұрат көздесе.

Жаса мәңгі, менің тілім! Киелім,

Саған ыстық махаббатым өзгеше!..


Дата добавления: 2015-08-27; просмотров: 329 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Сөз әдебі| Мұрат Бидосов - өз ісінің маманы

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)