Читайте также: |
|
1. Адам құқығы тақырыбы бойынша досыңызбен, көршіңізбен сұхбаттасыңыз.
2. Көрнекті Қазақстандық заңгерлерден кімдерді атай аласыз.
3. Мәтін мазмұны бойынша сөзжұмбақ құрастырыңыз.
4. Мамандыққа қатысты терминдермен сөздік жұмысын жүргізіңіз.
5. Мәтін бойынша көршіңізбен сұхбат жасаңыз. 44. СОӨЖ Дүниежүзілік және халықаралық экономикалық қатынастар
Әлемдік экономика немесе дүниежүзілік шаруашылық дегеніміз – ұлттық шаруашылықтың жиынтығы. Ол үздіксіз қозғалыста және өсу үстінде болады. Өзара күрделі байланыстардың нәтежесінде бір-біріне қарама–қайшы, бірақ та біртұтас әлемдік экономикалық жүйе қалыптастырады. Дүниежүзілік шаруашылықты оқыту мен зерттеудің үлкен теориялық-әдістемелік және тәжірибелік маңызы бар. Әрі қазіргі кезеңнің проблемаларын ғана түсініп қоймай, оның әр аймағында болып жатқан экономикалық даму деңгейінің ерекшеліктерін біле отырып, жалпы дүниежүзілік шаруашылықтың даму барысын (бағытын) ойластыруды терең түсіну ықпал етеді. Халықаралық экономикалық байланыстарды зерттеу жұмысымен А. Смит, Д.Рикардо, К.Маркс, Ф.Энгельс, В.Леонтьев т.б. ғалымдар айналысты. Әлемнің біртұтастығы алуан түрлі, 160-тан астам тәуелсіз, экономикалық еркін субъектілерді қамтиды. Әр ел өзінің тарихи – географиялық, ұлттық, әлеуметтік саяси құрылымы бойынша, бір–бірінен ерекшеленеді. Әлемдік экономика – экономикадағы жалпы зандылықтармен бірге, нақтылы болып жатқан құбылыстарды да зерттейді. Экономикалық байланыстардың даму қарқынының күшеюі: экономикалық саяси, мәдени, әскери, экономикалық т.б. барлық сферада халықаралық байланыстың негізін тереңдете түседі. Бірақ бұл формула түгел емес: бұл байланыстардың сапа жағынан болуы қажет. Мысалы, егер бір жағы шикізат және энергия, екінші жағы дайын өнім айырбастаса, бұл жағдайда екі ел тепе-теңдікте дами алмайды. Себебі өзара тең түсетін базасы жоқ. Осындай қарама-қайшылық бірте-бірте экономикалық, содан соң саяси түсінбеушілікке әкеледі. Сонымен, сыртқы экономикалық байланыс «екі функциялық» бірлестікте көрінеді. Бұл, бір жағынан, жалпы саяси, глобалды, ал екінші жағынан, ұлттық, халық шаруашылылығы аспектіде көрінеді.
Дата добавления: 2015-08-27; просмотров: 200 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Адам құқығы туралы жалпыға ортақ декларациялар | | | СОӨЖ Ғылым мен техниканың дамуы тарихы. Ғылымның қиын жолы |