Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

СоӨж Ұлттық тәлім-тәрбие. Үлкенге құрмет, кішіге ізет. Отбасы тәрбиесі

СОӨЖ Қазақ халқының ән-күй, би өнері. Өнерлі ел. Қазақстаннның театр өнері | БАЙТҰРСЫНҰЛЫ АХМЕТ | Тапсырма | Ш бақытым | Тіл туралы | Тіл мәдениетінің басты мәселесі – тілдік құралдардың көмегімен қарым-қатынас жасау барысында адамға ... ету. | Сөз әдебі | Тапсырма. Берілген сөздердің мағынасын түсініп, сөз тіркестерін құрастырыңыз. | Мұрат Бидосов - өз ісінің маманы | СОӨЖ Ел болашағы – жастардың қолында |


Читайте также:
  1. Кардиология блогы бойынша СОӨЖ күнтізбелік-тақырыптық жоспар
  2. Отбасы тәрбиесімен байланысты шығармашылық тапсырмалар жазу
  3. СОӨЖ Ғылым мен техниканың дамуы тарихы. Ғылымның қиын жолы
  4. СОӨЖ Қазақ халқының ән-күй, би өнері. Өнерлі ел. Қазақстаннның театр өнері
  5. СОӨЖ Қазақстандағы туризмнің дамуы
  6. СОӨЖ Canada

“Отбасы адамның өте маңызды, өте жауапты ісі. Отбасы өмірді кемеліне келтіреді, отбасы бақыт әкеледі, бірақ әрбір отбасы, ең алдымен мемлекеттік маңызы бар зор іс болып табылады”, - деп анықтама берген А.С. Макаренко. Яғни, отбасы – қоғамның маңызды буыны және өзінше бір кішігірім ұжым. Көп ұлтты мемлекетіміздің негізі осы шағын ұжымдардан қаланады. Көне заманнан келе жатқан таным-түсінік, әдеп-тағылымдарын ұғыну, білу және өмірге үйлесімділерін қажетке жарату – жастардың туған халқына деген құрметінің артып және өнегенің рухани түлей түсуіне ықпал етеді. Былайша айтқанда, елінің тарихи өткен жолы мен бұраң бұлтарысы көп болмыс-білімін ұғыну халқына деген сүйіспеншілігі мен патриоттық сезімінің қарқынды түрде жетіле түсуіне әсерлі ықпал етумен қатар, бұл нәтижелі сапаға айналады.
Қазақта “үйлену- оңай, үй болу- қиын” дегендей үйленіп, үй болу адам өмірінің ұмытылмас кезеңі. Оның да өзіндік қызығы мен қиындығы бар. Қазақ халқы қыз ұзатып, ұлын үйлендіріп келе жатқан, басқа халықтар сияқты думаншыл-сауықшыл халықтардың бірі. Ежелден бері қалыптасып келе жатқан дәстүр бойынша, қазақ халқында отау тігудің әр түрлі, рет-ретімен орындалатын салт-дәстүрлері өте көп. Отау тігу дәстүріне көрік беріп, қызықты әрі мағыналы ететін – салт-дәстүр. “Қызын қияға, ұлын ұяға” қондыру әке-шешенің ұл-қызына деген міндеті. Қазақ табиғатында отбасы иелері балаларының алдында өздерінің тіршілік әрекетінде барлық адамгершілік қасиеттерін, үлгісін көрсете білген. Оның басты себебі “ұлдың ұяты әкеде, қыздың ұяты шешеде” деп бағалағандықтан. Сондықтан, ата-ана балаларын тұрмыс пен салтқа бейімдеп, шеше көріп тон пішуге, әке көріп оқ жонуға баулитын болған. Осылайша ұрпақтың отбасы тәрбиесі ешқашан күн тәртібінен түскен емес. Бұрынғы қазақ жастары тәрбиені мектеп пен медреседе оқып білмесе де қызы анадан, ұлы әкеден үлгі-өнеге алған.
Қазақ халқының тарихы дәстүрге өте бай. Отбасы үшін ежелден тән қасиет балажандық, балаларды еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, үлкенді құрметтеу, туысқандық кең байланыс, көршілермен және ұлты басқа халықтармен достық, ізгілік қатынастар осының бәрі қазақ халқының тұрмыс қалпына байланысты болған. Қазақ қыз-келіншектері мен ер азаматтарының бойында өзге халық өкілдерінің бойынан көрінбейтін дара қазақы болмысы жарқырай көрініп, жүрекке жылы әсер еткен. Әсемдік пен әдептілік үйлесімдік тапқан. Мәселен, ата-ана құқықтары қыз беріп, қыз алу, құда түсіп, құдалы болу, қазақ некесінің ерекшеліктері, қалың мал мәселесі, бата бұзу, ажырасу, бала асырау, әмеңгерлік, мирас пен мұра т.б. ежелгі отбасы дәстүрлері мен соған қатысты қағида ерекшеліктері жайында мағлұматтардан қазақ халқының отбасына ерекше мән бергенін, шаңырақ шайқалып, босаға босамауына назар салғанын көреміз. Жас отаудың пайдасына асатын әдет-ғұрыптар келешегін, нәсілінің болашағын ескертуден туындап, халқымыздың ұлын үйлендіріп, қызын ұзатуда ғасырлар бойы желісін үзбей жалғасып келген. Ата-анамыз екі жасты үйлендірмес бұрын оларға мынадай шарт қояды: біріншіден, қалыңдықты жеті атадан асырып іздеу қажет. Бұл талаптың мәнін халқымыз былай түсіндіреді: “қандас туыс адамдар үйленсе дұрыс бала туылмайды, туыла қалғанның өзінде ғұмыры қысқа болады.” Екіншіден, ағайын-туысқан арасында әдепсіз, жағымсыз қылықтар етек алып, ынтымақ бұзылады. Осылайша атақты қазақтар қашанда өзінің баласына басқа бір рудан, тайпадан барып, өзінің теңіндей адамдардың қызын айттыруға тырысады. Құда болудың бірнеше жолдары бар. Кейбір өмірдің ащысы мен тәттісін бірге өткізген адамдар достықтары артып, туыс болғысы келсе бала өмірге келмей жатып құдаласуға уәделеседі де “бел құда”; екі нәрестені бесікте жатқан кезінен айттырып “бесік құда” атанады.
Қазіргі таңда көп қолданылатын құдалықтың бір түрі қыз бен жігіттің келісімімен ұл жағы сырға тағып, құда түседі. Ата-ананы сыйлау, үлкенге құрмет көрсету, кішіге ізет білдіру, әдеп сақтаудан хабарсыз кей жастардың қылығы әркімнің-ақ намысына тиері сөзсіз. Халық өнерін игеру – жастарды еңбексүйгіштікке, әсемдікке бағыттап, халқының тарихын біліп, мәдени мұрасын қадірлеп, жақсы әдет, дәстүрлерін жалғастыруға баулиды.
Атам заманнан жалғасып ар ұжданымызға ұялаған қанымызға сіңген қастерлі қазақ салтын ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын мұра ретінде кейінгі ұрпаққа қалдыру – бәріміздің де борышымыз. Ұрпақ тәрбиесіне айрықша мән берген ата-бабамыз асыл сөздің кестесімен сәби жүрегін тербеп, ой-санасын игі адамгершілікке жетелейді. Сондықтан кең байтақ ата жұрттан ертеден жас буынға жалғасып келген ар-ұят сақтау, мейірімді, шарапатты болу салтанатын құрды. Ұнасымды қарым-қатынас жасай білу. Бұл адамзат баласының әу бастан өз өміріне серік етіп, ұғыныса, сыйласа, тіршілік құру сапарында алға ұстап келе жатқан әдеп салттарының ең көкейкестісі. Адамдар өздерінің арасында тату, кішіпейіл, өресі деңгейлес қатынастардың тату болғаны жөн екендігіне ежелден-ақ ден қойған. Ата-бабаларымыздың, даналарымыздың, ақын жырауларымыздың ақыл-өсиеттері, ауыз әдебиеті үлгілерінде сақталған және халықтың ежелден келе жатқан салт-санасындағы, әдет-ғұрпындағы дәстүрлік тарих тағылымдарын өмірге үйлесімді пайдалану – ұл мен қызға берілетін тәлімді жетілдірудің тиімді жолы болуымен қатар, олардың бойына инабаттылықты, мейірімділікті, бір-бірін сыйлау, құрметтеу, адамдық қасиеттерді дарытуға игі ықпал ететін және оның өмірге тез сіңіп, болашақ отбасының тұрақтанып, бала тәрбиесін жақсартып, адамдар арасындағы қарым-қатынас жарасымын көркейтіп, жауапкершілікті өркендетуге ықпал етеді. Мұның нәтижесі түрлі кінәраттарға тосқауыл жасап, дөрекіліктер мен қатыгездіктен тыйылуға және әдептіліктің бойға даруына ынталандыратын тиімді тәсіл.


Дата добавления: 2015-08-27; просмотров: 359 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Азақстанның «Жас Отан» партиясы| САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРДІҢ ТҮРЛЕРІ

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)