Читайте также:
|
|
Қазақстан 1993 жылы әлемдік туристік ұйымдардың нақты мүшесі болды. Қазақстан Республикасында туризмді дамыту үшін нормативтік құқықтық база құрылған. 1992 жылдан «Туризм туралы»заң қолданысқа енгізілді. Осы салада елімізде 430 ұйым, фирма, әр түрлі меншіктегі бюро бар. Онда 6 мың адам қызмет көрсетеді және 1500 кәсіби гид-экскурсоводтар бар.
Қазақстанның туристік фирмалары әлемнің 80 елімен бірлесіп қызмететеді және туризмнің барлық түрлері бойынша қызмет көрсетеді, олар танымдық, ойын-сауықтық, этникалық, экологиялық, балаларға арналған, спорттық, аңшылық, саяттық.
Қазақстанның әр аумағында 700-ден астам бағыттағы саяхат ұсынылады және табиғи-географиялық жағынан ерекше.
259-тапсырма. Ойыңызды ортаға салыңыз.
Қазақстанда туризм қалай дамыған?
Қазақстандағы қандай аймақтарда туризм жақсы дамыған?
Қазақстанда қандай туристік компаниялар бар?
Қазақстандағы туристік компаниялар қандай деңгейде қызмет көрсетеді?
Қазақстанда туризмді жақсы дамыту үшін не істеу керек?
260-тапсырма. Бір күндік туристік саяхаттың жоспарын жасаңыз.
261-тапсырма. Карта бойынша саяхат. Саяхатта болған әр қаланың ерекшеліктері туралы айтыңыз. Бір қаладан екінші қалаға дейінгі маршрутты жазыңыз.
Мысалы: Астанадан Қарағандыға дейін, одан кейін Балқашқа т.б қалай жетуге болады? Немен жетуге болады?
262-тапсырма. Мәтінді оқыңыз, өз пікіріңізді қосыңыз.
Дата добавления: 2015-08-27; просмотров: 233 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
СОӨЖ Бейнелеу және қолданбалы сән өнері | | | Азақстандағы туризм - табыс көзі бола ала ма? |