Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бу Абдолла Мұхаммет ибн Мұ­са әл-Хорезми әл-Мәжуси

СОӨЖ Ел болашағы – жастардың қолында | Азақстанның «Жас Отан» партиясы | СОӨЖ Ұлттық тәлім-тәрбие. Үлкенге құрмет, кішіге ізет. Отбасы тәрбиесі | САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРДІҢ ТҮРЛЕРІ | Шетелдерде оқу | Электронды басылымдар залы. | СОӨЖ Адам және азамат құқығы. Еңбек ету, білім алу бостандығы құқығы. | СОӨЖ Адам құқығы туралы жалпыға ортақ декларациялар | Адам құқығы туралы жалпыға ортақ декларациялар | Тапсырма. |


Адамзат ғылымының дамуы­на өлшеусіз үлес қосқан түр­кі­лер­дің ұлы тұлғаларының бірі - әбу Абдолла Мұхаммет ибн Мұ­са әл-Хорезми әл-Мәжуси. Ол ша­мамен 780 жылы Хиуада туып, 850 жылдары Бағдатта қай­тыс болады. Жиырма жасында ғы­лым қуып, Бағдатқа жеткен әл-Хорезми елу жасында ма­те­матиканың екі ірі саласының бірі алгебраның негізін салды. Астро­номияда, арифметикада ұлы жаңалықтар ашты. Әлемдік ма­те­матика ғылымындағы ең ірі жаңа­лықты, ұлы төңкерісті жа­са­ған да біздің бабамыз еді. Ол қандай жаңалық? Хорезмиге дейін әлемдік мате­матикада қарапайым есеп­теуден бастап, күрделі тең­деу­лерді шешу үшін вавилон, не рим цифры пайдаланылған. Мәсе­лен, 48 санын жазу үшін ХХХХҮІІІ цифрын, ал, 3834 са­нын жазу үшін МММ­ДСССХ­ХХІҮ цифрын пайда­лануға мәж­бүр болған. Ал бұларды төрт амалға салып алып-қосу, бөліп-көбейту, тіпті қиямет қайымға айналған. Бұл ғылымның да­муы­на өте қолайсыз, адам түсін­бейтін, тек білімді адамдар, ғалымдар ғана қолдана алатын ұзақ сонар есеп-қисаптың туын­дауы­на себеп болған. Барлық техникалық ғылымдардың негізі математикалық есептеу болған­дық­тан, бұл жағдай әлемдік ғы­лым­ның тоқырауына ұрын­дырған. Ғаламдық ғылымды осы тұйықтан түркі топырағының ұланы, «алгебраның атасы» атан­ған Мұхаммет әл-Хорезми алып шығып, сандар жүйесін қазіргі қалыпқа келтірді. Бұл - адам­зат­тың ақыл-ойы жеткен ұлы же­тіс­тіктердің бірі еді. Қазіргі біз қолданып жүрген 1,2,3,4,5,6,7,8,9 цифрларын ғы­лымда «араб цифр­лары» деп атайды. Ари­ф­ме­т­и­каға Хорезми енгізген бұл сан­дар жүйесі араб-ислам ғылы­мы­ның әлемдік өркениетке қосқан ірі үлесі болғандықтан, осылай ата­лып кетеді. Хорезми араб цифрларын енгізіп қана қойған жоқ, санның мәнін цифрдың орналасу ретімен байланыстыру арқылы бірлік, ондық, жүздік, т.б. түсініктерді анықтап, осы жаңа цифрлардың көмегімен ариф­ме­т­икалық амалдарды ор­ын­­­даудың әдіс-тәсілдерін де ой­лап тапты. Қазіргі кез келген қа­зақ баласы бірлік, ондық сан­дар­ды пайда­ла­нып, төрт амалды орын­дауды бірінші сыныпта-ақ мең­гереді. Ал орта­ға­сырлық оғ­лан мұндай деңгейге жету үшін ма­тема­ти­каны он бес жыл бойы оқуы керек еді. Адамзатты осы азаптан құт­қар­ған да - түр­кі­лердің топ­жарғаны әл-Хорезми ба­бамыз.
Геометрия тарихы ең көне замандардан басталса да, ал­ге­браның тарихын әлемдік ғы­лым әл-Хорезмиден бас­тай­ды. «Алге­бра» атауының өзі ата­мыз­дың атақ­ты еңбегі «Әл-китаб әл-мұх­тасар фи хисаб әл-джабир уәл-му­кабаладағы» «әл-джабир» сө­зінен шыққан. «әл-джабир» көне ассирия тілінде «екі заттың теңдігі, теңдеу» мағынасын берген. Хорезмиден жүз жыл соң еуропалықтар оның кітабын осы атаумен аударып, өз тілдеріне бейімдеп, «алгебра» терминін қа­лыптастырып жіберді. Шындығы сол - ортағасырлық Еуропа есеп шы­ғаруды әл-Хорезмиден үй­рен­ді. Оған дейін әлемде алгебра ғылымы, теңдеулер шешу әдістері болмаған. Ғалымның «Әл-джа­би­рін» көне құрлық ма­те­ма­тиктері 1145 жылдан бастап ла­тын тіліне бірнеше рет аударады. 1524 жылы еуропалық ғалым Адам Ризе Хорезми еңбегі жай­лы: «әрі сан ғылымына, әрі есеп өнеріне жетік бір ғалым арабтың «Алгебр мен әлмукабал» деген кітабы бар. Ешбір ғалым одан әлі асқан емес, келешекте де одан асатын ғалымның тууы екіталай» деп жазды. Ақиқатын айтқанда, Мұхаммет әл-Хорезми болмаса, адамзаттың дәл мұндай ғылыми прогреске қол жеткізуі мүмкін емес еді. Ортағасырлық Еуропада әл-Хо­резми еңбегінің атақты бол­ғаны соншалық, қазіргі ма­те­ма­тикада қолданылатын «ал­го­ритм», «алгорифм» терминдері де ғалымның ныспысынан шық­қан. Әл-Хорезми «алгоритмге» айналған. Хорезми ізінде мате­­матикалық еңбек жазған сол дәуір­дегі еуропалық ға­лым­дардың бәрі де кітабын «Ал­го­ритми айтады…» деп баста­ға­нынан-ақ оның есімінің ғылыми ортаға қаншалықты танымал болғанын көруге болады. Алго­ритмі, теориялық негізі жа­сал­ма­са, қазіргі сандық тех­но­логияға негізделген компьютер, те­ле­дидар, байланыс құрал­да­ры­нан бастап спутникке дейінгі за­ма­науи заттардың бірде-бірі жұмыс істей алмайтыны анық. Демек, адамзат ғылымының, өрке­ние­ті­нің бүгінгідей дәрежеге жетуіне ал­ғаш негіз қалаған да, кіндігі қазақтың көне жұртында кесіліп, бүтін мұсылманның мақта­ны­шы­на айналған Мұхам­мет әл-Хорезми бабамыз екен. Ұлы ғалымның «Әл-джа­бир­ден» басқа математикалық тағы бір атақты еңбегінің аты «Китаб әл-джам уә-т-тафриқ би хисаб әл-һинди» (Үнділер есебі бойын­ша қосу мен азайту кітабы). «Үнділер есебі» де 1150 жылы латын тіліне аударылып, әлем математиктерінің айналып өте алмайтын сүйікті шығармасына айналды. Осы кітабында ол қазіргі сандық жүйенің негізіне пайдаланған көне санскрит он цифрлы позициялық жүйесі туралы іргелі зерттеу жасады. Хорезми тек математика саласында ғана емес, астро­но­мия, география, тарих, медицина са­лаларында да бірнеше ірі жаңа­лықтар ашты. Бес жұрттың тілін білген білімпаз 35 жасында атақты Бағдат обсерваториясын басқарды. Осында жүріп, әйгілі «Астрономиялық таблицалар» атты жинағын жарыққа шығар­ды. Оның араб-ислам астро­но­мия ғылымын бірнеше ғасырға ілгерілеткен бұл еңбегі Ньютонға дейінгі еуропалық астроном­дар­дың ең негізгі құралына айналды. Сол кезде-ақ ол Жер мери­диа­ны­ның ұзындығын анықтауға ұмтылыс жасады. Ешқандай өл­шеуіш құралдарын пайда­лан­бай-ақ, математикалық есептеу ар­қылы Хорезми жасаған мери­диан өлшемі ғылым-білімі жетіліп, жаңа технологияларға сүйеніп, қазіргі заман есептеуіш құралдарымен жасалған өлшем­нен бір пайызға ғана жаңы­лы­сыпты. 99 пайызы сәйкес!!! Түркі топырағынан шыққан Мұхаммет әл-Хорезми жасаған «Китаб сурат әл-ард» (Жер бедері туралы кітап) өз заманында араб- ислам географиялық ғылы­мы­ның шырқау шыңына баланды. Бұл еңбегінде ол грек ғалымы Клавдий Птолемейден (б.э.д 147-70 жылдар) бастап, әлемдік географияның мыңжылдық жетістіктерін толық қамтыды. Араб, парсы, түркі халықтары мекендеген территориялардың картасын жасап, ондағы жер-су аттарын жергілікті тілдерде де жазып шықты. Ол Еділ бойына, Хазар мемлекетіне, Кавказға, Азов теңізіне, Византия импе­рия­сына саяхаттар жасап, Араб хали­фаты үшін құнды мәліметтер жинады.
Ғалым медицина, тарих, эт­но­графия саласында кітаптар жазып, күн сағаттары, календарь хақында да ізденіс жасады. Әрине, бұл бағыттағы еңбек­те­рінің барлығы бүгінгі күнге жеткен жоқ. Тек «Истихрадж тарах әл-яхуд» атты күнтізбе ту­ралы кітабы 1940 жылы Үндіс­тан­нан табылып, жарияланды. Міне, түбі бір түркі халық­та­ры­ның ортақ мақтанышы, орта­ға­сырлық ғалым Мұхаммет әл-Хорезмидің бір өзінің әлемдік ғылымға қосқан үлесі осындай. Қа­зақтың көне тарихы ға­сыр­лардың шаңы көміп, аты белгілі, за­ты белгісіз болып қалған қа­дау-қадау тұлғаларға кенде емес. Көбінің еңбектері бізге жеткен жоқ. Жеткенінің өзі көшірмелер деңгейінде. ХІІ ғасырдан бастап, мұсылмандар билігі сауатсыз, дүмше молдалардың қолына көшті де, өз жерінде қадірі болмаған ұлы ғалымдар жасаған ірі мұралар еуропалықтардың тіліне аударылып, солардың ғылымының, өркениетінің да­муы­на, солардың ұрпақ­та­рының озуына қызмет етті. Сөйтіп, бір кезде дамудың жаңа сатысына түсу үшін кәрі құрлық ұлдары біздің аталарымыздың ең­бек­те­рін аударуға мәжбүр болса, бүгін біз сол озық теорияларды да­мы­тып, қайта жаңғыртқан еу­ро­палықтардың кітабын аударуға, тех­нологиясын қабыл­дау­ға мұқ­таж­быз. Ұлыларының ұлағатын алға апара алмаған ұрпаққа та­рих­тың тартар сыйы - осы….
(“Айқын” газеті)

Отырарда ұлы ғалым Әбу Наср әл-Фараби дүниеге келді. Ол аса зор ғылыми мұра - жүзден астам ірі еңбектер қалдырды. Орта Азия мен Қазақстан қалаларынан Әбу Райхан әл-Бируни, Әбу Абдаллаһ әл-Хорезми, Әбу Әли ибн Сина, Әбу Жафар ат-Туси, Рудаки және басқа көптеген ғалымдар шықты. Хорезмимен бірге әйгілі астрономиялық кестелерді жасауға қатысқан астроном әрі математик – Ғаббас әл-Жауһари (9 ғ-дың 1-жартысы, сондай-ақ оның замандастары – Ысқақ әл-Фараби және 40 мың сөзден тұратын араб тілінің түсіндірме сөздігін жасаушы Исмаил әл-Жауһари әл-Фараби танымал болды. Ертісжағалауында қимақтар арасынан географ әрі тарихшы Жанах ибн Хақан Қимақи шықты. 10-11 ғ. Қазіргі Қазақстан аумағында өмір сүрген Қарахан әулеті мемлекетінде тамаша ақын әрі ойшыл Жүсіп Баласағұни өз шығармаларын жазды, оның 1069 ж. жазылған «Құтадғу білік» кітабы дүние жүзінің көптеген елдеріне тарады және оны ғалымдар бүгінге дейін зейін қоя зерттеуде. Ортағасырлық өркениеттің дамуында Ежелгі Грекия мәдениетінің елеулі ықпалы болғаны сөзсіз. Шығыстың озық ойшылдарының ғылым мен мәдениетке қосқан баға жетпес үлесін сол кездің өзінде-ақ Еуропа ғалымдары да мойындаған болатын.

 

242-тапсырма. 1. Терминдерді жалғастырып жазыңыз:

1) Заң, сот, құқық, қылмыс т.б.

2) Молекула, Шолпан, Темірқазық.

3) Өз мамандығыңыз байланысты терминдер.

2. Түсініксіз сөздерге сөздік жасаңыз.

3. Мәтіндердің мазмұнын баяндаңыз.


Дата добавления: 2015-08-27; просмотров: 279 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
СОӨЖ Ғылым мен техниканың дамуы тарихы. Ғылымның қиын жолы| Сөздік минимум

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)