Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРДІҢ ТҮРЛЕРІ

БАЙТҰРСЫНҰЛЫ АХМЕТ | Тапсырма | Ш бақытым | Тіл туралы | Тіл мәдениетінің басты мәселесі – тілдік құралдардың көмегімен қарым-қатынас жасау барысында адамға ... ету. | Сөз әдебі | Тапсырма. Берілген сөздердің мағынасын түсініп, сөз тіркестерін құрастырыңыз. | Мұрат Бидосов - өз ісінің маманы | СОӨЖ Ел болашағы – жастардың қолында | Азақстанның «Жас Отан» партиясы |


1. Діни әдет ғұрыптар
а) Ырымдар мен нанымдар (оң және теріс бата, күн жайлату, отқа май құю, алғыс-қарғыс, ауруды емдеу т.б.)
ә) Діни рәсімдер мен мейрамдар (намаз оқу, ораза ұстау, зекет-садақа беру, қажыға бару т.б.)
2. Отбасылық той-томалақтар мен жиындар
а) Үйлену тойы
ә) Бала тәрбиелеу дәстүрлері
б) Жерлеу салты
3. Маусымдық халықтық мерекелер
а) Жалпы халықтық тойлар (Наурыз мейрамы. Қымызмұрындық. Сабантой. Соғым басы.)
ә) Кәсіптік мейрамдар (бие байлау, жүн қырқар, тулақ шашар, күйек байлау, шашыратқы, уызқағанақ т.б.)

203-тапсырма. Мәтінді оқып өз пікіріңізді айтыңыз.

204-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.

Тәрбиелі отбасы қандай болу керек? Сіздің отбасыңызда мұндай дәстүрлер сақталған ба?

СОӨЖ Егеменді және тәуелсіз Қазақстан Үшінші мыңжылдықтың басында. Алтайдан Атырауға дейін. Қазақстан Азия барысы.

Қазақстан Республикасы – Еуразия деп аталатын құрлықтар кеңістігінің дәл ортаңғы бөлігінде орналасқан ел. Оның батыс аймақтары Еуропа құрлығының жерінде жатыр. Қазақтар Жайық деп атайтын Орал өзені – Еуропа мен Азияны бөліп тұратын шекара. Ал еліміздің солтүстігі, шығысы мен оңтүстігі Азия құрлығында орналасқан. Қазақстан Республикасының аумағы – 2 миллион 724 мың шаршы километрді құрайды. Жерінің аумағы жөнінен ол бүкіл дүниежүзінде 9-орында тұр. Мұндай жерге Франция сияқты 5 мемлекетті сыйғызып жіберуге болады. 1999 жылғы ресми санақ бойынша Қазақстанда 15 миллион шамасында халық тұрады. Жыл өткен сайын бұл сан ұлғая түсуде. Елімізде халықтың 53,4 пайызын құрайтын байырғы халық қазақтардан басқа ұлттардың да өкілдері тұрады. Шамамен алғанда, орыстар – 30, украиндар – 3,7, өзбектер – 2,5 пайызды құрайды. Сондай-ақ елімізде немістер, ұйғырлар, кәрістер, дүнгендер, түріктер және басқа халықтардың өкілдері бар.
Қазақстан Республикасының астанасы 1998 жылы Алматы қаласынан Астана қаласына көшірілген. Ел басшысы – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1999 жылы бүкілхалықтық сайлау нәтижесінде сайланған Президент. Қазақстан Республикасында 14 облыс, 159 аудан, 85 қала, 195 кент, 2150 ауылдық және селолық округтер бар. Еліміздің Еділ өзенінің төменгі ағысынан Алтай тауына дейінгі ұзындығы 3000 километрдей болса, Батыс Сібір жазығынан Іле Алатауына дейінгі аралығы мың жарым километрден астам. Ал Қазақстан шекарасының жалпы ұзындығы 15 мың километрге жетеді. Еліміз батысы мен солтүстігінде Ресей Федерациясымен, оңтүстігінде Түркіменстан, Өзбекстан және және Қырғызстан республикаларымен, ал шығысында Қытай Халық Республикасымен шекаралас. Азаттық үшін болған екі жарым ғасырдан астам уақыт күрестен кейін қазақ халқы тәуелсіздікке 1991 жылдың 16 желтоқсанында қол жеткізді. Сондықтан да жыл сайын 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының тәуелсіздік мерекесі ретінде ресми аталып өтеді. Қазақстан – Біріккен Ұлттар Ұйымының тең құқықты мүшесі. Қазақстанның табиғаты мейлінше алуан түрлі. Оның байтақ жерінде тау да, төбелер мен жазықтар да бар. Қазақстан жерінің ең биік нүктесі – Хан Тәңірі шыңы теңіз деңгейінен 6995 м жоғары, ал ең төменгі нүктесі – Қарақия ойпаты теңіз деңгейінен 132 м төмен жатыр.
Қазақстандағы өсімдіктердің жалпы түрлері 6 мыңнан астам. Олардың ішінде емдік қасиеті барлары, сирек кездесетін түрлері де аз емес. Ал құстардың түрі 500-ден астам. Өзен-көлдерде балықтың 107 түрі өсіп-өніп жатса, далалар мен ормандардағы жабайы аңдардың түрі 178-ге жетеді екен. Атырау теңізінің ең терең жері 600 м-ге жетеді. Ел аумағының 10-нан бір бөлігін таулар алып жатыр.

215-тапсырма. Мәтін бойынша шағын әңгіме жазыңыздар.

216-тапсырма. «Қазақстан Республикасы» тақырыбы бойынша келесі сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Сіз қай республикада тұрасыз? 2. Қазақстан егеменді ел ме? 3. Қазақстанның астанасы қай қала? 4. Қазақстан Республикасы қай жылы құрылды? 5. Ол қай жылы егеменді мемлекет болып жарияланды? 6. Халқының саны қанша? 7. Жер көлемі ше? 8. Қазақстан климаты қандай? 9. Қазақстанның ірі өзендерін атаңыз. 10. Қазақстан Республикасының нышандарын атаңыз. 11. Ұлттық теңге қай жылы айналымға енді?


Дата добавления: 2015-08-27; просмотров: 261 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
СОӨЖ Ұлттық тәлім-тәрбие. Үлкенге құрмет, кішіге ізет. Отбасы тәрбиесі| Шетелдерде оқу

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)