Читайте также: |
|
Күнделікті тіршілік барысында адам әр түрлі адамдармен кездеседі, сөйлеседі, пікір алысады, тәжірибе алмасады. Ал олар адамдардың өзін-өзі ұстауы, мінез-құлық, жүріс-тұрыс, киім-киюі, сөйлеуі арқылы жүзеге асады.
Адамдар арасындағы қарым-қатынас моральдық нормамен реттеледі. Қоғамдық ортада адамның мәдениеттілігі, өресі көбіне оның сөйлеуінен көрінеді.
Сөйтіп, сөйлеу әдебінің өзіне тән нормалары мен ерекшеліктері қалыптасады. Сөз арасында қолданылатын: кешіріңіз, мүмкін болса, мақұл көрсеңіз, рұқсат етсеңіз, қалауыңыз білсін т.б. сөздер тілге сыпайылық сипат береді. Мұндай майда сөздер үлкенге де, кішіге де жарысымды болып, адамның кішіпейілдігін көрсетіп тұрады. Шырағым, қарағым, қарындас, інішек, ағай, апай, әжей сияқты қаратпа сөздер үлкен мен кішінің арасындағы ілтипат, әдептілік көрсеткіштері. Адамның «сіз» бен «сен» сөзін орынды қолдануы да әдеп сақтауға жатады. Жылы, жағымды сөздер адамның көңіл-күйіне тікелей әсер етеді.
Сөздің қолдануы мен мағынасынан тыс сөйлеуде интонация, дауыс ырғағы да зор рөл атқарады. Айтылатын сөз немесе сөйлем интонация арқылы да әр түрге өзгереді. Мысалы интонация арқылы сөзді немесе сөйлемді мәнерлі, жұмсақ әрі көркем етіп жеткізуге болады. Әдепті адамның ісі де сөзі де жұмсақ әрі көркем етіп жеткізуге болады. Әдепті адамның ісі де сөзі де жағымды әсер етеді. Сөйлемде басқа тілдің сөздерін араластырып, тілді шұбарламай таза сөйлеу де адам өресінің деңгейін көрсетеді. (Ж.Базарбаев, Ж.Нұсқабаев, Қ.Дәулетов, Ұ.Әбілдаұлы. «Инабат», Алматы, 1995 ж.)
178-тапсырма. Сұрақтарға жауап жазыңыз.
1. Сөз әдебі деген не?
2. Тіл шұбарлығы дегенді қалай түсінеміз?
4. Адамның мәдениеттілігі қандай қасиеттерінен көрінеді?
5. Қандай сөздер тілге сыпайылық береді?
6. Шырағым, қарағым, қарындас, інішек, ағай, апай, атай, әжей сияқты қаратпа сөздер қандай көрсеткіштер?
Дата добавления: 2015-08-27; просмотров: 765 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Тіл мәдениетінің басты мәселесі – тілдік құралдардың көмегімен қарым-қатынас жасау барысында адамға ... ету. | | | Тапсырма. Берілген сөздердің мағынасын түсініп, сөз тіркестерін құрастырыңыз. |