Читайте также: |
|
СТУДЕНТТЕРДІҢ ОҚЫТУШЫМЕН БІРІККЕН ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
ПАТОЛОГИЯЛЫҚ ФИЗИОЛОГИЯ ПӘНІ, МАҚСАТЫ ЖӘНЕ МІНДЕТТЕРІ. ЖАЛПЫ НОЗОЛОГИЯ» ТАҚЫРЫБЫНАН МАШЫҚТЫҚ ДАҒДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Сабақтың мақсаты:
· клиникалық-зертханалық мәліметтерді патофизиологиялық сараптау дағдысын қалыптастыру
· топта жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру
Оқыту міндеттері:
· ситуациялық есептерді шешкенде топта жұмыс жасау білуді (өз көзқарасын жеткізе білу, көшбасшылық қасиетін көрсету) үйрену
· клиникалық-зертханалық мәліметтерді патофизиологиялық сараптау дағдысын жетілдіру
· сөзжұмбақ шешкенде нозология атаусөздерін қолдануды үйрену
Оқыту тәсілдері:
1 – тапсырма. Кейс - стади
Есеп
3 жастағы бала қауырт ауырып, селқостық, ұйқышылдық, қалтырау пайда болды. Дене қызымы 38,50С, бір рет құсқан, бала ішінің және басының ауырғандығына шағымданды. 12 сағаттан соң жұтынғанда ауыру сезімі пайда болды. Дәрігер науқасты қарағанда ұртынан, терінің қыртыстарынан, кеудесінің екі жанынан, ішінің төменгі бөліктерінен ұсақ нүктелі ашық қызыл түсті бөртпені анықтады, мұрын-ерін үшбұрышы бозарған, тілі жабынмен қапталған, жақасты лимфа түйіндері ұлғайған. Бір апта бұрын жәншаумен (скарлатина) ауырған науқаспен кездескен. Балаға жәншау аңғарымы қойылды. Пенициллин қатарындағы дәрі тағайындалды.
Бір аптадан соң бөрпелер жойылды, баланың жағдайы қалпына келді.
1. Берілген жұқпалық аурудың даму сатыларын көрсетіңіз, әр сатыны сипаттаңыз, жауабыңызды негіздеңіз.
2. Антибиотиктерді тағайындағанда балаға қандай ем ұстанымы қамтамасыз етілді?
Есеп.
Науқас А., 45 жаста, әлсіздікке, жүргенде оң балтырының бұлшықеттеріндегі ауырусынуға шағымданып, шипажайға емделуге келді. Бес жыл бұрын тамырларының ауырғандығынан сол табанында құрғақ жара дамып, кесіліп тасталған. Шипажайда науқасқа жылы күкіртті сутекті сумен бұлау тағайындалды. Бірақ емді қабылдаған соң оны тоқтатуға мәжбүр болды, себебі көктамырда қабыну үрдісі дамығандықтан (флебит), оң балтырының тері асты көктамырларының бойымен ауыратын қатаюлар пайда болды. Бұдан басқа науқаста бұлау қабылдау кезінде артериялық қан қысымы көтеріліп, бас ауыруы пайда болды.
1. дерттік серпілісті
2. дерттік үрдісті
3. дерттік жағдайды табыңыз. Өз қорытындыңызды негіздеңіз.
№ 3 есеп. Музыкант (пианист) қолының саусағын жеңіл жарақаттап алды, ол жерде қабыну құбылысы пайда болды. Ол адамда ауру бар ма? Жауапты негіздеңіз.
№ 4 есеп. Пациенттің тісі жұлынды. Ол адамда ауру бар ма? Жауапты негіздеңіз.
№ 5 есеп. Науқас С., 18 жаста, аурухананың қабылдау бөліміне ауыр халде жеткізілді. Шаңғымен серуендегенде орманда адасып, ағаш астында ұйықтап қалған. Бір тәуліктен соң табылған. Қарап тексергенде: есін жоғалтқан, тікішегінің қызымы 250С, терісі мен көрінетін шырышты қабаттары бозарған, көгістенген, көз қарашығы кеңейген, систолалық артериялық қысымы 40 мм.с.б.б. (диастолалық анықталмайды). Тамыр соғысы минутына 30 рет, тынысы сирек, беткей, рефлекстері төмен, ауыру сезімі жоқ.
Берілген симптомдар жиынтығы өлімнің қай сатысына сәйкес келеді? Жауапты негіздеңіз.
тапсырма. Сөзжұмбақ (кроссворд) шешу
Тігінен:
2. «аурудың немесе физикалық ақаулардың болмауы ғана емес, физикалық, психикалық
және әлеуметтік толық сәттілік жағдай»
4. өлім сатысы
6. аурудың нышаны
8. гипоксияға ең сезімтал ми бөлігі
10. өлген организмді тірілтуге үлес қосқан ғалым
12. сауығудың тұрақты механизмдерінің бірі
15. клиникалық көріністердің қайталануы
16. сутегі ионы мөлшерінің артуы
18. пневмониядан өлген баланың оқшауланған жүрегін 19 сағат 30 минөттен соң тірілткен (1902) ғалым, Верный қаласында тұрған.
19. «әртүрлі зақымдаушы агенттің әсерінен қоршаған ортаға бейімделуінің шектелуімен және еңбекке қабілетінің төмендеуімен организмнің қалыпты өмірінің бұзылысы»
21. Ф.А. Андреев (1913) ұсынған организмді тірілту мақсатында жүрекке қарай артерия арқылы сұйықтықты енгізу әдісі
23. денсаулықтың өлшемі
26. денсаулық пен ауру арасындағы аралық жағдай
Көлденеңінен:
1. ауру туралы жалпы ілім
3. өлімнің түрі
5. өлген организмді тірілту туралы ғылым
7. өлімнің түрі
9. аурудың аяқталуы
11. патофизиологтардың Қазақстандық мектебінің негізін қалаушы
13. өлім кезінде дамитын негізгі дерттік үрдіс
14. аурудың аяқталуы
17. жұқпалы аурулардың бірінші кезеңі
20. патологияның жасушалық теориясын құрған неміс паталоганатомы
22. аурудың клиникалық белгілерінің уақытша жойылуы
24. оттегі тапшылығына ең сезімтал жасуша
25. қанағымының қалпына келуі
Негізгі
1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Клиникалық патофизиология. – Алматы; РПО «Эверо», 2010. –Б. 6-8
2. Ә.Н.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – Б. 5-23.
3. Патофизиология // Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д. Уразовой О.И.– Москва: Изд-во ГЭОТАР, 2012., том 1, с.63-89
4. ҚР Денсаулық сақтау Министірлігінің (ДСМ) № 697 бұйрығы «Қазақстан Республикасында медициналық – биологиялық эксперименттер мен клиникалық тексерулер бойынша клиника алды зерттеулер жүргізудің тәртіптерін бекіту«және ҚР Индустрия және Сауда (ИС) министірлігінің техникалық метрологиялық реттеу Комитетінің №575 бұйрығы. «ҚР мемлекеттік стандарт заңды тәртіптегі лабораториялық тәжірибе. Негізгі қағидалары».
5. Есембаева С.С., Касенов Б.Ж. и совет Механизм развития патологии в полости рта. Моделирование воспалительных прцессов в слюнных железах. Алматы, 2010, с 14-16
6. Патофизиология.: учебник под ред. А.И. Воложина, Г.В. Порядина.-Т.1. – М.: «Академия», 2007.- с.23-30
Қосымш а
1. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 4-30.
2. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 3-10, 12-17.
3. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник для вузов. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2009. - С. 11-1
4. Тестовые задания по патологической физиологии / под ред Т.П. Ударцевой и Н.Н.Рыспековой – Алматы.: изд-во «Эффект», КазНМУ, 2007.- С. 5-24
Бақылау
ü Ситуациялық есептерді патофизиологиялық сараптау
ü Сөзжұмбақтың толтырылу дддддұрыстығын тексеру
Дата добавления: 2015-08-27; просмотров: 1723 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Разділ 4.2 Огляд колісних пар під вагонов. | | | ЖАЛПЫ ЭТИОЛОГИЯ МЕН ПАТОГЕНЕЗ. РЕАКТИВТІЛІКТІҢ ПАТОЛОГИЯДАҒЫ РӨЛІ» ТАҚЫРЫБЫНАН МАШЫҚТЫҚ ДАҒДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ |