Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Аралық бақылаудың сұрақтары

Тапсырма. Сөзжұмбақ (кроссворд) шешу | ЖАЛПЫ ЭТИОЛОГИЯ МЕН ПАТОГЕНЕЗ. РЕАКТИВТІЛІКТІҢ ПАТОЛОГИЯДАҒЫ РӨЛІ» ТАҚЫРЫБЫНАН МАШЫҚТЫҚ ДАҒДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ | ШЕТКЕРІ ҚАНАЙНАЛЫМЫ МЕН МИКРОЦИРКУЛЯЦИЯНЫҢ БҰЗЫЛЫСТАРЫ. ҚАБЫНУ» ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША МАШЫҚТЫҚ ДАҒДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ | Тапсырма: СӨЗЖҰМБАҚ ШЕШУ | Тіс жақ аймағы тіндеріндегі созылмалы қабыну | Тапсырма. Есепті шешіңіз | Ызба кезіндегі ауыз қуысындағы өзгерістер | Тапсырма. Кейс-стади. | Тапсырма. Кейс-стади. | СПЕ ӨСУ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ» ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША МАШЫҚТЫҚ ДАҒДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ |


Читайте также:
  1. Кредит бойынша аралық бақылау сұрақтары
  2. Кредит бойынша аралық бақылау сұрақтары
  3. Кредит бойынша аралық бақылау сұрақтары
  4. Кредит бойынша аралық бақылау сұрақтары
  5. Кредит бойынша аралық бақылау сұрақтары.
  6. Кредит бойынша аралық бақылау.

1. Патологиялық физиология. Жоғары медициналық білім берудегі патофизиологияның орны, оның басқа ғылымдармен байланысы. Патофизиологияның негізгі міндеттері.

2. ҚР ДСМ 697 және № 575 бұйрықтары бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандартына сай зертханалық тәжірибе туралы. Негізгі қағидаларының ережелерін оқып білу.

3. Жалпы нозологияның негізгі түсініктері:денсаулық, ауру, ауру алды, дерттік әсерленіс, дерттік үрдіс, дерттік жағдай туралы түсінік, аурудың нышандары. Аурудың жіктелу ұстанымдары.

4. Аурудың сатылары, сипаттамасы. Өлім. Өлу кезеңдері, сипаттамасы. Тірілтудің негізгі ұстанымдары. Тірілтілген организмнің ауруы туралы түсінік, патогенезі.

5. Этиология, анықтамасы. Ауру пайда болуындағы себеп пен жағдайлардың маңызы. Ауруды алдын алу және емдеудің этиотроптық ұстанымдары.

6. Этиологиялық факторлардың (жайттардың) жіктелуі. Ауру пайда болуында сыртқы орта жайттары және организм ерекшеліктерінің маңызы. Ятрогендік аурулар туралы түсінік.

7. Патогенез, анықтамасы. Бүліну – патогенездің бастапқы тізбегі ретінде. Бүліну деңгейлері. Патогенездегі себеп-салдарлық арақатынастар. Бастапқы тізбек және кері айналып соғу шеңбері.

8. Организмнің реактивтілігі мен төзімділігі, анықтамасы. Тітіркендіргішке организмнің жауап беру түрлері.

9. Реактивтіліктің түрлері, сипаттамасы. Организм реактивтілігін анықтайтын жайттар (тұқымқуалаушылық, жас мөлшері, жынысы, жүйке, эндокрин жүйесі ж.б.).

10. Организмнің конституциясы, анықтамасы, конституция түрлерінің (Кречмер, М.В. Черноруцкий, И.П. Павлов) жіктелуі. Организм реактивтілігінде конституцияның маңызы.

11. Жасуша бүлінуі, этиологиясы. Жасушаның зақымдануға төзімділігі. Жасушаның зақымдану түрлері. Жасушаның жедел және созылмалы зақымдануының сатылары. Жасуша зақымдануының арнайы және арнайы емес көріністері. Зақымданудағы жасушаның иондық құрамының өзгерістері, патогенезі, салдары.

12. Зақымданудағы жасушаның энергиямен қамтамасыз етілуінің бұзылыстары, салдарлары

13. Жасуша мембраналары бүліністерінің негізгі даму жолдары. Жасуша мембранасы бүлінуіндегі негізгі тетік ретінде МАТ әсерлену жолдары. Мембраналық фослипаза және басқа гидролаздардың әсерленуі, осмостық зақымдануы, иммундық зақымдануы.

14. Апоптоз туралы түсінік, патогенезі. Зақымданудағы жасуша ішіндегі бейімделу серпілістері.

15. «Жіті кезеңдік жауап» себептері, дәнекерлері, олардың әсерлері. «Жіті кезеңдік жауап» нәруыздары, олардың қызметтері. «Жіті кезеңдік жауап» организм үшін маңызы.

16. Қызба, анықтамасы. Қызбаның этиологиясы, экзо – және эндогендік пирогендік заттардың сипаттамасы. Қызба кезіндегі қызу көтеріліуінің патогенезі.

17. Қызбаның кезеңдері. Терморегуляцияның өзгерістері және қызбаның әртүрлі кезеңіндегі клиникалық көріністер, олардың патогенезі.

18. Қызба кезіндегі зат алмасу және физиологиялық жүйелер (жүйкелік, жүрек – тамырлық, тыныс алу, ас қорыту, бүйрек қызметтері) қызметтерінің өзгерістері. Организм үшін қызбаның жағымды және жағымсыз жақтары. Пиротерапия туралы түсінік.

19. Жалпы адаптациялық синдром (стресс), себептері, сатылары, даму тетіктері. Стрестің қорғану-бейімделу және патогенді маңызы. Адаптациялық аурулар туралы түсінік.

20. Сілейме. Этиологиясы мен патогенезі бойынша жіктелуі. Жарақаттық сілейме, себептері, сатылары, гемодинамика мен микроциркуляцияның өзгерістері.

21. Организмдегі су балансы бұзылыстарының түрлері. “Сумен уыттану” туралы түсінік, себептері, даму механизмдері. Сулану туралы түсінік.

22. Ісінулер, анықтамасы. Ісінудің патогенездік жайттарының сипаттамасы.

23. Ісінудің онкотикалық, тамырлық, тіндік патогенездік жайттарының сипаттамасы.

24. Организмнің сусыздануы, түрлері, себептері, патогенезі. Сусыздану кезінде негізгі физиологиялық жүйелер қызметінің бұзылыстары.

25. Гипоксия, анықтамасы, жіктелуі. Әртүрлі гипоксияның себептері, патогенезі.

26. Гипоксия кезінде организм ағзалары мен жүйелерінде және зат алмасуындағы өзгерістер,

27. Жедел және ұзақ мерзімдік қорғаныстық әсерленістер. Гипоксиялық жағдайларды емдеудің патофизиологиялық негіздері.

28. Гликоген түзілуі мен ыдырауының бұзылыстары, себептері, патогенезі. Гликогеноздар туралы түсінік. Сүт және пирожүзім қышқылдарының қанда көбеюі, патогенезі, салдарлары.

29. Гипогликемия, себептері. Гипогликсмиялық команың патогенезі.

30. Гипергликемия, түрлері, даму жолдары. Глюкозурия, түрлері, патогенезі.

31. Инсулиннің бездік және безден тыс жеткіліксіздігі, даму жолдары. Қантты диабеттің этиологиясы мен патогенезі

32. Диабеттік синдромның патогенезі. Диабеттік команың патогенезі

33. Қантты диабеттің асқынуы. Макро – және микроангиопатиялардың патогенезі

34. Шеткері қанайналым бұзылыстары, түрлері. Артериялық гиперемия, веналық гиперемия, ишемия, стаз, анықтамасы, патогенезі, көріністері, микроциркуляция өзгерістері, салдарлары.

35. Тромбоз,анықтамасы. Тромбоз этиологиясы. Артериялар мен көктамырларда қан қатпасы пайда болуының патогенезі. Тромбоздың зардаптары мен салдары. Томбоздық жағдайларды алдын алу және емдеу жолдары.

36. Эмболия, анықтамасы. Эмболия түрлері. Қанайналымының үлкен және кіші шеңбері эмболиясының салдарлары.. Алдын алу және емдеу жолдары.

37. Қабыну, анықтамасы, этиологиясы. Қабынудың құрамбөлшектері. Қабынудың организм үшін маңызы. Қабынудың онтогенез барысында дамуы.

38. Әлтерация туралы түсінік. Қабыну кезіндегі алғашқы және салдарлық әлтерация. Қабыну ошағында зат алмасу және физикалық-химиялық өзгерістер. Қабыну дәнекерлері, түрлері, шығу тегі, қабыну дамуындағы маңызы. Қабыну туындататын және қабынуға қарсы цитокиндер туралы түсінік.

39. Қабыну ошағында қанайналымы өзгерістерінің сатылары, олардың патогенезі. Экссудация, анықтамасы, даму жолдары. Жалқықтың түрлері, сипаттамасы. Жалқықтың құрамын анықтайтын жайттар. Іріңді жалқықтың құрамы мен қасиеттері.

40. Лейкоциттердің эмиграциясы, анықтамасы, сатылары және олардың даму жолдары (патогенезі). Фагоцитоз, сатылары. Фагоцитоздың кемістігі және оның қабынудағы маңызы.

41. Қабыну кезіндегі пролиферация туралы түсінік, даму тетіктері. Созылмалы қабынудың даму ерекшеліктері.

42. Аллергия, анықтамасы. Аллергияның этиологиясы, сыртқы және ішкі аллергендер. Балалардың аллергияға ұшырауының қайнар көздері.Аллергиялық серпілістердің Кук, Джелл және Р.Кумбс бойынша жіктелуі. Сезімталдықты жоғарылату және сезімталдықты төмендету туралы түсінік, түрлері, даму тетіктері.

43. Аллергиялық серпілістердің реагиндік, цитотоксиндік, иммундық-кешендік, жасуша қатысуымен болатын түрлерінің этиологиясы мен патогенезі.

44. Жалған аллергиялық серпілістер, анықтамасы, шынайы аллергиялық серпілістен айырмашылығы, патогенезі.

45. Өспе туралы түсінік, анықтамасы, түрлері. Қатерлі және қатерсіз өспелердің биологиялық ерекшеліктері (атипиялар). Метастаздану, сатылары, патогенезі.

46. Өспелердің пайда болуында химиялық (сыртқы және ішкі), физикалық, биологиялық канцерогендердің маңызы.

47. Өспе өсуінің патогенезі (бастама, күшею, өршу сатылары).

48. Қатерлі өспенің организмге әсер. Паранеоплазиялық үрдістер туралы түсінік. Өспелік кахексияның патогенезі. Өспе өсуіне қарсы төзімділік тетіктері, (антиканцерогендік, антитрансформациялық, антицелюлярлық). Өспелерді емдеудің ұстанымдары.

Жүргізу түрі:

1-кезең - тестілеу (Тест тапсырмаларын қараңыз - Патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар // Қазақ тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова.– Алматы.: «Эффект» баспасы, ҚазҰМУ, 2007.)

2-кезең – клиникалық-зертханалық мәліметтерді патофизиологиялық сараптау машықтық дағдысы.


Дата добавления: 2015-08-27; просмотров: 284 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Тапсырма Сөзтізбекті шешіңіз.| Кәсіптік сұрақтар бойынша тесттер

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)