Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Спе Өсу патофизиологиясы» таҚырыбы бойынша машыҚтыҚ даҒды Қалыптастыру

Тапсырма. Сөзжұмбақ (кроссворд) шешу | ЖАЛПЫ ЭТИОЛОГИЯ МЕН ПАТОГЕНЕЗ. РЕАКТИВТІЛІКТІҢ ПАТОЛОГИЯДАҒЫ РӨЛІ» ТАҚЫРЫБЫНАН МАШЫҚТЫҚ ДАҒДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ | ШЕТКЕРІ ҚАНАЙНАЛЫМЫ МЕН МИКРОЦИРКУЛЯЦИЯНЫҢ БҰЗЫЛЫСТАРЫ. ҚАБЫНУ» ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША МАШЫҚТЫҚ ДАҒДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ | Тапсырма: СӨЗЖҰМБАҚ ШЕШУ | Тіс жақ аймағы тіндеріндегі созылмалы қабыну | Тапсырма. Есепті шешіңіз | Ызба кезіндегі ауыз қуысындағы өзгерістер | Тапсырма. Кейс-стади. | Аралық бақылаудың сұрақтары | Кәсіптік сұрақтар бойынша тесттер |


Читайте также:
  1. Aelig; формуласы бойынша нені анықтайды?
  2. Ан түзу жүйесі» модулі бойынша тесттік тапсырмалар
  3. Ас қорыту жүйесі» модулі бойынша сынамалық тапсырмалар
  4. АСҚОРЫТУ жеткіліксіздігі» ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША МАШЫҚТЫҚ ДАҒДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
  5. Астық жинағаннан кейін өңдеу” пәні бойынша курстық жұмысты орындаудың күнтізбелік жоспары
  6. Бүйрек патофизиологиясы» ТАҚЫРЫБЫНАН МАШЫҚТЫҚ ДАҒДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
  7. Былыс динамикасын карта бойынша зерттеу.

Сабақтың мақсаты:

· патофизиологиялық ситуациялық есептерді патофизиологиялық сараптау дағдысын қалыптастыру

· топта жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру

· 3 тілдегі глоссарийді қолдану дағдысын қалыптастыру

Оқыту міндеттері:

· патофизиологиялық ситуациялық есептерді патофизиологиялық сараптау дағдысын жетілдіру

· топта жұмыс жасау дағдысын жетілдіру

Оқыту мен сабақ жүргізудің тәсілдері: сөзжұмбақ шешу, кейс-стади

.

№ 1. тапсырма. Ситуациялық есептерді шешу.

№ 1 есеп. Науқас Л., 65 жаста, от жағушы, жақында зейнеткерлікке шыққан, әлсіздікке, дене салмағын бірден жоғалтуына, дауысының қарлығуына, құрғақ жөтелге, тынысының қиындауына, аузынан жағымсыз иіс шығуына шағымданады. Ларингоскопияда кеңірдегінен кеңірдектің жартысынан көбін алып тұрған бұдыр, жараланған өспе анықталды. Өспе дыбыс байламдарына еніп өскен, мойындағы лимфа түйіндері ұлғайған, басқанда тығыз, ауырмайды.

1. Науқаста дамыған өспенің мүмкіндік себептері қандай? Канцерогендердің қай тобына жатады?

2. Бұл канцерогендердің өспе дамытатындығын тәжірибеде кім дәлелдеді?

3. Лимфа түйіндері ұлғаю патогенезін түсіндіріңіз

4. Өспелік кахексияның патогенезін түсіндіріңіз

 

№ 2 есеп. 1,5 жыл бұрын АЭС апатын қалпына келтіруге қатысқан 40 жастағы науқас В. дәрігерге айқын әлсіздікке, бас айналу, ұдайы аздаған қақырықпен «құрғақ» жөтелге шағымданып келді. 20 жыл бойы шеккен шылымын соңғы екі жылда тоқтатқан. Соңғы алты ай бойы бірнеше жұқпалы аурулармен, оның ішінде ринит, бронхит және пневмониямен ауырған. Бронхоскопия жасағанда негізгі оң бронхында өспе анықталды. Өспе тінін гистологиялық зерттегенде онда қатерлі өспе жасушалары анықталды.

1. Қандай жайт бронх өспесі дамуының мүмкіндік себебі болуы мүмкін?

2. Канцероген әсеріне қандай жайт тиімділігін көрсетті? Олардың әсер ету тетіктері қандай?

3. Науқаста өспеге қарсы төзімділіктің қандай тетіктері әсерленуі тиіс еді?

 

№ 3 есеп. 52 жастағы науқаста хирургиялық жолмен өкпенің қатерлі өспесін алып тастағаннан соң, химиотерапия емінен кейін бір жылдан соң сол жақ бұғана асты лимфа түйіндерінің ұлғайғаны байқалды. Биопсия кезінде өспе жасушалары анықталды, құрылымы бойынша алып тасталған өкпенің қатерлі жасушаларына ұқсас.

1. лимфа түйіндерінде өспе жасушаларының пайда болуын қалай түсіндіруге болады?

2. Осы үрдістің даму сатылары мен патогенезін түсіндіріңіз

3. Осы үрдістің дамуы канцерогенездің қай сатысына сәйкес келеді?

4. Өспе ауруларын емдеу ұстанымдарын түсіндіріңіз

№ 4 есеп. 46 жастағы науқас жиі макрогематуриямен несеп шығаруына және жалпы қимылсыздыққа шағымданды. Цистоскопия жасалып, өспелік түзінді табылып, ол тіннен және айналасындағы шырышты қабаттан кесінді алынды. Биоптатты гистологиялық зерттеуде өспелік тіннің дұрыс орналасқан жасушалардан тұратындығы, бірақ арасында атипиялық жасушалардың да кездесетіндігі анықталды. Науқас он жылдан аса тоқыма комбинатында анилиндік бояулар қолданатын бояғыш цехта жұмыс істейді.

1. Өспе дамуының мүмкіндік себебі қандай?

2. Анилиндік бояғыштар қандай канцерогендерге жатады?

№ 5 есеп. Науқас А., асқазан өспесімен ауырған жарты жылда дене салмағының 10% -ын жоғалтты. Зертханалық тексеруде: гипогликемия, аминқышқылдары мен холестерин мөлшерінің азайғандығы анықталды.

1. Науқаста қандай жағдай дамыды?

2. Науқаста дамыған жағдайдың патогенезін түсіндіріңіз

3. Бұл синдром канцерогенездің қай сатысында байқалады?

4. Өспе ауруларын емдеу ұстанымдарын көрсетіңіз


Дата добавления: 2015-08-27; просмотров: 376 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Тапсырма. Кейс-стади.| Тапсырма Сөзтізбекті шешіңіз.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)