Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бүйрек патофизиологиясы» таҚырыбынан машыҚтыҚ даҒды Қалыптастыру

СПЕ ӨСУ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ» ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША МАШЫҚТЫҚ ДАҒДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ | Тапсырма Сөзтізбекті шешіңіз. | Аралық бақылаудың сұрақтары | Кәсіптік сұрақтар бойынша тесттер | Тапсырма. Кейс-стади | СЫРТҚЫ ТЫНЫС ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ» ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША МАШЫҚТЫҚ ДАҒДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ | Тақырып. «ГЕМОСТАЗДЫҢ БҰЗЫЛЫСТАРЫ» . | Коагулопатии- кровоточивость, обусловленная снижением активности системы свертывая и повышением активности системы фибринолиза и противосвертывающей системы | АСҚОРЫТУ жеткіліксіздігі» ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША МАШЫҚТЫҚ ДАҒДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ | Глоссарий |


Читайте также:
  1. АСҚОРЫТУ жеткіліксіздігі» ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША МАШЫҚТЫҚ ДАҒДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
  2. ЖАЛПЫ ЭТИОЛОГИЯ МЕН ПАТОГЕНЕЗ. РЕАКТИВТІЛІКТІҢ ПАТОЛОГИЯДАҒЫ РӨЛІ» ТАҚЫРЫБЫНАН МАШЫҚТЫҚ ДАҒДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
  3. СПЕ ӨСУ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ» ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША МАШЫҚТЫҚ ДАҒДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
  4. СЫРТҚЫ ТЫНЫС ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ» ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША МАШЫҚТЫҚ ДАҒДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
  5. Сыртқы тыныс патофизиологиясы» модулі бойынша тесттік тапсырмалар
  6. ХАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ РЕТІНДЕГІ ДЕНЕ БІТІМДІК ДАМУЫ. АУРУДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ.

Сабақ мақсаты:

· Бүйрек қызметі бұзылыстары бойынша клиникалық зертханалық мәліметтерді сараптау машықтық дағдысын, өзін өзі жетілдіру дағдысын қалыптастыру

· Үш тілдегі глоссарийді қолдану дағдысын қалыптастыру

Оқытудың міндеттері:

· Қан және зәр анализдерін сараптау машығын жетілдіру

· Тақырып сұрақтары бойынша пікірсайыс жүргізу коммуникациялық дағдысын жетілдіру

Жүргізу түрі:

Аз топта жұмыс жасау: кейс-стади, кестелерді толтыру, тестілеу.

№ 2,3 тапсырмаларды орындау үшін материалды келесі сұрақтар бойынша меңгеру керек:

1. Бүйректің негізгі қызметі бұзылыстарын тудыратын себептер. Н

2. Бүйрек шумақтары зақымдануының негізгі тетіктері

3. Шумақтық сүзілудің азаюы немесе артуы, себептері, даму жолдары, салдарлары

4. Өзекшелік кері сіңірілудің бұзылыстары. Тубулопатиялар, түрлері, себептері, патогенезі

5. Зәрдің салыстырмалы тығыздығының өзгерістері (гипер-, гипо-, изостенурия), даму жолдары

6. Полиурия, олигоурия, анурия, түрлері, даму жолдары.

7. Зәр құрамының сапалық өзгерістері. Протеинурия, цилиндрурия, гематурия, пиурия, патогенезі

8. Нефриттік және нефроздық синдромдардың этиологиясы мен патогенезі (гломерулонефриттер мен пиелонефриттер мысалында)

9. Несеп-тас ауруының этиологиясы мен патогенезі.

10. Уремия, түсінік патогенезі;

11. БСЖ кезіндегі тіс жақ тіндеріндегі өзгерістер.

№ 1 тапсырма. Кейс-стади.

№ 1 есеп. Зимницкий сынауын сараптап, клиренсті есептеңіз. Егер қан сары суында креатинин 6,9 мг/л (қалыпты жағдайда 12-14 мг/л), зәрде – 520 мг/л (қалыпты жағдайда 200-500 мг/л).тәуліктік диурез – 950 мл. С= U зәр/ P плазма х Vзәр (мл/мин) өрнегін қолданыңыз.

Зимницкий сынауын сараптаңыз:

Уақыты Зәр мөлшері Зәрдің сал. тығыздығы
     

Бүйректің қызметі туралы қорытынды жасаңыз.

№ 2 есеп. Тапсырмада берілген мәліметтерді медициналық сөздіктермен сипатта. Берілген мәліметтердің негізінде патология туралы қорытынды жасаңыз.

Диурез – тәулігіне 420 мл

Тығыздығы – 1,011

Нәруыз – 2,0 г/л

Көру аймағында бірен-саран сілтілі эритроциттер

Гиалинді, түйіршікті цилиндрлер

АҚ – 175/95 мм с.б.

Қалдық азот – 190 ммоль/л (қалыптысы 4,28 - 28,56 ммоль/л)

 

Есеп. Хирургиялық клиникаға сүйектердің көптеп зақымдануымен және бұлшықет тінінің мыжылуымен, қан кетумен қабаттасқан ауыр жағдайдағы науқас жеткізілді. Жедел көмек көрсетілгеннен кейін науқастың жағдайы жақсарды. Бірақ, екі тәуліктен кейін, жағдайы күрт төмендеп, науқас есін жоғалтты, анурия болды.

1. Жағдайының күрт төмендеуі немен байланысты?

2. Анурияның патогенезі қандай?

№ 4 есеп. Науқасқа 52 жаста, 12 жыл бойы созылмалы гломерулонефритпен ауырады. Дәрігерге соңғы кездері пайда болған күндіз ұйқышылдыққа, түндегі ұйқысыздыққа, тез шаршағыштыққа, бұлшықет әлсіздігіне, апатияға, төс артындағы және эпигастр аймағындағы ауырлық сезіміне, жүрек айнуы, іш өтуі, терісінің қышуына шағымданды.

Тексергенде: АҚ 165/95 мм.с.б., жүрек шекараларының солға кеңейгені, жүректің барлық жағынан перикардтың үйкеліс шуы естіледі. Қан талданымы: анемия, лейкопения; айқын азотемия, гипо‑ және диспротеинемия, эндогенді креатинин клиренсі 45 мл/мин.

Зәр анализі: Тәуліктік диурез – 450 мл. Тығыздығы 1029, протеинурия. Зәр тұнбасының микроскопиясында: көру аймағында біріндеген эритроциттер, лейкоциттер көп мөлшерде, түйіршікті цилиндрлер аздап кездеседі. ҚСҮ көрсеткіштері: рН 7,32; зәрдің титрлік қышқылдығы төмендеген.

  1. Науқаста дамыған жағдайды қалай атайсыз?
  2. Осы жағдайдың мүмкіндік себебі қандай?
  3. Психоневрологиялық, кардиологиялық және гематологиялық симптомдардың және ҚСҮ мен зәрдегі өзгерістердің туындау механизмі қандай?
  4. Науқастағы дамыған бұзылыс күшейгенде қандай жағдайға әкелуі мүмкін?

№ 2 тапсырма. № 10 - сұрақты үш тілде талқылау.

 


Дата добавления: 2015-08-27; просмотров: 330 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Сау адамның бауыр қызметінің көрсеткіштері| Глоссарий

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)