Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

СыртҚы тыныс патофизиологиясы» таҚырыбы бойынша машыҚтыҚ даҒды Қалыптастыру

Тапсырма: СӨЗЖҰМБАҚ ШЕШУ | Тіс жақ аймағы тіндеріндегі созылмалы қабыну | Тапсырма. Есепті шешіңіз | Ызба кезіндегі ауыз қуысындағы өзгерістер | Тапсырма. Кейс-стади. | Тапсырма. Кейс-стади. | СПЕ ӨСУ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ» ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША МАШЫҚТЫҚ ДАҒДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ | Тапсырма Сөзтізбекті шешіңіз. | Аралық бақылаудың сұрақтары | Кәсіптік сұрақтар бойынша тесттер |


Читайте также:
  1. Aelig; формуласы бойынша нені анықтайды?
  2. Ан түзу жүйесі» модулі бойынша тесттік тапсырмалар
  3. Ас қорыту жүйесі» модулі бойынша сынамалық тапсырмалар
  4. АСҚОРЫТУ жеткіліксіздігі» ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША МАШЫҚТЫҚ ДАҒДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
  5. Астық жинағаннан кейін өңдеу” пәні бойынша курстық жұмысты орындаудың күнтізбелік жоспары
  6. Бүйрек патофизиологиясы» ТАҚЫРЫБЫНАН МАШЫҚТЫҚ ДАҒДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
  7. Былыс динамикасын карта бойынша зерттеу.

Сабақтың мақсаты:

· Тыныстық көлем өзгерістері мен қанның газдық құрамының бұзылыстарын сараптау, құқықтық құзыреттіліктер, өзінөзі жетілдіру машықтық дағдыны қалыптастыру

Оқыту міндеттері:

· Ситуациялық есептер мен эксперименттік мәліметтерді сараптау машықтық дағдыны жетілдіру

· Топта жұмыс жасау коммуникативті дағдысын жетілдіру

Жүргізу тәсілдері: пневмограммалармен жұмыс жасау, кейс-стади

№ 1 тапсырма. Бастапқы пневмограммасы төмендегідей болған тәжірибелік жануардың кеңірдегін қысқанда тыныс алу сипаты қалай өзгеретіндігін график түрінде келтіріңіз:

 

Келесі сұрақтарға жауап беріңіздер:

1. тыныс алу жиілігі тереңдігі, дем алу мен дем шығару арақатынасы қалай өзгерді?

2. өзгерген тыныстың патогенезі қандай?

3. Қандай дерттік үрдістерде осындай бұзылыс дамиды?

№2 тапсырма     Тәжірибелік жануардың плевра қуысына физиологиялық ерітінді енгізу арқылы жасанды гидроторакс дамытқанда тыныс алу сипаты қалай өзгеретіндігін график түрінде келтіріңіз  

Бастапқы пневмограмма №1 тапсырмада берілген. Жасанды гидроторакс кезіндегі тыныс сипатының өзгерістерін көрсетіңіз және бұл бұзылыстың патогенезін сипаттаңыз. Тыныстың осындай бұзылысы қандай ауруға тән?

№ 3 тапсырма. Тәжірибелік жануардың көктамырына 3% сірке суын енгізген соң тыныс алу қалай өзгеруі тиіс, дем алу сызығын келтіріңіз.

Бастапқы пневмограмма.

 

 

Тыныстың өзгеру сипатын суреттеңіз. Мына сұрақтарға жауап беріңіз:

1. Тыныс алу өзгерісінің патогенезі қандай?

2. Осы тыныс алу бұзылысының қандай патофизиологиялық маңызы бар?

№ 4 тапсырма Егеуқұйрықтың жоғарғы тыныс жолдары рецепторларын (қабылдағыштарын) мүсәтірмен тітіркендіргендегі тыныс ырғағы бұзылыстарын сипаттау

Әдіс і: Наркоз жағдайындағы егеуқұйрықтың мұрнына мүсәтірге малынған мақтаны иіскетеді. Тыныс алу өзгерістері байқалады. Осыдан кейін әрбір танауына 1 тамшыдан новокаин ерітіндісі тамызылады және тәжірибе қайталанады. Бұл кезде пневмограмма былай өзгереді:

 
 

 

 


Келесі сұрақтарға жауап бере отырып қорытынды жасаңыз:

1. Жоғары тыныс жолдарын қатты тітіркендіргенде байқалатын рефлекстік өзгерістердің қандай патофизиологиялық маңызы бар?

2. Тыныстың аталмыш өзгерісінің даму тетігі қандай?

 

№ 5 тапсырма Жасанды гипервентиляциямен туындатылған тыныс алу өзгерістерін зерттеу.

Әдісі: Наркоз жағдайындағы егеуқұйрықтың кеңірдегіне түтік енгізіледі. ЖӨВП құралы көмегімен трахеостома арқылы жасанды желдетілу жасалынады. Гипервентиляциядан кейінгі апноэ мен тыныс алудың қайта қалпына келуіне назар аударылады. Тыныс алу қалпына келгеннен кейін, қайтадан жасанды гипервентиляция жасалынады. Сонда постгипервентиляциялық апноэ басталғаннан кейін, 1-2сек-тан соң, егеуқұйрықты электр ағымымен ауыртып тітіркендіреді. Тыныс алу өзгерістері сипатының түрі мынадай болады:

 

Мына сұрақтарға жауап бере отырып тұжырым және қорытынды жасалынады:

1. Неге жасанды гипервентиляция тоқтатылғаннан кейін апноэ қалыптасады және тыныстың өздігінен пайда болу тетіктері қандай?

2. Неге постгипервентиляциялық апноэ кезеңінде ауыртып тітіркендіргенде тыныс алу тез арада қалпына келеді?

3. Постгипервентиляциялық кезеңдегі тыныс алудың өзіндік және жасанды (электр ағымының көмегімен) қалпына келуінің айырмашылығы неде?

4. Адамдағы гипервентиляцияға мысал келтіріңіз.

 

Демонстрациялық материал: пневмограммалар

ӘДЕБИЕТТЕР

Негізгі

1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Клиникалық патофизиология. – Алматы; РПО «Эверо», 2010. – Б. 482-519.

2. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – С. 484-495.

3. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга О.И. Уразовой- М.: ГЭОТАР-МЕД, 2010. Раздел Патофизиология внешнего дыхания.

4. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 447-471.

5. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник:. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2009. С. 384-385

6. Патофизиология: Учебник п/ред А.И. Воложина, Г.В. Порядина.- Т.3. –М.: «Академия», 2006.-С.158-186

Қосымша

1. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 169-178.

2. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга - М.: Томск., 2006.- С. 519 - 525

3. Майкл А.Гриппи. Патофизиология легких. Перевод с англ. – М.Бином, 1997. – 327с.

БАҚЫЛАУ

Пневмограммалар бойынша қорытындысын тексеру

 


Дата добавления: 2015-08-27; просмотров: 264 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Тапсырма. Кейс-стади| Тақырып. «ГЕМОСТАЗДЫҢ БҰЗЫЛЫСТАРЫ» .

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)