Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Шеткері Қанайналымы мен микроциркуляцияныҢ бҰзылыстары. Қабыну» таҚырыбы бойынша машыҚтыҚ даҒды Қалыптастыру

Тапсырма. Сөзжұмбақ (кроссворд) шешу | Тіс жақ аймағы тіндеріндегі созылмалы қабыну | Тапсырма. Есепті шешіңіз | Ызба кезіндегі ауыз қуысындағы өзгерістер | Тапсырма. Кейс-стади. | Тапсырма. Кейс-стади. | СПЕ ӨСУ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ» ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША МАШЫҚТЫҚ ДАҒДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ | Тапсырма Сөзтізбекті шешіңіз. | Аралық бақылаудың сұрақтары | Кәсіптік сұрақтар бойынша тесттер |


Читайте также:
  1. Aelig; формуласы бойынша нені анықтайды?
  2. Ан түзу жүйесі» модулі бойынша тесттік тапсырмалар
  3. Ас қорыту жүйесі» модулі бойынша сынамалық тапсырмалар
  4. АСҚОРЫТУ жеткіліксіздігі» ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША МАШЫҚТЫҚ ДАҒДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
  5. Астық жинағаннан кейін өңдеу” пәні бойынша курстық жұмысты орындаудың күнтізбелік жоспары
  6. Бүйрек патофизиологиясы» ТАҚЫРЫБЫНАН МАШЫҚТЫҚ ДАҒДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
  7. Былыс динамикасын карта бойынша зерттеу.

Сабақтың мақсаты:

· Клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптау машықтық дағдысын қалыптастыру

· Топта жұмыс жасау коммуникативті дағдысын жетілдіру

Оқыту міндеттері:

· Шеткері қанайналымы бұзылыстары мен қабыну кезіндегі клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптау машықтық дағдысын жетілдіру

· Топта жұмыс жасау коммуникативті дағдысын жетілдіру

Оқыту тәсілдері:

аз топпен жұмыс жасау: кейс-стади, сөзжұмбақ шешу

 

№1 тапсырма. Ситуациялық есептерді шығару.

№ 1 есеп. 56 жастағы науқас тез шаршағыштыққа, тоқтағаннан кейін басылатын, бірақ жүргенде қайталанатын балтыр бұлшық еттеріндегі ауыру сезіміне, аяғының жансыздануына, «жыбырлауына», тыныштықта шаншитынына (парестезия) шағымданды. Науқас шылымды көп шегеді. Қарап тексергенде аяқ басының терісі бозғылт, құрғақ, ұстағанда салқын, тамыр соғысы тек екі аяқ басының үстіңгі бетінде ғана анықталса, артқы балтыр артерияларында анықталмайды. Алдын ала қойылған аңғарымы – «Бітелген (облитерирующий) эндартериит».

1. Шеткері қанайналымының қандай бұзылысы туралы айтуға болады? Байқалған белгілерінің патогенезі қандай?

2. Қандай жағымсыз салдарлары болуы мүмкін?

 

№ 2 есеп. Жүрек жеткіліксіздігімен жапа шегетін науқасты қарап тексергенде цианоз, аяқ-қолдарының аздап ісінгені, саусақтары сипағанда суық екендігі анықталды. Тырнақ тамырларын биомикроскоптық қарап тексергенде вена тамырларының кеңейгендігі, қанағымының баяулағандығы анықталды.

1. Шеткері қанайналымы қандай бұзылыстары туралы айтылған?

2. Бұл бұзылыстардың және оның клиникалық көріністерінің даму тетіктері қандай?

№ 3 есеп. Көктамырының варикозды кеңеюі бар науқаста жүру кезінде аяғында ауыру сезімі пайда болды. Балтырының цианозы мен ісінгені көрінеді. Аяғы сипағанда салқын. Көрсетілген бұзылыстардың айқындығы біртіндеп азайды, біраз уақыттан соң өздігінен жойылды.

1. Науқаста шеткері қанайналымы бұзылысының қай түрі дамыды?

2. Шеткері қанайналымының осы бұзылысының себебі не?

3. Симптомдардың патогенезін түсіндіріңіз

4. Қанайналымының өздігінен қалпына келу механизмі қандай?

№ 4 есеп. Іш қуысында жиналған сұйықтықты ажыратып диагноздау үшін пункция жасалынды. Ашық сары түсті мөлдір сұйықтық алынды. Нәруыз мөлшері 1,5%, біріндеген эпителий жасушалары және біріндеген лейкоциттер көру аймағынды, рН 7,4.

1. Алынған сұйықтық қалай аталады және туындау себебі не?

2. Қабыну белгілеру бар ма?

 

№ 5 есеп. Науқас 15 жаста, жоғары ерініндегі солқылдаған ауыру сезіміне, басының ауыратындығына, жалпы әлсіздікке, дене қызымының 37,5 С-қа дейін көтерілгеніне шағымданып келді. Қанында: лейкоцитоз, ЭШЖ жылдамдауы. Қарап тексергенде: жоғары еріні ісінген, сипағанда тығыз инфильтрат байқалады, ерін үстіндегі терісінің шеттері қызарған, ортасы көгістенген (цианоз).

Сұрақтар:

1. Науқаста қандай дерттік үрдіс дамыды?

2. Анықталған бұзылыстардың механизмі қандай?

3. Зақымданған бөліктегі тері түсінің әртүрлілігін және солқылдаған ауыру сезімін қалай түсіндіресіз?

№ 6 есеп. Науқас А., 7 жаста, стоматологиялық клиникаға жоғары қатардағы алтыншы тісіндегі қауырт ауыру сезіміне шағымданып келді. Қарап тексергенде: тіс жегі қуысы бар, тісті соққылағанда ауырады, жоғары альвеолярлық өсіндінің шырышты қабаты қызарған, ауыратын тіс аймағындағы жұмсақ тіндер ісінген. Клиникалық диагнозы: қауырт периодонтит.

1. Осы үрдістің құрамбөлшектерін және патогенезін атаңыз.

2. Осы үрдістің тіс жақ аймағы тіндеріндегі өту ерекшеліктерін сипаттаңыз.

№ 7 есеп. Науқас Б., 9 жаста, дәрігерлік тексеруден өту кезінде стоматологқа жіберілді. Қарап тексергенде: сол жақтағы төменгі алтыншы тісінде терең емес тіс жегі қуысы, қызыл иегі ісінген, тісті басқанда ауырады, айналасындағы тіндер ісінген, шеткері лимфа түйіндері ұлғайған. Клиникалық диагнозы: созылмалы периодонтит.

1. Осы дерттің жергілікті белгілерін атаңыз. Олардың пайда болуы тетіктерін түсіндіріңіз.

2. Осы үрдістің тіс жақ аймағы тіндеріндегі өту ерекшеліктерін сипаттаңыз.

№ 8 есеп. Екі қоянға бірдей токсинді енгізіп, артқы бір аяғында күйік арқылы жергілікті қабыну туындатты. Бір қоянға токсинді қабыну аймағына, ал екіншісіне – қабынуы жоқ жерге енгізілді. Бір қоян токсинмен уланудан өліп қалды.

1. Қай қоян өлді және не себепті? Жауапты негіздеңіз.

 


Дата добавления: 2015-08-27; просмотров: 266 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
ЖАЛПЫ ЭТИОЛОГИЯ МЕН ПАТОГЕНЕЗ. РЕАКТИВТІЛІКТІҢ ПАТОЛОГИЯДАҒЫ РӨЛІ» ТАҚЫРЫБЫНАН МАШЫҚТЫҚ ДАҒДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ| Тапсырма: СӨЗЖҰМБАҚ ШЕШУ

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)