Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

СОӨЖ Халықтық қолөнері. Қолөнер түрлері

БАЙТҰРСЫНҰЛЫ АХМЕТ | Тапсырма | Ш бақытым | Тіл туралы | Тіл мәдениетінің басты мәселесі – тілдік құралдардың көмегімен қарым-қатынас жасау барысында адамға ... ету. | Сөз әдебі | Тапсырма. Берілген сөздердің мағынасын түсініп, сөз тіркестерін құрастырыңыз. | Мұрат Бидосов - өз ісінің маманы | СОӨЖ Ел болашағы – жастардың қолында | Азақстанның «Жас Отан» партиясы |


Читайте также:
  1. Кардиология блогы бойынша СОӨЖ күнтізбелік-тақырыптық жоспар
  2. Ойма түрлері және қызметтері.Қоймаларды бөлу.
  3. СОӨЖ Ғылым мен техниканың дамуы тарихы. Ғылымның қиын жолы
  4. СОӨЖ Қазақ халқының ән-күй, би өнері. Өнерлі ел. Қазақстаннның театр өнері
  5. СОӨЖ Қазақстандағы туризмнің дамуы
  6. СОӨЖ Ұлттық тәлім-тәрбие. Үлкенге құрмет, кішіге ізет. Отбасы тәрбиесі
  7. СОӨЖ Canada

Атақты батыр ағамыз, қазақ табиғаты мен болмысын жетік білген жазушы Бауыржан Момышұлының шетелдік журналистке берген сұхбатында: «Қазақ халқының саз өнерінде нота болды ма?» деген сауалға тілге өте жүйрік, көңілі көркем Баукең былай деп жауап берген екен: «Болды деп есептеймін. Мынаны қараңыз: менің бала кезімде өрмек тоқып отыратын немесе киізге түр салып отыратын әжем немесе анам үнемі ән салып отыратын, ал, әлгі жұмысын тоқтатса, ән де тоқтайтын. Осыған қарап, мен «олар әнді ою-өрнекке қарап салған» деп ойлаймын». Шындығында да, қазақ бабамыз ән салуды да, ою-өрнекті де, қолөнерді де табиғаттан тікелей еншілеген ғой. Ал, осылайша өмір сүруін пайымдаған кең даланың кең пейілді қазағының тыныс-тіршілігінде қолөнері ерекше орын алды және мал шаруашылығынан кейінгі өмірлік негізге, үлкен маңызға ие болды. Себебі, белгілі ғалым- этнограф Х.Арғынбаевтың тұжырымдағанындай, «Қазақтың қолөнері жалпы халық мәдениетінің ішіндегі негізгі салаларының бірі» (Х. Арғынбаев. Қазақ халқының қолөнері. Ғылыми-зерттеу еңбегі. Алматы, «Өнер», 1987ж., 6-бет) болып еді.
Иә, шындығында да, табиғат қазақы қолөнерінің бірінші үлгісі болды. Мұны аңғару қиын да емес. Айталық, көздің жауын алатын қазақы ою-өрнекке назар аударалықшы. Оның атауларының өзі-ақ бұл сұраққа толық жауап бергендей, ал, оқып көрелік: «құс қанаты», «қазтабан», «ботамойын», «бұғы-мүйіз», «толқын», «төртгүл» және т.б. Бұлардың ішіндегі «қолтықша» деп аталатын түрі кәдімгі адам бейнесінің сыртқы тұтас көшірмесі ғой. Осы пікірімізге белгілі этнограф, қазақ қолөнерінің туындылары мен атауларын тірнектеп жинаған абзал адам Садық Қасимановтың мына бір тұжырымын негіз етелік: «Ертедегі қазақ оюларын мазмұны жағынан іріктесек, - деп жазды ол, - негізінен 3 түрлі ұғымды бейнелейді. Олар: біріншіден, мал өсіру мен аңшылықты, екіншіден, жер-су, көшіп-қону көріністерін, үшіншіден, күнделікті өмірде кездесетін әр түрлі заттардың сыртқы бейнесін береді»

(С.Қасиманов. Қазақ халқының қолөнері. Алматы, «Қазақстан», 1995 ж., 12-бет).
Қазақы қолөнердің негізі табиғаттың дәлме-дәл көшірмесі болып табылады. Талай ғасырлар бойы іздене, үйрене жүріп, қолөнерін дамытқан қазақ айналасындағы тіршіліктің суреттерін өзіне үнемі үлгі етті, себебі, адамның өзі де табиғаттың бір бөлшегі екендігі белгілі.

Қолөнер түрлері:

Ағаштан бұйымдар жасау.
  Жүннен бұйымдар жасау.
  Арқан-жіп есу.
  Киіз басу.
  Кілем тоқу.
  Киізден бұйымдар жасау.
  Кілем тоқу.
  Теріден бұйымдар жасау.
  Сүйектен, тұяқтан және мүйізден бұйымдар жасау.
  Металдан бұйымдар жасау.
  Зергерлік.
  Тастан, қыштан бұйымдар жасау.
  Ши тоқу.
  Ер-тұрман жасау.
  Кесте тігу.
  Киім тігу.
  Аяқ киім тігу.
  Сабын жасау.
  Бояу жасау.

 

Ағаштан жасалын бұйым түрлері:

 

Киіз үй сүйегі.
  Киіз үй жиһаздары.
  Ыдыс-аяқтар.
  Сазгерлік аспаптар.
  Мал шаруашылығында қолданылатын құрал-жабдықтар.
  Егіншілікке қолданылатын құрал-жабдықтар.
  Аң аулауда қолданылатын құрал-жабдықтар.
  Тұрмыста қолданылатын құрал-жабдықтар.
  Ойын жабдықтары.
  Бесік.

149- тапсырма. Мәтін бойынша мәнжазба дайындаңыздар.


Дата добавления: 2015-08-27; просмотров: 1142 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Владимир Путин: Россия и меняющийся мир| СОӨЖ Қазақ халқының ән-күй, би өнері. Өнерлі ел. Қазақстаннның театр өнері

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)