Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Электронды басылымдар залы.

Ш бақытым | Тіл туралы | Тіл мәдениетінің басты мәселесі – тілдік құралдардың көмегімен қарым-қатынас жасау барысында адамға ... ету. | Сөз әдебі | Тапсырма. Берілген сөздердің мағынасын түсініп, сөз тіркестерін құрастырыңыз. | Мұрат Бидосов - өз ісінің маманы | СОӨЖ Ел болашағы – жастардың қолында | Азақстанның «Жас Отан» партиясы | СОӨЖ Ұлттық тәлім-тәрбие. Үлкенге құрмет, кішіге ізет. Отбасы тәрбиесі | САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРДІҢ ТҮРЛЕРІ |


Читайте также:
  1. Электрондық почта арқылы хат алмасу

 

ХХI ғасыр көптеген ғалымдар үшін қазіргі қоғамдағы білім беру саласының рөлі туралы көзқарастарымызды өзгерткен түбегейлі өзгерістер енгізілген иновациялық дәуірдің тууымен байланыстырылады. Индустриалдықтан ақпараттық өркениетке көшу жағдайында мемлекеттің саяси, экономикалық, әлеуметтік аспектілеріне әсер ететін ақпараттық-коммуникациялық сала қоғамның жүйе құраушы факторларына айналғанда, экономикалық және қоғамдық қатынастардың жаһандану үдерісін анықтайды.

Бүгінде мемлекеттің ақпараттық-технологиялық дамуына және даму жеделдігіне экономика жағдайы ғана емес, халықтың өмір сүру деңгейі, ұлт қауіпсіздігі, мемлекеттің әлемдік қауымдастық алдындағы ролі ғана тәуелді емес. 2020 жылға дейінгі қазақстандық білім берудің жаңаруы білім беру саясатының жүзеге асырылуын көздейді, ол өз кезегінде үздіксіз кәсіби білім берудің қазіргі жүйесінің дамуын, білім беру сапасын арттыруды, жалпы білім берудің қол жетімділігін қамтамасыз етуді, білім беру саласының инвестициялық тартымдылығын арттыруды көздейді. Бұл міндеттерді жүзеге асыру еліміздің ақпараттық қоғамға толық енуін қамтамасыз етеді, Қазақстанның әлемдік кеңістіктегі беталысын бекіте түседі.

Білім беру диверсификациясы, ұлтаралылығы, даралануы, алдын ала және үздіксіз білім берудің дамуы, оның қарқындануы мен компьютерлендірілуі ҚР білім берудің дамуының оң тенденцияларына жатады.

Білім беру интеграциясы мен ұлтаралылығыбілім беру қызметтерінің әлемдік нарығының қалыптасуына ықпал етеді. Бүгін-ақ арақашықтық пен мемлекеттік шекараға қарамастан беріліп жатқан білім қызметтері ашығырақ технологиялық білім беру жүйелері пайда болып, әрекет етуді. Дәстүрлі (классикалық) білім берумен қатар, қазіргі білім беру және ақпараттық технологияларға негізделген дәстүрлі емес оқыту амал-тәсілдері кеңінен қолданыла бастады. Бұл Интернет-технологиялар немесе электронды білім беруге негізделген ашық және қашықтан оқыту жүйелері.

Бүгінде білім берудің жаңа принципі болып білім беруді басқару тұрады, ал жаңа технологиялар болып білім құру формализациясы, білімді беру (тарату) (білімге қол жетімділігі) және білімді бақылау болады.

Ақпараттық технологиялар білім беру жүйесіне шынайы перспективалар ашады, нақтылы: ақпараттық технология құралдарын кеңінен енгізу оқу ақпараттарын көрнекті, динамикалық ұсыну бейнесуреттерді, дыбыс пен ақпараттық ресурстарға жойылған қол жету; білім берудің барлық деңгейлерінде – мектепке дейінгі деңгейден жоғары оқудан кейінгі деңгейлерде компютерлік оқудың үздіксіздігі мен сабақтастығы – оқу үдерісіндегі барлық пәндерді компьютерлік қолдау есебінен; оқушылардың шығармашылық жеке дара қабілеттіліктерін ашу мен дамыту үшін оқыту әдістемесін, стилі мен құралдарын таңдау еркіндігін қамтамасыз ету; жаңа ақпараттық технологиялар негізінде ғылыми және әдістемелік негізделген базалық білім беру жүйесін құру.

Ұлттық кадрлар – мемлекет негізі

Ұлттық кадрлар – мемлекеттің негізі. Яғни, ұлттық кадрларды дайындау үшін жоғары білімнің ұлттық жүйесі жасалуда. Оған жаһандану жағдайындағы аймақтық кірігу, элитарлы білім берудің негіздері, Болон декларациясы мен Еуразия аймағындағы жоғары мектептің дамуы секілді факторлар да әсер етеді.

Мемлекет тарапынан ұлттық кадрларды дайындауға жасалып жатқан шаралардың бірі – «Болашақ» бағдарламасы. Бұл бағдарлама бойынша сарапшылардың қатал сынынан іріктеліп өткен 3 мың талапкер шет елдің ең алдыңғы оқу орындарынан білім алған соң елімізге оралып теориялық білімді тәжірибе жүзінде көрсетеді. Сондай-ақ шет елден келіп жұмыс істеп жатқан ірі-ірі өндірістік компанияларға қойылып отырған талаптардың бірі – жергілікті халықты жұмысқа тарту, оларға жаңа технологияларды үйрету.


Дата добавления: 2015-08-27; просмотров: 221 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Шетелдерде оқу| СОӨЖ Адам және азамат құқығы. Еңбек ету, білім алу бостандығы құқығы.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.01 сек.)